Зейнетақы қорларын бір орталыққа бағындыру тиімді болады деп ойлайсыз ба?

Еліміздің  зейнетақы жүйесіне қатысты тыңнан түрен салатын реформа қажеттігін біз бұған дейін де сөз еткенбіз. Жалпы, біздегі зейнетақы жүйесі 1998 жылдан бастап жинақтау жүйесіне көшіп, елде жи­нақ­тау­шы зейнетақы қорлары құрылып, қазірде еңбек ететін аза­мат­тардың барлығы тапқан табысының 10 пайызын сол қорға салып келеді. Отандық мамандарымыздың қай­сы­бірі бүгінде жи­нақтаушы зейнетақы қорларында жиналған қар­жыны дұрыс жұ­мыс істете алмай жатқанымызды, аза­маттардың өз болашағын ойлап салған 10 пайыздық қар­жысы құн­сыз­данып бара жатқанын, жинақтаушы зей­нетақы қор­ла­рындағы активтердің 50 пайы­зы қа­уіпті саналатынын жа­сырмайды. «Егер бола­шақ­та қар­жы саласындағы са­лалық дағдару салқыны се­зілсе, халықтан 10 па­йыздан жи­налған ақша кө­беюдің орнына кеміп қа­луы мүмкін. Бұл халық ара­­сында зейнетақы жи­­нақтаушы жүйесіне де­ген сенімсіздікті ту­дырады. Міне, осындай се­німсіздік пен кү­дікке бой алдырмау үшін зейнетақы қор­ларын бір орталыққа ба­ғындыру қа­жет» деген пікірлер бүгінде қызу талқылануда. Осы орайда біз  зей­­нет­ақы қорларын бір орталыққа ба­­ғындыру жүйесіне ену турасында ар­­найы маман­дар­­дың пікірін талқыға салып көрдік.


Ғалым БАЙНАЗАРОВ, қаржыгер:
иә
– Байыбына үңілсек, зейнетақы қо­­рын бір орталыққа бағын­ды­ру­дың өзіндік тиімділіктері бар. Нақ­­ты мысалдармен сөй­лесек: зей­­­нет­ақы жүйесін бір орта­лық­қа ба­­ғындыру зейнетақы қор­ла­ры­ның та­быс кө­ле­мін еселей түсу үшін қа­жет. Жа­сы­ратыны жоқ, қа­зір елі­міз­дегі бір­қа­тар зейнетақы қор­лары шығынға жұ­мыс істеп жа­тыр. Осы мәселемен ғана алып қа­­ра­ғанда бір орталыққа бағыну мұн­дай шығынға жұмыс іс­теп жат­қан зей­нетақы қорлары үшін тиім­ді бол­мақ. Абзалында, қазір елі­­міз­де зей­нетақы қор­ларының ұзын саны көп. Тіпті олар­дың жұ­мыстарында ашықтық жоқ. Ал зей­нетақы қорын бір орталыққа ба­ғын­дыру арқылы сол қарақұрым қор­­лардың жұмы­сы­на бақылауды кү­шейтуге бола­ды. Бақылау орта­лық­­танғаннан кейін олар­дың жұ­мыс­тарында да бірізділік пайда бо­лып, халықтың мүддесі үшін жұ­мыстар іс­те­ліне бастайды.
«Бірыңғай зейнетақы қоры биылғы жылдың 1 шілдесінен  бастап  тә­жі­рибеге алғаш ене бастауы тиіс» делінгелі бе­рі біраз қауым әр қилы пікірлер тудыра бас­тады. Тіпті қайсыбір мамандар та­ра­пы­нан «мұн­дай асығыстықтың қажеті қан­ша?» де­ген сауалдар да болды. Бұл жерде ба­сым­дық беріп айта кететін дүние – ха­лық­ара­лық тәжірибені ескерсек, мем­ле­кеттік бірыңғай зейнетақы жүйесі көптеген да­мыған және дамушы елдерде бар. Мы­са­лы, Германия, Финляндия, Голландия, Аме­­­рика тәрізді елдердің  зейнеткерлері бі­­рінші – жинақтаушы зейнетақы қорының есе­­бінен, екінші – кәсіпорындық зейнетақы қо­­рынан, үшінші – мемлекет қоры есебінен зей­­нетақы алады. Демек, бұл дегеніңіз – атал­мыш елдердің  өз қарттарына үш жүйе бо­йынша зейнетақы беретінін көрсетеді. Мі­не, осы үш бірдей  қордан алынатын қар­жы Еуропа  қарттарының өмірін қамсыз ете­­рі анық. Бұл елдерде біздегі тәрізді зей­нет­­ақы жүйесінде тек әлеуметтік же­ке­мен­шік қорлар ғана қызмет атқарып отыр­ған жоқ.  Өзге елдерде мемлекеттік жи­­нақ­таушы қорларының  да өзіндік ма­ңы­зы бар. Мәсе­лен, елімізде бүгіндері жи­нақ­таушы зей­нетақы ак­тивтерінің 45 па­йызы – мем­ле­кеттік бағалы қа­ғаздарға, 15 па­йызы – шетел­дік мем­ле­кет­тік және мем­ле­­кеттік емес бағалы қағаз­дар­ға, 32 па­йы­зы – қа­зақстандық ұйымдар­дың қа­ға­зы­на, ал тек 5 пайызы депозиттерге са­­­­лын­ған. Алай­­да одан түсетін табыс елі­міз­­дің инф­ля­ция көр­сеткішінен төмен.  Сон­дықтан аталмыш жүйені жандандыруға қатысты тың меха­низм­дер керек. Зей­нет­ақы жү­йе­сі­не өзгеріс жа­сап, осы саладағы заң­на­ма­ға то­лықтырулар енгізу керек. Бү­гінде жи­н­ақ­тау­шы зейнетақы қорының кі­рісі инфляция деңгейін де жаппайтыны, зей­нетақы қор­ларының топ-менеджерлері өздеріне үлкен жа­лақы тағайындап, әкім­ші­лік шы­ғын­дардың мөлшерін асырып жі­бе­ретіні және өз­деріне сеніп тапсырылған қар­жыны тиім­ді басқара алмайтыны да ай­тылып жүр. Ал мына біз сөз етіп отырған жа­ң­а құрылымның тиім­ділігі сол – оның қан­шалықты ашық және жария басқа­ры­ла­тынына, қандай жо­ба­ларға салы­на­ты­нына тәуелді. Сондықтан ке­лешекте зей­нет­­ақы жүйесіне жаңа механизмдер ен­­гізгіміз келсе, зейнетақы қорын бір ор­та­лыққа бағындыру тиімді болмақ. Мұны қолдау керек. Бұл – халықтың мүддесі үшін жұмыс істейтін дүние. Қай кезде де халықтың мүддесін басты бағыт етіп алсақ ұтылмасымыз анық. Сондықтан бұл – бізге қажет дүние.


Тимур НАЗХАНОВ, Тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығының вице-президенті:
жоқ
– Бұл халықаралық тә­жі­­ри­­­беде бар үрдіс десек те, әзір­ге бұл бастамаға бірден ену асы­­ғыс­­­тық болар еді. Сондықтан мұ­ны қол­дау да қиын. Өйткені біз­де­гі зей­­нет­ақы қор­ларының дені – же­­­ке­­мен­шіктікі. Ал енді олар бір­ден ба­рып бар­лы­ғын «ортақ қа­зан­ға» са­луға ке­лі­седі дегенге сену қиын. Мысалы, қа­зірде қан­дай­да бір қорды зей­нет­кер таң­да­ған кез­де  егер ол қор көңілінен шық­паса, жинақтаған ақ­шасын бас­қа қор­ға ауыстыра ала­ды.  Егер енді бір қор құрылса, амал жоқ, қан­дай кіріс болса да кө­ну­ге тура ке­ле ме?  Негізінде, ин­вес­ти­­ция­лық көр­сет­кіштері мен қыз­мет са­­пасы жа­ғы­нан қор­лар­дың ара­сында айыр­машылықтар бар ғой. Сон­дық­тан барлық қорды бір­­­дей деу­ге болмайды.
Бұл – әр­кім­нің таң­дау еркі, оны құр­мет­теу­ге тиіс­піз. Зейнетақы қорларын бірік­ті­ру­ден жалғыз табар пайдамыз – әкімшілік шы­ғындар қысқаруы мүмкін.  Ал қал­ға­ны­на қоғамның дайындығы аз.
Жалпы,  еліміздің Зейнетақы қоры қа­уым­дастығының төрағасы Айдар Әлібаев  бұған қатысты  «Мен сол зейнетақы қорын басқаратын шенеуніктерге мүлдем сен­бей­мін. Неге дейсіз ғой? Өйткені жылдар бойы қазақстандық шенеуніктер өздерін мық­ты менеджер ретінде көрсете алған жоқ. Бүгінгідей қаржы инструменттерінің тапшы кезде аяқасты олар табыс көзін та­уып, қорға ақша құя қояды дегенге илан­баймын» деп еді. Расымен де, бұл пікірдің жаны бар.
Елімізде бұған дейін де зейнетақы жү­­йесіне қатысты біршама бастамалар қол­ға алынды. Негізінен, зейнетақы жү­йе­­сіне қа­тысты мамандардың пайы­мы­на жү­­гінсек, бізде бірнеше жыл өтсе де, зей­нет­ақы санаудың тиімді әдістемесі әлі күн­ге қалыптас­паған. Нарықтық эко­но­микаға ен­ген тұста біз зейнетақы қор­ла­рын же­келеген басқаруға бердік. Сол сәтте мұны «нарық заңы» деп қабыл­да­дық. Енді келіп қайтадан орталықтан бас­қару жүйесіне енсек, бұл нарық за­ңына қайшы әрекет бол­май ма?! Ал зей­нетақы жүйесіне өз­геріс енгізу үшін заң­дық нормалар қа­растыру керек. Әбден зерттеп, зерделеп ал­май, бастаманы бір­ден тәжірибеге ен­гі­зу жөн емес. Зей­нет­ақының мәні – зейнет жа­сына жеткенде адам­ды табысы болмай қа­лудан сақ­тандыру. Осы орайда  зейнет­ақы жүйесі ел экономикасының құрам­дас бөлігі еке­ні де даусыз.  Меніңше, елдегі қа­рия­ла­рымыз «қартайғанда зейнет көр­сін» де­сек, бұл бастаманы әбден зерттеп алып барып содан кейін талқыласақ жөн бо­­лар еді. Қалай десек те, насихаты, зерт­­теуі сауатты болуы қажет.

                                      Абай ОМАРОВ (коллаж)

Бейтарап пікір
Рахман АЛШАНОВ, экономика ғылымының докторы, профессор:
– Қазір елдегі зейнетақы қорларының қайсыбірі шығынға жұмыс істеп жатыр. Ертеңгі күні ол қорлардағы салымшылардың қаржысы жоғалып «күйіп» кетсе, оны өтеу мемлекет мойнында қалмақ. Міне, осындай қауіптердің алдын алу үшін бізге нақ қазір керегі бірыңғай зейнетақы қорын құрып, зейнетақы жүйесін бір орталыққа бағындыру болып тұр. Сондықтан бұл – қолдайтын нәрсе. Қазір жинақтаушы зейнетақы қорының кірісі инфляция деңгейін де жаппайтыны белгілі болып отыр. Біздегі инфляция көлемі 6 пайыз десек, зейнетақы қорының кірісі 1 пайыздан сәл ғана асады. Айырмашылық едәуір болғандықтан, мұндай өзгеріс біз үшін керек. Демек, мұны қолдау қажет деп ойлаймын.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста