Қыздарымыздың шетелде білім алуын шектеу дұрыс па?

Жер бетіндегі сұлулықтың символы табиғатынан ерекше жаратылған қыздар қауымы екенінде ешкімнің таласы болмас. Әсіресе күндей көркем, гүлдей нәзік қазақ қыздары қай заманда да қоғамнан ерекше орын алған. Тал бойына қыр гүліне тән нәзіктікпен қатар батылдық жарасқан қазақтың қыздарынан өрлік те, ерлік те, тапқырлық та, төзімділік пен қайраттылық та табылады. Бүгінде қаншама қазақ отбасылары қыздарының болашағынан үміт күтіп, оқытып, тоқытып, ертеңіне сенім артады. Білім қуған қыздарымыз қазіргі кезде алыс-жақын шетелдерде де оқып жүр. Осындай шекара асқан қыздарымыздың тағдырына жоғары шенділеріміз алаңдаушылық білдіріп, нәзікжандыларымыздың шетел асуына шектеу қою мәселесін көтеріп жүр. Алайда дәл қазіргі кезде мұндай шектеу қыздарымыздың құқығына нұқсан келтірмей ме? Әлде қыздарымызды шетелге жібермей, өз елімізде оқытсақ ұтылмаймыз ба?

Жабал ЕРҒАЛИЕВ, ҚР Парламент Сенатының депутаты:
иә
– Соңғы уақытта шет мемле­кет­терде білім алып жатқан қазақ қыз­дарының түрлі себептермен кісі қолынан қаза табуы, басқа да жай­сыз­дықтар мен абыройсыздыққа ұшы­рап жататындықтарын ақпарат агент­тіктері айтып та, таратып та жа­тыр. Әрине, қыздарымыздың қай мем­лекетке барып білім аламын де­се де, ол өздерінің құқықтары екен­дігін де білеміз. Алайда өз қыздары­мыз бен қарындастарымыз шетелге оқуға ба­рып, ол жерде қаза тауып жат­са, одан қалды қыздарымыз кім кө­рін­генге тұрмысқа шығып кетіп жат­са, ол елдігімізге сын емес пе?! Бү­гінгі қыз балаларымыз ертеңгі ұрп­а­­ғымыздың аналары емес пе?! Ұлты­­мыз­дың ұрпағын дүниеге әке­летін де қазақ қыздары емес пе?!
Етегін жел көтермеген қыз бала­ла­ры­мыз­ды шетелдерге шашыратып жібе­ре­тін­дей және жат жұрттың азаматтарына сұ­рау­сыз кете беруіне осыншалықты бейқам қа­райтындай, біз көп пе едік, ат төбеліндей ғана халық емеспіз бе?!
Көкейдегі ой мынаны айтады: ендігі ара­да қыздарымызды шет мемлекетке оқу­ға жіберуді мейлінше шектеп, керісінше, олар­дың өз елімізде толыққанды және осы за­манға лайықты әрі қажетті білім алу­ла­ры­на және сол оқу орындарының өзінде қазақы да ұлттық отбасылық құн­ды­лық­тар­ды мең­ге­ріп, тәрбие алуларына, сөйтіп, қыз­да­ры­мыз­ға өнегелі отбасын құруға жағдай жаса­ға­нымыз жөн сияқты.
Қазіргі уақытта Қазақстанда қыз бала­лар­­ға арналған Алматыдағы Қазақ қыздар мемлекеттік университеті ғана бар. Ендігі арада қыз балаларымыз шетелде қандай ма­мандықтарды игеруге ынталы болып отыр, соны зерттеп және де Елбасының елі­мізді индустрияландыру саясатын жү­зе­ге асыру үшін қандай мамандар қажет, міне, сол қажетті мамандықтар бойын­ша білім беру мақсатында Астана қа­ла­сында мем­­лекеттің толық қам­қор­лы­ғында бо­ла­тын қыз балаларға ар­налған осы за­манғы тағы бір жо­ға­ры оқу орнын ашуды көңіл жөн санайды. Әрине, бұл бүгін не ер­тең шешілетіндей мәселе де емес шығар. Ұлттың ұлы мұ­рат­та­ры­ның бірі ретінде қыз баланың тағдырын бәрінен де жо­ғары қоя­тын болсақ, Үкімет­тің бір бүйі­рінде осы бір мә­се­ле­лер жат­са екен деймін.
Және де ертеңгі күні Еу­ро­­паның мәдениеті деп сі­ле­кейлері шұбырып жүр­гендер осы отырған біз­ден сол Еуропаның жасанды мә­де­ние­ті мен бейәдеби еркін­ді­­гін, мә­се­лен, бір жыныс­ты­лар­дың бір-бірімен үй­лену, бол­­маса туасынан бітті өз жы­ныс­та­рын ота жасау арқылы өзгерту сияқты жа­ра­ты­лыс­­тың да, ұлтымыздың да қа­ғи­да­ла­ры­на жат­пайтын өрескелділіктерді де заң­дас­ты­рып беруді талап етіп, алдымызға кел­мей тұр­ған­да­рында, желкілдеп өсіп келе жатқан ұр­пағымызды Елбасы айтып отыр­ған «бағыт-бағ­­дарын жоғалтып алып бара жат­қан» жас­та­­­рымызды өз ұлты­мыз­дың, Қазақ­станды ме­­кен­деп отырған өзге де ұлттар мен ұлыс­тар­­дың да өз ұл-қыз­да­рын өздерінің от­ба­сы­лық ұлы құндылықтары негізінде тәр­бие­леу­ге барынша мұқият болып, отбасының жауап­­кершілігін арттыра түсуге шақырар едім.

Жеміс ТҰРМАҒАМБЕТОВА, Адам құқықтары хартиясының атқарушы директоры:
жоқ
– Ең алдымен, мұндай мәселе кө­термес бұрын өз еліміздің Консти­ту­ция­сымен, заңдарымен, адам құ­қық­тары туралы халық­аралық стан­дарттармен жақсылап танысып алу керек. Заң бойынша кәмелетке тол­ған әрбір адам еркін жүруге, ша­масы келсе қалаған елінде білім алуы­на, таңдаған адамымен от­ба­сын  құруға қақысы бар. «Бүйректен си­рақ шығарып», қазақ қыздарының бас­қа елде білім алуына шектеу қою­дың қажеті жоқ. Қыздарымызға қам­қорлық таныту керек шығар, бі­рақ олардың құқығын шектеуге бол­май­ды. Шетелге оқуға бармай-ақ, өз елімізде жүріп түрлі жағдайларға ұрынып, өзге ұлттың өкілімен тұрмыс құрып жүрген қыздарымыз да бар ғой.
Өзге мемлекетте жүріп оқыс жағдайға ұшыраған немесе дәм-тұзы таусылып қаза тапқан, әйтпесе шетелдік азаматқа тұр­мысқа шығып, жарасып кете ал­ма­ған бірді-екілі қыздардың тағдырына бо­ла, бүкіл қазақ қыздарына ше­тел­де оқуына рұқсат бермеу дегеніміз – олардың құқықтарын аяқасты ету болып саналады. Сондай-ақ тағы бір айта кетер мәселе – адамның сезіміне шек қоюға бола ма? Жү­регі қалап тұрса, қыз­да­ры­мыздың шетелдік азаматқа тұрмысқа шығуына қалай жол бермейсің? Біздің қазақ­­тың қыздары өз елі­міз­де де, өзге елде де еш­кімді ба­сындырып қой­май­ды, нәзік болса да, өз­дерін қор­ғай алады деп ой­лай­мын. Қыздарын бетінен қақ­пай, бар тәтті-дәмдісін солардың аузына то­сып, еркелетіп өсіретін қазақ халқы пер­зент­терінің тәрбиесіне де ерекше мән бер­ген ғой. Меніңше, отбасында әкесінің, ана­сының тәрбиесін көріп, инабатты бо­лып өскен қыздар қайда жүрсе де, әдеп­тіліктен аттамайды. «Ұяда не көрсең, ұш­қанда соны ілесің» демей ме қазақ. Ше­телге білім алуға кетіп жатқан қызда­ры­мыз­дың көбі – өте білімді, дарынды, ал­дына қой­ған мақсаттары бар қыздар. Бүгінгі таңда ген­дерлік саясатты дамытып, қоғамның бар­лық саласында қыз­да­ры­мыз­дың үлес салмағын арттырып жатқан шақ­та оларды мемлекеттен шығармай, шек­тен тыс «қам­қорлық» жасау артық деп есептеймін. Қазақ­тың тарихына үңілетін болсақ, қазақ­тың қыз-келіншектерінің ара­сында ел басқарғандары да бар, хал­қының басына күн туған шақтарда атқа қонып, елін-жерін қорғауға да атсалысқан, мемлекеттік мә­се­лелерді оңтайлы шешуде де қыздарымыз ешқашан аянып қалған емес. Сондықтан қыздарға да қоғамның толыққанды аза­ма­ты ретінде қарап, олар­дың құқық­та­рының бұзылмауын есте сақ­тауымыз керек. Қазіргі уақытта тіпті ислам мем­ле­кет­тері қыз балалардың білім алуына шек­теу қойып отырған жоқ. Біздің елімізде шетелге шыққан әрбір аза­ма­ты­мыз­дың құқығын қорғаумен айналысатын ұйым­дар бар. Сонымен қатар басқа мем­ле­кетке бара жатқан кез келген азамат сол елдің заңдарын, тәртіптерін біліп барғаны жөн. Бұл тек қыздарымызға ғана емес, бар­ша азаматтарымызға қатысты.

Түйін
«Заманына қарай адамы» демекші, қазіргі алмағайып заманда таққа таласамын деп еркектермен тайталасып, өзінің табиғатында әйел, ана еке­­нін естен шығарып алып жатқан бұрымдыларымыз да көп екенін мойындауымыз керек. Иә, қыздарымыз оқысын, өз саласының мықты маманы да болсын, бірақ ақылы мен парасатынан, көркемдігі мен кемеңгерлігінен ажырамаса екен дейміз. Шығыстың арулары батыстың жетегінде кетіп, өздеріне ғана тән жұмбақтау қасиетінен айырылса, болашақ ұрпағымыз боздап қалмай ма? Жат қылықты қыздар, кесапат келіндер, көкек аналар көбеймесін десек, ер-азаматтарымыз қазақтың әр қызына қарындасындай қамқорлық жасаса екен.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста