«Жекеменшік емханаға мемлекеттік тапсырыс берілмеу керек» деген пікірмен келісесіз бе?

Жуырда бір топ ел қалаулылары Шығыс Қазақстан облысындағы емдеу мекемелерін аралап, біраз тосырқап қалды. Өскемендегі 14 емхананың 13-інің (!) жеке­меншікке өтіп кеткенін бұрындары білмесе керек. Бұған қарсы болған депутаттар қазір олардың барлығының дерлік мемлекеттік тапсырыс бойынша күн көріп отырғанына наразылық танытуда. Оның үстіне, сөз болып отырған медициналық мекемелер жұмыс сапасын жақсартып, яғни қажет технология орнатып, науқастарға қолайлы жағдай тудыра алмай отырған көрінеді. Негізі, депутаттардың айтқандарына сенсек, мұндай жағдай тек Өскеменде ғана емес, тексеретін болса басқа да аймақтардың былығы ашылып қалатынға ұқсайды. Ондай болса, жекеменшік емханаларға мемлекеттік тапсырыс бермеу керек шығар?


Тұрарбек ТӨЛЕНДИЕВ, Қазақстан Денсаулық сақтау ісінің үздігі:
иә
– Кеше, 1 қарашада Алматы қалалық Денсаулық сақтау бас­қармасының құрылғанына 85 жыл толды. Сол мерейтойға қа­тысты, Ал­матыда үлкен жиын ұйым­­дасты­рылған-ды. Жиынға денсау­лық саласының кешегі де, бүгінгі де тәжі­рибелі мамандары қатысты. Бұған тоқталып отырған себебім, әріптес­терім арасында дәл осы тақырып төңірегінде пікірсайыс болған еді. Әркімнің уәжі – әртүрлі. Қалай де­ген­де де, бар­лығы отандық меди­цинаны да­мытуды ойлайды ғой. Өз ба­сым жекеменшік емханаға мемле­кеттік тапсырыс бермеу керек деп са­наймын. Неге? Сырқаттанып қал­ған адам, мәселен, ауруханаға жа­тады. 
Қажетті мөлшерде ем-домын қабылдап болған ол, әлбетте, сол аурухананың жол­дамасымен жергілікті емхананың дәрігер­леріне қаралып, есепке алынады. Науқасы ауыр болса, ол ұзақ мерзімге дәрігерлердің бақылауында тұрады. Учаскелік дәрігер үйіне барып тұруы да қажет. Осының бар­лығы – қыруар қаржы. Соны Үкімет бөліп отыр. Бұл – мемлекеттік емдеу орындарына қатысты айтылып отырған талап-ереже. Енді жекеменшік аурухана не емханаға келсек, олар бір қабылдауға 4-5 мың теңге төлетеді де, қоя береді. Екінші рет барсаң, ол тағы ақы сұрайды. Оларда есепке алу деген жоқ. Былайша айтқанда, жекеменшік емдеу орындарына бір барған адам екінші рет бармауы мүмкін. Ондай болса, Үкімет неге оған қаржы беруі керек? Одан да солардың еншісіне тиіп жатқан мемлекеттік тапсырысты, яғни қаржыны мемлекеттік орындарға берген әлдеқайда тиімді емес пе? Мемлекеттік мекемелер арасында жаңа медициналық жабдықтарға зәру болып отырғандары қаншама?!
Халықтың басым бөлігі – ауылдық жерлерде. Шалғайдағы мемлекеттік ме­ди­цина орындарының ахуалы алаң­датарлықтай. Қайта соларға жағдай жасауды ойлайтын кез әлдеқашан келген. Алайда «баяғы жартас – сол жартас».
Иә, негізінен, тек жекеменшік емханаларда ғана көрсетілетін қызмет түрлері бар. Мәселен, гемодиализ жасау. Аса ауыр бүйрек ауруына шалдық­қан­дар мұндай жағдайда амал жоқ, жекеменшік мекеме­лердің көмегіне жүгінеді. Өйткені гемодиализ жа­сау­мен айналысатын мем­лекет­тік орындар саусақпен санарлық. Міне, осындай емханалар­ға мемлекеттік тапсырыс беруге болады. Яғни жаппай емес, мемлекеттік емдеу орындары қай жағынан ақсап тұрса, дәл сондай қызмет түрін көрсете алатын жекеменшік мекемеге ғана.
«Бәрін айт та, бірін айт», жекеменшік емдеу орындарының жұмысын тексеріп, қатаң бақылауға алатын кез келді. Құндары ұшып тұр. Олардың қызмет көрсету ақысын неге қарап белгілейтіндерін ешкім білмейді. Әркім ойына келген ақшаны айтады. Жұмыстарында да еш бірізділік жоқ. Мемлекеттік тапсырысты алып отыр екен, өз еріктерімен әрекет етуге жол бермеу керек оларға.


Светлана СҰЛТАНҒАЗИЕВА, BestClinik медицина орталығының директоры:
жоқ
– Үкіметіміз бен Елбасы мем­ле­кеттік жекеменшік әріптестігін да­мы­туды мықтап қолға алуда. Осы мақсатта алдымызға үлкен жауап­кершілік артып отыр. Оның негізгі кри­терийлерінің бірі – орта және ша­­ғын бизнесті дұрыс жолға қою. Ал жекеменшік емханалар орта жә­не шағын бизнестің бір бөлігі екен­дігі айтпаса да түсінікті. Жекеменшік ем­ханалар жұмысының сапасын жақсарту арқылы біз отандық меди­­цинаны жетілдіре алаты­нымызды ұмытпайық. Жекеменшік мекеме­лерді түртпектеп, кедергі келтіруді емес, оларға жағдай жасауды ойла­ған абзал-ақ еді. Былайша айтқанда, мемлекеттік пен жекеменшік нысан­дарды бөліп-жарып қарауға бол­май­ды.   
Бәсекелестік қабілеттілігін біз екеуіне бірдей құқық беру арқы­лы ғана арттырамыз. Бұл да – бәсекелестік қабілеттілік­ке ықпал ететін бірегей факторлардың бірі. Жекеменшік емханалардың тен­дерге қатысып, мемлекеттік тапсырысты ұтып алып отырғаннан өз басым еш­кімге ешқандай зиян келеді де­мес едім. Қайта пайдасы ора­сан. Біз халыққа таңдауға мүмкіндік беріп отырмыз. Қазір біздің еліміздегі же­ке­меншік ем­ханалар қар­қынды даму үстінде. Ма­ман жағынан да, озық технология жа­ғынан да. Кім болса да, сапасы жоғары меди­ци­налық көмекті қажет етеді. Мен бұл жерде мемлекеттік емдеу орын­да­рының жұмысын жоққа шығарға­лы отыр­ғаным жоқ. Әрине, заман талабына сай аурухана, емханалар жоқ емес. Алайда кімде-кім ақылы қызметке жү­гінгісі келсе, ол – оның еркі.
Барлық дерлік шетелдерде – осындай тәжірибе. Біреу ақылы емханаға барса, енді біреу сақтандыру полисінің көмегіне жүгініп жатады, яғни оларда мемлекеттік пен жекеменшік емханалардың құзыреті бірдей.
Егер мәселен, жекеменшік емханалар­ды мемлекеттік тапсырыстан айырсақ, әлбетте, олар қаржылай қиындыққа тап болады. Сөйтіп, олар ақысын қымбаттатуға мәжбүр болады. Сонымен қатар, мына жаһандану заманында ғалымдар үздіксіз ойлап тауып отырған заманауи техноло­гия­ларға қол жеткізе алмай қалады. Бұл келушілердің санын күрт азайтады. Көр­діңіздер ме, «артық қыламыз деп, тыртық қылып алуымыз» әбден мүмкін.
Оның үстіне, жұмыссыздық қыспаққа алған мына заманда жекеменшік емха­налар сан мыңдаған дәрігерлерді жұмыс­пен қамтамасыз етіп отыр. Шағын ғана амбулаториялық емхананың өзінде жиырма шақты адам жұмыс істейді. Олар­дың да салық төлеп, зейнетақы қорына қаржы жинап жатқандығын да ескерген жөн. Егер жекеменшік емханаларға мем­лекеттік тапсырыс берілмейтін болса, бұл тұрақты еңбек етіп жатқан мамандардың жұмысына да кері әсер етуі мүмкін.
Қысқасы, еліміздегі мемлекеттік-жекеменшік әріптестік институтын дамы­туға талпынып жатқанымызда «жекемен­шік емханаға мемлекеттік тапсырыс бе­ріл­меу керек» деген пікір – орынсыз айтылған пікір.

Түйін
Негізі, жекеменшік емдеу орындарын «ырыздықтан» жаппай айыруға болмайды деп ойлаймыз. Олардың арасында мемлекеттік медицинаның мүмкіндігі жете бермейтін ем-дом түрлерін сапалы атқарып отырғандары жоқ емес. Рас, қызмет көрсету ақысына келгенде оларды еш арашалап қалғың келмейді. Шыны керек, шектен шығып кетті. Сондықтан да осы мәселені құзырлы орындар қолға алса екен дейміз. Ал жалпы, жекеменшік емдеу орындарының жұмысы жанданып жатса, ол мемлекетке де, елге де жаман болмас еді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста