Ұлттық бұйымдар өндіретін кәсіпкерлерді наурыз айында салықтан босату керек пе?

Ұлттық бұйымдар өндіретін кәсіпкерлерді наурыз айында салықтан босату керек пе?

Ұлттық сипатқа ие ою-өрнекті ұлттық киім, ұлттық бедерлі кәдесый, қазақы бұйымдар, тіпті қазақтың ұлттық тағамдарының бағасы да әрқашан қымбат болып келеді. Содан кейін бе, ұлттық бұйымдарды кез келген қазақтың төрінен кездестіре бермейміз. Бәрін қойшы, ең болмаса құлақ құрышыңды қандырар қоңыр үнді домбыра әр үйдің төрінде тұрып, қазақтың қара домалақ баласы кішкентай кезінен ұлттық аспабымызды ермек етіп өссе қандай ғанибет болар еді?! Бұл – қазақ баласының ұлттық құндылықтарды бала кезінен бойына сіңіріп өсуіне де мұрындық болар ма еді?!
Осы орайда «ұлттық бұйымдардың кез келген шаңырақтан табылмауына олардың бағасының қымбат болуы әсер етіп отырған жоқ па?» деген ой еріксіз келеді...Ұлттық бұйымдардың қолжетімділігін арттыру үшін ең болмаса наурыз айында кәсіпкерлерді салықтан босатсақ ше?!.


Бахаргүл ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Әдемі-Ай» компаниясының бас директоры:
Иә

– Әрине, бұл өте жақсы бас­та­ма болар еді. Өз басым бұл пікірді қол­дай­мын. Ұлттық бұ­йым­дар ба­ғасын арзан­да­тудың ма­ңы­зы ерек­ше. Осы орайда ұлт­тық бұ­йым­дар бағасын арзандату мақ­­са­тында нау­рыз айында кәсіп­кер­лер­ді са­лық­тан босату қажет-ақ. Нау­рыз ме­­рекесінің бір ай көле­мін­де той­ла­­на­тынын ескерсек, осы ай бо­йы­на ұлттық бұ­йымдардың ба­ға­сы арзандаса, халық оны жаппай са­тып алып, үйлеріне қой­са, жара­сым­­ды болар еді. Жаңа жылда шыршаны жылты­рақ­пен безен­діріп, төрге орнату әр отбасында дәстүрге айналған. Оның орнына наурыз айында әр үй­дің көр­некі жерінде ұлттық на­қыштағы бұ­йым­­дар орын тапса, бұл да болса нау­рыз тойының сәні бо­лар еді.
Алайда бүгінгі таңда сапалы, халық­тың сұранысына сай, бағасы төмен кәде­сыйларды өз елімізде шығаруға мүмкіндік мүлде төмен болып отыр. Оған бірінші себеп – біз сол заттарды шығаратын құрылғыларды сатып ала алғанымызбен, оларды іске асыратын мамандар жоқтың қасы. Сондықтан көршілес елдердің қор­жынына ақша салуға мәжбүрміз. Ал, екіншіден, аяқтан тік тұрып кетуге кедергі болатын қағазбастылыққа қоса, салық органдары тарапынан тексерудің көптігі кедергі келтіреді. Бір бұйымды шығаруға патент алып, оны тіркеуден өткізу үшін біраз уақыт қажет. Айналып келгенде, мұның бәрі кәдесыйлардың бағасының арзан болуына, өз елімізде өндіруге қиындық келтіреді. Сондықтан ұлттық бұйымдар шығаратын кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан қолдау қажет. Соның ішінде ең болмаса салық органдары тарапынан жеңілдік болса тіпті жақсы болар еді. Осы орайда ұлттық бағытта ұлттың ұлы мұраларын жаңғыртып, қазақ халқының өнерін жаңа бағытта жарнамалап жүрген жандарды мемлекет тарапынан салықтан босату және басқа да жеңілдік түрлерін қарастырса, нұр үстіне нұр болар еді.
Кәсіпкерлерді салықтан босату арқылы олардан кәдесыйлардың сапасын арттыру туралы талап қоюға да мүмкіндік бар. Шекара асып келетін болғандықтан, кедендік салықтың өзі әжептәуір. Осындайда еріксіз егер кәдесыйларды толығымен өзімізде жасауға мүмкіндік туса, оған ең болмаған­да салықтық жеңілдіктер болғанда, оны сан түрлі етіп түрлендіруге де мүмкіндік туар еді деген ой келеді. Ал, өкінішке орай, түрлі қиындықтар өз елімізде жасаудың мүмкіндігін келті­рер емес. Егер мұндай жеңілдік жасалса, ұлттық өнеріміздің қыр-сырын ашатын кәдесыйларды арзан баға­мен бүкіл қазақ­тың төрінде тұратындай етіп сатуға болар еді.


Нұрлан ӨНЕРБАЕВ, қоғам қайраткері:
Жоқ

– Кәсіпкерлерді салықтан бо­сату, босатпау идеясының қан­ша­лықты дұрыс екенін білмеймін. Бі­рақ ұлттық бұйымдардың ба­ға­сын арзандатуға қарсымын. Өйт­­кені ол күнделікті тұ­тынатын азық-түлік тауары емес. Оны күн са­йын са­тып ала да бермейміз. Ұлт­­тық бұ­йымдар жасайтын зер­гер, ше­бер­лердің өзі санаулы ға­на.
Оның үстіне, қазір қоғамда «Ұлт­тық бренд дегеніміз не?» де­ген мә­селе көп көтеріліп жүр. Сон­дықтан мұндай бұйымдар арқылы ұлттық брендімізді де көрсетуге бо­лады. Жалпы, кә­де­сый­лар ұлты­мыз­дың насихатын арт­ты­рып, елі­міз­ді танытуда тап­тыр­майтын жар­на­ма деуге де болады. Осы орайда оны арзандатудың еш қа­жеттілігін көріп тұрғам жоқ.
Халқымыз оны жылына бір рет Наурыз мерекесінде ғана сатып алады. Мәселен, құндыз бөрікті қажет еткен адам оны жылына бір рет немесе екі жылда бір рет қана сатып алуы мүмкін. Яғни қар жауған кезде ғана сатып алынатын нәрсені сол кезде ғана арзандату күлкі тудыратын нәрсе. Осы секілді ұлттық бұйымдар бағасын арзандату мақсатында наурыз айында ғана кәсіпкерлерді салықтан босату да аса дұрыс ұсыныс емес секілді. Осы орайда ұлттық құнды дүниенің бағасын түсіруді де қолдай алмай отырмын. Мүмкін, ұлттық бұйымдардың бағасын арзандатқаннан гөрі оның жарнамасын, насихатын арттыру арқылы әр қазақтың үйінде тұратындай жағдай жасау керек шығар. Егер насихатын арттырсақ, кәсіпкерлердің ұлттық бұйымдары да тезірек өтер еді?!
Негізі, ұлттық кәдесыйлар ұлттық ме­реке мен кешегідей халықаралық дә­режедегі олимпиадалық ойындар кезінде ғана көптеп сатылымға түседі. Бас­қа кезде шетелден келетін туристер ғана сатып алуы мүмкін. Ал олардың ұлттық бұйымдарымызды қымбатқа сатып алуы олардың құндылығын одан әрі арттырады.

Бейтарап пікір
Бауыржан ОСПАНОВ,
кәсіпкер:
– Біздің ұлттық бұйымдарымызды көбінесе базарлық ретінде шетелдіктер сатып алып жатады. Ал олардың алдында ұлттық бұйымдарымыз қымбат бағада тұрса, керемет емес пе?! Бойында патриоттық рухы қалыптасқан әрбір қазақстандық та ұлттық бұйымдарымызды қай бағада болмасын сатып алуға қиналмауы керек. Бүгінгідей нарықтық заманда салықтық жеңілдік жасау арқылы олардың бағасын арзандатуды сұрау дұрыс емес. Олардың бағасының қымбат болуының өзі оларға деген сұраныстың бар екенін көрсетеді. Ендеше, сұранысы бар нәрсенің бағасын арзандатып қайтеміз?!

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста