Халықты төтенше жағдайлардан міндетті сақтандыру жүйесін енгізу дұрыс па?

Халықты төтенше жағдайлардан міндетті сақтандыру жүйесін енгізу дұрыс па?

Төтенше жағдайларға қатысты жүйеге жаңашылдық енгізу керек. Бұл ретте еліміздегі «Тәуекелді бағалау тобы» орталығының мамандары «Жаман айтпай, жақсы жоқ», қарапайым халық әлдеқандай төтенше жағдай орын ала қалса, тек Үкіметке ғана иек артпай, белгілі бір қоғамдық орындар да халыққа демеу бола білгені жөн» деседі. «Ол үшін халықты төтенше жағдайлардан міндетті сақтандыру жүйесіне енгеніміз жөн» деген аталмыш топ өкілдері бұл үрдістің халық қауіпсіздігін реттейтініне кәміл сенімді. Әйтсе де, керісінше, бұған қатысты қайсыбір тарап «халық қауіпсіздігін міндеттеп сақтандырудың мүмкін еместігін» де алға тартып отыр. Сөйтіп, «халықты төтенше жағдайлардан міндетті сақтандыру жүйесін енгізу дұрыс па, әлде бұрыс па?» Біз осы сауалды арнайы мамандардың ой талқысына салып көрдік...

Өмірәлі Қопабаев, заң ғылымының докторы, профессор
Иә

– Өз басым мұны қолдаймын. Бізге осы жүйені әлдеқашан заңмен негіздеп, міндеттеу керек еді. Мұны айтып отыр­ған себебім – қандай да бір төтенше жағ­дай орын ала қалса, азаматтардың қауіпсіздігі бірінші кезекте тұруы тиіс. Бұл – белгілі жайт. Десек те, көптеген жағ­дайда халықтың қауіпсіздігі ес­ке­ріл­мей, қарапайым халық шығын көріп жа­­тады. Осыны көңілге түйіп бағамдаған көр­шілес елдердің біразы міндетті сақ­тан­дыру жүйесіне еніп те жатыр. Бұған қатысты Қытай Халық Республикасы мен көршілес Ресей елін алуға болады. Әсі­ресе Қытай елі оңтүстік-батыс ау­ма­ғын­да жиі болатын жер сілкінісінен кейін ар­найы міндетті сақтандыру үрдісін мық­тап қолға алды. Сол тәрізді Ресей елі де ел аумағында қалыптасып кеткен түр­лі оқиғалардан кейін сақтандыру жүйе­сі­не осы бөлімді енгізді.
 Айта кету керек, бізде «Сақтандыру қызметі туралы» Заң бойынша әрбір адам өз өмірін сақтандыруға, қамсыздандыруға құқылы. Десек те, ол заңда төтенше жағ­дайларға қатысты сақтандыру жүйесі мін­деттеп көрсетілмеген. Тіпті біздің еліміздің азаматтарының бұл мәселеге бейжай қарайтыны соншалық – халықтың 70 пайы­зы өз өмірін сақтандыруға келгенде енжарлық танытады екен. Бір қызығы, жұртшылық мал-мүлкін, астындағы көлі­гін, баспанасын, банктегі қаржысын сақ­тандыруға келгенде тым ширақ қимыл­дайды. Ал өз өмірін сақтандыруға келгенде бұл жайт керісінше қалыптасып отыр. Негізінен, сақтандыру жүйесі еліміздің эко­номикалық саласына оң ықпал етсін десек, біз осы саланы нақты жүйелеуге кіріскеніміз абзал. Ол үшін алдымен өндіріс орын­дарындағы қауіп-қатер сипаты, ондағы адам өмірін сақтандыру үрдісі, түрлі апатты жағдайлар орын алғанда адам өмірі қалай сақтандырылуы керек, сақтық әдіс қор­лардың жұмысы қалай ұйым­дастырылуы қажет, міне, осы мәсе­лелерді сауатты жүйелеп алған жөн. Содан кейін барып халықтың сақтандыру компа­нияларына, сақтандыру қорларына деген сенімі күшейе түседі. Негізінен, сақтан­дырудың жалпы жүйесі үш бөліктен тұра­ды: бірінші – қоғамдық қорғау жүйесі;
екінші – әлеуметтік сақтандыру (қор­ғау) және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі, үшінші – жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыру. Енді осы аталған сақтандыру жүйесіне төтенше жағдайларға қатысты бөлім енгізсек, өз басым мұны дұрыс деп есептеймін. Себебі қазірде технологиялық жағынан қуатты деген мемлекеттердің өзінде жер сілкініп, топан су басып, төтенше жағдай қалыптасып жатыр. Міне, осы тұста бізге де сақтанудың барлық шараларын қарастырған абзал...

Тасбай СИМАМБАЕВ, сенатор
Жоқ

– Мен мұны қолдамаймын. Себебі біз­дің отандық нарықта қазірдің өзінде ірі­лі-ұсақты түрлі сақтандыру ком­па­ния­лары топ­тап саналады. Олардың қай­сы­бірі заң­сыз әрекеттерге барып, халықты алдап, ел­дің қаржысын қанап жүр. Сондай-ақ ел­дегі сақтандыру ком­па­ния­ла­рының ба­сым бөлігі бюджетке табыс тү­с­іріп, салық төлеп жатқаны да шамалы. Де­мек, олар­дың жұмысын одан әрі жүйе­леп, халықты міндеттеп сақтандыру жұ­мы­сын енгізудің қажеті жоқ. Бұл, әрине, сақ­тандыру қор­лары мен компаниялары үшін халықтан қар­жы қарпып қалуға тиімді болар. Бірақ бұл жерде қарапайым халыққа тиімділік көріп отырған жоқпын. Мы­салы, халық қо­лындағы қаржысын тө­тен­ше жағдайдан сақ­тануға салды де­лік, бірақ сол сақ­тандыру қорлары мен сақ­тандыру ком­па­ния­лары төтенше жағ­дай орын ала қалса, халыққа қомақты қар­жы беріп, төтенше жағдайдан кейінгі жағ­дайын мамыра-жай етіп береді деуге сену қиын. 
Өкініштісі, қазір «ел аман, жұрт ты­ныш» заманда жұрттың көбі сақтандыру жарналары бола тұра сақтандыру компа­ния­ларына алданып қалып жүр. Мәселен, көлікті сақтандыру жүйесі бізде дамы­маған, көлігіңіз сақтандырылған күннің өзінде көлік апатына ұшырай қалса, азаматтар шығынның толық құнын алып жүрген жоқ. Сондай-ақ елде мүлікті сақтандыру жүйесі де дамымаған. Бұл орайда тіптен «ауызды қу шөппен сүртуге» тура келеді. Өмірді қам­сыз­дандыру жүйесінің тек жобасы ғана бар. Саналы түрде мұны да нақты тәжіри­беде пайда­ланып көргендер жоқтың қасы. Енді келіп төтенше жағдайға қатысты мін­детті сақтандыру жүйесін енгізгіміз келеді. Өзіңіз ойлап қараңызшы, төтенше жағдай орын алып жатқан тұста кім-кімнің жоғын түгендеп жатады?! Ондай сәтте халықтың қауіпсіздігін тек Үкімет қана мойнынан алады. Бұл тұрғыда Үкіметте арнайы жо­балы-жоспарлы жүйе бар. Осыған орай айтарым – міндетті сақтандыру жүйесін ен­гізу қоғам қажет­тілігі емес. Күні ертең бұл орайда сақ­тандыру жүйесін жүргізген сақтандыру компанияларының жауапкер­шілікті мойнына артатынына ешкім кепілдік бере алмайды. Қайталап айта­мын, қандай да бір төтенше жағдай орын алса, халық­тың қауіпсіздігі Үкіметтің бақы­лауын­да болуы тиіс... Жалпы, Қа­зақстан Тәуел­сіз­дік­ке қол жеткізгеннен бастап, нарықтық қоғамдық қатынастарға сай халықты әлеу­меттік қорғаудың өзіндік жүйесі құрылған. Міне, болашақта осы жүйені одан әрі жетіл­діргеніміз жөн...

Бейтарап пікір
Мейрам Қабдрахманұлы,
экономист-сарапшы:
– Бүгінгі күні сақтандыру жүйесі Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық қатынастардың маңызды және қажетті элементтерінің бірі болып отырғанын атап өткен жөн. Міндетті сақтандыру жүйесінің сақтандырудың басқа түрлерінен (мүлікті, көлікті және т.б. сақтандыру) айырмашылығы – ол еңбек қызметіне араласа алмауы себепті материалдық қамтамасыз етілмеуден азаматтарды қорғауды қамтамасыз етеді. Біздегі сақтандыру қызметінің басты түйткілі халықтың қалай сақтануды білмеуінен емес, сақтануға мүмкіндік беретін табысының аз болуынан туындап отыр. Шетелдерде кез келген азамат өзінің ертеңгі өмірін қамтамасыз етуді, қиын жағдайда тал қармап қалмауды басты қажеттіліктерінің бірі деп санайды. Сол үшін де сақтандыру компанияларын өздері іздеп барып, олармен ерікті түрде шарт жасасады екен. Өкінішке қарай, біздің елімізде ертеңгі күнін ойламақ тұрмақ, бүгін қалай жан бағарын білмей, шақшадай басы шарадай болып жүргендер көп. Демек, сақтығымызды қапысыз қамдау алдымен азаматтардың табысын көбейту міндетін алға қояды. Сақтандыру нарығына халық алаңсыз кіріксін десек, ел азаматтарының тапқан табысы көбеюі керек...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста