Қылмыстық жауапкершілік жасын ұлғайту жасөспірімдер арасындағы қылмысты көбейтіп жібермей ме?

Қазақстандағы жасөспірімдер арасындағы қылмыс – ушығып тұрған мәселелердің бірі. Кешегі Сенат отырысында балалардың қылмыстық жауапкершілік жасын ұлғайту қажет деген пікір айтылды. Қазақстанның Ішкі істер вице-министрі Александр Кулинич заңға өзгерту енгізіп, ұрлық, тонау және бопсалаушылық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік басталатын жасты 14-тен 16-ға дейін көтеру көзделіп отырғанын жеткізді. «Бұл шара жастар арасындағы қылмыс әлеміне қалай әсер етеді» деген сұрақ туындайды. Кейбір сарапшылар мұны гуманды шаралардың қатарына жатқызса, келесі бір мамандар мұндай жағдайда қылмыстың керісінше көбейіп кетуі мүмкін екенін ескертеді.

Рамазан САЛЫҚЖАНОВ, әлеуметтану ғылымының кандидаты, жастар мәселесін зерттеуші:
Иә
–Депутаттардың мұндай ұсы­нысына мен қарсымын. Біз бұған дейін де жасөспірімдер қылмысына жауап­кершілікті жұмсартуға қадам жаса­ғанбыз. Меніңше, мұндай өзгертуге тек ІІМ ғана мүдделі. Себебі жауап­кершілік жасы шегерілетін болса қыл­мыстың саны азаяды. Біздің, тәртіп сақ­шылар, соны өздерінің жетістіктері етіп көрсеткісі келіп отырған шығар. Мен бұл көзбояушылық қадамды «Қыл­мыстың алдын алу органдары жауап­кершіліктен қашып жатыр» деп баға­лаймын. Қылмыс орын алып жатады, бірақ оған жазалау болмайды. Менің­ше, қылмысқа жауапкершілік жасын 14 жастан 16 жасқа дейін шегеруге қажеттілік жоқ.
Мысалы, Еуропа елдеріне назар аудар­саңыз, олардың көбінде жауапкершілік 14 жастан басталады. Германия, Жапонияда – 14 жастан, Францияда – 13, Британия мем­лекетінде – кейбір істер бойынша тіпті 10 жастан, Ирландияда мүлде 7 жастан бастала береді. Әрине, мен тым төменгі меже қажет деп ойламаймын. Дегенмен атам қазақ «он үш жаста отау иесі» деп, осы жаста еншісін бөліп, өз алдына үй тігіп беретін. Шариғат та баланы осы тұстан бастап ересек санайды. Ендеше, біздің заң­дағы 14 жас көрсеткіші – ең дұрыс шама. Балаға «әлі баласың» деген сайын ол ба­ла­лық істеуге құмартады. Ал кері­сін­ше, үлкен істерге салып, ес толатын жасқа кел­ге­нін ескертіп отырсаң, санасы да соған бейім­деледі. Қылмысқа жауапкершілік жасын 14-тен 16-ға шегергеннен қылмыс саны қайта көбейе түседі.
Егер жасөспірімдер арасындағы қыл­мыс­ты азайтқысы келсе, оларға көп көңіл бөлу керек. Отбасы тарапынан да, мем­ле­кет тарапынан да балаларға аз көңіл бөлі­не­ді деп айтуға болады. Қылмыстың көп болуы жастарға өмірлік стимул қалып­тас­тырып, мәнді істерге баули алмаудан келіп шыға­ды. Егер біздің спорт клубтарымыз ата­сы­ның құнын сұрамай, түрлі өнер сала­сын­дағы үйірмелер қолжетімді әрі арзан болса, біз жасөспірімдер арасындағы қылмысты айтарлықтай тежер едік. Мен бұған сенім­ді­мін. Жалпы, біздің мектеп жүйемізді балаларға күтім көрсететін орталық деп атау­ға болмайды. Ол тек білім беру қызмет ор­талығына айналып кеткен.

Сәуле МЕКТЕПБАЕВА, «Халықаралық түрме реформасы» ұйы­мы­ның Орталық Азиядағы өкілдігінің директоры:
Жоқ
– Мысалы, мен мынадай оқиғаның куәгері болдым: 15-16 жастағы бір бозбала өзінің сыныптасының бағасы үш мың теңге болатын ұялы телефонын тартып алған. Бұл әрине, дұрыс емес. Бірақ оны сол үшін төрт жылға бас бос­тандығынан айырып жіберді. Буыны бекіп, санасы қалыптасып үлгермеген бозбала «түзету мекемесінен» босап шыққан соң, аса ауыр қылмыс жасайтын болса, оған кім жауап береді? Тағы да оны жерден алып, жерге саламыз. Ал соған жол беріп алған, баланы дер кезінде қыл­мыстан арашалап алмаған органдарды біреу жазалай ма?
Қылмыстық жауапкершілік жасын ұлғайту халықаралық стандарт бойын­ша жағымды шара ретінде қабыл­данады.
Себебі балалар құқығы жөніндегі халық­аралық конвенцияда балалардың қата­рына 18 жасқа дейінгілер жат­қы­зы­лады. Егер біз де жасөспірімдердің қыл­мыстық жауапкершілік жасын шегеретін болсақ, бұл шешім біздің қоғамның гуман­ды ұстанымдарға тағы да ілгері аяқ басуы болып табылады. Қазір әлемдік стандарт­тар, құқық қорғаушы мекемелер жауап­кер­шілік жасын неғұрлым жоғарылатуға үгіттеуде. Осы тұста Қазақстан бұл межені 16 жасқа шегеріп жатса, бұл жағымды жаңалықтардың бірі болар еді. Бірақ мұндай қадамнан кейін жасөс­пі­рімдер арасында қылмыс айтарлықтай көбейіп кетеді деген ой тумауы керек. Себебі жасөспірімдер осы уақытқа дейін заңнан қорыққаннан қылмыс жасамай келді деп айту миға сыймайды. Бізде жас­өс­пірімдер арасындағы қылмыс онсыз да рекордтық көрсеткіштерді соғып жатыр. Егер олар заңнан қорықса, осы уақытқа дейін қылмыс азаяр еді ғой. Ересек адам­дар заңнан, жазалаудан қорқып, қылмыстан тартынуы мүмкін, бірақ жас баланың пси­хологиясы мүлде басқа. Жастар ара­сын­дағы қылмыстың барлығы кедейліктен, нашақорлыққа еріп кетуден, қоғамға бейімделе алмауынан, тағы басқа көптеген себептерден болады. Бірақ олар заңның қаһарынан сескенбейді. Сондықтан олар өздерінің заңдағы мүмкіндігін пайдаланып, қылмысты бұрынғыдан артық жасайды деп топшылау – қате пікір. Бізде жасөс­пі­рімдер арасындағы қылмыстық көрсеткіш неліктен жоғары? Себебі балаларды күтудің жолдары қарастырылмаған. Кәдімгідей мемлекеттік деңгейде ойлас­ты­ры­лып, мамандардың сараптауынан өткен жүйелі әдіс-тәсілдер жоқ. Мысалы, бізде балалардың сауықтырушы орталықтарға барып демалуы дәстүрге айналмаған. Ересектер жағы курорттарға, сана­то­рийлерге барады. Ал балаларға арналған ондай орталықтар бізде жоқ. Мұндай мүмкіндік шетелге шығуға қалтасы көте­ретін дәулетті адамдардың ғана бала­ларында бар. Ал кедей отбасын айт­па­ғанда, орта деңгейлі отбасынан шыққан бүлдіршіндер де оны армандамайды. Нәтижесінде жастар өздеріне баламалы қызық іздейді, нашаға құмартады. Осыдан барып қатыгездік пайда болады.

Түйін
Бізде балалар десе, балабақша мен мектеп жасындағы балалар елес­тейді. Бұл дұрыс емес те шығар. Себебі кейде 18 жасқа келген не­месе одан да жасы жоғары бозбала мен бойжеткен балалық жасап қойып жатады. Оның жанында 16 жастағы жасөспірімдерді түзету мекемесіне салмай-ақ, жазалаудың өзге жолдарын қарас­ты­руға әбден болады. Оның үстіне біздің «түзету мекемелері» адам түзей алатындай құрылым емес екені кімге де болса мәлім. Есе­сіне бұзақы жастарды тәрбиелейтін реабилитациялық, қоғамға бейім­деу орталықтарын қалыптастыру маңызды болар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста