Жәдігерлерімізді қастерлеу үшін арнайы антиквариат туралы заң қабылдау қажет пе?

Бүгінгі күн ертең-ақ тарихқа айналады. Ал тарих несімен қымбат? Қайта оралмайтындығымен. Әйтсе де сол қайта оралмас күндерден бір белгі сақталуы тиіс қой?! Мыңжылдықтар өтсе де міз бақпаған күйі жан-жағындағы жаңарып жатқан ұрпаққа «тілімді тапсаң, шіркін, талай сырды ақтарар ем» дейтін көне жәдігерліктер болады. Бірақ біз сол дүниелерді сөйлетпек былай тұрсын, бүгінгі күні қарнымыздың қампайып, қалтамыздың томпайғанын ойлап, шекара асырып, сатып жібереміз. Көненің көзін қастерлеу үшін бізге не жетіспейді? «Бәлкім, антиквариат туралы арнайы заң қабылдау қажет шығар» деген сұрақты біз ой-көкпарға салуды жөн көрдік.

Азат Әкімбек, коллекционер, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген мәдениет қызметкері:
Иә
– Біздің елімізге дәл қазіргі таңда антиквариат туралы заң ауадай қажет. Олай дейтін себебім, біздің бұл саладағы әлі сауатсыздығымызды әрі антиквариаттың нарықтағы бағасын білмейтіндігімізді пайдаланған шетелдіктер қазақтың небір қалы кілемдері, баға жетпес зергерлік бұйымдарын тиын-тебенге сатып алып кетіп жатыр. Өкінішке қарай, доллардың шетін көрсе, қандай құнды дүниені болсын қуана қолтықтатып жіберген аңқау азаматтарымыз да баршылық. «Білгенге – маржан, білмеске – арзан» деген сол, антиквариаттың қазір әлемдік нарықтағы бағасының қалай шарықтап тұрғанын біз білсек қой! Мәселен, картиналардың ең төменгі бағасының өзі 25 мың доллар болса, ең жоғарысы 500 мыңға дейін жетеді. Ал Құран Кәрімдердің, пергаментпен жазылған бір бетінің әлемдік нарықтағы бағасы 1430 доллар тұрады. Кілемдердің бағасы 4500 фунт-стерлингтен ары қарай.
Мен әншейін бергі жағын ғана айтып тұрмын. Олай болса, біз осыны неге білмейміз? Біріншіден, көшпелі өмір салтын кешкен бабаларымыздың өмірі аттың жалында, түйенің қомында өткендіктен, көлденең жатқан көне бұйымды көтеріп алуға мұршасы да келмеді. Екіншіден, кеңестік кезеңде антиквариат туралы ауыз ашудың өзі қылмыс саналып, сәл ғана сезік тудырсаң, әр қадамың аңдулы болды. Өйткені, рухани мұра жекеменшіктің емес, мемлекеттің ғана иелігінде болуы тиіс еді.
«Заң қабылдау керек» деуге мәжбүрлейтін тағы бір себеп – бүгінде жалған жәдігерліктерді жасайтындар өте көп. Алысқа ұзамай, іргеміздегі Қытай бұл «қара антиквариаттан» айтарлықтай пайда тауып отыр десем, қателеспеймін. Бүгін «Әлдебір жерде бір жәдігер қымбат бағаға сатылып жатыр» десе, ертең соның көшірмесін Қытай жасайды да, тіпті түпнұсқаның алдын орап кетеді. Көбіне олар қазақтың қылышын, фарфор бұйымдарды жасап, 40-50 долларға сатса, саудагерлер оның үстіне он есе бағасын қойып сатып жүр. Бізде, әрине, көпшілік көненің көзін көшірмеден айыра білмейді, сондықтан оп-оңай жем болып отыра береді. Ондай жалған жәдігерге кімдер ұрынады? Алаяқ антиквариат сатушылар бүгінде жұмысбасты, қызмет орнынан бір сәтке кете алмайтын бизнесмендердің маңын торуылдайтын болып алған. Ал бизнесмендердің арасында қазір бір-біріне антиквариат тарту ету сәнге айналған. «Мынау менің арғы атам не әжемнен қалған еді, дүкендерде бұл бәлен тұрады. Маған аяқасты ақша керек болып қалды, әйтпесе сатпас ем» деп мүләйімсіген саудагердің сөзі мен әшекейдің әдемілігіне арбалған бизнесмен оның құжатын да, басқасын да сұрамастан ала салады. Қорыта айтқанда, қымбат қазынамыздың құнын көк тиын қылғымыз келмесе, онда антиквариат және жинақтаушылар жөнінде арнайы заң қабылдау жағын қолға алу қажет.

Сандуғаш Кенжебаева, журналист:
Жоқ
– Антиквариат  туралы заң қабылдау соншалықты кезек күттірмейтіндей мәселе емес. Тіпті бізде «шетелдіктер әкетіп жатыр» деп даурығатындай Пикассоның картинасы, болмаса «бәлен ханзаданың қылышы» деген секілді керемет құнды жәдігерлік те жоқ. Хандарымыздың тұтынған дүниелерін сақтап қала да алмағанбыз, ал кейінгі қазып алынған тарихи ескерткіштеріміздің түпнұсқасы онсыз да өз елімізде емес, өркениетті елдердің біріне әлдеқашан-ақ асырып жібергенбіз. Енді болары болып, бояуы әбден сіңген соң барып, «бізге осындай заң керек» деп даурығып жатқанымыз жараспайды да. Тіпті қазір қит етсе, «анау туралы заң керек», «мынау туралы заң керек» дегенді, шыны керек, сәнге айналдырып алған сияқтымыз. Оның қаншалықты уақыт пен талқылауды қажет ететін дүние екендігімен жұмысымыз жоқ.
Арнайы заң қабылдау үшін – біріншіден, ұзақ уақыт, екіншіден, көп қаржы керек.
Мен мұнымен тарихқа бей-жай қарау керек деп отырғам жоқ. Әрине көненің құнын біліп, қастерлеуіміз керек. Ал құндылықтарға деген дұрыс көзқарасты ешбір заң қалыптастыра алмайды. Ненің не екенін, оның тарихта алар орны қандай екенін әуелі балабақша мен мектеп қабырғасында әр балаға түсіндіріп, санасына сіңіруден бастауымыз керек. Әйтпесе мына жақта қанша жерден заң қабылдап жатсаң да, егер балаң басқанікін қастер тұтып, соны қымбатқа бағалайтын болса, бүгінгі бар заңды ертең-ақ өз заманына лайықтап ала салу оған түк те емес. Бұл – бір. Екіншіден, белгілі бір ойшылдың «құқықтар жайлы сөз қозғалған жерде құқық жайына қалады» дегеніндей, заңдарды көбейте бергеннен ештеңе өзгермейді. Тіпті керек десеңіз, кейде жазылмаған заңдар, ресми заңдардан әлдеқайда тегеурінді болып жатады. Сондықтан ең алдымен тарихи танымымызды арттырып, одан соң, әрине қолда барды көрінгеннің қолтығына қыстырып жіберуден арылу керек. Олай ету арқылы өз тарихымызды өзгелердің табанына таптататынымыз анық. Санасында саңылауы бар адам болса, сайының тасын алтынға айырбастамайды, ал ақшаға құныққан адамға қанша жерден заң қабылдасаң да, бәрібір тосқауыл қоя алмайсың. Есебін тауып, қайта екі есе пайда табады. Ал өткенін іздеймін деген адам заңды күтпей-ақ іздейді. Кезінде ешқандай заң болмаса да Ленинградтағы Тайқазанымызды әкеліп алдық қой. Сол кезде қандай заң болды?..

Қорытынды
Антиквариат туралы арнайы заң бәлкім қабылданар, бәлкім, «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2-шілдедегі заңына антиквариат дүниелерге қатысты мәселені арнайы тармақ етіп енгізерміз, бірақ бір нәрсе анық: мейлі мемлекеттік мұражайларда болсын, мейлі жеке жинақтаушылардың қолында болсын, әйтеуір жәдігерлеріміз тізімделініп, бақылау мен қорғауға алынуы тиіс.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста