ЖОО-ға түсу емтихандарын шетел қазақтарының арасына барып өткізу керек пе?

ЖОО-ға түсу емтихандарын шетел қазақтарының арасына барып өткізу керек пе?

Шетелдерде 5 миллиондай қазақ өмір сүреді. Жақын болашақта оларды елге оралту – еліміздің бірден-бір ұстанар саясаты. Осы ретте жоғары білім беру – қандастарымызды шекарадан бері өткізудің ең бір тиімді жолы. Сондықтан бізде оралмандардың еліміздің азаматтарымен бірге Қазақстанның оқу орындарында жоғары білім алуына тең құқық берілген. Солай бола тұра, оларға кедергілер өте көп. Қаржылай жағын айтпағанда, виза мәселесі, кешенді тест тапсыруға білім дәрежесінің жеткіліксіздігі т.б. Қандастарымызды біршама қиындықтардан құтқару үшін, бәлкім, біз қазақтар көп шоғырланған шетелдерге барып, ЖОО-ларға қабылдау емтиханын өткізуіміз керек шығар? Бірақ бұл қаншалықты тиімді, қаншалықты тиімсіз? Осыны мамандар арасында таразыға салып көрелік.

Сұлтанәлі БАЛҒАБАЕВ, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының орынбасары:
Иә
– Негізі, шетелдегі қандастарымыздың ортасына барып, емтихан алу өте маңызды іс. Жалпы, бұл – Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының қанша жылдан бері көтеріп келе жатқан негізгі мәселелерінің бірі. Бүгінде шеттегі қазақ балаларына біздің елімізде жыл сайын ЖОО-ға  қабылдау барысында 2 пайыздай білім гранты бөлініп, 1500 бала дайындық бөліміне қабылданады. Енді біз тек жоғары білім ғана емес, сондай-ақ орта білім беретін колледждер мен кәсіптік білім беруге, аспирантураға орын бөлдірту мәселесін көтеріп жүрміз. Шетелдегі қандастарымызға барып, емтихан алудың да алғашқы қадамдары Ташкент пен Баян Өлгийде жасалып жатыр. Біріншіден, бұл Қазақстанның дүниежүзі алдында беделін көтереді.
 Екіншіден, шетелдегі ағайындар атажұрттың жасаған қамқорлығын сезінер еді. Себебі таяу арадағы төрт-бес жылда шекара сыртындағы 5 миллион қазақты түгелдей елге көшіріп әкелу, басқа жағын айтпағанда, экономикалық жағынан мүмкін емес. Сондықтан оларды елге тартудың ең бір тиімді жолы – оқуға шақырту. Қазір атамекенге оралу жағынан ең бір қиналып жатқан ел – Қарақалпақстан, шалғайда, құмның ішінде жатыр. Бірінші боп сол жаққа комиссия жіберіп, балаларын оқуға тарту керек. Сонан соң Моңғолия, Қытайдың да Білім министрліктерімен келісуге болады. Бұл ретте жастарды тек ЖОО-ға емес, кәсіптік-техникалық училищелер мен колледждерге де қабылдау керек. Тіпті еліміздегі қазақ тілі мен әдебиетінен, физика-математикадан тереңдетілген мектептерге де шеттегі дарынды мектеп оқушыларын тартса, артық етпес еді. Мұны Білім және ғылым министрлігі Сыртқы істер министрлігімен бірігіп қолға алса, шешуге болатын мәселе. Біраз жыл бұрын Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы Қытайдан біраз дарынды балаларды әкеліп, актерлікке, суретшілікке, режиссерлікке оқытты. Солардың біразы осында қалып, ал біразы сол жаққа оралып, Қытайдағы қазақ өнері мен мәдениетін өркендетуге үлестерін қосып жүр. Сондықтан біз шеттен алып келген балалардың барлығы Қазақстанда қалсын деп міндет қоймауымыз керек, олардың біразының кейін қайтып, ондағы қазақтардың руханиятын дамытуға жол ашуымыз керек. Мәселен, Баян-Өлгейде үлкен қазақ театры бар, бірақ маман жоқ. Ал біз айтқандай, шетелдегі қандастарымыздың арасына барып, емтихан қабылдау осы проблеманы шешуге ықпалын тигізер еді. Мәселен, жақында Ресей шетелдегі отандастар жайлы арнайы заң қабылдады. Бізге де тура осындай заң керек. Әйтпесе біз қазір шетелдегі ағайынмен әртүрлі қаулы, шешімдердің негізінде ғана жұмыс істеп жүрміз.

Қансейіт Әбдезұлы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, ф.ғ.д:
Жоқ
– Қазақтар әлемнің әр елінде тарыдай шашырап жүр. Бірінде көп, бірінде аз, сондай-ақ олардың тіл білу мүмкіндіктері де әрқалай. Себебі – бір елде қазақ мектебі бар, бірінде жоқ. Сол елдердің барлығына бірдей елден комиссия жіберу өте қиын. Қазақстанның оған қаржылай жағдайы жеткіліксіз, екіншіден, әр елдегі қазақтардың білім деңгейіне лайықтап емтихан сұрақтарын дайындау жағы да – көп уақытты қажет ететін іс. Меніңше, Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Тәжікстан сынды елдерге барып, бала жинағаннан гөрі еліміздегі іргелі оқу орындарының жанынан тек қана оралмандар үшін дайындық факультетін ашса, сол әлдеқайда тиімді болар еді.
 Ал дайындық факультеттерін әр жоғары оқу орындарының жанынан сала-сала бойынша, мәселен, бірінде – гуманитарлық, екіншісінде – техникалық, үшіншісінде жаратылыстану саласы бойынша жеке-жеке ашу керек. Бір жыл бойына оларға қазақ тілі, орыс тілі, математика, тарих, биология секілді пәндер оқытылар еді. Себебі шеттегі қандастарымыз үшін біздегі көп пәндер, әсіресе, орыс тілі бейтаныс қой. Және де ол курсты тамамдағандар қазақстандық мектеп бітіруші түлектермен жалпы конкурсқа түспей, өз деңгейлеріне сай бітіру емтиханымен оқу орындарына түсуі шарт. Тағы да бір айта кетерлігі – мұндай жағдайды осы елдің азаматтығын қабылдаған оралмандарға емес, сол шеттен жаңадан келген, әлі азаматтық алмаған балаларға жасап, оқуға түскен соң, оларға азаматтық беру керек. Себебі елге біраз жыл бұрын келген азаматтар орнығып алған, олар өзіміздің қазақстандық балалармен бірге емтихан тапсырсын. Міне, сонда барып, біршама мәселелер шешілер еді. Осы ретте айта кету керек, бізде бұл бір кездері жақсы қолға алынған болатын. Ең алғаш Қыздар мемлекеттік университетінде қызмет етіп жүргенде, қандастарымызды оқытатын дайындық факультетінің деканы болып едім. Ал оны қолға алған ректорымыз Серік Жайлауұлы еді. 200 қандасымызды солайша емтихансыз қабылдағанбыз. Сонда байқағанымыз, дайындық курсын бітіріп, жоғары оқу орнынан маман болып шыққандардың көбі елде орнығап, қала берді, сол оқу орнында оқытушы болып қалады. Негізі, сол алғашқы кездегідей шараны қайта жаңғыртып, іргелі оқу орындарының жанынан оралмандарға арналған дайындық курстарын ашуды қолға алу керек. Әйтпесе қандастарымыздың оқуға түсуіне деген қамқорлық жеткіліксіз.

Түйін
«Былай тартсаң – арба сынады, былай тартсаң – өгіз өледі» дегендей, екі жақтың да уәжі құлақ салуға тұрарлық. Сондықтан осы ретте «өгізді де өлтірмей, арбаны да сындырып алмау» үшін жеті рет өлшеп, бір рет кесуіміз керек. Бірақ қозғалыссыз қалмау қажет. Себебі уақыт күтпейді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста