«Қазақтілді БАҚ медиабизнеске айнала алмай отыр» деген пікірмен келісесіз бе?

«Қазақтілді БАҚ медиабизнеске айнала алмай отыр» деген пікірмен келісесіз бе?

Бүгінгі тыныс-тіршілігіміздің ұстанымына айналған «сананы тұрмыс билейді» ұғымы қоғамның ақпараттық кеңістігін де жаулап алды. Бұл тасқын медиа-бизнес деген терминнің пәрменділігін арттырып қана қоймай, отандық БАҚ арасында бәсекелестік қалыптастырды. Алайда біздегі бұл бәсеке журналистің кәсіби мамандығы алдындағы адалдығымен, оның қызметке деген махаббатымен, ақпаратты көпшілікке ұсынудағы объективтілігімен өлшенудің орнына БАҚ өнімінің өтімділігімен ғана таразыланатын болды. Қазақстандағы жалпыхалықтық аудиторияның мемлекеттік тілдегі ақпарат өнімдеріне деген сұранысының күштілігін ескерсек, нарықтық қоғам алып келген медиа-бизнес кеңістігіндегі қазақтілді БАҚ-тың салмағы қаншалықты? «Қазақтілді БАҚ-тың медиа-бизнеске айнала алмай отыр» деген бүгінгі тұжы­рым қаншалықты ақиқатқа сай келеді? Оның себебі мен салдарын қайдан іздейміз? Бұл пікірмен сіз келісесіз бе?


Елеусіз МҰРАТ, шолушы, журналист:
иә
– Иә, қазақтілді БАҚ әлі ме­диа-бизнеске айнала алмай келеді. Оған себеп көп. Мен солардың біразын сізге таратып айтайын. Қазақ тілінде жарық көретін ұлт басылымдарының нарық заманындағы ауыр халі төңірегіндегі бұрыннан айтыла-айтыла тәтті ауыздың дәмін кетірген ащы шындықты қанша жерден тігісін жатыстырып бүркемелегенімізбен, бәрібір ол жыртығы көрініп тұрғаны ақиқат. «Түлкінің соры қызыл­ды­ғында» дегендей, ұлт басы­лым­дарының аяғына тұсау са­лып отыр­ған кедергінің бірі – қазақ тілінің Ата заңымызда орыс тілімен тең дәрежеде қолданылатындығы.  
Әйтпесе қазақ тіліндегі басылымдарда көтеріліп жүрген мәселелердің орысша газет-журналдардағы айтылып, жазылып жүрген әңгімелерден салмағы ешбір кем емес. Тек оны ұлт тілінде оқып, қа­был­дай­тын сана аз. Сауатын орыс тілімен ашып, ойын сонымен қорытындылауға дағды­лан­­ған түрі қазақ, жан дүниесі мүлде бөлек ше­неунікке қазақ тіліндегі басы­лымға де­ген қажеттілік жоқ. Алайда олар саясат үшін қазақ тілін өркендетудің қа­жеттігін биік мінберлерден айтып, шын жаны аши­тын адамның кейпін та­ны­тып, сах­на­да рөлдерін сәтті орын­дау­дан еш уа­қыт­та да жаңылысқан емес. 90-жылдардың бас кезінде он­дай «ойын­дарға» құлдық ұрып, құлай се­нетін қарапайым халық қазір оған иланбайды. Тыңдайды, тү­ңі­ле­ді, бас шайқап, күрсінеді. Се­бе­бі жоғары жақтағы ұлық­тар­дың өзі орыс тілін жан-тәнімен қолдап, қуаттап отыр­ған­да ұлт басылымдарының мәртебесі бүгін, ертең кө­те­рі­ліп, көсе­гесі көгереді деп айтудың өзі қиын.
Ойындағы нәрсесін ашық жаза алмай, жал­тақ­­тау қазақтілді ба­сы­лым­­дарда жұрттың аузынан ақ май ақты деп дәріптеп жүрген одақтың заманында болған. Ол кездері оқырманға жол тартатын әрбір басылымды цензуралық қатаң тексеруден өткізіп, қатал бақылап отыру үркердей ғана ұлт басылымдарын осындай мүсә­пір­лік халге жеткізді. Рас, қазір ондай жазған-тер­геніңді қадағалап отыратын қатал цен­зура жоқ, есесіне қаржының аздығынан қалт-құлт етіп күн кешіп, жоғарыдағы құ­зырлы мекемелер өткізетін тендерлерге тәуелді. Қазір осы жүйе қазақ басы­лым­да­рын мықтап тұсап тастаған. Осындай жағ­дай­лардан кейін қазақтілді БАҚ медиа­бизнеске айналып кетті деп қалай айтасың?!


Сейітқазы МАТАЕВ, ҚР Журналистер одағының төрағасы:
жоқ
– Меніңше, қазақ баспасөзі на­рыққа дайын, ол бұрын да нарыққа дайын болған. «Қазақ­тілді БАҚ нарыққа дайын емес, өз бетінше өмір сүре алмайды» деген пікірді мен бұрын да еститінмін. Ол сөз қазір де қалмай келеді. Рас, бұдан бірнеше жылдар бұрын біраз газеттердің бас редак­тор­лары ­бірігіп «бізге мемлекет кө­мектеспесе, мүлдем жабы­ла­мыз, өз бетімізше күн көре ал­маймыз» деп айтқан. Міне, 20 жыл болды, мен бүкіл қазақ газетін білемін, өз бетінше шы­ғып жатыр. Оның ішінде «Алаш айнасы», «Жас қазақ», «Жас алаш» сияқты тағы басқа да көп­теген газеттер бар.  
Шымкентте де өз бетінше ақша тауып, өзіне табыс түсіріп шығып жатқан газет-журналдар көп. Рас, енді қазір нарық­тық дағдарыс кезінде мемлекет отан­дық журналистикаға көмектеспесе, болмайды. Мен мұның бәрі уақытша нәрсе деп ойлаймын. Ертең бұл кезең де өтеді. Дағдарыс бітеді. Қазақтілді газеттер дәл бүгінгі таң­да өте жақсы дамып келе жа­тыр. Бұл жерде менің айтар бір-ақ ке­ңесім бар: қазақ газет­тері же­дел түрде интернет кеңіс­тігіне көшуі керек. Түпкілікті қағаз нұсқаны қою керек деген сөз емес бұл. Бұл – соның ин­тернет нұсқасын жасау керек деген сөз. Өйткені шеттегі ағайын­дар­дың барлығы қазір Қа­зақ­стан­да­ғы журналистиканың ты­нысын осы интернет желілері арқылы ғана бақылап отыр. Қағаз нұсқа­лар­ да өмір сүре береді. Бірақ ғаламтор – біздің бола­ша­ғымыз. Себебі бізде халық саны аз бол­ғанымен, жер көлеміміз өте кең. Ол қа­ғаз нұсқалар елді аралап барып, сонау шет аймақтарға жеткенше, ол ақ­па­раттардың бәрі ескіріп, бірнеше күнде бас­қаша сипат алып кетеді. Міне, осы жа­ғы­нан қазақ газеттері кен­же­леп жатыр. Та­рату жұмыстары – мемлекет тарапынан жол­ға қойылуы тиіс шаруа. Қазір бізге керегі – осы сайттарды дамыту. Бізде менталитет басқа. Қазір жаңа буын келе жатыр. Олар ин­тернетсіз өмір сүре алмайды. Тағы бір мәселе – жарнама. Қазақ газеттерінде жар­на­ма орыс басы­лымдарына қарағанда кен­желеп жатыр. Бірақ ол да ақырындап жол­ға қойыла бастады. Қазір жар­на­масы жоқ қазақ газеттері санаулы ғана. Мұ­ның бәрінің толықтай реттеліп кетуіне біраз уақыт керек. Оны уақыт шешеді. Сатылым, таралым ісін жандандыруға жұ­мыс істесек, біздің қазақтілді БАҚ өте жақын арада-ақ бәсекеге қабілетті, нарық­қа бейімделген сала болып шыға келеді. Бұрын «кино пайда болғанда театр жойы­лады» деген. Қазір енді интернет дамып кеткеніне қарап, көпшілік «ойбай, 2030 жылдары бізде қағаз газеттер қалмайды» деп жүр. Ол, меніңше, дұрыс емес. Бәлкім, азаяр, бірақ жойылмайды. Оны шетелдік тәжірибе дәлелдеп отыр. Оларда интернет баяғыда дамып кетті. Бірақ оларда қағаз газеттер әлі де пәрменді. Күнделікті газеттері сауданың көрігін қыздырып-ақ тұр. Сондықтан біздің журналистика нарыққа бейімделе алмады деу – бекер сөз.

Түйін
БАҚ медианың бизнеске айналуынан көптеген зиялы «олар ақша тауып, оқырман жинау мақсатында кетсе, жалған ақпаратқа ұрынады, артық сенсация қуып кетеді, біреудің ар-намысына тиеді» деген қауіп қылып отыр. Осындай қауіптерді негізге алып, құзырлы орындар арнайы заңдар да қабылдай бастады. Ендеше, екі ортадан жол тауып, қазіргі заманға бейім, бәсекеге қабілетті басылым жасау басшыға да байланысты.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста