Ұлттық модернизация жасамайынша, саяси модернизация жасау мүмкін бе?

Ұлттық модернизация жасамайынша, саяси модернизация жасау мүмкін бе?

Кез келген мемлекет үшін әлемдік қауымдастықтың толыққанды мүшесі болу үшін замана көшіне ілесіп отыру қажет. Ол үшін экономикасының іргесін берік ұстап, саяси жүйесін демократиялық талаптарға сәйкестендірген мемлекеттер аз емес. Демократиялық ел болып жарияланғаннан кейін біздің елде де белгілі бір дәрежеде саяси реформа, саяси модернизация жүргізіліп отыру керек. Алайда ұлттық идентификация орын алмаған мемлекетте саяси бастамаларды жүзеге асыру қай кезде де қауіпті. Ал ұлттық модернизацияны жүргізіп, демократия құндылықтарын аяққа таптап жатқан тоталитарлық мемлекеттер қаншама? Сондықтан қай модернизациядан бастаған жөн? Міне, осы мәселе төңірегінде мамандар пікірін білмек болып, «Ұлттық модернизация жасамайынша, саяси модернизация жасау мүмкін бе?» деген сауал қойған едік.

217

Әлихан БАЙМЕНОВ, «Ақ жол» партиясының төрағасы:

Иә
– Ұлттық модернизация дегеніміз – ұлтты заманауи талаптарға сәйкестендіру. Әлемдік үлгідегі ұлтты жаңғырту үрдісі озық саяси модельдерді енгізу арқылы жүргізілген. Біз кеше ғана «Ақ жол» партиясы әзірлеген «Қазақстанның ұлттық саясатының тұжырымдамасының» тұсауын кестік. Ұлттың әлеуетін қазіргі заман талабына сай күшейту қалай жүргізіледі? Оған саяси модернизацияның тікелей де, жанама да әсері бар. Егер экономикада, саясатта, өнерде, спортта т.б. салаларда, шын мәнінде, білім мен білікке, еңбекке сүйенген озық ойлыларды еш кедергісіз алға шығаруға мүмкіндік беретін, ел мүддесін қамтамасыз ете алатын саяси жүйе болса, ұлттық модернизацияға еш кедергі болмайды. Егер саяси жүйе мемлекеттік органдарда, ұлттық компанияларда, экономиканың барлық нысандарында ашық жариялылық таза кадр саясатын жүргізуге алып келетін болса, онда бұл ұлттық модернизацияны жеделдететін факторға айналатыны сөзсіз.

Ал егер керісінше болған жағдайда ол ұлттық модернизацияны тежеуші факторға айналады. Сондықтан екі модернизацияны бөліп қарауға болмайды. Ал енді ұлттық мәдениетіміз бен ана тіліміздің жаңғыруы да саяси модернизацияны қажет ететіні сөзсіз. Бүгінгі таңда қазақ тілі дүниетаным, саясатта, мемлекетті басқару саласында әлі де болса баяу дамып келеді. Ал оның басты себебі ашық пікір алмасу мен ашық саяси бәсекелестіктің жетіспеуінен болып отыр. Ашық саяси бәсекелестік қандай жағдайда орнайды? Сайлау әділ өткен уақытта, түрлі саяси ой-пікірлер тоғысуы тиіс Парламентте плюрализм болған кезеңде және баспасөз бостандығы қалыптасқанда ғана шын мәніндегі бәсекелестік орын алады. Сол кезде ғана қазақ тілі қажеттілікке айналып, сұранысқа ие бола бастайды. Сонымен қатар саяси жүйе ұлттық қауіпсіздігіміздің ең негізі ретінде ақпараттық қауіпсіздігімізді қамтамасыз етуге қауқарлы болуы керек. Біз күні бүгінге дейін әлемге Ресейдің көзімен қарап отырған саусақпен санарлықтай аз мемлекеттің біріміз. Бұл ұлтымызға сын ба, сын емес пе? Сондықтан бәсекеге қабілетті ұлт болғымыз келсе, ұлттық модернизация жасаймыз десек, алдымен саяси реформаларды қолға алуымыз қажет. Себебі ұлттық проблемалардың шешілмеуі болсын, басқа мәселе болсын барлығы тікелей саяси жүйеге байланысты болып отыр. Егер біз заман көшінен қалғымыз келмесе, ұлттық модернизация жасауымыз қажет. Ал ұлттық модернизацияны жеделдететін басты фактор – саяси модернизация. Себебі саяси жүйе ұлттың тыныс-тіршілігіндегі барлық салаға жауап береді.

1114

Дос КӨШІМ, «Ұлт тағдыры» қозғалысының төрағасы:

Жоқ
– Ру мен ру қосылып, үлкен қауымға айналады. Ал қауымның өркениетті түрі – мемлекет құру. Мемлекет құру – адамзат тарихындағы ең ұлы жетістік. Біз де, қазақтар, өзіміздің сан ғасырлық арманымызды орындадық. Бірақ, өкінішке қарай, біз мемлекет құра алғанымызбен, сол мемлекеттің негізгі діңгегі болып отырған ұлттың проблемаларын дер кезінде шешуде қауқарсыздық танытып келеміз. Ата-бабаның мұрасын ұлықтай алмай, ұлттық мүмкіндіктерімізді жіберіп алып, саяси модернизация жасаймыз деу бекер әурешілік деп ойлаймын. Саяси реформалар жасалсын, бірақ сол саяси модернизацияның нәтижесінде билікке қандай азаматтар келеді? Ұлттық құндылықтарды бойына сіңірмей өскен буынның билікке келіп, халқымызды дүбәралыққа бастамасына кім кепіл?

Егер ұлтыңның мүддесіне қайшы келетін факторлар көп болып, ұлтыңның есесі кетіп жатса, онда сөз бостандығының құны қанша? Өз еліңде өгейдің күйін кешіп ана тілің аяққа тапталып жатса, онда көпшіліктің көксеп жүрген демократиясының пайдасы қайсы? Осы уақытқа дейін экономикаға басымдық беріп келдік. Соның нәтижесінде халқымыздың да саны едәуір өсіп, басым ұлтқа айналды. Қазақ тілінде сөйлей білетін, жаза алатын азаматтардың саны бұрынғыдан әлдеқайда көп. Ендігі кезекте ұлттық модернизацияға басымдық беру керек деп ойлаймын. Бізде мемлекеттік мекемелерде әлі күнге дейін орыс тілінде құжаттар толтырылады. Шетелден келген қандастарымыз бен ауылдан келген ағайындар орыс тілін білмегені үшін жұмысқа тұра алмайды, құжат жинауда қиналып жүреді. Әлбетте, демократия қажет. Өркениетті елдердің барлығы да демократиялы, құқықтық мемлекеттер. Бірақ біздің қоғам басқаша. Мысалы, демократиялық құндылықтарды бірінші кезекке қоятын Батыс елдерінің барлығында ұлттық сана қалыптасқан. Ағылшындар, француздар, скандинав елдерінің барлығы да өз ұлтының ұпайын түгендеп алған. Ал АҚШ-та ұлт жоқ. Олардың ортақ идеясы сол – демократия. Тіпті алысқа ұзамай-ақ көршілес Ресейді алайық. Ресейдің өзі қазір орыстың мүддесіне жұмыс істеп, демократияны екінші кезекке қойып отыр. Иә, ұлттық модернизация мен саяси модернизацияны қатар жүргізген мемлекеттер бар. Нельсон Манделаның кезінде Оңтүстік Африка Республикасы осындай тәжірибені қолданды. Алайда ОАР-дағы тәжірибені қазіргі біздің жағдайымызбен салыстыруға келмейді. Сондықтан бүгінгі қазақ қоғамына саяси модернизациядан бұрын ұлттық модернизацияны бірінші қолға алу керек. Және батыл түрде жүргізе білуіміз қажет.

Бейтарап пікірлер
Гүлшат НҰРЫМБЕТОВА, Мемлекет тарихы институты Еуразиялық мәселелер және салыстырмалы саяси зерттеулер бөлімінің бастығы:
– Саяси модернизация дегеніміз – ұлттық модернизацияның бір бөлшегі ғана. Сондықтан бұл екеуін бөліп-жарып қарауға болмайды. Экономикаға басымдық беріп қойса, ұлттың мәдениеті, өнері ақсап қалады. Сондықтан барлық саланы қатар алып жүру керек деп ойлаймын. Және ұлттық модернизация бір сәтте іске асырылмайды. Бұл кешенді түрде жүзеге асырылуы керек.

Әзімбай ҒАЛИ, саясаттанушы:
– Ұлттық модернизацияны жасамайынша, саяси модернизация жасау мүмкін емес сияқты. Бұл мен шығарған ақиқат емес. Бұл – тарихи тәжірибе. Саяси либерализация бірте-бірте жүргізіледі. Егер саясатқа басымдық беретін болсақ, бізде Бельгиядағыдай лингвистикалық қауымдастықтар пайда болу қаупі бар. Яғни орысша, қазақша сөйлейтін, бірін-бірі мойындамайтын екі қауымдастық қалыптасса, ол аса қауіпті. Либерализм сепаратизмге әкелуі мүмкін. Сондықтан алдымен ұлттық модернизация жасап алуымыз қажет.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста