«Тасқа басылған қағаз басылымдардың дәурені өтіп барады» деген пікірмен келісесіз бе?

Ғаламтор құлашын кең жайғалы қағаз басылымдардың құритыны жөніндегі пікірталас толастар емес. Дегенмен түрлі болжамға қа­ра­мастан, қағаз түрінде шығатын ақпарат құралдарының саны азайған жоқ. Әлбетте, кез келген бұқаралық ақпарат құралы  аудиторияның ауа­нына қарайды.  Сол себепті де газет атаулы интернет-үлгіні қатар жүргізуді жөн көреді. Шы­­нын­­да да, соңғы жылдары батыста да, Ресейде де қымбатқа түсетін қағаз баспасөздің басынан бақ кете бастады.  Мәселен, әлемдегі апталықтар ішіндегі ең әйгілі, ең беделді деген Newsweek биылдан бастап қағаз түрінде шығуын тоқтатты.
Ма­ман­­дар қағаз басылымдардың таралымы жыл өткен сайын құлдырайтынын, 2017 жылға қарай АҚШ-та баспадан шығатын  БАҚ-тың мүлде қалмайтынын, 2026 жылы Ресейдің ірі қалаларындағы БАҚ-тың да осы күйге  жететінін айтады. Бұл батыл болжамның орындалар-орындалмасын, әрине, уақыт көрсетеді. Әзірге біз жоғарыдағы сауалды білікті мамандардың талқысына салуды жөн көрдік.


Әлішер Елікбаев, Voxpopuli.kz жобасының жетекшісі:
иә
– Әлбетте, мен бұл жайында бір­­неше жылдан бері айтып ке­лемін. Қазір қағаз басылым­дар­дың тұ­рақты оқырмандары есе­йіп, егде тар­та бастады. Ал оқыр­мандардың бел­сенді тобы, яғ­ни жастар элек­трон­ды ақпарат құралдарына ба­сым­дық береді. Ме­ніңше, күндердің кү­нінде тасқа басылып шығатын га­зет­ті біз ұшақ ішін­де ғана (өйткені ұшақ­тың ішін­де мобильді құ­рал­дарды қо­суға рұқсат бермейді) оқи­тын дә­ре­жеге жетеміз. Сон­дық­тан қағаз га­зеттің ғұмыры қаншаға созы­ла­тыны – уақыттың еншісінде. Қазір газет шығарудың арзан­ға түс­пей­тіні белгілі.
Оны дайын­дау­дың өзіне қаншама уа­қыт жұмсалады десеңізші. Газет бетінде жа­рық кө­ре­­тін дүниелер ком­пьютерге те­рі­ле­ді, содан соң беттеледі, бас­паханаға жөнелтіледі. Баспаханадан шық­қан соң оны жер-жерге тарату жұмысы та­ғы бар. Осының бәрі белгілі бір мөл­шер­де шығын шығаруды қажет етеді. Ал ин­тер­нет кез келген ақпаратты оқырманға жыл­дам жеткізе қояды. Жа­ңа­лық­ты жаздың да, са­лып жібердің. 10-15 ми­нуттың ішін­де тарап кетеді. Онымен са­лыс­тырғанда, газет – қашанда орасан күш жұм­сауды қа­жет ететін әрі шығыны көп ақпарат құралы.
Есіңізде ме, бұрындары музыканы күй­табақ ойнатқышпен тыңдайтын кезде дү­кен­дерде дөңгелек пластинкалар са­ты­ла­тын. Әрине, оның дауысы керемет еді. Алай­да уақыт өте адамдар одан да бас тарт­ты. Себебі күйтабақтың орнын за­ма­на­уи құралдар басты. Қазір сол плас­тин­каларды күндіз шам алып іздесең де тап­пай­­сың. Тек арнайы дүкеннен ғана сатып алу­­ға мәжбүрсің. Міне, тасқа басылатын га­­зет те күндердің бір күнінде осылай жо­йы­лады. Рас, біздің елімізде бұл үдеріс өз­ге елдермен салыстырғанда баяу жүруі мүм­кін. Бірақ қазір басылымдардағы жар­на­­ма көлемі азайып келеді. Қайта газетке қа­­рағанда журналдардың жағдайы тәуір. Олар бір амалын тауып, әйтеуір, жар­на­ма­ны көбейтуге тырысып бағуда. Дегенмен га­­зет бетіндегі жарнаманың құлдырауы да қа­­лыпты, бүкіл әлемде болып жатқан құ­бы­­лыс.
Ал мобильді құрылғылардың бағасы­ның қымбат екені өз алдына жеке тақырып. Қым­бат болғандықтан да қолжетімді емес. Қа­рапайым планшеттің өзін 200 долларға са­тып аласың. Әйтсе де ертеңгі күні олар­дың құны тиын тұратындай дәрежеге жет­кен­де, қағаз газеттің керегі болмай қалары сөзсіз. Оның үстіне еліміздің алыс аймақ­та­рына да интернет орнату газетті жеткізуге қарағанда оңайға түсетінін де ескерген жөн.


Шәмшиддин Пәттеев, «Түркістан» газетінің бас редакторы:
жоқ
– Расында да, соңғы жылдары ондай әңгіме көп айтылып жүр. Кей­бір деректерге қарасақ, тасқа ба­сылып шығатын бұқаралық ақ­па­­рат құралдары азайып, есесіне элек­тронды порталдар көбейіп ба­ра­ды. Ал екінші жағынан, дү­ние­жү­зі бойынша қағаз ба­сы­лым­дар азаю­дың орнына, кері­сін­ше, кө­бе­йіп келе жатқандай. Мә­селен, Түр­кияда, тіпті тех­но­ло­гия­сы сонша­лық­ты жетілген Жа­по­нияның өзін­де қағаз ба­сы­лымның саны арт­қан көрінеді. Иә, қайсыбір ки­но­­фильмде га­зет-жур­нал, теле­ви­зия жо­йы­ла­ды деп төн­дірткен. Бірақ кез кел­ген нәр­се­нің өз орны бар екенін ұмыт­па­ған дұрыс. 
Расында да, өмі­рімізге интернет енде­ген са­йын ақпарат құралының қағаз нұс­қасы азаю мүмкіндігін де жоққа шығаруға бол­майды. Бүгінгі оқырманның, әсіресе жас­­тар­дың интернетке әбден үйреніп ал­ға­нын мойындау керек. Бірақ қандай да бір газеттің айтары болса, танымал болса, оның өзіне берілген адал, тұрақты оқыр­маны болса, ол газеттің ғұмыры да ұзақ. Одан кейін газет оқу, кітап оқу мәдениеті деген бар ғой. Ал оқу мәдениеті біртіндеп қалыптасады. Сондықтан қағаз газеттің мүлде жойылып кетеріне көзім жетпейді.
Екінші бір ескеретін жайт, интернетте жарияланатын ақпаратқа ешкім жауап бермейді. Ол шынайы ма, жалған ба, тек­се­ріп жатқан ешкім жоқ. Құдды, дуалға жа­зып кеткен жазу секілді. Ақ-қарасын ажырату да кейде қиын.
Бұл жағынан алып қарағанда, үлкен ақ­парат беруде, оны талдауда, дайын күйде оқырманға жеткізуге келгенде га­зет­тің жөні бөлек. Себебі мұнда кез келген мәлімет әбден електен өткізілгеннен кейін ғана жарық көреді. Интернетте жария­ла­натын орасан ақпараттың өзі оқырманды шар­шатып та жібереді, тіпті мезі етеді. Өйт­кені мұндағы мәліметтер газеттегідей електен өткізілмейді. Әрине, бүгінгі заман ағымына қарай, белгілі бір дәрежеде ин­тернет те керек. Әйтсе де ақпаратты қо­рыту деген бар. Мұны тек газетте жүзеге асы­руға болады. Оның үстіне газет жа­уапкершілік мәселесіне қатты мән береді. Газеттің әр сөзі салмақты, онда жария­ла­на­тын дүниелердің тәрбиелік мәні бар. Рас, ауытқып кететін кейбір газеттер де бар, дегенмен олар көп емес.
Тоқетерін айтқанда, қоғам алға жыл­жыған сайын жаңа, анағұрлым жетіл­ді­рілген технологиялар шыға береді. Бірақ со­ған қарамастан, газеттің қағаз нұсқасы да ешқашан жойылмайды. Әйтеуір, сіз бен біздің ғұмырымызға жетеді деп ой­лай­мын.
                                     Абай ОМАРОВ (коллаж)

Түйін
Әлем бойынша қағаз басылымның жағдайы соншалықты мүшкіл емес. Африкада, Таяу Шығыста және Азияда тасқа басылатын баспасөз өрістеуде. Таралымы ең жоғары 15 газеттің тізімінде үндінің бес, қытайдың екі басылымы бар екен. Оның үстіне Үндістанда интернет кең таралған жоқ. Сондықтан әлемдік тұрғыдан алғанда тасқа басылатын БАҚ-тың жуық арада құритын түрі жоқ.
Қағаз газеттің дес бермей тұруына тағы бір себеп бар. Бұл – мобильді құрылғылардың толық жетілмеуі. Мәселен, Ресейде 2011-2012 жылы электронды оқулыққа көшу тәжірибесі көп кітаптың орнына бір құралмен сабақ оқудың жеңіл екенін дәлелдеді. Алайда планшеттің көзге зиянды екені анықталды. Ал көзге зияны жоқ E-Ink дисплейі бар покетбуктың бояуы қанық емес. Бірақ нарықты жаулағысы келетін өндірушілер бұл олқылықтың да орнын толтыруға тырысуда. Әйтсе де «Аргументы и факты – Казахстан» апталығының бас редакторы Сергей Кузовников айтқандай, ең үздік техниканың өзі парақтау функциясын ешқашан алмастыра алмайды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста