Саяси пікірталас клубтарының аздығы елдегі саяси рынок әлсіздігінің көрінісі емес пе?

Саяси пікірталас клубтарының аздығы елдегі саяси рынок әлсіздігінің көрінісі емес пе?

Бүгінде еліміздегі саяси пікірталас клубтарының саны санаулы-ақ. Олардың бір-екеуі ғана тұрақты түрде жұмыс жасайды. Қалғандары айына, жылына, мезгіліне бір отырыс өткізуді қанағат тұтады. Саяси тұлғалардың ашық дебатқа түсіп, пікір білдіруге салғырттығы неден болып жатыр? Бойға сіңген салқынқанды самарқаулық мінезден бе, әлде саяси рыноктың әлі де болса дамымай жатқандығынан ба? Бұл мәселе жөнінде саясаткерлер қарама-қайшы пікір айтады.

01145

Шәріпбек ӘМІРБЕК, саясаттанушы:

Иә
– Әрине, елімізде саяси клубтардың аз болуы саяси нарықтың толық қалыптаспағандығын көрсетеді. Саяси тұлғалар мен шенеуніктер осындай пікірталастарға енуге құлық танытпай отыр. Саяси нарықта белсенді субъектілер мен саяси күштер болу керек. Егер пікірталас клубтарының кең өріс алуына мемлекет тарапынан да қолдау көрсетілсе, бұл қоғамдағы көптеген мәселелердің орынды шешім табуына сеп болар еді. Негізі, Үкімет пен Парламенттің күн тәртібінде тұрған қандай да бір мәселені қабылдамастан бұрын олар пікірталас клубтарының талқылануынан өтуі керек еді. Өкінішке қарай, біздегі саяси тұлғалардың самарқаулығынан саяси пікірталас клубтарының тасы өрге домалап жатқан жоқ. Бұған біздің саясаткерлер де мүдделі емес.
Бүгінде елімізде «АйтPARK», «Политон» сияқты бірнеше саяси пікірталас клубы бар. Дегенмен олардың қоғамдық пікірге әсері болып жатқан жоқ. Ықпал ету аясы шектеулі. Ал кейбір пікірталас клубтарының артында саяси күштер жатыр.

Біразы шетелдік гранттармен жұмыс жасайды. Жалпы, қайсыбір саяси клубты алсаңыз да, әрбірінің жеке мүддесі бар.
Саяси клубтардың белсенді болмауы – тек біздің ғана елімізде емес, посткеңістіктегі барлық елдердің, оның ішінде Ресейде де қатты байқалып жатқан құбылыс. Мысалы, Путиннің дәуірі басталған 2000-жылдан бері Ресейде ақпараттық қысым өршіді. Пікірталас ордасына айналған көптеген телебағдарламалар жабылып қалды. Олардың орнын ойын-сауық, көңіл көтеруші бағдарламалар басты. Ал дискуссиялық бағдарламалардың сағаты шектеулі. Менің білуімше, қазір тек бір-екі радиохабар ғана саясаткерлер пікірталасын ұйымдастырады. Ал тележобалардың барлығы қысқартылған. ТМД аумағындағы саяси пікірталас клубтарының рөлі алғаш Тәуелсіздік алған жылдары артқан еді. Дегенмен барлық мемлекеттер қалпына келіп, билік нығая бастағаннан кейін бұл саяси клубтар әлсірей бастады. Содан бері посткеңестік елдерде клубтармен жұмыс жасау дәстүрі дамымай жатыр. Меніңше, осының бәрі саяси нарықтың дұрыс қалыптаспай жатқандығынан.

02217

Нұрлан ЕРІМБЕТОВ, «АйтPARK» пікірталас клубының модераторы, саясаттанушы:

Жоқ
– Меніңше, саяси клубтар мен саяси нарықтың арасында аса үлкен байланыс жоқ. Бұған аға буын өкілдерінің арасында осындай пікіралмасу дәстүрінің қалыптаспағаны бірден-бір себеп болып отыр. Айталық, олардың бойында өз пікірін бір сөзбен «дұрыс» деп, өзіне қарсы келгенді үзілді-кесілді «бұрыс» деп қайыра салатын кертартпа мінез болды. Күйдіретін тұсы, өз пікірінің неліктен дұрыс болатындығын тарқатып та айтпайды, дәлел де келтірмейді. Ал өзінен басқаның пікіріне құлақ түрмейді, сөзіне назар салмайды. Оның қарсыласы да дәл сондай болады. «Айттым бітті, менікі – ақиқат» дегендей қасаң қағидамен өмір сүреді. Біз сол үлкен ағаларымыздың газет беттеріндегі пікірлерін оқып өстік қой. Баспасөз беттерінен басталған сол айтыстардың ақыры немен аяқталды?! Біреуі «сен еліңді саттың, тіліңді, діліңді саттың» десе, екіншісі «сен – халық жауысың!» дегендей бір-біріне айдар тағумен бітті. Неліктен бұлай болды?

Бұл – пікірталас мәдениетінің қалыптаспауынан болған құбылыс. Пікірталас дегеніміз – ақиқатты іздеу. Ең болмағанда, шындыққа қол жеткізу үшін жолға шығу. Сондықтан біздегі саяси клубтардың кенже қалуы пікірталасу дәстүрінің қалыптаспауынан туып отыр. Әрине, елдегі осындай клубтардың пайда болуы ел арасында алаң туғызады. Билікке деген күмәнмен қараушылық құбылыс пайда болуы мүмкін. Бірақ соның бәрі уақытша ғана. Мұндай құбылыстың пайда болуының өзі қоғамның өсе бастағанын көрсетеді. Мәселен, өзім басы-қасында жүрген «АйтPARK» клубын мысал ететін болсам, оның қоғамдық пікірге әсері мол болып жатыр. Бұл пікірді мен әріптестеріммен бүгінгі замандастарымның аузынан естіп жүрмін. Әрине, еліміздегі пікірталас клубтарының артында саяси күштер тұруы да мүмкін. Клубтың ұстанымдары көбіне қожайындарының қалауына қарай сырғып кетеді. Сол қожайындарының идеологиясын жүргізеді, қонақтары да, шақырылатын адамдары, тақырыбы да белгілі болып тұрады. Мысалы, билікке тәуелді клуб болса, тек билікті мақтап қана сөйлейді, оппозицияға жақтас клуб болса, елдегі жағдайды даттаумен ғана болады. Әрине, бұл – дұрыс емес. Егер пікірталас клубтарының жұмысы қожайындарының идеологиясына қарай жылыса беретін болса, ол қоғамның дамуына үлес қоспайды.
Пікірталастың да өз мәдениеті болады. Оның да өзіндік дәстүрі, тарихы, керек болса, өзіне тән ережелері мен заңдылықтары болады. Сондықтан менің айтарым, елдегі саяси клубтардың аздығы аға буын өкілдерінің артындағы ұрпаққа пікіралмасу дәстүрін мұра етіп қалдырмағандығынан болып отыр.

Бейтарап пікір

Рустам БУРНАШЕВ, Саяси шешімдер институты сараптама бөлімінің меңгерушісі, саясаттанушы:
– Қазақстанда саяси нарық қалыптасқан. Меніңше, елімізде пікірталас клубтарының дамымай отырғанына басқа бір себеп бар. Қазақстанда сауатты сарапшылар мен білікті саясаттанушылар өте көп. Бірақ олар клуб құрып, пікіралмасу мәселесімен айналысып жүрген жоқ. Олардың көпшілігі ауқымы тар болып есептелетін немесе жабық жобалармен айналысып жүр. Ал «АйтPARK», «Политон» секілді деңгейі жоғары пікірталас клубтарының қоғамдық пікірге әсерінің аз болуы – олар жалпыхалықтық деңгейде емес, элитадағы санаулы адамдардың аясын ғана қамтып жатыр. Бірақ бір байқағаным, пікірталас клубтарына деген сұраныс бар.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста