Жалпы білім беретін мектептерге дінтану пәнін енгізу туралы ұсынысқа келісесіз бе?

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының ІV съезіне Мәскеу және бүкіл Ресей патриархы Кирилл өз ұсынысын жолдапты. Ол жастарға мектеп кезінен сол елдің тарихын оқытатыны секілді дінін де оқыту қажет деп есептейді екен. Соңғы жылдары қазақстандық мектептерге дінтану пәнін қосымша пән ретінде енгізу мәселесі жиі көтерілген болатын. Бұл, бір жағынан, сынақ, тәжірибе ретінде жүргені белгілі. Енді оны міндетті пәндердің қатарына енгізу қажет пе деген сауал туындады. Осыған байланысты сарапшылар әртүрлі көзқараста.


Досай КЕНЖЕТАЙ, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ профессоры, философия және теология ғылымдарының докторы:
иә
– Жуырда Білім және ғылым ми­нистр­лігіндегі лауазымды адамдардың бірі дінтану пәні мектеп бағдарламасына қоғамтану ретінде енуі мүмкін екенін айтқан еді. Қоғамтану деп аталғанымен, мазмұны дінтану болады дейді. Бұл пән енгізілген жағдайда тек 9-сы­нып­тар­ды ғана емес, 9-10-11 сыныптарды толық қамтиды екен.
Шет мемлекеттерден бір-екі мысал кел­тіріп өтейін. Францияның барлық мек­тебінде католик діні пән ретінде өтіледі. Католицизмнің мазмұны, оның мәдениеті, психологиясы, моральдық қыры, діннің адамгершілікті түзеуі де­ген сияқты жан-жақты қырлары тү­сін­ді­ріледі. Ал Түркияда бастауыш мек­теп­тен бастап діннің әдебі түсіндіріле бас­тайды.
Содан сынып жоғарылаған сайын дін­нің тарихы, мазмұны айтылады. Бұл олар­да бұрыннан енгізілген пән. Өзге елдер, соның ішінде батыс мемлекеттері біз секілді барлық діндердің негізін түсіндіруді көздеп отырған жоқ. Әрқайсысы өз ішін­дегі басымдықты құрайтын діндерді негізге ала­ды. Түркияда мектеп оқушыларына тек ислам ғана оқытылады. Яғни біздегідей мультикультуралистік ұстаным жоқ. Тек жоғары білім беру орындарында ғана, оның ішінде гуманитарлық саладағы ма­мандарға ғана әлемдегі барлық діндердің негіз­дерін түсіндіруге болады.
Дінтану пәні керек екені сөзсіз. Кешегі се­куляристік қоғамнан кейін дін мәд­е­ниеті жойылып, адамдардың әдебі өзгерді. Ал оны қалпына келтіру үшін мектеп оқушыла­рынан бастау керек. Қазір біздің жастар­ы­мыз­ды сыртқы күштер, миссионерлер арбап жа­тыр. Дінтану пәнін енгізу­дегі мақ­сат – баланың бойына төл мәде­ние­тін түсіндіру, сіңіру, сол ар­қы­лы сыртқы күштерге, теріс ағымдарға қарсы тұру болу керек. Айналып келге­нде, мем­ле­кет үшін балаларға ді­німіз­ді, мәде­ние­тімізді түсіндіру ма­ңызды мақсат болуы керек.
М­ысалы, Қазақстанның сол­түс­тік облыс­тарының кейбір ау­дандарында қазақтардан гөрі славян тектес халықтар көп, мұ­сылмандардан гөрі протес­тант­тар көп. Олардың да демократиялық құқығы бар. Әлеуметтік зерттеу арқылы сон­дай аймақтарды анықтап, оқу­шылар­дың санын анықтап, оларға протестанттық­тың арнайы оқулығын жазып беру керек. Ал буыны қатпаған балаға әлемдегі бар­лық діндердің түп-мағынасын түсіндіріп жі­бе­реміз деу қателік болады.


Анна ҚҰДИЯРОВА, Психоанализ институтының директоры
жоқ
– Өкінішке қарай, қазіргі кезде қо­сым­ша пән ретінде беріліп жүрген дін­тану сабақтарынан басқаша құ­бы­лыс байқалады. Бір мысал кел­тірейін, бір мек­тепте дінтану пәні­нен беретін мұға­лім ислам дінінің өкі­лі екен. Ол оқу­шы­лар­ға тек ислам діні­нің тари­хын, маз­мұ­нын түсін­діреді. Бұл нақты қай мек­тепте қай мұға­лім­мен болған оқиға екенін айтып жатудың қажеті жоқ шығар. Өйт­кені мұндай құбылыс жиі бай­қалып жатыр. Мұғалімдердің дінтану бойын­­ша біліктілігі жеткілікті дең­гей­де емес. Көбі дінтанушы емес сияқ­­ты, жеке діннің теолог ма­ман­да­­ры. Ислам дінін ғана меңгерген адам оқушыларға шариғат заңдары мен хадистерді ғана үйретіп кетеді.
Онда да мұсылман дінін біртұтас дін ретінде емес, оның ішінде жақсы мұсыл­ман, жаман мұсылман деп бөліп, неше түрлі қор­қынышты бейнетаспаларды көрсетіп, балалардың басын қатырады. Көбіне мұғалімдер оқушыларды өз діндеріне қа­рай үгіттеп кетеді. Мен осыған қарсымын. Маған осындай бейнетаспадан (жаман қызды құдай тышқанға айналдырып қойыпты сюжеті бо­йын­ша) шошынып, үрейден ұйық­тай алмай қалған жасөспірім қыз­ды психологиялық кеңеске әкелген.
Еліміздің Конституциясы бо­йынша адамдардың ұждан бостандығы бар. Әр адам қай құдайға сенгісі келсе де өз еркі. Өткен жылы исламның ішіндегі экстремизм мәселесі үлкен шу болды. Кез келген діннің ішінде осын­дай қауіп бар. Мысалы, мен «Дарын» инс­ти­тутында жұмыс істеп жүргенде бір мұ­ға­лімді діни көзқарасына байланысты жұ­мыстан шығаруға мәжбүр болдым. Себебі ол студенттерді өз дініне қарай үгіттеп тар­тады екен. Яғни дәл қазіргі жағдайда бізде дінтану пәнін оқушыларға объективті түрде жеткізе алатын мұға­лімдер, кадрлар жоқ. Біз қанша жыл бойы психологтер мә­селесін көтеріп, әрбір мектепке бір пси­хо­логтен енгізуге әрең қол жеткіздік. Соның өзін­де олар­дың барлы­ғының біліктілігі тиіс­ті деңгейде деп айта алмаймын. Ал дін мә­селесі – одан да қа­уі­п­ті нәрсе. Қосымша пән ретінде жүргі­зіл­геннің өзінде көптеген кем­шіліктер байқап жатырмыз. Ал міндетті пән­дердің қатарына енсе не болатыны түсі­ніксіз.
Дәл қазіргі жағдайда мектеп мұғалім­де­рін де қадағалау оңайға соқпайды. Әрбір мұғалімнің әрбір сабағы барысында не айтылғанын, қай дінге қанша уақыт бөлгенін бақылап отыру мүмкін емес. Кез келген дінде, оның ішінде ислам дінінде ғылымға сүбелі үлес қосқан ғалымдар, ғұ­ла­малар бар. Олардың есімдерін оқушы­лар­дың білгенін қалаймын. Алайда оны ғылыми-мәдени тұрғыдан түсіндіру керек. Сондықтан дінтануды мәдениеттанудың немесе тарих пәнінің бір бөлігі ретінде қарағанымыз дұрыс деп білемін.
Кеңестік заманда бізде ғылыми атеизм пәні болды. Біз әртүрлі діндердің тарихын меңгердік. Сол кезде біз христиан, мұсыл­ман, будда діндерінің тарихын оқыдық. Қо­рыта айтқанда, сол кездегідей қоғамтану деген атпен енгізу керек шығар. Мен мұны қолдар едім.

Түйін
Қосымша пән ретінде енгізілген дінтану пәнінің қаншалық нәтиже беріп жатқанын әзірге ешкім зерттей қойған жоқ. Білікті маман тапшы болса ойға алған кез келген игі істің арты сұйылып, кейде тіпті кері нәтиже көрсетіп кететіні бар. Сондықтан бұл тақырыпқа қоғамдық талқылаудан бөлек, ғылыми-әлеуметтік зерттеу жүргізу қажет дер едік.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста