Қыз алып қашуды дәстүр емес, қылмыс деп есептеу керек пе?
Бұл күндері «дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» деген сөзді жиі айтатын болып алдық. Соның бірі – қыз алып қашу дәстүріне де қатысты. Біреулер бұл дәстүрді қазіргі уақытта да сәтті дәстүр ретінде пайдалануға болады десе, енді біреулер мұны көнеліктің нышаны ретінде бағалайды. Қыз алып қашу қылмыс саналғанымен, заң бұл келеңсіз үрдіске тосқауыл бола алмай тұр. Қыз балаларды еркінен тыс алып қашқан соң, табиғатынан ұяң уыздай бойжеткендердің іштен тынып, амалсыз босаға аттайтын жайлар қоғамда көп кездеседі. Көбінесе ондай отбасылардың ажырасып кетіп жататыны жасырын емес. Ата-ананың ақ батасымен отау құрғанға не жетсін? Қыз алып қашудың әртүрлі жағдайда орын алатынын ескерген жөн. Сондықтан қыз баланың еркімен болсын, еркінен тыс болсын қыз алып қашу дәстүрін жаппай үрдіске айналдыруға абай болған абзал. Әсіресе, ауылдық жерде жиі кездесетін бұл дәстүрге заңымыз қауқарсыздық танытып жүр. Қысқасы, қыз алып қашу дәстүріне қарсы шығатындар да, қолдайтындар да баршылық.
Алтыншаш ЖАҒАНОВА, «Руханият» партиясының төрайымы:
Иә
– Әрине, танымайтын адамды немесе еркінен тыс алып қашу – қылмыс. Бір кездері сондай дәстүр болған екен деп, оны теріс пайдалануға болмайды. Алайда бұрынғы қазақтар да адамды еркінен тыс алып қашпаған. Бұл – ата-аналарының наразылығына қарамастан, қыздың келісім беруінен туындаған құбылыс. Оны «алып қашу» деп те, «қашып кету» деп те атауға болады. Бірақ мен мұны өте нашар дәстүр деп ойлаймын. Қыз бен келін – кез келген үйдің берекесі ғой. Ал ата-анасымен келіспей, қандай да бір қадамға бару жақсы іс емес. Біріншіден, ол өзінің қадірін қашырады. Екіншіден, ата-анасын жерге қаратады, масқаралайды. Бұл дәстүр ана мен баланың арасындағы махаббатты алшақтатады.
Сондықтан «қашып кету» деген дәстүрді мен ұнатпаймын. Ата-ананың батасын алмай кетіп қалған қыздың жат жұртқа барып оңғанын көрген емеспін. Егер де қыздың әке-шешесі шынайы разы болмаса, жігіттің де ісі – үлкен күнә. Сондықтан мен мұны заң алдында емес, өзіне және өзінің әулетіне жасаған қылмысы деп санаймын. Оны шариғат та аса дұрыс көре бермейді ғой. Мысалы, алып қашқан соң бірден неке қидырмай, той жасар алдында қидырады. Ол тойға дейін бір-екі ай өтіп кетеді. Сол тойға дейін жасаған жыныстық қатынас – шариғат бойынша зина. Ал зина – исламда ең ауыр күнәлардың бірі. Негізі, дәстүрдің абзалы – ұзатып алу. Ал қазіргі қоғамда барлығы басқаша сараланады ғой. Конституция бойынша адамдарды еркінен тыс әлденеге мәжбүрлеу қылмыс болып саналады. Және ол – дұрыс тәртіп. Дәстүр екен деп, танымайтын адамды күштеп ұрлап кететін де жағдайлар кездесіп жатады. Бұл – заң алдындағы қылмыс. Мал ұрлау да – қылмыс қой, оның қасында адам ұрлау – есепсіз үлкен қылмыс. Бірақ бұл мәселе қазіргі кезде үлкен проблема тудырып жатыр деп айтуға болмайды. Өте сирек кездесетін құбылыс. Қазір адамдар заңға бағынады.
Дидар АМАНТАЙ, жазушы:
Жоқ
– Бұл дәстүрдің о бастағы мағынасын қазіргі адамдар ағат түсініп жүр. Қыз алып қашу дәстүрі адамды еркінен тыс нәрсеге мәжбүрлеу емес. Қайта, керісінше, құбылыс десе болады. Байырғы қазақтар қыз алып қашқан кезде оны зорлықпен алып қашқан жоқ. Қайта екі жастың келісімінен барып туындаған ортақ мүдделес мұрат, мақсат болған. Мәселен, бозбала мен бойжеткен бір-бірін ұнатып қалады. Алайда оған ата-аналары қарсы болуы мүмкін. Сол жағдайда жастар өзара келісіп алып, бір-біріне қосылатын. Немесе ел мен елдің, рулардың арасында тартыс болып жатқанда, олардың арасында қыз алысып, қыз берісуге мүмкіндік болмайды. Себебі рубасылар рұқсат бермейді.
Сондықтан «қашып кету» деген дәстүрді мен ұнатпаймын. Ата-ананың батасын алмай кетіп қалған қыздың жат жұртқа барып оңғанын көрген емеспін. Егер де қыздың әке-шешесі шынайы разы болмаса, жігіттің де ісі – үлкен күнә. Сондықтан мен мұны заң алдында емес, өзіне және өзінің әулетіне жасаған қылмысы деп санаймын. Оны шариғат та аса дұрыс көре бермейді ғой. Мысалы, алып қашқан соң бірден неке қидырмай, той жасар алдында қидырады. Ол тойға дейін бір-екі ай өтіп кетеді. Сол тойға дейін жасаған жыныстық қатынас – шариғат бойынша зина. Ал зина – исламда ең ауыр күнәлардың бірі. Негізі, дәстүрдің абзалы – ұзатып алу. Ал қазіргі қоғамда барлығы басқаша сараланады ғой. Конституция бойынша адамдарды еркінен тыс әлденеге мәжбүрлеу қылмыс болып саналады. Және ол – дұрыс тәртіп. Дәстүр екен деп, танымайтын адамды күштеп ұрлап кететін де жағдайлар кездесіп жатады. Бұл – заң алдындағы қылмыс. Мал ұрлау да – қылмыс қой, оның қасында адам ұрлау – есепсіз үлкен қылмыс. Бірақ бұл мәселе қазіргі кезде үлкен проблема тудырып жатыр деп айтуға болмайды. Өте сирек кездесетін құбылыс. Қазір адамдар заңға бағынады.
Бейтарап пікір
Ұлту ҚАБАЕВА, әнші:
– Енді бір кездері «алып қашу» деген болған шығар, бірақ қазіргі кезде мұндай құбылыс байқалмайды. Жалпы, қазақта қызды алып қашудың екі түрі бар. Біреуі, қыздың өз еркімен, жігіттің жағдайы құда түсуге жетпеген кезде немесе кыздың әке-шешесі қарсы болған кезде жігітпен ілесіп, қашып кетеді. Екіншісі, жігіт бір қызды ұнатып жүріп, ол қыздың қарсылығына қарамастан, жылатып, ұрлап кетеді. Осының екіншісі қазір онша кездеспейді. Яғни екі жастың өзара келісімі арқылы жасалатын жоралғыға айналды. Қазір көп дәстүрлер жаңаша жаңғырып жатыр ғой. Және көбіне үйлесімді түрде болып жатады. Сондықтан ол қылмысқа апарады деп алаңдаудың жөні жоқ сияқты.