Жолайрықтар жобасы тым қымбат емес пе?

Жолайрықтар жобасы тым қымбат емес пе?

Тұрғыны мен ары-бері ағылып жатқан, көлігі көп қалада кептелістің болатыны заңдылық. Осының салдарынан соңғы жылдары адамы көп Алматыда межелі жеріңе уақытында жету мұң болды. Осы бір әлеуметтік мәселенің шешімін таппақ болған басшылар қаламызға жапа-тармағай жолайрықтарды салып жатыр. Бірақ бұл шарадан көліктердің кептелісі азайды ма, жоқ па, осы сауалды ортаға тастап отырмыз.

Ғани ӘУЕЗХАНҰЛЫ, Алматы қалалық жолаушыларды тасымалдау және автокөлік жолдары басқармасы бастығының бірінші орынбасары:
Жоқ
– Қаламыздағы көшелердің қиылыс­та­рын­да бұрынғыдай кептелістердің болмауын жә­не көліктердің жылдамдықты азайтпай өтуін жо­­л­айрықтардың арқасында жүзеге асып отыр деуге болады. Қазіргі уақытта жолда жү­ру қауіпсіздігі мен орташа эксплуатациялық жыл­дамдықтардың жоғарылауы, қоршаған ор­та­ға зиянды әсердің төмендетілуі, сондай-ақ кө­ше кептелістерін азайту үшін Алматы қа­ла­сында 18 жолайрық салынып бітті. Әрбір объек­тінің салыну мерзімі оның күрделілігіне және бюд­жеттен қаражат бөлінуіне байла­ныс­ты бір-үш жыл­ға дейін созылады. Осы уақытқа дейін са­лынған 18 жолайрыққа шамамен 72,2 мил­лиард теңге жұмсалды, оның ішінде төрт жо­лай­рық инвес­торлардың құйған қара­жатына са­лынды. Енді екеуі салынуда.
Бұл – әлемнің барлық елінде тәжірибеден өткен дүние. «Алматыға жолайрықтар салу ке­рек емес» деген пікірдің өзі қате деп есеп­теймін. Себебі Алматы – үлкен мегаполис.
Мұнда 600 мыңнан 700 мыңға дейін автокөлік жүреді. Егер жолайрықтар бол­маса, бұл да үлкен мәселеге айналар еді. Мына Рысқұлов, Сайын, әл-Фараби даңғылы бәрі шығыс аймақтағы жолмен қосылып, айналмалы жол болады. Мұны біз «шағын транспорттық дәліз» деп атаймыз. Есеп бойынша бір күнде транс­порт­тық дәліз 380 мыңдай көлікті өткізуi керек. Ол үшін жүретін көліктердің жыл­дамдығы сағатына 90 шақырымнан төмен болмай, ол жерде бірде-бір бағдаршам, жаяу жүргіншілер жолы орналаспауы тиіс. Ал көліктер қаланың ішімен емес, сыртқы айналмалы дәлізбен өтуі керек.
Ал жолайрықтардың сапасына келетін болсақ, қаламыздың сейсмикалық жағ­дайына байланысты жобаланған. Демек, қауіп жоқ деген сөз. Одан кейін Сайын-Райымбек даңғылындағы және Саяхат маңындағы жолайрықтарда бекітілген құрылыс жобасы бойынша жаяу жүре­тін адамдарға жолақтар жасалған. Бағдар­шам­дар да бар. Ал туннель әдісімен са­лын­ған жолайрықтардың барлығында да жиналған жаңбыр суларын сорып ала­тын сораптар орнатылған, енді кейбір тун­нель­дерде су жиналып қалуының бір себебі – елдің тастаған пластикалық шишалары мен қоқыстарының кептеліп қалуынан.
Кейбіреулер «жолайрықтарға кет­кен қаражатқа жол немесе жол астын­да­ғы коммуналдық жүйелерді жөн­де­мей ме?» дегендi жиі айтады. Алма­ты­да «жол жөндел­мей жатыр» деуге болмас. Пре­зи­­дент жол­­дауына қатыс­ты жер­гі­­­лікті жол­дарды жөн­­деуге биыл 12 млрд теңге бөлінді. Жа­ңа аудандарды қос­қанда, қалада 2000 ша­­қы­рым­дай жол бар. Жыл сайын со­ның 200 ша­қы­рымдайы жөндеуден өте­ді. Қала әкімінің тап­сырмасымен биыл «пе­ри­фе­ринный көше», яғни кө­лік аз жүретін көшелерге де жаңағы қаражат­тан 4 мил­лиард теңге қарас­тырылған. Сол мақ­сат­пен 274 ша­қы­рым жолды жөн­дей­міз. Алма­ты ескі де үлкен қала болғандықтан, жолай­ры­ғын салу үшін қаладағы жол астында орналас­қан барлық коммуналдық жүйелерді бас­қа жаққа көшіріп, қайта салу­ға тура келеді. Бұл бір күндік жұмыс емес, әрине.

Атамұрат Шәменов, экономика ғылымының докторы, профессор:
Иә
– Салынған жолайрықтар бір мәселені, жолдың қиылысындағы қиындықты ғана шешеді. Ол бір жағынан жақсы, көліктер көп тоқтамайды, өтеді де кетеді. Ал жолдың келесі қиылысына не бағдар­шамға келгенде көліктер ағып келе жатқан судың принципі секілді бәрібір тежеледі. Сондықтан бұл жол кептелісін локальді түрде ғана шешеді. Өз ба­сым жолайрықтарды қаланың ішіне жағалай сала бергеніне қарсымын. Мұны тек үлкен магистральды жолдар мен қаланың сыртына бірлі-жарым етіп салу керек. Оның үстіне, бұл – өте қымбат дүние. Бір ғана жолайрық құрылысы 4,5 млрд теңгені құрайды. Салыстырмалы түрде айтатын болсақ, осыншама ақшаны бір облыстың жолын түгел жөндеп шығуға болады. Сондықтан мұндай дүние­лерге тым әуес болудың қажеті жоқ, кері­сінше, оны ақылмен, байыппен салу керек. Өйткені ретсіз салынған жерлерге ақша текке кетті деуге болады. Сондықтан «жолайрықтарды салып, жол кептелісін шештік» деген пікір бұл – қате пікір.
Ал қазіргі транспорттардың жол кеп­телісін шешуді үлкен әлеуметтік, эко­но­микалық және экологиялық мәселе деп қарастыру керек. Осы ретте өзімнің альтер­нативті ұсынысымды тілге тиек етер едім. Ұсы­нысымды алдыңғы жылы наурыз, сәуір айларында баспасөз беттерінде жария­ладым. «Мұндай қымбат нәрсемен әуес­тенбей, екі қала – Алматы мен Аста­на­­ның әкімдеріне арнайы тапсырма бе­ріп, бұған жүйелі түрде кірісу керек» деп жазып, Президент Әкімшілігі мен Пре­зи­денттің өзіне де жолдаған бола­тын­мын. Ұсынысыма түгел бетбұрыс жасап кет­песе де, бірен-саран жерде тәжі­ри­бе ретінде қойды. Сол жерлер мына бә­лен­бай миллиард жұмсалған жер­лер­дің тиімділігінен кем емес. Қазір бағдар­­шам­ның айналасында кептеліс көп бо­ла­ды. Қала ішіндегі Тимирязев, Гага­рин, Ро­зыбакиев, Жароков көшелері түйіс­кен жерлерде бағдаршамдарға жетпей оңға қарай бұрылыс кетіп жатады. Мұ­ны «дельталық қиылыс» деп атайды. «Дель­та» – су мәселесінен шыққан сөз. Өзен-көл­ге құятын жерінде ағысына сый­май та­рылады. Географиядан да бел­гілі ғой. Сон­дықтан сол бағдаршамға жет­кіз­­бей, оң жақ жолға көліктерді жіберіп тұру ке­рек. Оған арнайы қаражат бөліп жату­дың да қажеті жоқ. Асфальт жасалып жат­қан жер­дің бәріне ыңғайлауға болады. Ал егер төрт жаққа кетуге мүмкіндік болса, оны да жүзеге асыру керек.
Одан кейін айта кететін мәселе, жо­лай­рықтарды жобалауда көптеген қате бар сияқты. Алматының жағдайында жерді қа­­зып, жоласты өткелі арқылы өткізу мәсе­­лесі көп қиындықтарды туғызуда. Бірін­ші­­ден, бүкіл коммуникация, жылуың бол­сын, жарық, бәрі жердің астымен жүр­­­гі­зіл­­ген. Ал жерді қазғанда сол комму­­ника­цияларды қайта жүргізуге тура келе­ді. Екін­шіден, ойланбай салынған жер­лер­ге, мына Райымбек пен Сайын көше­сін­дегі жо­­лайрықта су жиналып, тіпті соған көлік­тер батып кеткен де жағдайлар кездесті. Оны жолдың үстімен де жіберуге болатын еді ғой. Көліктің біржақты өтуіне осы жо­лай­рықтар тиімді болғанымен, жаяу жү­ре­тіндерді ойламаған. Кейбір жо­лайрық­тардың айналасында тіпті жолаушы өте­тін жолақ жоқ. Айналасында тұратын халық бір квартал айналып жүретін болды. Екін­шіден, сол жолайрықтардың өзі бұ­рын­ғы істеп тұрған көшені жауып таста­ды. Мысалы, Жандосов, Сәтбаев, Бай­за­қовтың қиылысы. Сол жерде қанша емхана бар. Бұрын Абайдан шығып, Бай­зақов­тан тіке бара қоятын адам қазір Ти­ми­рязевпен қанша жерді айналып, ем­ханаға зорға жетеді. Сондықтан мұның пай­дасынан зияны көп. Зияны көп дегенде – қымбат, қымбат болған соң ол зиян! Ақша қайдан шығып жатыр деп ойлайсыз? Әрине, сіз бен біздің қалтамыздан алын­ған салықтан!

Бейтарап пікір
Тоқтар ЕСІРКЕПОВ, экономика ғы­лы­мының докторы, профессор:
– Соңғы 4-5 жылдың көлемінде қа­ламызда жолайрықтар пайда бо­лып, автокөліктердің жүрістерін белгілі бір дәрежеде жеңілдетті. Қазір өзім жү­ретін әл-Фараби даңғылында күндіз кептелістер болмайды, бұрынғыға қа­рағанда едәуір азайды. Мұн­дай құ­ры­лыстардың барлығы бесжыл­дық жос­парға енгізілген. Бұл И.Тасмағам­бе­тов әкім болып тұрған кезде, сол кісінің бас­шылығымен салына бастады ғой. Мен осы мәселе туралы жолайрықтар салынбай тұрған, салынып жатқан кезде «Храпуновтың кезінде неге басталмады екен?» деп ойлайтынмын. Өйткені қа­ладағы көліктердің саны артып, бәрі әбден кептелген кезде салынды. Жол­ай­рықтар дағдарыстың алдында бюд­жеттен бөлінген, банктерден келген қаражатқа салынып қалды. «Көрпеңе қарай көсіл» дегендей, қазіргі жағдайда мұндай үлкен құрылыстарды салудың қажеті шамалы. Бірақ шетелдегі ме­гаполис қалаларға қарасаңыз, бірнеше қабат аспалы жолдары бар. Бір жағынан, кептелістерді азайтса, екінші жағынан, қалаға сән беріп тұрады. Сәл кештеу болса да, салынғаны құба-құп болды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста