Шетел мұражайларындағы тарихи құнды жәдігерлерімізді қайтарып алу қажет пе?

Шетел мұражайларындағы тарихи құнды жәдігерлерімізді қайтарып алу қажет пе?

Бүгін – ескерткіштерді қорғаудың халықаралық күні. «Озған ел тарихын таспен жазады, ал тозған ел жаспен жазады» деген сөз бар қазақта. Өркениеттің өркешіне жармасып, ең бір дамыған елу елдің қатарына енеміз деп отырған біз осының қайсысына жатамыз өзі? Рас, тарихи құнды мұраларға баймыз, бірақ олардың көбі өзімізде емес қой? Біразы – Париждің Луврынан бастап, Еуропа елдерінің атақты мұражайларында, көбі – көршілес Ресейде. Қайтқаны –  тек Тайқазан. Ал шеттен ала алмай отырған ең басты құндылығымыз – Кенесары бабамыздың бассүйегі. Сондай-ақ Парижде Әміренің дауысы, Қытайда қазақ дипломатиясының негізі –Абылайхан, Әбілмансұр хандардың императорлармен жазысқан хаттары секілді жазбалар түпнұсқасы жатыр. Осындай шетел мұражайлары мен мұрағаттарында жатқан тарихи құнды жәдігерлерімізді елге қайтару қаншалықты тиімді деген мәселені ой-көкпарға салып отырмыз.

Мырзан Кенжебай, журналист:
Иә

– Азаттық алған ел, ең алдымен, өзі­нің ұлттық нышандарын: тілін, үрдіс-салты мен дінін, мәдени сәулеткерлік жә­­не  қолөнер туындыларын түгендеуден, яки кеткенін қайтарып, жоғалғанын та­уып, көнесін жа­ңар­тып, жұртқа таныту­дан бастауы ке­рек. 1988 жылы егемендік алмай тұрған кезде ел болып бірігіп, жұрт  болып жұ­мы­лып, сонау Эрмитаж­дан Тай­қазанды ал­дырдық емес пе? Зия­лы­ла­рымыздың, жал­пы халықтың белсен­ділігі сол кезде ке­ремет еді. Сол қарқын осы күнде ба­сылып қалды. Тіпті тарихи ескерткіштерін елемейтін, ізде­мейтін бо­лып алды. Мы­салы, жер бе­тін­де теңдесі жоқ «Алтын Адам­ның» қазір қайда еке­нін ешкім нақ­ты айта алмайды. Қазіргі мұражайларда тұрғаны – ән­ше­йін муляж, яғни көшірме ғана. Түпнұс­қа­ны шетел­ге беріп жіберген. Себебі «үшінші ел­дер­ден» бермесін тар­тып алу – о­тар­лау­шы елдердің әдеті ғой.
 Соның салдарынан қыпшақтың «Ко­декс-куманикусынан» бастап біздің баға жетпес небір тарихи құнды мұраларымыз бір шеті сонау Еуропаның Лондон, Вена, Париж секілді қалаларында, Лувр, Эрми­таж секілді әлемге әйгілі мұражайларында тұр емес пе? Мәскеудегі қару-жарақ па­латасында біздің ата-бабаларымыздың небір қылыш-найзасы, қалқаны тұр. Оны орыстар өзінікі етіп жазып қойыпты. Көр­сеңіз, көзіңізге оттай басылады. Осы ай­тылған тарихи жәдігерлердің барлығын шетелдіктер өздерінің әкесінен қалған­дай қылып, «міне, біз осындай мәдениетті ха­лық болғанбыз» деп, жұртқа ұялмай көр­сетіп жүр. Олай емес қой?! Біз болсақ осы­ны ойлаудың орнына, той тойлап, ақ­шаны шашып жатырмыз. Сол шашқан ақ­ша­мыз­дың оннан бір бөлігін тарихи құнды мұ­раларымызды жинауға жұмсап, шет­ел­діктердің «берсе – қолынан, бермесе – жо­лынан» жұлып алуымыз керек еді. Бірақ оны ойлаған ешкім жоқ. Қазақстанда «Қайт­сек, қазақ ұлтының мерейін үстем қы­ламыз?» деп жүргендер аз. Оны былай қой­ғанда, «жер де, ел де – бәрімізге ор­тақ» дегенді күнде айтады. Католиктердің хра­мын, еврейлердің синагогын көбейтіп жа­тырмыз. Астанадағы Пирамиданың өзі өк­тем халықтан сескенгендіктен салынып отыр.
Шетелге мұнаймен, газбен ғана таны­ла­мыз деу – бекершілік. «Ештен кеш жақ­сы» дейді, сондықтан әлі де болса, шетел­дерде жүрген жәдігерлерімізді қайтаруға күш салайық. «Қайтармайды» деп қояды, адамға дейін алмастырып алып жатқанда, олай деу – меніңше, боркеміктік, жалтақ­тық. Келісімшарт жасап, ақшаны аямасақ, онда бәрін де алуға болады!

Зейнолла Самашев, археолог, тарих ғылымының докторы, профессор:
Жоқ

– Дәл бүгінгі таңда жәдігерлерді қай­тару мүмкін емес. Біріншіден, еш­қандай ел өз мұражайларындағы құн­ды­лық­тар­ды ешкімге бермейді. Мәсе­лен, Қазақ­станның ең көп жәдігері – көршілес Ресейде, әсіресе Қазақстан­мен шекара­лас Омбы, Томбы, Астра­хань облыста­рында, Мәскеу мен Санкт-Петербор мұражайла­рын­да. Ал Ресей Федера­ция­сының Мем­ле­кеттік Думасы өз мұражай­ларындағы жәдігерлердің ешқайсысы тарихи отанына қайтарыл­майтындығы жөнінде заң қа­былдаған бо­латын. Сон­дықтан біз осын­дай жағ­дайда жалған ұраншылдыққа салы­нып, «қайтару ке­рек» дегенмен, түк те шық­пайды. Мен көп­тен бері осы мәселе ту­ра­сында ойла­нып, шешудің біраз жо­лын тапқан­дай­мын. Ең алдымен, шетел мұражай­ла­рында тұрған жәдігер­лері­мізге «Қа­зақ­­стан­ның осындай бір жері­нен, осын­дай жылы табылған» деп жазып қою керек.
Сонда біз Ресей мұражайын өз мүдде­мізге қызмет еткізген болып табыламыз. Ал бүгінде, өкінішке қарай, осы ескеріл­мей тұр. Мәселен, Эрмитажда Шығыс Қазақ­стан­дағы Бұқтырманың бойынан табылған айна тұр. Соның астына Қазақстаннан та­был­ған деп жазғысы келмей, «Алтайдан та­былған» деп жазып қойыпты. Алтай де­ген көп мемлекетке ортақ қой, қазақтың Ал­тайынан бөлек, Ресейдің Алтайы, моң­ғолдың, қытайдың да Алтайы бар. Мұра­жайға келген кісілер оны Ресейдің Ал­тайынан табылған екен деп ойлайды. Бұл осылай жалғасы береді, егер өзіміз осы жағын қадағалап, талап етпесек. Бірінші кезекте осы жағын қолға алу керек болса, екіншіден, қай елдің мұражайында қазақ­тың қандай жәдігерлері жүргенін түгелдей тізіп, суретке түсіріп, каталог шығару ке­рек. Үшінші жолы – солардың барлығының көшірмесін жасап, еліміздің мұражай­ла­рына қою.
Жәдігерлерді әкелмеу керек дейтін та­ғы бір себебім, Ресей мен Еуропа мұра­жай­ларының жүйесі бізден жақсы дамы­ған, жаңа технологиялармен жаб­­­дық­­тал­ған. Сон­­­­дықтан ондағы әрбір зат жақсы сақта­лады, өңін бермейді. Ал енді сондай жер­ден «урапатриоттықпен» елге алып келе қояйық, бірақ оны сақ­тайтын жер бізде сон­дай жағдайда ма? Мұражайларымыз бар дегеніміз бол­маса, олардың жабдық­та­луы жа­ңа заманға, халықаралық стан­дартқа сай кел­мейді. Сондықтан жап-жақ­сы тұрған жә­дігер­ле­рімізді осында алып келіп, шірітіп алуымыз әбден мүмкін. Міне, осының бар­лығын ой­ластырып, ақылмен тірлік жасау керек біз­ге. Тағы бір айта ке­терлік жағдай – сан­дық технологиялардың көмегімен жәді­гер­лердің мультимедиялық бейнесін жа­сап, соның негізінде виртуалды мұражай жасасақ, тіптен керемет болар еді!

Бейтарап пікір
Әбдеш Төлеубаев,
тарих ғылымының докторы, профессор:
– Шетелдегі Қазақстанның мұраларын екі топқа бөліп қарастыруға болады. Жалпылай археологиялық ескерткіштер, көп кездеседі. Содан кейін Кенесары ханның бассүйегі, Шіліктіден табылған «Алтын адам» ескерткіші секілді қай­таланбайтын дүниелер бар. Осындай қайталанбайтын өте құнды мұ­ра­ла­рымызды халықаралық келісімшарттар арқылы қайтарған дұрыс болар еді. Ал енді, тіпті оларды қайтара алмаған күнде қазақ жерінен шыққан жәді­гер­лердің тарихи құндылығын зерттеп, сипаттамаларын жазып, тізімін жасап, альбом шығару керек. Ол арқылы біз қазір қайтара алмасақ та, ненің қайда екенін біліп жүреміз.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста