Шараналарды көшеде қалдырып кетпеу үшін тастанды нәрестелерді қабылдайтын арнайы орындар ашу керек пе?

Шараналарды көшеде қалдырып кетпеу үшін тастанды нәрестелерді қабылдайтын арнайы орындар ашу керек пе?

Қазір шараналарды далаға тастап кету фактілері жиілеп барады. Осыдан біраз бұрын Қарағандыда бір келіншек көшеде босанып, шарананы күл-қоқыс жинайтын жәшікке тастап кеткен. Абырой болғанда, нәресте денсаулығында сыр білінгенімен, ол аман-есен дәрігерлер қолына тапсырылды. Санамалайтын болсақ, мұндай фактілер бізде көбейіп барады. Көрші Ресейде бұл алаңдатарлық жағдай туғызып, ондағы кейбір мамандар «Шараналарды көшеде қалдырып кетпеу үшін тастанды нәрестелерді қабылдайтын арнайы орындар ашу керек» деп мәселе көтерді. Ресей шенеуніктері қазір осы ұсынысты қабыл алып, тастанды нәрестелерді қабылдайтын арнайы орындар ашуда. Бізге де осындай орталықтар керек пе? Бүгінгі ой-көкпарымыз осы негізде болмақ.


Бақыт ТҮМЕНОВА, «Аман-саулық» қоғамдық қорының президенті, КСРО денсаулық сақтау ісінің үздігі:
иә
– Егер бізде мұндай келеңсіз оқи­ғалар жиілеп жатса, онда амал­сыз­дан нәрестені аман алып қалу үшін тастанды сәбилерді қабыл­дай­тын арнайы орындар ашуымыз ке­рек. Мұндай орынды перзентханадан жә­не балалар үйінен ашқанымыз жөн. Бірақ бұл тығырықтан шығудың жо­лы емес. Мұның алдын алу үшін жас­тар арасында көптеген үгіт-на­си­хат жұмыстарын жүргізуіміз керек. Не­кесіз қосылған жағдайда бала кө­теріп қалмау үшін не істеу керек, одан сақтанудың жолдары қандай, осы төңіректе жан-жақты түсіндірме жұ­мыстарын жүргізгеніміз жөн. Әйт­песе қазір үлкен қалаларда оқып жүрген ауыл­ қыздары алданып қалып, не істерін білмей, өмірден түңіліп жа­тады. 
Үйіне қайтайын десе, ата-ана­сынан қорқады, сосын амал­сыздан шарананы да­­лаға тастап кетеді. Тастанды нәрестелерді қабылдайтын арнайы орын ашу шетелдік тәжірибеде бар нәрсе. Олардың перзент­ха­наларында арнайы нәресте сыятын етіп терезе ашылып қойылған. Ол жерге ба­ланы салғанда, автоматты түрде дыбыс шы­ғып, іштегі дәрігерлерге естіледі. Осы­лайша дәрігерлер сәбиді қабылдайды. Ен­ді нәрестені аман сақтап қалу үшін осы жү­йені қалыптастыруға мәжбүр болуымыз ке­рек. Себебі бізге ең бірінші әрбір нә­рес­тенің аман-есен, дені сау болғаны жөн.
Ал мұндай сұмдықтың алдын алу үшін ұлт­тық тәрбиені көтеруіміз керек. Өйткені бұл біздің рухани байлықтан ажырап бара жатқандығымыздың бірден-бір көрінісі. Жастар арасында ағарту және насихат жұмыстарын көбірек жүргізіп, тіпті қыздарымыз алданып қалып ба­ла көтерсе де, жалғызбасты ана­ларға мемлекет тарапынан көбірек жәр­дем беруіміз керек. Жаңа босанған анаға берілетін бір реттік жәрдемақыны мейлінше көтеріп, олардың жүріп-тұ­руы­на, еркін өмір сүруіне же­тетіндей қаражат қарас­тыр­ғанымыз жөн. Ай сайынғы бе­рілетін жәрдемақыны да жалғызбасты аналарға бөлек есептеуіміз қажет. Бұл жерде ондай орындар ашатын болсақ, елімізде тастанды балалар саны өсіп кетеді деп үркудің керегі жоқ. Өйткені бала өмірі мен оның денсаулығы біз үшін өте маңызды. Конс­титуциямызда да «ең басты қымбат қазына – адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп айқын жазылған. Сондықтан мұны бір жақты ойламай, мә­селені жан-жақты зерттеп, кешенді түрде шешкеніміз дұрыс.


Зейнеп АХМЕТОВА, Батыр Баукеңнің келіні:
жоқ
– Мен бұған үзілді-кесілді қарсы­мын. Егер біз осындай орталықтар аша­тын болсақ, онда елімізде тас­танды балалар саны екі-үш есеге де­йін көбейіп кетуі мүмкін. «Е, мы­на­дай орталықтар ашылған, егер кө­теріп қал­сақ, осында өткізе са­ла­мыз» дей­тін­дер шығады. Сондықтан мұн­дай бас­таманы қолдауға бол­майды. Одан да мәселенің сал­да­рымен емес, оның се­бебімен, түбі­рі­мен күресейік. Мұн­дай мәселе біз­де қайдан туын­дады? Қазақ еш­қа­шан жетімін тен­ті­ретіп, жесірін жы­латпаған халық еді ғой. Қазақтың та­рихында тастанды бала деген бол­маған. Енді неге көбейіп отыр? Мұ­ның барлығы ата-ананың қыз балаға кішкентайынан, жөргегінен бастап бе­руі тиіс тәрбиені босаңсытып ал­ған­ды­ғынан болып отыр.
Қазір бізде ұлттық тәрбие құрдым­ға ке­тіп бара жатыр. «Қызға қырық үйден тыю, қала берсе, қара күңнен тыю» де­ген мақал ұмытылып барады. Бұ­рын­дары қыз бала тәрбиесіне тек қа­на анасы емес, бүкіл ауыл, бүкіл ру жауапты болып отырған. Ал қа­зір ше? Қазір бізді батыс түгел жа­ла­­ңаш­тады, арсыздыққа, тек­сіз­­дікке, бетсіздікке үйретті. Сон­­дықтан бұл жер­де, ең бас­ты­сы, ұлттық дү­ние­лерге ба­сым­дық беруіміз қа­жет. Тіпті білім ошақтарында ұлт­тық дәс­түрді насихаттай­тын, ұлт­тық тіл, дін, діл деген се­кілді асыл қасиет­те­рі­мізді жастардың бойына сіңіретін арнайы пән енгізсек те, артықтық етпейді. Әрбір ау­ру­дың өзінің емі болатыны секілді осын­­дай келеңсіздіктерге ұлттық өнеге­мізбен, қа­зақи болмысымызбен қарсы тұруымыз керек. Әйтпесе жаһандану деп жанұшырған за­манда ұрпақ тазалығынан айрылып қа­луы­мыз ғажап емес.
Қазақтың «іштен қисық туғанды, тезге салсаң түзелмес» деген әдемі аталы сөзі бар. Ал қазіргі жылдан-жылға көбейіп келе жатқан тастанды балалар ертеңгі күні қалай өсіп-жетіледі? Ондағылардың көбі қоғамға сі­ңісіп кете ала ма, әлде өскен соң, теріс жолға түсіп, адасып кете ме? Балалар үйінде өскен тастанды бала өзінің осындай күйге түскеніне ең бірінші қоғамды кінә­лай­ды. Олар өздерінің ішкі көңілдерінде өшпен­ділікпен, қатыгездікпен өседі. Өйткені олар ананың сүтін ембеген, ананың мейірімін көр­меген. Сондықтан халқымыздың текті­лігін, намыстылығын, парасаттылығын сақ­тап қаламыз десек, тастанды нәрестелерді қа­былдайтын орталықтар ашып, ұрпақ та­залығын бұзбай, жастарымызға ұлттық тәрбиені, ұлттық үлгі-өнегені жаңғыртатын кез әлдеқашан жетті.

Бейтарап пікір
Ұлжалғас ЕСНАЗАРОВА,
педагогика ғылымының докторы, профессор:
– Бұл – адамның жүрегін ауыртатын өте сұмдық мәселе. Бұл жер­де қыздарды кінәлай берудің қажеті жоқ. Мәселенің барлығы соларға дұрыс тәрбие бере алмаған, дұрыс жол көрсете алмаған өзі­мізден болып отыр. Сондықтан мұның алдын алу үшін бо­лашақ аналар мен әкелердің жауапкершілігін күшейтуіміз керек. Бұрынғы ата-әжелер мектебін қайта жаңғыртып, ұлттық тәрбие төңірегінде ғылыми-зерттеу орталықтарын ашуымыз керек.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста