Қызметкерлеріне уақытылы жалақы төлемеген кәсіпорын жұмысын жарты жылға тоқтату дұрыс па?

Қызметкерлеріне уақытылы жалақы төлемеген кәсіпорын жұмысын жарты жылға тоқтату дұрыс па?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Парламентке жалақыға қатысты екі халықаралық конвенцияны ратификациялауды ұсынды. Бұл халықаралық шарт бойынша, қызметкерлердің еңбек ақысын уақытылы төлемеген кәсіпорындардың жұмысын жарты жылға тоқтатып тастау көзделген. Тіпті сонымен бірге борышты кәсіпорын жетекшісі қамауға алынуы мүмкін. Әрине маңдай тер, табан ақысымен тапқан ақысын дер кезінде ала алмай, әуре-сарсаңға түсіп жүргендердің мәселесі көтерілгені дұрыс. Өйткені қазір еңбек ақысын ала алмаған алты мың адам әр түрлі мекеменің табалдырығын тоздырып жүр. Жұмыс берушілердің ағымдағы жылдың 21-ақпанына дейінгі жалпы берешегі 828 миллион теңгені құраған. Алайда қызметкерлеріне уақытылы жалақы төлемеген кәсіпорын жұмысын жарты жылға тоқтатып тастау қаншалықты орынды? «Алаш айнасы» бұл сұрақты «Ой көкпардың» талқысына салып көрді. 


ИӘ
Абылайхан САМАТДИН,
Parasat-Group компаниясының президентi:
– Мен бұл ұсынысты қолдаймын. Неге? Өйткені қазір елімізде еңбек дауына қатысты мәселелер өте көбейіп кетті. Оның басым көбі жалақыны уақытылы төлемеу фактісіне қатысты. Жұмысшыларды келісімшартсыз жұмысқа қабылдау да белең алған. Қазір қарап тұрсаң, мемлекетімізде жалақыны уақытылы төлемеген кәсіпорындардың борыштары ірі көлемде жинақталып қалған. Мұның барлығы жақсылықтың нышаны емес. 
Қазақта: «көрпеңе қарай көсіл» деген аталы сөз бар. Мәселен бір кәсіпкерге 100 жұмысшы керек болды делік, ол оның бәрін жұмысқа алып, 50 қызметкердің айлығын төлеп, ал қалғанына еңбекақы төлей алмайтын болса, онда ол кәсіпкерді жауапкершілікке тартқан артық емес. Егер жалақыны уақытылы төлей алмайсың ба, шамаң жетпей ме, онда «көтере алмайтын шоқпарды беліңе байлама». Кәсіпкерлер осыны жете түсінуі керек. Мен өзім де кәсіпкермін. Кезінде қарамағымда 100-200 қызметкер болды. Бірақ қазір мүмкіндігімізге сай, жұмысшыларымызға алдын ала ескертіп, түсіндіріп, біраз қызметкерлерді қысқарттық. Тек мамандарды ғана қалдырып, олардың жалақысын көтердік. Ал қаншама қызметкерді жұмысқа алып, маңдай терімен тапқан еңбекақысын бермей қою, олардың көз жасына қалу – бұл өте ауыр күнә. Ондай басшы екі дүниеде де оңбайды. Сондықтан мұндай кәсіпорындардың жұмысын уақытша жауып, тіпті болмаса оның басшысын қамауға алуымыз керек. Сонда ғана елімізде бұл реттегі мәселе шешімін табатын болады.
Қайталап айтамын, қызметкерді алдын ала сынақ мерзімінен өткізіп, жақсы жұмыс істейтініне көз жеткізіп, шешім шығарып, жұмысқа алуға бұйрыққа қол қойдың ба, онда оның әлеуметтік салығының бәрін төлеуің міндет. Келіскен айлық-жалақысын да уақытында беруің шарт. Егер оның айлығын алты ай немесе бір жылға дейін бермей, мынадай қиын кезде қыспаққа алып қойса, онда мұндай сенімсіз кәсіпорынды жауып, оның басшысына қылмыстық іс қозғағанымыз артық емес. Бірақ бұл ретте де тиісті органдар алдымен кәсіпорынның тарихын қарауы керек. Ол не үшін қызметкерінің жалақысын уақытында төлей алмады, қандай қиындықтар кездесті, мүмкін доллар бағамы көтеріліп, кәсіпорынға айтарлықтай шығын келген шығар. Міне, осының бәрін тыңғылықты зерттеп алып, шешім шығарғанымыз жөн.


ЖОҚ
Ерасыл ӘБІЛҚАСЫМОВ,
қоғам қайраткері:
– Жоқ, дұрыс емес. Қазір біз шағын және орта бизнесті дамытуға барынша жағдай жасауға тырысып отырмыз. Елбасымыздың өзі оларды негізсіз тексеруге мараторий жариялады. Қайта қолдан келгенше көмек беруге, қолдау көрсетуге талпынып отыр. Енді кәсіпорын қызметкерлеріне уақыты жалақы төлей алмады деп жауып тастағанымыз дұрыс па? Бұл ақылға қонымсыз. Алдымен ол кәсіпорын не үшін қызметкерлеріне уақытылы жалақы төлей алмай отыр, қандай кедергілерге тап болуда, міне, осыны анықтауымыз керек. Қазір бізде түрлі тиісті органдар шағын бизнесті негізсіз тексеріп, сыбайлас жемқорлыққа жол беріп, бизнесті тұншықтырып тастауда. Егер осындай кедергілерден ол кәсіпорын ісі алға баспай отырса, онда тексеруші орган басшыларының өзін жауапкершілікке тартқанымыз жөн. Содан кейін мемлекеттік органдар, екінші деңгейлі банктер кәсіпкерлермен бірлесе отырып жұмыс істеп, ортақ шешімге келіп, несие беру шарттарын, пайыздық ставкаларын төмендетіп несие беруі тиіс. Сонда ғана бизнес дамиды. Ал бұлай қызметкеріне уақытылы жалақысын төлемеді деп борышты кәсіпорынның бірінші жетекшілерін қамауға алсақ, ондай кәсіпорынды жауап тастай берсек, онда шағын және орта бизнес қалай дамиды?
Бізде онсыз да заңдарымыз өте ыңғайлы жазылған. Қызметкерлерінің жалақысын уақытылы төлемесе, бірінші ол кәсіпорынға ірі көлемде айыппұл салынады. Егер жұмысшы жалақыларын төлеу мерзімін айтарлықтай ұзартып жіберсе, онда қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Тіпті біздің заңдарымызда қызметкерлерге қанша жалақы, қалай төлеу керектігіне дейін жазылған. Енді келіп жұмысшыларыңа уақытылы жалақы төлемедің деп, тағы да кәсіпорынды жауып тастайтын болсақ, бұл Елбасымыздың кәсіпкерлікті қолдау туралы тапсырмасына қайшы келмей ме? Қазір бүкіл әлем кәсіпорындарын жандандырып, кәсіпкерлік саласын дамытуға талпынып отыр. Қазір біз жер асты байлығымыз, мұнайымыздың арқасында ғана шалқып жүрміз. Ертеңгі күні ол таусылатын болса, онда халықтың жағдайы тым нашарлап кететіні сөзсіз. Сондықтан Елбасымыз мұның алдын алу үшін кәсіпкерлік саланы дамытуға барынша жағдай жасап отыр. Елбасының тапсырмасын тиісті органдар да, заң шығарушы халық қалаулылары да, бүкіл халық қолдап, «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып», бірлесіп әрекет етсек қана Мәңгілік елге айнала аламыз. 

Бейтарап пікір
Есберген АЛАУХАНОВ,
заң ғылымының докторы, профессор:
– Жалпы жалақының төлемеуге қатысты мәселенің көтерілгені дұрыс. Бірақ сол үшін кәсіпорын жұмысын жарты жылға тоқтатып тастау тым қатал жаза деп есептеймін. Өйткені, бір дөңгелеп, жұмыс істеп кеткен кәсіпорынды тоқтату, оны кейін қайта жүргізу оңай шаруа емес. Сондықтан жұмыс істеп тұрған кәсіпорын тоқтамауы керек. Бірақ сол мекеменің басшысына жаза қолданып, ірі көлемде айыппұл салып, Еңбек кодексі мен Ата Заңның аясында түрлі шаралар қолдануға болады. Себебі, мекеме басшысы жұмысты жүргізуге, қызметкерлеріне уақытылы жалақы төлеуге, кәсіпорын жұмысын жандандыруға міндетті. Дегенмен сол үшін кәсіпорын жұмысын тоқтатып тастау дұрыс емес деп есептеймін.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста