Заңсыз өндіріс орындарын жауып тастамай-ақ, олардың жұмыстарын заңдастыруға жәрдем беру керек пе?

Заңсыз  өндіріс орындарын жауып тастамай-ақ, олардың жұмыстарын заңдастыруға жәрдем беру керек пе?

«Еліміздегі өндіріс орындарын тексеруге, олардың заңсыз әрекеттері әшкере болған жағдайда жұмысын бірден тоқтатып тастауға қатысты сауатты шешім қабылдауымыз қажет». Бұған байланысты отандық сарапшыларымыздың дені «заңсыз өндіріс орындарын жауып тастамай-ақ, олардың жұмыстарын заңдастыруға жәрдем беру керек» деп санайды... Мұндай тәжірибе өркениетті елдердің бірқатарында қолданысқа енген. Мәселен, іргеміздегі Қытай елі өнім өндіремін деген өндірісшілерге барынша мемлекеттік септігін тигізуге тырысады. Қытайда отандық өңдеу саласына тереңдеп кірігуге пейіл танытқандарды мемлекет бір жылға дейін арнайы салықтан босатады, мемлекеттік патент беруде құжатбастылықтан құтқарады, заңсыз тексеруден қорғайды. Әрине, мұндай игі шараларды біздің де қолға алғанымызға біраз болды. Дегенмен елімізде ісін жаңа бастаған өндіріс орындарын тексеру ісі, оларды бірден жауып тастап, жұмысын тоқтату үрдісі әлі де баршылық. Осыған орай, «өндіріс орындарын бірден жауып тастамай, керісінше, олардың жұмысын заңдастыру қаншалықты тиімді» деген сауалды біз мамандардың ой-пайымына салдық...


Тұрсынбек ӨМІРЗАҚОВ, Мәжіліс депутаты:

ИӘ
– Мен мұнымен толықтай келісемін. Негізінде, бұл – өте орынды көтеріліп отырған мәселе. Инновациялық эко­но­ми­каға бет бұрған ел ретінде мұндай бас­тамаларды міндетті түрде қол­да­ға­ны­мыз жөн. Білесіз, елімізде нақ қазір отандық өнім шығару жайына үлкен мән берілуде. Бұл ретте тау-кен индус­трия­­сына, энергетика саласына, тамақ өнер­кәсібіне, машина жасау және тех­но­­логия саласына өзіндік септігін ти­гі­зіп, осы мақсатта өнім шығаруға ықы­лас білдіріп, ісін бастағысы келетін өнер­­тапқыштар, кәсіпкерлер жетіп-ар­ты­­лады. Тіпті олардың қайсыбірі же­ке­ле­ген өндіріс орындарын ашып, «Қа­зақ­­станда жа­сал­ған» деген брендімен сы­йымдылығы кең нарыққа шыққысы ке­леді.
Осыған байланысты мынадай бір мы­сал­дар келтіргім келеді: бізде шай өн­ді­рісімен айналысқысы келетін, қант өнер­кә­сібінде өзіндік бедел жинағысы келетін кә­сіпорындар баршылық. Мысалы, өт­кенде тіркелмеген осындай отандық өн­діріс орындардың бірі шай шығаруға қа­тысты арнайы технологиялық жаб­дық­тар сатып әкеліп, шай өндіруге қажетті дү­ние­лердің барлығын зерттеп, тара­зы­лап өз ісін бастамақшы болды. Егер сол өндіріс орны іске кіріскенде біз қазірде отан­дық шай өндірісін ілгерілетуде бір қадам алға жылжыған болар едік. Өкі­ніштісі сол: елі­міз­дің тиісті орындары ол кәсіпорынның бұл ісін заңсыз  деп танып, бастаған істерін аяқ шеніне жеткізбей тоқтатып тастады. Сол тәрізді тау-кен индустриясы тұрғы­сында мысал ететін бол­сам,  қазір шағын мұнай өңдеу зауыт­тары туралы жиі сөз қаузаймыз. Жерінде бір түйір мұнайы жоқ елдерде жанар-жағармай бағасы арзан екенін айтып таңдай қағамыз. Осыдан соң барып «ел­де шағын мұнай өңдейтін за­уыт­тар ашу керек» деп жар саламыз. Ал ке­зін­де қан­шама тіркелмей жұмыс істеп жат­қан бірнеше шағын мұнай өңдеу за­уытының заңсыз әрекеттері әш­кере болып, олар жабылды. Міне, сол кез­де неге олардың жұмысын заң­дастыру туралы ойланбадық? Сол за­уыттарды заңдастырып, қол­да­рына патент беріп, бар­лы­ғын заң­ды етіп, істерін әрі қарай жүр­гізуге мүм­кіндік бер­ген­де ел­дегі жа­нар-жағармай мә­се­лесі же­ңіл­дей түсетін бе еді? Ме­нің ойым­ша, тау-кен ин­дус­трия­сы­на өзіндік септігін тигізгісі ке­летін, ха­лыққа пайдалы өнім шы­ға­руға ұмтылатын, жалпы, ұлт­қа пайдасы тие­тін жо­ба­лары бар, бі­рақ тіркеле ал­­май жүрген  өндіріс ошақ­тарын жабудың еш реті жоқ. Оларға жұмыс іс­те­уіне мүмкіндік беріп, өндірістерін заң­дастыруға жол ашу қажет. Әрине, заңсыз арақ-шарап, темекі өнімдерін өндіретін, кеденнен заңсыз тауар әкелетін өндіріс орын­да­рының ісі тоқталғанына мен қарсы емес­пін. Бірақ жаңағыдай отандық өнімнің бағын ашуға оң көзқа­рас­тағы кәсіп­орын­дар мен өндіріс орын­дарының жұмыс­та­рын бірден тоқтатпау ке­рек. Керісінше, олардың жұмыстарын жал­ғастыруға, оны заң­дастыруға мүм­кін­дік берген аб­зал. Мұ­ны қолдау керек.


Жұмаділ БАЙҒҰНШЕКОВ, техника ғылымының докторы, профессор:

ЖОҚ
– Мен мұндай пікірлермен келісе ал­­маймын. Себебі біздің мемле­ке­ті­міз­де заң бар. Кез келген өнім шы­ға­ру­шы өндіріс орны, сауда-саттық­пен ай­на­­лысушы кәсіпорын болсын, же­­к­е­­­ле­ген кәсіп иесі ме – бұлардың бар­­­лығы мемлекетіміздің заңына ба­ғынуы тиіс. Сондықтан тиісті заң орын­да­ры өндіріс орындарының жұмысын заң­сыз деп таныды ма, ол өндіріс жұ­мы­сын тоқтатуы тиіс. Өйткені ол өн­ді­ріс орны өз ісін заңсыз бастаған бол­са,  ай­лап, жылдап мемлекет қазы­на­сына са­лық төлемесе, мұндай өн­діріс орны­ның әу бастағы пиғылы тек бас пай­да­сы үшін ғана жұ­мыс істеу бол­ғаны емес пе?! Жалпы, қа­зір­де біздің елі­мізде жа­ба­йы кәсіпкерлік қа­лып­тасып кеткен. 
Еліміздегі кәсіп иелері мем­лекеттің мүд­десін емес, жеке ба­сы­ның қамын бірінші кезекке қой­ған­дық­тан барып осындай заңсыз әре­кеттерге барады. Осындай жеке бас қамын ойлау­шы­лықты жою мақсатында елімізде бірнеше жылдан бері «Бизнестің жол картасы–2020» бағдарламасы жүзеге асып келеді. Аталмыш бағ­дар­ламаның мазмұны – «елде өз биз­несін бастағысы келетін өнім өң­деуші салаға барынша мем­ле­кеттік жеңілдік көрсету». Өз ба­сым отандық өнді­ріс­ші­лерге заңсыз жұмыс істе­ген­нен гөрі осы іспетті мем­лекеттік бағдарламаларға өз жобаларын ұсынып, мем­лекеттің қолдауымен іске кірісу керек деп ой­лай­мын. Негізінен, қазірде өнім өндіремін, отандық өнер­кә­сіпті дамытамын деген өндіріс орын­да­рына барынша жеңілдіктер қарас­ты­рылған. Оларға банктер арқылы берілетін не­сиенің пайыздық мөлшері де қазір  же­ңілдеді. Құжатбастылық мәселесі де ана­ғұр­лым шешілген. Қазірде кәсібін бас­тай­мын деген өнім өндірушіге салық ко­­ми­тетіне барып тіркеліп, арнайы патент ал­са, біраз жеңілдік бар. Қынжыларлығы, біздің отандық өнім өндірушілерде заңдық сауаттылық жағы төмен. Осыған орай айтарым: заңсыз жұмыс істеген өндіріс орындарына жәрдем көрсету туралы пікір қоз­ғағаннан гөрі, сол өндірісшілердің заң­дық сауаттылығын арттыру, біліктілігін же­тіл­діру жағына аса мән берген жөн. Себебі біз биылғы жылдың соңына қарай ДСҰ-ға мүше болуға ниеттеніп отырмыз. Кедендік Одақ аясында жұмыс істеуге мүмкіндік алып отырмыз. Бірыңғай эко­но­ми­калық ай­мақ құрғысы келетін ел үшін заңсыз әре­кет­терді кешіріп, жұмыс істей беру – ақылға қонымсыз дүние. Заңды білмеу, заң­ға жүгінбеу елде ірі қылмыстар мен алаяқ­тықты көбейтеді. Сондықтан бірінші ке­зекте заңға жүгініп, заңды білу керек. Кү­ні ертең біз дүниежүзілік сауда база­рын­да бәсекеге төтеп бере аламыз десек, заң­дық сауаттылығымыз басым ел болға­ны­мыз абзал. Қазірдің өзінде неліктен қай­­сыбір заңдарымызға халықаралық та­лапқа сай етіп, өзгерістер мен толық­тырулар енгіземіз. Мұның барлығы сол халықаралық бәсекеде еңсемізді биіктетіп көрсету мақсатында емес пе?! Демек, өндіріс орындарының заңсыз әрекетіне кешірім жасауды қолдаудың нақ қазір қажеттілігі жоқ.

Бейтарап пікір
Аман ШОТАЕВ,
экономист-ғалым:
– Егер бұл сауалды отандық өндірістің ұпайын түгендеу мақсатында қойып отырған болсаңыз, бұған қатысты айтарым: елдегі өндірісті қолдау үшін бірінші кезекте орынсыз науқаншылдықтан арылған абзал. Қазір біз «өнім өндіруші салаға бет бұрған елміз» деп мақтанамыз. Бірақ сол өнім өндіруші салаға қатысты қызмет көрсету жұмыстары көңілден шықпайтыны жасырын емес. Кәсіпкерлеріміз әлі де болса құжатбастылықтан арыла алмай жүр. Бір тиісті органнан рұқсат алу үшін бірнеше органнан анықтама жинауға тура келеді. Бұған қоса өзге өркениетті елдер тәрізді электронды құжат жинау үрдісін жетілдіре алмай отырмыз. Осы уақытқа дейін өндіріс басшылары бір құжатты заңдастыру үшін қаншама табалдырықты тоздырады. Ақыры заңдастыру ісі бармақ басты, көз қысты әрекетпен тындырылады. Бұл салада алдымен осы түйінді тарқатып алуымыз керек. Осындай «ымыраласып» заңдастыру жайы шешілгенде, бақылауға алынғанда ғана салада тазалық, ашықтық, сауаттылық орын алады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста