«Ұлы дала әскері – мәңгілік ел тірегі» атты студент жастарының пікір сайысы өтті
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты мақаласы жаңа тарихи кезеңге қадам басып, қайта түлеудің тың бағыттарына бет алған еліміздің болашағы мен қазақстандықтардың келешегі үшін маңызы терең құжат. Ұлт Көшбасшысы халқымыздың тағлымы мол тарихы мен сан ғасырдан жалғасып келе жатқан ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын әрі болашаққа деген үлкен сеніммен қадам жасаудың қажеттілігін түсіндіреді.
Бағдарламалық мақалада еліміздің әлемдік өркениетпен теңесіп, білім мен білік, тәжіриебе, мәдениет, идиология, руханият тұрғысынан жан-жақтан кемелденіп, озық ойлы, үздік тәжірбиелі «Мәңгілік ел» идеясының өрнекті ізімен алға ілгерілеген табысты ел болуы айшықталған. Бәсекеге қабілеттілік саясат пен экономикада, білім, ғылымда, технологияда, яғни барлық салада болуы тиіс. Бәсек болған жерде әрбір тұлға өзінің ең сапалы қызмет түрін ұсынады. Білім мен тәрбиесі ғажайып түрде үндескен, ұлттық идиологиясы темірқазығына айналған айналған табысты ел болуымыз үшін жақсылыққа ұмтылып, жаманшылықтан арылып, саналы түрде барлық қаситеттерімізді ізгілендіріп, сананы рухани жағынан үнемі жетілдіріп, дамытып отыруға тиістіміз.
Халқымыздың тілі, тарихы, салт-дәстүр, ұлттық мәдениеті – рухани құндылықтардың қайнар көзі. Біздің ұлттық кодымыздың сақтауға көмектесетін негізгі іргетасы. Осы құндылықтарды сақтай отырып жас ұрпаққа саналы тәрбие мен білім беру ең бірінші кезекте тұратын мәселе.
Рухани жаңғыру бағдарламасының аясында 2017 жылы желтоқсан айында Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында «Ұлы дала әскері – мәңгілік ел тірегі» атты институт бастығының кубогына арналған «Patriot CUP» V республикалық пікір-сайыс турнирі өткізілді.
Турнирдің өткізілу мақсаты – бүгінгі Тәуелсіздік дәуірінде озат ойлы, жүрегінде Отанға деген сүйспеншіліктің оты жанған, найзағай намысты, асыл текті жастарымыздың қатарын көбейту.
Қазіргі «Мәңгілік елдің» ерік-жігері мен еңсесі биік, мінезі өткір өрендерінің шабытын ашуда Жоғарғы Бас Қолбасшымыз Н.Ә.Назарбаев «Елдік пен тәуелсіздіктің киелі көк туын XXI ғасырда асқақтата желбірететін – жастар, сендер боласыңдар!», – деген еді. Сондай-ақ, ҚР Қорғаныс министрі генерал-полковник Жасұзақов Сәкен Әділханұлы әскери-патриоттық клубтардың санын арттырып, жұмысын жандандыру мәселесіне ерекше мән беруде.
Елбасымыздың сөзін ұран етіп, Қорғаныс министрінің талаптарын жүзеге асыру мақсатында еліміздің жоғары оқу орындарының студенттері мен курсанттары арасында достық пен патриоттық сезімді арттыру мақсатында өткізілген, жастардың талабын шыңдауға және ықыласын көтеруге бағытталған әскерилендірілген пікір-сайыс турниріне Қазақстанның 6 қаласынан пікір-сайысшылар командалары қатысты. Атап айтсақ, Алматы, Астана, Маңғыстау, Қызылорда, Шымкент және Тараз қалаларынан келіп, әскери институт базасына жиналған жалпы жастар саны 210-ға жетті. АПФ (Американдық-Парламенттік форматта) пікір сайысуға 54 фракция (команда) тіркелсе, ЛД (Линкольн – Дуглас) форматында 16 адам бақ сынады.
Екі күндік турнир барысында еліміздің озық ойлы пікірсайысшы жастары әскери тақырыптарда ой қозғай отырып, әскери өмір мен әскери техникаға деген көзқарастарын өзгертіп, білімдерін кеңейтті.
Турнир бағдарламасы өте қызғылықты және жан-жақты болды.
Пікір-сайысымыздың ашылу салтанатына арналған институтымыздың белсенді жастарынан құралған «Байланыс жастары» квн командасының ұйымдастыруымен ән-күйге толы концерт болды. Кіріспе бөлігінде сенім-тілектерімен жастарды қанаттандыра білген институт бастығының жалынды сөздерінен кейін «Спорт – денсаулық кепілі» айдары аясында жастарымызға арналған спорттық іс-шаралар өткізілді. Олар белтемірге тартылудан, қол күресуден және тир атудан бақ сынады. Сонымен қатар, өзге турнирлерден ерекшелігіміз – автоматты (АК74) шашып, жинаудан әскерилендірілген сайыс ұйымдастырылды. Турнир барысында төрелік жасаған институтымыздың дебатшы курсанттары өздерінің ұйымдастыру қабілеттерінің арқасында республикалық турнирді өте жоғары деңгейде өткізді.
Мәреге өз күш-жігерімен, үздік идеясымен жеткен жеңімпаздарымызға марапаттау салтанаты кезінде институт бастығының кубогі және тарихи мәні бар бағалы сыйлықтар табысталды. Дебат тарихындағы тағы бір «Үздік фракция (команда)», «Үздік спикер» мен «Үздік төреші» анықталды.
Еліміздің келешегінің көркеюі, әрине, жастардың қолында, олардың идеясына құлақ асу, ой-пікірімен санасу аға буынның жастарға деген ізеті деп білеміз. Осындай іс-шараларды ұйымдастыру арқылы еліміздегі пікір-сайысшылардың қатарын көбейтіп, ұлттық рухты жүректеріне ұялатқан жастарды тәрбиелеу ісіне үн қосу жұмысы біздің қашанда басты нысанамызда болмақ.
Ербол Алибаев, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының
баспасөз қызметінің бастығы, запастағы майор