Судьялар зейнеткерлікке шыққан соң, өмірлік мемлекет қамқорлығында қалуы керек пе?

Судьялар зейнеткерлікке шыққан соң, өмірлік мемлекет қамқорлығында қалуы керек пе?

Судьялар өмір бойы мемлекет қамқорлығында болуы тиіс! ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Бектас Бекназаров жақында осындай ұсыныс жасады. Ол «бүгінгі күні елімізде зейнеткерлік жастағы 39 судья қызмет етіп келеді. Әрине, зейнеттік жасқа толған тәжірибелі судьяларды бірден демалысқа жіберу туралы мәселе туындамауы керек. Бірқатар өркениетті елдердегі секілді бізге де судьяларды өмір бойы мемлекет есебінен қамтамасыз ету қажет. Сондықтан да, адал ниетпен елі үшін еңбек сіңірген судьялар, зейнеткерлік жасқа жетіп, демалысқа шыққан соң өмірбойы мемлекеттік қолдаумен қамтамасыз етілуі шарт» деген ойын жеткізді. Бектас Әбдіханұлының бұл ұсынысы мамандар арасында пікірталас тудырып отыр. Мамандардың қайшыкес пікірін ой-көкпардың таразы табағына тартып көрген едік...

Әуезнұр ҚАЖЕНОВ, ҚР еңбегі сіңген заңгер, Павлодар облыстық сотының төрағасы
Иә

– Бұл – өте дұрыс ұсыныс. Бізде енді ай­тылып жатқанымен, бұл әлем­де бұ­рын­нан бар тәжірибе. Көптеген ел­дерде судья отставкаға шыққан жағ­дай­да 70%-дан бастап 100%-ға дейін­­гі ара­лық­та жалақысы сақ­та­ла­ды. Оның отс­тав­кадағы судья деген атағы сақталуына байланысты та­ғайын­дал­ған әлеуметтік жеңілдіктер де сақталып, өмірінің соңына дейін мемлекет қам­қорлығында қалады. Судьялар зейнет­ке шыққан соң өмір­лік мемлекет қам­қор­лығында қалу жүйесі көрші Ресей елінде де сақ­тал­ған. Сон­дықтан атал­мыш жүйені біз де өз қол­да­ны­сымызға енгізсек дұ­рыс болар еді.
Судья қызмет барысында ертеңгі күнгі әлеуметтік жағдайын уайымдап отыр­са дұрыс жұмыс істей алмайды.
Әділ шешім де шығара алмайды. Егер біз зейнетке шыққан соң, судьяларды мемлекет қамқорлығында қалдырсақ, олардың ертеңгі күнін қамтамасыз етіп, қызмет барысында жемқорлыққа ұрынбауының да алдын алар едік. Сондай-ақ судьялардың қызметі өте ауыр, бүгінде қызметін тастап кетіп жатқан судьялар қатары өте көп. Өйткені оларды судьялардың әлеуметтік жағдайы қызықтырмайды. Осы орайда мемлекет судьялардың ертеңгі күнін қамта­масыз ете алатындай жауапкершілікті мойнына алар болса, судьялардың барлық күш жігерімен жұмыс істеп, әділетті қоғам орнату үшін жұмыс істеуіне жол ашылар еді.
Облыс бойынша облыс әкімі мен облыстық судьялар ғана Елбасы бұйры­ғымен тағайындалады. Әкімнен кейінгі лауазымды қызметкер саналатын судьялар зейнетке шыққаннан кейін мемлекет қам­қорлығында болуға лайық тұлғалар деп санаймын. «Сот жүйесін әлемдік жүйемен сәйкестендіреміз» деп жатқан еліміз әлем­дік тәжірибе саналатын осы жүйені де қол­данысқа енгізсе, нұр үстіне нұр болар еді.

Серікболсын ӘБДІЛДИН, экономика ғылымының докторы, профессор, қоғам қайраткері
Жоқ

– Жоқ, бұл пікірмен келіспеймін. Рас, көптеген елдерде судьяларды өле өлгенше мемлекет қамқорлығына алып, жақсы жағдай жасап қойған. Бұл әлемдік тәжірибеде бұрыннан қолданылып келе жатқан жүйе. Алайда ол үшін судья мем­лекеттің сол қамқорлығына сәйкес, адал, өз жұмысына берілген, қоғамның өзіне деген сенімін ақтай алатындай маман бо­луы тиіс. Негізі, судья арқылы әділетті сот жүйесі орнап, қоғам заңсыздықтардан ары­лып, заңдардың өз күшінде жұмыс істеуіне жол ашылады. Ал бізде осындай құр­метке судьялардың барлығы бірдей лайық деп айта алмаймын. Ендеше, су­дья­ларға мұндай құрметті неге жа­сауы­мыз керек?
Әділетті қоғам құруға атсалыса ал­ма­ған судья зейнетке шыққан соң да не­ге мемлекет қамқорлығында қалуы тиіс? Бұл әділетсіздік емес пе?!   
Сондықтан мен судьялардың өмір бо­йына мемлекет қамқорлығында қалуы­на қарсымын.
Өткен жылы Елбасының бұйрығымен 35 судья қызметінен босатылса, жақында ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Бектас Бек­назаров биыл тағы да 52 судьяның қыз­метінен босатылуы мүмкін екенін мә­лім­деді. Бұл сұмдық емес пе? «Ет сасыса, тұз себер, тұз сасыса, не себер?» деген­дей олар­дың арасында жемқорлық фактілеріне орын беріп, қызметін дұрыс ат­қара алмағандары да бар көрінеді. Жо­ғарғы соттың судьяларының өзі осындай бол­ған­да басқаларынан не үміт, не қайыр? Жылына осынша судья қызметін дұрыс атқара алмағандықтан орындарынан босап жат­қанда, оларды өмір бойына мемлекет қам­қорлығына берейік дегені­міз, қай сас­қа­нымыз?! Әділетті қоғам орнату жолында өз қызметін дұрыс атқара алмаған судья­ларға мұндай құрмет артық­тау. Сондық­тан мен зейнетке шыққан соң, судяларды мем­лекет қамқорлығына қал­дыру керек деген пікірмен мүлдем келіспеймін.
Осы орайда айта кетер жайт, біз судья­ларды өмір бойына мемлекет қам­қор­лығында қалдыру жөніндегі ұсыныстан бұ­рын олардың өз дәрежелеріне сай жұмыс істеуіне көңіл бөлуіміз қажет. Ал дәл қазіргі судьяларды мемлекет қамқорлығына алып, жақсылық жасау ақылға сыйымсыз дү­ние. Онсыз да олардың жалақысын қан­ша көбейтсек те, дұрыс нәтижеге қол жеткізе алмай отырмыз. Осы орайда судья­ла­рымыздың дәрежесі өмір бойына мемлекет қамқорлығында қалдыратындай дең­гейге жеткен жоқ дер едім.

Бейтарап пікір
Ғабиден ЖАЙЛИН,
ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасының жанындағы аралық сот төрағасының орынбасары:
– Бұл – бұрыннан дүниежүзі бойынша қолданылып келе жатқан тәжірибе. Егер судья қызметін адал атқаратын болса, зей­нет­ке шыққан соң да оны мемлекет қамқорлығында қалдырған жөн. Ол әділетті қоғам орнату үшін қаншама жыл адал еңбек еткен соң, сондай құрметке лайық тұлға болады дер едім. Алайда біз қоғам тарапынан судьяның әділ қазы болуы үшін бақылауды күшейтіп, оның мемлекеттің дамуы жолында қабылданған заңдардың өз дәрежесінде жұмыс істеуіне үлесін қосқанына көз жеткізіп алуымыз керек. Кейде қылмыскерлер бостандыққа шыққан соң, судьядан кек алғысы келуі мүмкін. Ал бұл жерде қоғамда әділеттілік орнату үшін күрескен судья неге қорғансыз қалуы тиіс? Сондықтан зейнетке шыққан соң да судья барлық жағынан мемлекет қамқорлығында болғаны жөн. Егер судья қызмет етіп жүрген кезінде оның ертеңгі күні кепілдендірілген болса, ол жемқорлық әрекеттердің орын алмай, қоғамда неғұрлым әділетті шешім шығару үшін бар күш-жігерін салары анық. Бұра тартып заңсыздыққа да жол бермей, қылмыскерден қорқып ертеңгі күніне де алаңдамаса, ол нағыз судья бола алады. Алайда біз, ең алдымен, судьяның неғұрлым ар-ожданы таза, нағыз әділетті қазы боларына көз жеткізіп алғанымыз жөн.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста