Заңға қайтыс болған адамның несиелік қарызын кешіру туралы бап енгізу керек пе?

ҚР Азаматтық кодексінің 1038-бабына сәйкес, банктен несие алып, өмірден озған адамның несиелік қарызы марқұмның артында қалған мұрагеріне дүние-мүлкімен бірге мұра ретінде тиесілі болады. Ал мұраға ие болу өсиет негізінде немесе заң бойынша жүзеге асырылады (1039-бап). Өсиет қалдырыл­маған жағдайда мұрагерлiк заң бойынша белгіленеді. Заңға сәйкес, мұрагер болу құқығын бiрiншi кезекте мұра қалдырушының балалары, сондай-ақ жұбайы (зайыбы) мен ата-анасы тең үлеспен алады (1061-бап). Мұраға ие болушыларға марқұмның қайтыс болуына байланысты қолданылуы тоқтамайтын мiндеттерi де яғни қарызы да қоса жүктеледі (1040-бап).
Бірақ қоғамда сол қарызды өтей алмай, кепілдікке қойған қара шаңырағынан айырылып, далада қалып жатқандар қаншама. Сондықтан «заңға қайтыс болған адамның несиелік қарызын кешіру туралы бап енгізу керек пе?» деген сұрақты мамандарға қоюды жөн көрдік.


Жанұзақ ӘКІМ, экономист, Еуропа ғылым академиясының академигі:
иә
– Қазіргі заңға сәйкес, банктен не­сие алған адам тәуекелке бел буып, өз отбасының, мүлкінің тағ­ды­­рын қатер­ге тігеді, яғни несие ал­ған адам көз жұм­са, оның несие­лік қарызын отба­сы мүшелері тө­ле­уі тиіс. Міне, осының сал­дарынан кей жағдайда отбасы асы­­раушы­сы­нан ғана айырылып қой­май, со­ны­мен қатар қарызға белше­сі­нен ба­тып, тіпті баспанасынан айы­ры­­ла­ды. Осындай мәселемен бет­пе-бет келген кей азаматтар өзіне-өзі қол жұмсап жатқан жағдайлар да кез­­десіп жатады. Сондықтан да осын­дай келеңсіз жағдайларды туын­дат­пау үшін қайтыс болған адам­ның банк­тегі несиелік қары­зы­н бала-ша­ғасының мойнына іліп қой­май, оны кешіруд­ің жолдарын ой­ластырған да дұрыс болар еді.
Мәселен, мұндай жағдайды сақтандыру жүйесі арқылы шешсе болады деп ойлаймын. Бұл тұрғыда сақтандыру компаниялары мен банктер бірлесе отырып жұмыс ат­қаруы тиіс. Банктік жүйеде «форс-мажор» деген болады. Яғни күтілмеген таби­ғи апаттар, төтенше оқиғалар, салдарын жою мүмкіндігі жоқ жағдайлар. Мысалы: өрт, жер сілкінісі, су тасқыны тағы да бас­қа. Мұның барлығы форс-мажор жағдай­лары деп аталады және оның ішінде адам өлімі де бар. Егер мұндай жайттар орын алып жатса, несиені төлеуде сақтандыру қоры қатысуы керек. Адам қаза болғаннан кейін оның отбасына көмек көрсетудің орнына оларға үстемелі қарыз артып қою дұрыс емес. Егер заңға өзгеріс енгізіліп, қайтыс болған азаматтың банктегі несие қарызы кешірілсе, мұның осы тұрғыдағы көптеген даулы мәселенің түйінін шешуге көмектесері сөзсіз. Осылайша, көп мәсе­ленің басын шешіп алуға болады. Қазіргі таңда біздің банктер мол табыс табу үшін ғана жұмыс істейді. Олардың үстеме па­йыздары өте жоғары. Жыл қорытын­дысы бойынша қай банктің болсын қыруар табысқа кенелгені жайлы ақпаратты көреміз. Олай болса, не­ге пайыздық үстемені азайт­пасқа?! Осы жағынан бізде кемшіліктер өте көп. «Егер қайтыс болған адамның қарызын кешірер болса, банктер шығынға батады» деген пікірмен де келіспеймін. Банктер қаржы­ны шетелден 3-4 пайызбен ала­ды десек, берілетін несиеге ары кетсе 3-4 пайыз қос­сын, 6-7 пайыз жетеді. Жарайды, тіпті 3 пайызын сақтан­дыру қорына қалдырайық та, 10 пайыз делік. Бірақ біздің елдегі несие 15 пайыз­бен де берілмейді ғой. Сонда қандай шығын болуы мүмкін? Демек, бұл жерде Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі, сондай-ақ Ұлттық банк дұрыс жұмыс істемей отыр деп білемін.


Арықбай АҒЫБАЕВ, заң ғылымының докторы, профессор:
жоқ
– Заңға қайтыс болған адам­ның несиелік қарызын кешіру туралы бап енгізудің еш қажеті жоқ. Бірін­ші­ден, ол – заң­бұ­зушылық, екін­шіден, еліміздің экономикасы үшін тиімсіз. Заңбұзушылық дей­тініміз, азаматқа қарыз беруші тараптың да жағдайын ескеріп, оның ор­нына бір сәтке болса да өзімізді қойып көруіміз керек. Кешірім беру арқылы заңды тұлғаның құқығын бұзып, оны шығынға батырамыз. Ал тиімсіз деген сөз, ақшаны несиелік қарыз деп оңға-солға тарата бер­сек, не­сиесін қайтармай қайтыс бо­латын жағдайлар жиілеуі мүм­­кін. 
Базбір құныққандардың жаман аурумен ауырған, екі-үш айлық өмірі қалған адам­ның атына несие алмасына кім кепіл?! Болмаса, қарызға белшесінен бат­қан азамат өзін өлілер санатына жатқы­зып, жалған құжат жасатып алуы да ық­тимал. Демек, бұл заңбұзушы­лық­тар мен былық-шылықтың саны артады дегенді білдіреді. ҚР 1999 жы­лы
1 шілдеде қабылданған №409 Азамат­тық кодекстің 57-тарауы­ның Мұ­рагерлік туралы жалпы ережелерінде, нақтырақ айт­қан­да, 1038-бапта «мұрагерлік – қай­тыс болған азамат, яғни мұ­ра қалдырушы мүлкiнiң бас­қа адамға немесе адам­дар­ға, яғни мұрагерге немесе мұра­гер­лерге ауысуы делінген. Яғни қайтыс болған азаматтың мұрасы бас­қа адамдарға әмбебап құқық мирас­қор­лығы талаптарымен, егер осы бөлiмнiң ере­желерiнен өзгеше туындамаса, бiрың­ғай тұтас нәрсе ретiнде және бiр-ақ мезгiлде ауысады. Мұрагерлiк – осы кодекспен, ал тiкелей өзi белгiлеген жағдайларда өзге де заң актiлерiмен реттеледi деп жа­зыл­ған. Бұл дегеніміз не? Азамат банкте несие рәсімдемес бұрын алдымен өз дүние-мүлкінің, отбасының, туыстарының жағда­йын және өзінің денсаулығын тағы басқа­сын ескере отырып келісімшарт­қа қол қояды және мұрагерлер тарапынан да келісімнің болары сөзсіз. Осының бар­лы­ғын біліп тұрып, мұрагерлер қарызды төлеуден бас тартса, бұл да заңбұзушылық болып табылады. Егер заңның талаптарын біле тұра, несиені қайтармайтын болса, мүлдем қарыз алмауы тиіс. Қайтыс болған адамның несиесін кешіру деген заң әлем­нің ешбір мемлекетінде жоқ. Кешірім тек сотталғандарға беріледі, ол – рақым­шы­лық. Бірақ оның өзі несиелік қарызға қа­тыс­ты емес. Сон­дықтан мүліктік қарызға ке­шірім беруді қолдану мен қолдауды әді­летсіздік деп есептеймін.

Бейтарап пікір
Шалатай МЫРЗАХМЕТОВ,
Мәжіліс депутаты:
– Қайтыс болған адамның несиесін кешіру – адами тұрғыда алып қарағанда, өте дұрыс мәселе. Бірақ ондай жағдайға жету үшін біздің мемлекеттің экономикасы өте жоғары деңгейде болуы керек. Біз енді ғана дамып келе жатқан елміз. Сондықтан заңға мұндай бап енгізу әзірге мүмкін емес. Қазақта «қарыздан құтылмай болмайды» деген бар. Ана дүниеде де барлығы кешіріледі, бірақ қарыз кешірілмейді, сондықтан несиелік қарыз да толығымен төленуі тиіс деп есептеймін.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста