Шағын ауылдарды сақтап қалу үшін елді мекендер статусын анықтауды қайта қарау керек пе?

Соңғы жылдары ауылдарымыз қаңырап бос қалып, жойылып бара жатқаны жасырын емес. Бір ғана Солтүстік Қазақстан облысы бойынша соңғы бес жылдың ішінде 48 ауыл картадан жойылған. Жалпы, аталмыш аймақта 700-дей ауыл болса, бүгінде оның әрбір оныншысының «болашағы жоқ» деп танылған. Өйткені ол ауылдардағы тұрғындардың саны 50-ден аспайды. Ал саны 50-ден аспайтын мұндай елді мекендерде уақыт өте білім беру ошақтары мен емдеу мекемелері жабылып қалады. Халыққа қызмет көрсететін мұндай мекемелер жабылғандықтан, халық та үдере көшуге мәжбүр. Ауыл статусына сай тұрғындар саны 50-ге жетпейтін мұндай ауылдарды қаржыландыру экономикалық тұрғыдан тиімді болмағандықтан, соңғы кездері аймақты дамыту бағдарламасы аясында оларды біріктіру жұмыстары жүргізілуде. Кім-кімге де кіндік қаны тамған ауылының жойылып кеткені оңай емес. Осы орайда «Шағын ауылдарды сақтап қалу үшін елді мекендер статусын анықтауды қайта қарау керек пе?» деген сауалды таразыға тартып көрген едік...

Балташ ТҰРСЫНБАЕВ, қоғам қайраткері:

ИӘ
– Ауылдарымызды сақтап қалу үшін не істесек те артық емес. Тіпті қажет болса, елді мекендерді анықтаудың статусын да қайта қарау керек. Ауылдарда 10 тұрғын қалса да, оларды жандандырып, көмек жасау қажет. Егер ауылға барлық жағдайды жасай білсек, оралмандарды да ұялмай барып орналастырар едік. Тұрғындары азайған ауылдардағы мектептер мен ауруханаларды жауып тастаған соң, тұрғындар амалсыздан көшіп жатыр.

Ауыл тұрғындары қалаға көшкенімен, қалада оларға дайын баспана не жұмыс жоқ. Осыдан кейін ауыл халқының әлеуметтік жағдайы әлсірейді. 

 Ондай адамдардың көбейгені мемлекет үшін де жақсы емес. Сондықтан ауылдардағы мектептер мен ауруханаларды жапқаннан гөрі жас мамандарды ауылға тартудың әрекетін жасасақ, көп нәрседен ұтар едік. Жастар барған соң, ауылда еңбек күші артып, тұрғындар саны көбейеді. Сондай-ақ ауылдан өндіріс ошақтарын ашсақ, көшіп кеткен мамандардың өзі қайта айналып келер еді. Оның үстіне біздің жеріміздің аумағы үлкен. Сол үлкен аумақты бос тастай берсек, иесіз жерге көз алартушылардың да қатары артады.

Канада, Англия секілді дамыған мемлекеттерде шағын ауылдардағы 20 шақты тұрғынның өзіне қазіргі заманға сай жағдай жасалған. Олар ұялы байланыс қызметтерімен, ел аумағына хабар тарататын арналардың барлығымен қамтылып, интернетке шейін тартылған. Бізге ауылды құрту арқылы урбанизация жасаудың қажеті жоқ. Кеңес Одағы кезінде де шағын ауылдар жабылған емес. Бірнеше шағын ауыл бір ғана мектепке қарайтын. Көрші ауылдың балалары орталықтандырылған ауылдағы интернатта жатып оқитын. Қазіргі таңда жабылып жатқан теміржол разъездері мен кеңшар бөлімшелерінің барлығының өзіндік орны бар. Оның үстіне халқымыздың менталитетіне сай үлкен ата-әжелеріміз кіндік қаны тамған жерін қимайды. Ал ол ауылдарды болашағы жоқ деп жауып тастасақ, оларға қиянат жасаған болар едік. Қалада қаншама жастар баспанасыз босып жүр, егер ауылға жағдай жасасақ, олар туған жеріне қайта айналып барар еді. Сондықтан ауылдарымыздың барлығына қазіргі заманға сай байланыс құралдарын тартып, реті келсе, жергілікті жердің мүмкіншілігіне қарай өндіріс ошақтарын ашсақ, ауыл гүлденер еді. Ал біз жағдай жасағаннан гөрі жабу арқылы ауылдың шетінен құруына жол беріп отырмыз. Бұл – дұрыс емес.

Бақберген ДОСПАНБЕТОВ, Сенат депутаты:

ЖОҚ
– Дәл қазіргі таңда шағын ауылдарды сақтауға ұмтылудың қажеті жоқ. Осы орайда елді мекендер статусын қайта қарау да керек емес. Біздің бала кезімізде де шағын ауылдар болды. Ол ауылдардың кішкентай балалары көрші ауылдағы мектептерге қатынап сабақ оқитын. Сонда байқағаным – барып-келіп жүріп оқыған білім білім болмайды.
Бүгінгідей ғылым мен техника күннен-күнге дамып келе жатқан заманда ауылдарды бір жерге шоғырландыру арқылы тұрғындарға жағдай жасау керек. Қазіргі таңда замана ағымының өзі бізден осыны талап етіп отыр.

Шағын ауылдарда бірлі-жарым шаруашылығының ыңғайына қарай күн көріп отырған адамдар болуы мүмкін. Ол – өзінің тірлігі, қаласа – тұра берсін. Ал біз негізгі жағдайды шоғырланып отырған ауылдарға жасауымыз керек. Дүниежүзілік тәжірибе бойынша шағын ауылдардан гөрі, шоғырланған ауылдардың саны көбірек. Тіпті оларда халықтың басым бөлігі қалаларда орналасқан. Ауыл шаруашылығының күшімен ауылдағы аз адам қаладағы көп адамды асырауы керек деген қағиданы ұстанады. Біз де ауылдардың саны азайып бара жатыр деп алаңдамауымыз керек. Бүгінгі жағдайдың өзі бізді осыған итермелеп отыр. Сондай-ақ шағын ауылдарды ұстап тұрғаннан гөрі, оларды шоғырландыру арқылы орталықтандырудан ұтарымыз мол. Шағын ауылдарды жапқаннан кейін бар жағдайды шоғырландырылған ауылдарға жұмсап, жоғары сапалы мектеп, көп адамға арналған аурухана, мәдениет үйлері мен өндіріс ошақтарын ашу арқылы ол жердегі адамдардың жоғарғы деңгейде өмір сүруіне бар жағдайды жасаған жөн.

Қазіргі таңда тіршілік нысаны жоқ теміржол разъездері мен бұрынғы кеңшар бөлімшелері жойылып бара жатыр деп дабыл қаққаннан гөрі, жаңа заманға сай шоғырланған ауылдарды көркейтуге көбірек көңіл бөлген жөн.

Бейтарап пікір

Қалдыбек қажы САБДЕНОВ, ауыл шаруашылығы ғылымының докторы, профессор:
– Ауылдағы халыққа жағдай жасап берсек, олар атажұртын тастап көшпес еді. Қазақтың ауылсыз күні жоқ. Ауыл – қазақтың тарихы, ата-бабасының жатқан жері. Үлкен адамдардың өзі қартая келе, туған жерін сағынып тұрады. Сондықтан әрбір ауылды қолымыздан келгенше көзіміздің қарашығындай сақтауымыз керек. Мейлі ол қандай ауыл болса да...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста