«Халық әртісі» деген атақты қайта қалпына келтіру қажет пе?

Еліміз Тәуелсіздік алған соң Кеңес Одағы кезінен өнер адамдарына беріліп келген бірқатар ресми атақ-дәрежелер алынып тасталды. Олардың орнын басқа атауы бар атақтар алмастырды. Ол туралы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» заңда нақты айтылған. Тыңнан қосылған мемлекеттік бағалаудың қатарында «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» деген атақ бар. Алайда мұндай атақ тек өнер адамдарына ғана емес, республикаға сіңірген зор еңбегі үшін көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлеріне, ғылым, өндіріс және әлеуметтік саланың барлық өкілдеріне беріліп жүр. Көпшілік «бұл атақ өнердің лайықты бағасын толық бере алмайды» десіп жүр. Сондықтан болар, соңғы уақыттарда «Халық әртісі» атағын қайта қалпына келтіру қажет деген ұсыныстар жиі айтыла бастады. Қалай ойлайсыз, осы атақты қайта қалпына келтіру қажет пе? Тақырыпты талқыға салып көрсек...

Дулат ИСАБЕКОВ, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері:
Иә
– «Халық әртісі» деген атақтың болғаны өнер адамдары үшін ғана емес, жалпы халықтың өзі үшін де қажет деп есептеймін. Мысалы, кө­рер­­меннің көпшілігі театрдағы кей­бір қойылымдарға немесе белгілі бір концерттерге «Халық әртісін» кө­­ріп, тыңдау үшін барады. Егер де театр­да немесе басқа да өнер ұжы­мын­­да ресми мойындалған бірде- бір биік атағы бар әртіс болмаса, ол ұжым­ның өзгелердің алдында бе­делі де болмайды. Еңбегі еске­ру­сіз қал­ған өнер адамдары қызмет ете­тін мұндай ұжым «жетім бұрыш­тың» күйін кешіп қалмай ма? Өнер ада­­мын халық бағалап, билік мо­йын­дап отырса, ол оған айтар­лық­тай сти­­мул болады. Осындай ба­ға­лау­­лар болмаса, белгілі бір дә­­ре­же­ге жетіп, биікті бағындыр­ма­са, әртіс не үшін талпынып, тер төгеді? 
 90-жылдардың басынан бері «Халық әртісі» деген атақ беріл­мей­тін­діктен, оған лайықты таланттарға тек «Қа­зақстанға еңбегі сіңген қайраткер» ата­ғы ғана беріліп жүр. Ал бұл атақты бүгінде кім­дер алмай жатыр?! Қазір айналаңызға қа­расаңыз, құрылысшы, инженер, сәулетші де, көмірші мен темірші де – бәрі «қай­рат­кер» болып жүр. Мысалы, көршілес Ре­сей­де және өзге де өркениетті елдерде өнер ада­мына берілетін мұндай атақтар сақ­та­лып қалған. Меніңше, бізде жағдайдың бас­қаша өрбуі кезіндегі асығыс жасалған ше­шімнің салдарынан болса керек. Қазір, Құ­дайға шүкір, еліміз еңсесін тіктей бас­та­ған кезеңде ұлт өнеріне қалтқысыз қызмет етіп жүрген тұлғаларға өз дәрежесіне сай сый-сияпат көрсетіліп, мемлекеттік дең­гей­дегі атақ беріліп жатса, одан қазақ ру­ха­нияты өркендемесе, бір мысқал да ке­мі­мейді. Бұған қоса өнер ұжымдарында қыз­мет ететін адамдарының әлеуметтік жағ­дайларын жақсартуға мүмкіндіктер ашып, олардың табыстарын арттыру қажет. Өйт­кені мемлекеттің қазіргі тағайындап жат­қан атақтары оны алған өнер адамына бә­лендей артықшылықтар бермейді. Әрі-бе­ріден соң атақ алғаның үшін еңбек та­бысың да өспейді. Осы орайда өнердің ма­ңайында жүрген зиялылар бас қосып, ақыл­дасып, өнердегі өзекті проблемалар­ды қоз­ғап, «Халық әртісі» атағын қайта қал­пына келтіру жөнінде жоғарыға арнайы ұсы­ныспен шығуы керек. Жоға­рыда отыр­ған­дар өнер адамына «Халық әртісі» деген атақты керек кезінде халықтың өзі береді деп ойлайтын шығар. Әрине, жалпы ха­лық­тың сүйіспеншілігі бір басқа да, ресми мо­йындалу бір басқа. Қазақ өнеріне қыз­мет еткен таланттар бақилық болғанда жо­ға­рыдағылар алдымен «бұл кісі кім еді, қан­дай атағы бар» деп сұрайды. Шынын ай­ту керек, тірісінде атақ алмай кеткен қан­шама таланттарымыз әлі ескерусіз қа­лып жатыр! Жалпы, қандай үлкен атақ бол­сын, ол ең алдымен ұлт өнерінің абы­ройына, мемлекеттің өркен­деуіне қыз­мет ететіні – ақиқат.

Жарылқап ҚАЛЫБАЙ, «Жұлдыздар отбасы» журналының бас редакторы:
Жоқ
– Қай қоғамда болсын өнер ада­мы, ақын-жазушы я бол­маса басқа да талант иесі өз ең­­­бе­гінің халықтық атақ-дәре­же­­дегі жоғары деңгейде бағала­нып, еңбегінің жемісін көргенін қа­­лайды. Әсіресе қазіргідей қиын-қыстау кезеңде атағың болса, өзі­ңе қатысты көп­теген мәселелерді шешуге мүмкін­дік алатының сөзсіз. Биік дәрежелі атаққа бөленгендерді ән­шейінде өзгеге пысқырып қара­май­тын әкім-қаралар мен түрлі дең­гейдегі лауазым иелерінің өзі қа­былдап, құрметтейтін болады. Жал­пы, атақ атаулы өнер иесіне көп­теген артық­шы­лықтар береді. Бәл­кім, өнер ада­мының осы атақ­тың қайта жан­дануына мүдделі болу себебінің бірі осында шығар... Бұдан қара­па­йым халыққа келіп-кетер ештеңе жоқ.  
 Халық кімді әртіс, әнші деп мойын­дай­ды, соны бағалап тыңдайды. Бәлкім, ал­дағы 20-30 жылда мұндай атақтың мүл­де қажеті болмауы мүмкін. Кезіндегі Ақан сері, Балуан Шолақ, Біржан сал­дардың да еш­қандай ресми атақ-даңқ­тары болмаған. Бұларды қарапайым ха­лық қолдап, қошеметтеп, мерейін асқақ­татып отырды. Олар­ға атақты билік емес, халық өзі беріп отыр­ған. Бізде Тәуел­сіздіктің алғашқы жыл­­дарына дейін «Халық әртісі» деген атақ сақталды да, кейін алынып тасталды. Оның үстіне ол белгілі бір табысқа жеткен бір­­неше өнер адамына жыл сайын бе­ріліп келді. Осыдан екі-үш жыл бұрын елдің сүйікті әншісі Мейрамбек Беспаев сырқаттанып қалғанда бір топ зиялылар біз­дің ба­сылым арқылы оған «Халық әр­тісі» ата­ғын беру мәселесін көтерген едік. Біз­дікі халық бағалаған әншінің қиын кез­де ру­хын көтеру және талантты жастарға жо­ға­рыдағылардың беті бері бұрылса деген ниет қана еді. Мұндай атақ бізде ресми түр­де берілмейтіндіктен, мәселе ұсыныс кү­йінде қалып қойды. Әрине, заңмен алынып тасталған бұл атақты қазір ешкім қа­раптан-қарап қайтадан қалпына кел­ті­ре қоймас. Мүмкін, өнер адамын баға­лау­дың басқаша критерийлерін белгілеу ке­рек шығар. Егер де барлығы бұрын­ғы­сынша болса, бұл атақты қайта қалпына кел­­тір­ген­нен не ұтамыз? Тіпті бес жылда бір рет осы атаққа лайық адамды табу да оңай емес қой. Ал кейбір зиялылар ұсынып жүргендей, «Халық әртісі» атағы қайта қалпына келтірілген күннің өзінде ол өнер са­ласындағы дарынды жастарға беріл­мей­тін болады. Себебі ұзақ жылғы тәжірибенің өзі көрсеткендей, жалпы, біздің елдегі бе­дел­ді сыйлықтар мен атақтарға қол жеткізу үшін жас мөлшерің кемінде 50-60-тың ма­ңа­йында болуға тиіс сияқты. Осы тұрғыдан ал­ғанда, өнердегі жас таланттар көп жағдайда ес­керусіз қалып жатады.
Осы ретте айта кетер бір жайт, біздің қоғам әдебиет, мәдениет, руханият, тарих мәселесін жиі қозғайды. Бүгін де айтып отырғанымыз – соның әңгімесі. Сонда ғы­лым, білім, техника, экономика, ақпа­раттық жа­ңа технологиялар төңіре­гін­дегі идея­лар­ды неге іліп әкете ал­май­мыз? Егер біз ха­лықтық дәрежедегі атақ беретін болсақ, жа­зушы, әртістер­мен ғана шектеліп қал­ма­­уымыз керек. Басқа да сала маман­да­рына сондай лайықты дә­режеде бағасын бе­ру қажет. Ал «Халық әр­тісі» атағын қай­тарып алғанмен, өнер­дің дәрежесі артып ке­те қоймас. Ме­нің­ше, шығармашылық адам­дарына бұ­рын­ғыдай атақтардан гөрі, әлеу­мет­тік-ма­териалдық қолдау көрсету жа­ғын жақ­сы­лап қолға алу қажет. Бұл – әсі­ре­се қазіргі қо­ғамдағы маңызды мәсе­ле­лердің бірі. Өйт­кені жалпы шығармашылық сала адам­дары өзге сала адамдарына қа­ра­ғанда табыс табуға, қажет тұста өздерін қор­­ғауға немесе басқа да әлеуметтік про­б­л­е­маларды шешуге келгенде әл­сіздеу ке­летіні жасырын емес. Сондықтан да әр кез­де­рі өнердегі ең таңдаулылар іріктеліп, олар­ды еңбектеріне сай үш категорияға бө­ліп, мемлекет тарапынан бір реткі сый-сия­пат көрсетілгенше, қо­мақ­ты ақшалай сыйақылар тағайындау әл­деқайда игілікті іс болар еді. Халық ба­ғалаған нағыз өнер иесіне қазіргідей бол­машы сыйақы бергенше, 5-10 мың дол­лар көлемінде қол­дау көрсетіп отырса, мем­лекеттің түгі кет­пейді.

Қосымша пікір
Нұрғали Нүсіпжанов,
Халық әртісі:
– Кез келген ресми атақ, дәрежені тағайындау үшін әділетті шешім шығаратын сарапшылар жұмыс істеуі қажет. Онда сол атаққа лайық адамның еңбегі ескеріліп, халықтың пікірі де есепке алынуы тиіс. «Халық әртісі» деген атақ алынып тасталғалы бері, өнерге жолдан қосылғандар нағыз мықтылармен теңесіп шыға келді. Қазір әсіресе қазақ эстрадасында «жұлдыздар» қаптап кетті. Осының салдарынан талғамсыз дүниелер көбейе бастады. Ал әннің адам санасын оятуда, оның ішкі рухани дүниесін тәрбиелеуде маңызы зор екенін ескерсек, әр кезеңде лайықтыларға өз бағасы беріліп тұруы тиіс. «Халық әртісі» деген атақ халықтың өнер адамына деген сүйіспеншілігі мен құрметін ресми бекітіп беру емес пе?! Осы тұрғыдан алғанда, бізге ақ пен қараны ажырататын кез жетті.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста