Сырттан келетін көліктердің Алматы қаласына кіруіне шектеу қою керек деген ұсынысты қолдайсыз ба?

Сырттан келетін көліктердің Алматы қаласына кіруіне шектеу қою керек деген ұсынысты қолдайсыз ба?

Мамандар Алматы қаласындағы көлік кептелісі мен экологиялық мәселесін шешу мақсатында сырттан келетін көліктерді Алматы қаласына кіргізбеу жайлы ұсыныс айтуда. Тіпті бұл ұсынысты Көлік және коммуникация ғылыми-зерттеу институтының мамандары жоба ретінде жасап, қалалық әкімдіктің қарауына ұсынып қойды. Жобада қала ішіне кіргізілмейтін көліктердің қай жерлерде аялдайтыны да көрініс тапқан. Ресми мәліметтерге жүгінсек, сырттан келетін көліктердің мәселесі 26 желтоқсан күні шешілуі тиіс. Және Жаңа жылдың табалдырығымыздан аттауымен қатар, қала ішіндегі қоғамдық көліктердің қозғалысына да өзгеріс енгізілетіні белгілі болуда. Әйтсе де бұл мәселе қазірдің өзінде көпшілік арасында қайшы пікір тудырып отыр. Осы орайда сырттан келетін көліктерді Алматы қаласына кіргізбеу осы мәселелерді шеше ала ма? Екі тараптың ойлары мен ұстанымдарын ортаға салып көрген едік.

Жұмажан ЖАҢБЫРОВ, Орталық Азия университеті машина жасау және көлік институтының директоры, техника ғылымының докторы, профессор:
Иә

– Меніңше, бұл – дұрыс. Өйткені қалада онсыз да көлік өте көп. Сырттан келген көлік иелерінің көбі жүргізуші мәдениеті мен жол ережесін сақтамай­ды. Адам тасып ақша табуды кәсіп еткен сырттан келетін жүргізушілер жолаушыға таласып,  жол ережесін өрескел бұзады. Соның салдарынан көлік апаты да жиі тіркеледі. Көліктің көптігі қаладағы тұрғындарға кері әсер етеді. Қаланың экологиялық ауыр жағдайы да бүгінде көз алдымызда. Ауаның ластығынан қала тұрғындарының түрлі ауруларға жиі шалдығуын дәрігерлер де жиі айтуда. Осының бәрін көре отырып, мәсе­леге көз жұма қарау дұрыс емес. 
Көлікте бір литр жанармайдың жануы ауаға айтарлықтай зиянды газдарды бө­ліп шығарады. Дәл қазіргі таңда Ал­маты қаласындағы көлік санының артуы тұр­ғын­дардың денсаулығына айтарлықтай зиян тигізіп отыр. Мүмкін, алдағы уақытта бұл мәселе­лер­ді шешудің басқа да жол­дары қарас­ты­рылар, ал дәл қазіргі таңда тұр­ғындардың денсаулығын сақтау үшін қолдан келер шараларды ойластыра бе­рудің артықтығы жоқ. Қалада көлік кіретін бірнеше ғана жол бар. Қала шетінен көлік  қоятын ар­найы автотұрақтар салсақ, одан түс­кен ақшаны нақты қаланың эко­ло­гия­сы мен тығын мәселесін шешуге жұм­сау­ға болады.
Алайда сырттан келген көліктердің Ал­маты қаласына кіруіне шектеу қою ту­ралы ұсынысқа шоши қараудың қажеті жоқ. Бұл  – әлем елдерінде бар тә­жі­рибе. Мәселен, Германияның үлкен қалаларына сырттан келетін қонақтар бұған үйренген. Қаланың сыртына дейін көлігін айдап келіп, ав­тотұраққа қалдырып, шаруасын бітірген соң қала сыртынан қайта айдап кетіп жатады. Өзіне де, қала тұрғындарына да тиімді. Сондықтан бұл ұсыныс қол­данысқа енген кезде бәріміз мұның  ар­тық­шы­лы­ғына көз жеткізетін боламыз.

Абылайхан САМАТДИНОВ, Алматы қалалық мәслихатының депутаты:
Жоқ

– Бұл ұсыныс көпшіліктің қарсы­лығын тудыруы әбден мүмкін. Өйт­кені Алматы қаласына сырт­тан келіп жұ­мыс істейтіндер жетерлік. Оларға кө­лі­гіңді қаланың сыртына қалды­рып, так­симен кел деу дұрыс бола ма?  Сон­дықтан бәрін алдын ала ойластырып, қаланың сыртындағы авто­­тұ­рақтарды алдын ала дайындап алуымыз керек. Ер­тең қала таксистері осы сәтті пайдаланып, ба­ға­ны көтеріп жібермесіне кім кепіл?! Ал жұмысқа асық­қан адам так­симен жүруге мәжбүр болады. Шы­ны керек, Мәскеу секілді үлкен қа­ла­лармен салыстырғанда, біздегі көлік ты­ғы­нын сөз етуге тұрмайды. Сон­дық­тан біз халыққа тиімді жағдай жасай оты­­рып, мәселені шешудің басқа да жол­дарын қарастыруымыз керек.
Осы орайда мен сырттан келетін кө­лік­­тердің Алматы қаласына кі­ріп-шы­ғуы­­на шектеу жасаудан гөрі мәселені ше­­шу­дің басқа да жолдарын қарастыруды қолдар едім. Стамбул, Сан-Франциско, Шанхай секілді қалаларға жолым түскен­де көзім жеткені – сырттан келетін кө­лік­терді Алматыдағы шығыс айналма жолы се­кілді қаланы айналып өтетін жолдармен ғана жүргізеді екен. Бүгінде әлемнің ірі қалалары саналатын бұл қалалардан үлгі алып, бізде халыққа тиімді жағдай жасай оты­рып, қаладағы қиындық тудырып отыр­ған мәселелерді шешудің оңтайлы жол­дарын қарасты­руымыз керек. Сырт­тан келетін көліктер­дің қала ішіне кіруіне шек­теу қоюдан гөрі, бір реттік төлем тө­лей­тіндей жағдай жасап, одан түскен ақ­шаға қаладағы кө­лік кептелісін шешуге ба­ғытталған жұ­мыстар атқарсақ, дұрыс бо­лар еді. Қала экологиясы тек қана кө­лік­терге тіреліп тұрған жоқ. Қаладағы ауа­ның нашар болуының басты себебі – көліктердің көп­тігінен емес, қаланың қал­пақша тә­різді таудың ортасында ор­на­ласуынан. Қа­ланың экологиясын түбе­гей­лі шешеміз десек, тауды тесу арқылы қа­ланың ауасын тазартып тұруға бо­ла­тындай жағдай жасауымыз керек. Сон­дай-ақ қаланың экологиялық ах­уалын жақсарту үшін қоғамдық және муници­пиал­ды көліктерді газға көшіріп, элек­тро­транс­порттар санын арттырсақ дұрыс бо­лар еді. Алматыдай үлкен қалада ке­ле­шекте адам саны тіпті ұлғаюы мүмкін. Ал мәселенің бәрін тыйым салу арқылы шеше алмасымыз белгілі. Сондықтан кө­лік кептелісін қаланың о шеті мен бұл ше­тіне бірнеше қабатты жолдар салу ар­қы­лы, жылдам жүретін электровоз жол­да­ры арқылы шешуімізге болар еді. Ме­га­полистің мүмкіндігін шектемей, ха­лық­қа жағдай жасай отырып, мүмкіндікті мо­лайтумен айна­лысуымыз керек.
Біз тез арада метроны халық көп қо­ныс­танған жерлерге дейін жеткізуді ойластыруымыз керек. Өйткені метроның тиімділігін арттырсақ, кептелісте тұрмас үшін халық метроға жүгініп, көлікке оты­рудан өздері-ақ бас тартар еді. Сондықтан біз мәселені тыйым салу арқылы емес, тиімді әрекеттер жасау арқылы шешуіміз керек.

Бейтарап пікір
Сәдібек ТҮГЕЛ,
эколог:
– Бұл – бұрыннан тәжірибеде бар әдіс. Кезінде мәскеуліктер қаладағы тығын мәселесін шешу үшін осындай әрекетке барған еді. Біз қаланы дамыту барысында бізге дейінгі үлкен қалалардың қала мәселесін шешу бағытында жасаған әрекеттерін тәжірибе ретінде қолданып көргеніміз дұрыс. Сонда ғана қаланы сақтап қала аламыз. Әйтсе де тек қана бір қағидаға сүйенбей, қаланың экологиясын жақсартып, көлік тығыны мәселесін шешудің басқа да тиімді жолдарын қарастырғанымыз жөн.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста