Жекелеген бірлестіктер мен ұйымдар номинацияларының халық таңдауы ретінде бағалануы дұрыс па?

Жекелеген бірлестіктер мен ұйымдар номинацияларының халық таңдауы ретінде бағалануы дұрыс па?

Тағы бір жыл соңына таяп, күнтізбенің санаулы беттері қалды. Соңғы жылдары осы мезгілде «Жыл әншісі», «Жыл әйелі» немесе «Жылдың ең үздік...» деген номинациялардың қаптап кететінін білеміз. Бір қызығы сол, сол «ең үздік» деп халық атынан таңдалған­дардың көбінің атын тіпті халық білмейді де. Өйткені жекелеген ұйымдар не бір орталық өздерінше сондай номинациялар өткізіп, өздері атақ пен сыйлықты таратып бере салады. Ендеше, азшылық топтың таңдауын бүкілхалықтық бағалауға балаған қаншалықты дұрыс?


Сандуғаш КЕНЖЕБАЕВА, продюсер:
иә
– Негізі, мен кез келген адамның еңбегінің бағаланғанын дұрыс көремін. Әсіресе ел игілігі үшін қызмет етіп жүрген тұлғаларды халық тануы тиіс секілді. Мейлі, оларды жекелеген адамдар, жалпы халық білмеуі де мүмкін. Бастысы, солар арқылы, олардың еңбек­терінің нәтижесі арқылы өз дең­гейінде мемлекетіміз танылады. Сондықтан да әр салада жүрген мамандарды, ұйымдарды ескеріп, мұндай атақтар мен сыйлықтар берілгенін жөн санаймын. Ендігі мәселе, ол еңбекті кімдер бағалап, атақты қаншалықты шынайы бөлетінінде... Халық таңдауы болған соң, дұрыс, халық іріктеп, сұрыптауы керек шығар. 
Бірақ халық дегеніміз – жалпы айта салатын абстрактілі ұғым емес, ол да – белгілі бір адамдар, яғни әр салада халықтың өкіл­дері бар. Айталық, «Жылдың үздік әншісі» деген атақ бәйгеге түсті десек, оны, әри­не, әнге қатысы бар, әншілердің дең­ге­йін білетін өнер адамдары жасамағанда, үйін­де жатқан немесе өнерге еш қатысы жоқ кездейсоқ біреу іріктей ме? Өзіңіз ақыл­ға салып көріңізші. Қандай атақ, қан­дай номинация болсын оны тағайындарда бел­гілі бір жоба жасайды ғой, тіпті сол ар­қылы әлгі номинациясын өз адамына берсе де. Мейлі өз әншісіне, өз таныс-тамырына тарт­қанның өзінде, қазақта «Күріштің ар­қа­сында күрмек су ішеді» деген сөз бар емес пе? Сол секілді әлгі ұйымдастырылған жобада бас жүлде немесе арнайы номинация иесі болмаса да, соған бәсекелес ретінде қатысқан адам танылады, ол да азды-көпті сыйға ие болады. Біреуге пайдасы тимесе, зияны тиіп жатыр ма? Ендеше, түк ештеңе жасамай, қам-қарекетсіз қо­ғамнан гөрі сондай бір қозғалыстардың бол­ғаны жақсы емес пе?
Әрине, әділ өтетін болса жақсы, деген­мен мұндай сыйақылар мен номинациялар адамды ары қарай ынталандырып, одан да жақсы белестерден көріну үшін талпын­дыратынына күмәнім жоқ. Әрі мамандар арасында бәсекелестікті де тудырады. Бәсе­ке бар жерде сапа шығатыны бесенеден бел­гілі. Осы тұрғыда бүгінде біздің шоу-биз­нес немесе тағы да басқа салаларда аз да болса тың ізденістің, серпілістің ба­рын айта кеткеніміз орынды. Себебі бұр­нағы жылдары түрлі номинация, сыйақы дегенді тек қана мемлекет жүзеге асыратын дүние деп қана оты­ра беретінбіз. Сол кезде теле­ар­налардан Ресейде немесе басқа да шетелдерде неше түрлі жоба­ларды ұйымдастырып, оның бас­шылығында тіпті жекелеген адам­дар, әнші, продюсерлер­дің не болмаса радио, белгілі теле­арналардың тұрғанын кө­ретінбіз. Өкінішке қарай, өзіміз соның сырт көз көрермені бо­лу­мен шектелуші едік. Уақыты келе бізде де сондай белсенді адамдар, іскер про­дюсерлер бой көрсете бастады. Демек, ол – заман сұранысы, ал заман сұранысына біз лайық қызмет ете білуіміз керек. Ал же­келеген ұйымдар не бірлестіктер көз­қа­расы халық таңдауы емес дейтіндер бол­са, онда өзі атсалыссын, халықты жұмыл­дыра­тын­дай балама жоба шығарып, «міне, халық таңдауы деген осындай болады» десін. Ал өз басым қандай да бір жо­ба болсын, кімдер бағалап, кімдер ірік­тесін, әйтеуір, адамның еңбегі бағалануы тиіс деп ойлаймын.


Мақсат ЖАҚАУОВ, саясаттанушы:
жоқ
– Қазір әй дейтін әже, қой дейтін қожаның жоқтығын пайдаланып, ха­лықтың атынан жасалып жатқан көз­бояушылықтан көз аша алмай қал­дық десем, артық болмас. Нақты мысал айтсам, көпшілігіміз білетін бір бір­лестікте номинациялар қалай та­ғайын­далатынын мен өз көзіммен көрдім. Содан кейін менің мара­пат­таудан да, оны алушылардың па­рық­сыздығынан да көңілім қалды. Неге? Әлгі бірлестік басшысы бара­холкаға барып он шақты диплом қа­ғазын сатып алды.  Алдын ала ешқан­дай байқау, бәйге де ұйым­­­дас­­тырмай, әлгі «дипломдарға» өзіне ұнайтын өнер адамдары не сый­ластарының және ең танымал деген телеарна жүргізушілері мен жур­налистердің атын жаза салады. 
Сосын «бәлен деген бірлестіктің өт­кіз­ген іріктеу, байқауында сіздің бәлен де­ген журналисіңіз ең үздік деген атқа ие бол­ды» деп ресми хат жо­л­дай­ды. Содан олар өздерін сонша «құр­­метке» бө­ле­ген бірлестікке камера, фотоаппараттарын арқа­лап жетеді. Нәтижесінде қолы­на бір жапырақ диплом береді де, есе­сіне, өзіне пиар жасайды. Бұл қып-қызыл көзбояу­шы­лық қой. Өз ішкі есебімен елді дүрліктіріп, сонша бір маңызды іс атқар­ған­дай болып көріну деген ұят емес пе? Ал сол марапаттауды ал­ған адамдар неге ой­лан­бай­­ды, «маған оны не үшін бер­­ді, жалпы, кім ұйым­дас­тыр­­­ды, қандай ресурстар іске қо­сылды» деген сияқты қарапайым сұрақ­тарға жауапты неге іздемейді? Осыдан кейін жекелеген ұйымдар мен бірлестік­тер­дің берген номинациясы мен марапаттауларын қа­лай халық таңдауы деуге болады?
«Мұндай сұмдыққа қалай жол беріп отырмыз» дегенге келейікші. Ең бастысы, біз­де қоғамдық сараптаудың қалыптасқан үр­ді­сі және соны қалыптастыратын инсти­ту­т жоқ. Соған сәйкес, бізде белгілі ұйым­­дар бол­сын, қоғамдық бірлестіктер болсын тіп­тен қандай рейтингілік шкалаға сүйеніп ба­ға­лауды білмейді де. Ал, негізін­де, оның қан­шама жылдан қалыптасқан ха­лықара­лық стандарттары бар. Бірақ біз со­ны біл­мей­міз, білуге ұмтылмаймыз, әр­кім өзі би, өзі қожа. Былайша айтқанда, біз­де бүгінде ат­қарылып жатқан номина­ция тағайындау, марапаттаулар таза «қа­зақ­байшылықпен», яғни, «әке-көкемен» жүзеге асып жатқан көз­бояушылық қой. Рейтингілік шкала да, стандарт та – бәрі таныс-тамыр, сыбайлас­тар. Шымбайға батса да шындық біреу – бей­жаймыз. Кім не істеп жатса да, оның са­уат­тылығына еш­кім мән беріп жатпай­ды, ереді де, жү­ре береді. «Аңқау елге – арам­за молда» де­гендей, керек де­сеңіз, сонымызды пай­да­ланып сондай жобаларды ұйымдас­ты­рып пай­да табатындар да бар. «Осындай са­рап­та­ма жүргізіп, ең үздіктерді жариялай­мыз, өйтеміз-бүйтеміз» деп тен­дер­ге түсіп, әжеп­тәуір қаржы түсіретіндер де бар. Ай­талық «SМS жолдау арқылы дауыс бе­рі­ңіз» дей­тін тележобалар көп қой. Өз ба­сым со­дан бір объективтілік көрмеймін. Себебі кө­­­рер­­мен үздікке емес, өз жер­лесі­не бұ­рады.
Шетелде әлеуметтік жүйе жақсы дамы­ған. Мысалы, қарапайым ғана фэйсбук же­лісін алайықшы, ол жерде әділетті баға­лау бар дер едім. Жақсы ой, жақсы жазба ма, жақсы дүние ме, оған әркім өз бағасын бе­реді, керек десеңіз, не үшін дауыс бер­ге­нін де жазады. Сондықтан, меніңше, бүгінде каби­нет қабырғаларында жасалатын рейтингі­лік бағалаулардан гөрі осындай әлеуметтік же­лілердегі көзқарас әлеқайда объективті бо­лады.

Қорытынды
Мәселен, Ресейде ұйымдастырылған қандай жоба болсын халықтық таңдау дегенге сендіреді. Айталық, белгілі бір телеарна ұйымдастырсын не радиолар, не белгілі өнер адамы тарапынан болсын, ең бастысы, оларда рейтингі анықтаудың белгілі бір нормасы бар. Мысалы, бір жылда әнтаспасы ең көп сатылған әншіге «Ең үздік альбом иесі» дейді. Немесе тележобаларда жыл бойына белсенділік танытып, клиптері көп сұранысқа ие болған әншіге де өз бағасын береді. Халық жасады ма таңдауды, жасады. Ендеше, бізге де неге осындай белгілі бір бағалау шкалаларын қалыптастырып барып, сауатты іске, сауатты марапаттауларға көшпеске? Әйтпесе кейде, шыны керек, біздің қоғамда бұлбұлға қарға сын тағатын болып алғандай.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста