Қазіргі қазақ журналистикасы ақпараттық бәсекеге қабілетті ме?

Бүгін – Баспасөз күні. Демек, бар уақытын қолына қалам, микрофон ұстап, елінің мұң-мұқтажын қағаз бен таспаға түсіру жолында табанынан тозған журналист қауымының бір дамылдап, еңбегінің алғысын алатын күні. Сондай-ақ өзінің жүріп өткен, жүріп келе жатқан жолында кімдермен қатар, кімнен ілгері, кімнен кейін қалғанын межелейтін де шақ. Осы тұрғыдан келгенде, «Дәл қазір қазақ баспасөзі қандай халде, ақпараттық бәсекеде қандай да бір сынға төтеп бере ала ма?» деген сауал туындайды. Біз осыны бүгінгі ой-көкпарда таразылап көруді жөн санадық.

Ахмет Аляз, «Қазақстан-Zaman» ЖШС бас директоры:
Иә

– Мен 1992 жылы Түркиядан келіп, осын­да әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетіне оқуға түскен кезбен салыстырғанда, Құдайға шүкір, қазіргі қазақ баспасөзі әлдеқайда күш­ті, тіпті бәсекеге қабілетті дер едім. Себебі мен сол кезден бастап қазақ бас­па­сөзінің тарихына үңіліп, оның қоғамда алар орнына, тегеурініне зор қызығушылықпен қарап келемін. Қазақ баспасөзінің қилы кезеңдеріне қарап салыстырып отырсам, ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасыр басында, әсіресе, Алаш арыстарының тұсында кәдім­гідей үлкен биікке көтеріліп, зор беделге ие болыпты. Бірақ, өкінішке қарай, кеңес үкіме­тінің келуімен ұлт зиялыларын қырып-жою бас­талды да, сонымен бірге халық бассыз, баспасөз үнсіз қалды. 70 жыл бойы тек билік­тің айтуына құлдық ұрумен, партияны, көсемдерін мақтап-мадақтаудан арыға аса алмаған.
Солайша қазақ журналистикасы белгілі бір кезеңге дейін, яғни Тәуелсіздігімізді ал­ғанша тоқырауды бастан өткерді. Әри­не, бұл кезеңде де сондай бір қысымға, құрсаулы қоғамның ішінде үнсіз отыра бер­мей, ұлттың іштегі зарын ышқына ай­тушы Шерхан Мұртаза, Камал Смайылов, Сейдахмет Құттықадам сынды қаламы қарымды публицистер болды. Егемендік ала салған кезде де қазақ баспасөзі бірден күш-қуат алып кетті десем, өтірік болар, есін жия алмай біраз дамылдады. Сол сәтті ұтымды пайдаланып «Караван» мен «Аргументы и факты» секілді орыстілді басылымдар шықты. Өздерімен бәсеке­лесетін бірде-бір басылым болмаған­дықтан, олар кеңістікті еркін жайлады. Бұл қайта қазақ баспасөзінің еңсесін басып тастамай, намыстанып, қайраттануына қамшы басты. Қазақ журналистері ұлттық намысты қаузайтын дүниелерді жарыса жазып, оқтын-оқтын орыстілді әріптес­теріне биліктің, қоғамның жылы қабақпен қарайтынын өткір сынға алды. Алғашқы жылдары «Ана тілі» газетінің қарқыны өте жоғары болды, өйткені тіл мәселесі өте өзекті болды. Мемлекеттік тіл мәртебесін қазақ тіліне ме, әлде орыс тіліне береміз бе деген дау туып отырған тұста бұл кә­дімгідей қоғамға рух беріп, билікке әсер етті. Осылайша бірте-бірте күш алған қа­зақ баспасөзі 2000 жылдары кәдімгідей орыс­­тілді ақпарат құралдарымен бәсеке­ле­сетін, тіпті олардың алдын орағыта ала­тындай дәрежеге жетті. «Дат», «Ақ жол Қазақстан» сынды қазақша оппозициялық басы­лым­дар пайда болып, қоғамға, би­лікке кә­дімгідей қозғау салды. Олар, әри­не, қы­сым көріп, қанша сотқа тартылса да мұның бәрі кәдімгідей күрес, күш алу жо­лындағы тартыс еді. Қазір осындай жол­дар­дан өткендігіміздің арқасында қазақ бас­па­сөзімен басшылық кәдімгідей сана­сады, сыннан қорытынды шығарады. Ал бір кездері билік пен қоғамның арасында қатты алшақтық болды. Оның бір себебі, еліміздегі БАҚ туралы заңның солқыл­дақ­тығы да еді. Ол баспасөздің күшімен бір­шама жөнделді. Егер журналистер өз құ­қықтарын талап етер болса, меніңше жағ­дайымыз бұдан да жақсара түседі. Тағы бір мәселе, кез келген ақпарат құра­лының бәсекеге төтеп бере алу-алмауы қаржылық жағдайына да байланысты. Әр облыста, әр аймақта, құзырлы органдарда тілшісі бар баспасөз қуатты әскерге тең, ол ештеңеден қорықпайды. Қазір кез келген лауазымды тұлға өзі туралы баспасөзде жарық көрген тіпті бір-ақ жолдық сынның өзіне жауап береді, мұның өзі – журналист қауымының жетістігі. Бір ғана мысал: біз былтыр газетіміздің бетінде бір жылда 100-ден астам сыни мәселе көтерсек, соның 63-іне бізге жауап келді.

Дәурен Қуат, abai.kz ақпараттық порталының бас редакторы:
Жоқ

– Шыны керек, қазақ журналистикасы әлі бәсекеге қабілеттілік деңгейіне толық қол жеткізе алған жоқ. Мұндай жайттың көп себебінің бірін мен қазақ баспасөзінде қызмет етіп жүрген әріптестерімнің ішкі бір­лі­гінің, өзара үндестігінің, бір-біріне деген тілеулестігінің, бір-бірін шығармашылық тұр­ғыдан қолдай алмайтындығының кесірі­нен көрер едім. Мәселен, тележурналистен га­зеттегі әріптесінің не жазып жүргенін, болмаса газет тілшісінен радио не мәселе көтеріп жүргенін сұрап, әңгімеге тарта қал­саң, мұрнын тыржитып, иығын қушитады. Онысы «Солар не бітіріп жүр дейсің?» деп өзін­ше білгішсінгені болса керек. Біз Ресей не Қытай секілді қалың ел емеспіз ғой. Со­ған сай бұқаралық ақпарат құралдарымыз­дың да саны аз. Ендеше, бірімізді біріміз сырт­тан күндеп, ала жылан, аш бақа болмай, алдымен еліміздегі ақпарат кеңістігін тұтас­ты­рып тұрудың қамын ойлауға тиіспіз.
Өкінішке қарай, біз әлі күнге бір­ауыз­дылық танытып, қоғамдық пікір тудыру­дың орнына алты қарағайдың арасында ада­сып жүрміз. Ал мұндай жағдайда ақпа­раттық бәсекеге қабілеттілік туралы айту­дың өзі қиын емес пе?.. Бұл бір десек, екін­ші мәселе – қазақ баспасөзінің мате­риалдық тұрғыдан жадау тұрмыс кешіп келе жатқандығы. Мемлекеттік бюджетке қарайтын газеттегі талантты, дарынды жі­гіттер 20-30 мың теңгенің айналасында ең­бекақы алады. Тапқаны табан астында таусылатын журналиске осыдан кейін қа­лайша творчестволық ізденіс, өз ісіне де­ген құштарлық болуы мүмкін? Салыс­ты­рып айтар болсақ, орыстілді басы­лым­дар қай заманда да біздерден әлдеқайда ба­қуатты өмір сүріп келеді. Бүгін ХХІ ға­сырда қазақ баспасөзі енді ғана ептеп игі­лігін көре бастаған журналистердің күн­делікті жұмысына ауадай қажет қарапайым компьютер, факс, ұялы телефон деген құралдарға орыстілді басылымдар 90-жылдардың басында-ақ ие болып қойған. Олардың ақпаратқа тезірек қол жеткізуінің негізгі себебі осы болса, екінші себебі биліктің оларға бүйрегі бұрып, солардың тілінде сөйлеп, солардың тілінде алдымен ақпарат беріп, жалпаң қағуында болса керек. Орыстілді журналистердің алып бара жатқан ештеңесі жоқ. Бірақ оларға берілген мүмкіндік қазақ баспасөзіне де берілсінші, сонда көрер едік әуселелерін. «Орыстың тілін біл» деген Абай орыстың законы болмаса, қазақ оның алдында именбес еді дейді. Орыстың законы бүгін де күшті болып тұр ғой. Ақиқатын айтар бол­сақ, қазіргі біздің билік қазақ баспа­сөзіне қабырға газеті деңгейінде ғана қарайды. Қоғамды толерантты болуға шақырып бағатын билік қазақ баспасөзінің сынына төзімділік таныта алмайды. Қазақ баспасөзінің сынына төзе алмайтын билік қазақ халқының әлеуметтік талаптарына да төзе алмайтындығын көрсетіп келеді. «Келгенде Жиенқұлға шықпайды үнімнің» кебін киіп отырған қазақ баспасөзін сон­дықтан қорлайтындар көп қазір. «Қазақ баспасөзі жаза алмайды, айта аламайды» дейтін пікірлер де осыдан шығады. Дей­тұрғанмен, егер қазақ баспасөзінде жа­рия­ланып жатқан материалдарды орыс­шаға аударып берер болса, немесе қазақ журналистері жазып жатқан қадау-қадау сыни мәселелер орыс тілінде көтерілер болса, онда баспасөздің ұлттық, мемле­кеттік маңызы да арта түсер еді. Мұны неге айтып отырмыз? Өйткені орыстілді басы­лымдар ақпарат кеңістігін қаржылық топ­тар мен сыртқы күштердің мүддесіне қа­рай бөлісіп алды.

Бейтарап пікір
Гүлназ Молдабергенова, Қазақ радиосының қызметкері:
– Қазақ баспасөзі – қазақтың үні. Қазіргі кезде үніміз қалай шығып жатыр дегенге келсек, онда мен жас буынның еңбегін ерекше атап көрсетер ем. Себебі жаңашылдыққа ұмтылу, заманның талабын тез түсініп, соған сай қимыл-әрекет жасап жатқан орта буын журналистер мен жас та болса өзіндік қолтаңбасын қалыптастырып үлгерген журналистеріміз баршылық. Қазір шүкіршілік, радио, телеарна, газет-журналдармен қоса, қазақ тілінде өткір айта алатын интернет порталдар да баршылық. Алайда кемшін тұстарымыз да аз емес. Қазақ журналистерінде әлі де болса жайбасарлық, жалтақтық байқалады. Соны жоймай, бұйығылықтан арылмасақ, бәсекелестік додасында шаң қауып қалуымыз да ғажап емес.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста