Ұлттық қорғаныс университетінде материалдық-техникалық қамтамасыз ету әскерлерінің факультеті ашылды
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде материалдық-техникалық қамтамасыз ету әскерлері факультетінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Аталған факультет жоғары әскери білім жүйесіндегі кең бейінді материалдық-техникалық қамтамасыз ету мамандарын дайындау жөніндегі тапсырмаларды шешу үшін құрылған. Факультеттің ашылу салтанатына Ұлттық қорғаныс университеетінің бастығы генерал-майор асхат рыысбаев, ҚР ҚК Тыл және қару-жарақ бастығы басқармасының штаб бастығы полковник Алмаз Ахмадиев қатысты.
«Мемлекеттің әскери қуаты тек қазіргі заманғы жоғары технологиялық қару-жарақ пен әскери техника үлгілерінің саны мен сапасына негізделмейді, жауынгерлік іс-қимылдарды орындауға мүмкіндік беретін әскерлерді материалдық-техникалық қамтамасыз етудің барлық қажетті түрлерімен қамтамасыз ету бойынша кешенді іс-шараларға да байланысты болмақ. Осы саланың мамандары игеруге тиісті біліктілік талаптары мен кәсіби құзіреттің маңыздылығы бізді даярлықтың қазіргі заманғы жаңа жүйесін құруға итермелейді. Осыған байланысты материалдық-техникалық қамтамасыз ету мамандарына қойылар талап та арта түспек», - деп атап өтті университет бастығы генерал-майор Асхат Рыспаев.
Осы бағыттағы біріктірілген басқару жүйесінің маманы тылдық, техникалық, көліктік және медициналық қамтамасыз ету сияқты құрамдас түрлердің негізін білуі қажет екенін атап өткен жөн.