Түлектердің мерекелік шарасын мектептен тыс жерде тойлауға тыйым салу керек пе?

Түлектердің мерекелік шарасын мектептен тыс жерде тойлауға тыйым салу керек пе?

Бүгін еліміздің барлық аймағында «Соңғы қоңырау» салтанатты жиыны өту үстінде. Алайда қазір мектеп түлектері бітіру кештерін қымбат мейрамхана, кафелерде атап өтуді әдетке айналдырып барады. Тіпті қызды-қыздымен олар қаланың әсем жерлерін аралау үшін лимузиндер жалдап, көліктің үстінде шампан атып, құдды бір үйлену тойындағы жас жұбайлардың той серуеніне арналған кортеждерде жүргендей ұйымдастыратын болды. Енді осыған тосқауыл қою үшін кейбір облыстың білім басқармалары «түлектердің мерекелік шарасын мектептен тыс жерде тойлауға тыйым салу керек» деген ұсыныс айтып отыр. Алайда бұған кейбір ата-аналар, мұғалімдер қарсылық білдіруде. Сонымен, түлектердің мерекелік шарасын мектептен тыс жерде тойлауға тыйым салу керек пе? Бүгінгі ой-көкпарымыз осы негізде болмақ.


Ербол СЕЙІТҰЛЫ, Алматы қалалық дарынды балаларға арналған №165 мамандандырылған мектеп-лицейінің директоры:
иә
– Міндетті түрде тыйым са­луы­мыз керек. Онсыз болмайды. Қазір Алматыдағы түлектердің мерекелік шарасы тек мек­теп­тер­де ғана өтетін болды. Бізде бұған әлдеқашан тыйым салын­ған. Себебі бұл сал­та­натты жиын мек­теппен қоштасу бол­­ған­дық­тан, мұның барлығы мектеп қабыр­ғасында өтуі тиіс. Ата-ана мен түлектердің мұндай шара­лар­ды кейін, мысалы, біржыл­ды­ғын, онжылдығын, 50-60 жылдық ме­рей­тойларын мей­рам­ханаларда неше түрлі етіп өткізе беруіне бо­ла­ды. Ал мек­теп­те оларға екінші рет ешкім өт­кізіп бермейді. Бұл – олардың жал­ғыз мүмкіндігі. Сон­дай-ақ мектепте өткізілген мұндай салтанатты кеште олар өз көңілдерін өздері көтеруі тиіс. 
Сырттан ешқандай сайқымазақ, әртіс жалдаудың керегі жоқ. Әр сынып өздерінің өнерлерін көрсетіп, 11 жылда қандай білім ал­ды, не үйренді, соларын ұстаздар, ата-ана­лар алдында көрсетуі тиіс. Әрине, он бір жыл бойы білім нәрімен сусын­датқан ұс­тазға ілтипат көрсетіліп, алғыс айтылуы керек. Бірақ ол алғыс шәкірттің алған білі­мімен, жеткен жетістіктерімен біл­дірілуі тиіс.
Мұндай кештерді мектепте өткізсе, бұған соншалықты қаражат кетпейді. Негізі, бізден оқушылар тек аттестат қана емес, онымен қоса, «көлік жүргізуді оқыды» деген анықтама қағазын, программистің куәлігін алып шығады. Мұны оқушыларға берер кезде бір сәтте таратып бере салмай, ол қандай олим­пиадаларға қатысты, қандай жетістіктерге жетті, мектеп-лицейге қандай еңбек сіңірді, жалпы, қандай оқу­шы болды – осының бәрін тілге тиек ете отырып, ата-анасына рақмет айтып, үлестіру қажет. Сонда мұны көрген кейінгі буынды оқушылар үздік білім алуға тырысады. Сондықтан мен мектеп басшысы ретінде түлектердің бітіру кештерін мейрамханада өткізуге, сырттан әртіс шақыртуға қарсымын. Мұнда әркім өзінің бойындағы талантын көр­сетеді. Ән айта ма, би билей ме, спорттық өнерін паш ете ме, оның барлығын ата-ана мен ұстаздарға көрсетуі тиіс. Бұл жерде ба­ла бай, кедей емес, өнеріне қарай ерек­шеленіп тұрады.


Айгүл АХМЕТҚАЛИЕВА, «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің қауымдастығы» қоғамдық қорының директоры:
жоқ
– Негізі, мектеп қабырғасымен қош­тасып, үлкен өмірге қадам ба­сып отырған түлектерге мере­ке­лік кешті тек мектепте ғана өт­кіз­сін  деп тыйым салғанымыз дұрыс емес. Өйткені олар «тарыдай бо­лып кірген оқу орнынан таудай бо­лып шығып» барады. Олар бұл үлкен қуа­ны­шы мен алтын ұясына деген қи­мас­тық сәтін есте қалар­лық­тай ерекше етіп өткізсе, оның несі айып?! Бұл жер­­де олар мектепке немесе білім бас­қармаларына еш­қандай салмақ салып отырған жоқ. Ата-анала­ры­ның көмегімен өз­де­рі­нің қызық­шы­лы­ғын кафе-мей­рам­ханада өткізсе, оның еш сөкет­тігі жоқ деп ойлай­мын. Бірақ бұл жер­де басты мәселе осы реттегі мә­дени шаралардың қа­лай ұйым­дас­тырылуында болып отыр.  
Дабыра қылып, шетелдік музыканы жаңғыртып, ішімдік қойып, у-шу қылып өт­кізгенше, соған бөлінген қаражатты оң­ды-солды шашпай, қазақтың құн­ды­лығын сақтай отырып, қазіргі заман ағымына сай, жастарға үлгі-өнеге, тәр­бие беретіндей етіп ұйым­дас­тырғанымыз әлдеқайда тиімді емес пе? Кеңес үкіметіндегідей қа­тып қалған пішінмен емес, бұ­рын­ғы сол мазмұнын қалдыра отырып, жаңа форматта жасауға болады деп есептеймін. Бұл жерде тек мектептің аясында ғана қалып қоюға болмайды. Мәселен, жер­гілікті әкімдер арнайы жер бөліп, 25 ма­мыр күні мек­теп түлек­те­рі сонда жи­налып, ағаш отырғызып, сауапты іс жасауы­на бол­мас па? Әрі бұл өздерінің ізін ба­сып келе жатқан кішкентай сы­ныптың балаларына үлгі-өнеге болмай ма? Неге осындай игі бастамаларды қолға алмасқа? Тек мектеп ішінде емес, оның сыртында да талай игі­лікті істер тындыруға болады ғой. Жергілікті білім басқармалары, әкімдіктер осы жа­ғы­на назар аударса екен деймін. Қазір Білім министрлігі түрлі реформаларды жүзеге асы­рып жатыр. Бұл ретте министрлік педа­гог­термен ақылдаса отырып, соңғы қоңы­рауды өткізудің жаңа формасын жасау керек секілді. Мектеп бітірушілердің есінде қалатындай, «үлкенге – құрмет, кішіге – ізет» көрсететіндей, жастарға дұрыс бағыт беретіндей кон­цепция жасап, кейін оны бағдарламаға үйлестіріп, мектептерге енгізсе, дұрыс-ақ болар еді. Бұл жерде тек дұрыс ұйым­дас­тыра білу керек. Мектеп түлектері соңғы қоңырау кезінде кейбір мей­рамханаларда бірді-екілі келең­сіз­діктер жасағандығы үшін, барлығына бірдей «мұны кафеде атап өтуге болмайды» деп тыйым салып қойғанымыз дұрыс емес. Ішімдікке жақын оқушы бәрібір бұл кешті мектепте өткізген күннің өзінде ішіп, түрлі келең­сіздіктер орын алуы мүмкін. Сон­дық­тан мұны «тек мек­тепте өткіз» деп шектеу қой­ғанша, қайта оны қызықты етіп өткі­зу­дің жаңа фор­масын ойластырғанымыз жөн.

Бейтарап пікір
Әдібай ТАБЫЛДЫ, педагогика ғылымының докторы, профессор:
– Бұрын түлектердің мектеп бітіру кешіне киетін көй­легі де, ұстаздарға жасайтын сыйлығы да қара­пайым болатын еді. Ал қазіргі мектеп біті­ру­шілер бұл мерекелік шарасын мейрамханада өткізіп, тау бөктеріндегі саяжайда таңды қарсы алатын болып жүр. Жасалынатын сыйлықтың да құны жыл сайын ас­пандап барады. Қазір ұстаздардың құлағына ал­тын сыр­ға салатынды шығарды. Бұл дұрыс емес. Мұны мен да­ра­қылық деп есептеймін. Өткен жылы Ақтөбе облысының Қарғалы ау­дандық әкімдігі жақсы жерден жер бөліп, онда мектеп бітіруші тү­лектер сол жерге ағаш отырғызды. Мен мұны барлық жергілікті әкім­дік­ке, білім басқармаларына үлгі болатын жақсы бастама деп есе­п­теймін.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста