Қазақстандағы шетелдік студенттерге білімді тек қазақ тілінде беру бізге міндет емес пе?

ҚР Білім және ғылым министрлігінің ресми өкілі Серік Ырсалиев: «Қазақстанда ағылшын тіліндегі бағдарламалардың аз болуынан және елдің жоғары оқу орындарында білім беру ағылшын тілінде жүргізілмеуі себепті, Қазақстан шетелдік студенттерді елге тарту үрдісі бойынша көптеген елдерден артта қалып отыр» — деп санайтынын жеткізді. Осы орайда айта кетер жайт, қазіргі таңда шетелде 30 мың қазақстандық білім алса, шетел студенттерінің Қазақстандағы саны 10 мыңнан сәл ғана асады екен. Бірақ басты қаперге алатын нәрсе шетелде білім алатын әрбір студент сол мемлекеттің тілінде оқиды екен. Ал біздегі шетелдік студенттердің барлығы дерлік орыс, ағылшын тілдерінде білім алады. Өз елімізде өзге тілде оқытудың жөні бар ма? Экономикалық тұрғыдан түсер пайданы ойлай отырып, басты құндылық – мемлекеттік тілдің жайын назардан тыс қалдырған секілдіміз. Тәуелсіз елдің мемлекеттік тілі қайда қалмақ? Қазақстанда шетелдік студенттер тек қазақ тілінде оқуы міндет емес пе? Бүгінгі көкпарға түсер тақырып та осы жайында болмақ...

Дәурен БАБАМҰРАТОВ, саясаттанушы:

Иә
– Иә, біздің еліміз Қазақстан мемлекеті болғандықтан елімізде оқитын шетелдік студенттердің де қазақ тілінде білім алғаны дұрыс. Рас, бұған көптеген дайындық шаралары да керек. Бірақ барлық жүйені бірте-бірте қазақыландыруға үйрене бергеніміз дұрыс. Себебі қазақ жерінде қазақ тілі салтанат құруға міндетті.
 Осы орайда айта кетер жайт, шын мәнінде, шетелдік студенттердің елімізде аз болуы ағылшын тіліндегі бағдарламалардың аз болуы мен елдің жоғары оқу орындарында білім берудің ағылшын тілінде жүргізілмеуі емес, еліміздегі ЖОО-дағы оқу сапасының талапқа сай болмауынан шығар?!

Себебі еліміздегі оқу сапасы нашар деген де пікір айтылып жүргені жасырын емес қой. Сондықтан мәселені біржақты қарап, орыс және ағылшын тіліндегі аудиторияны кеңейтуге ғана тіреп қоюға болмайды. Егер қазақ тілінде білім беру жүйесін де жетілдіре түссек, қазақ бөліміндегі студенттердің де саны арта түсер еді. Тіпті тиімді тіл үйрену жүйесін де енгізсек қазақ тілін үйренем деушілердің де саны арта түсері сөзсіз. Айта кетер жайт, тек экономикалық тұрғыдан түсер пайданы ойлап қана шетелдік студенттерді тарту да дұрыс емес. Егер біздегі білім беру жүйесі алдыңғы қатарлы дәрежеде болса, бізге келер шетелдік студенттер саны өзінен-өзі арта түсер еді. Білім беру ошақтарының басты міндеті пайда түсіру емес, сапалы білім беру болуы керек.
Рас, біз қазір тек қана қазақ тілінде білім беруге дайын емеспіз. Бірақ мемлекеттік тіліміздің мүддесі үшін әзірге шетелдік студенттерге «саған орыс, ағылшын және қазақ тілінде білім алуға болады, бірақ қазақ тілінде білім алар болсаң саған жеңілдіктер бар» деп қазақ тілінде білім алушылар үшін артықшылықтар мен жеңілдіктер қарастыруға болады. Себебі көп жағдайда шетелден келген студенттердің бірден қазақ тілін таңдауы қиынырақ болады. Дегенмен шетелдік студенттер орыс тілін меңгеруге шамасы жетіп отыр ғой, демек қазақ тілін де меңгеруіне болады. Осыдан соң уақыт өте келе кешенді түрде міндеттеу әдісін де енгізуге болады. Себебі біздің еліміз қазақ елі болғандықтан мемлекеттік тіліміздің өркендеуі үшін жұмыс істеуіміз керек.

Әбдіжаппар САПАРБАЕВ, Экономикалық зерттеулер институтының директоры, экономика ғылымының докторы:

Жоқ
– Жоқ, біз шетелдік студенттерді қазақ тілінде оқуға міндеттей алмаймыз. Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өтуімізге байланысты, халықаралық тілде олардың білім алуы дұрыс. Қазіргі таңда еліміздегі шетелдік студенттердің басым бөлігі орыс және ағылшын тілдерінде білім алатыны жасырын емес. Бұл Кеңес Одағы кезінен қалыптасқан нәрсе. Және бүгінгі таңда осы жүйе ыңғайлы болғандықтан қолданылып келеді.
Тек қана қазақ тілінде білім беруге әлі де болса дайын емеспіз. Әлі күнге білім саласында қазақ тілінде маман даярлайтын оқулықтар жеткіліксіз. Сондықтан Жоғары оқу орындарында шетелдік студенттер түгілі қазақ бөлімінің студенттерінің өзі орыс тіліндегі оқулықтарды оқып келеді.

Мұндай жағдайда оқулық дайындап алмай тұрып шетелдік студенттерді қазақша оқыту мүмкін емес нәрсе. Сондықтан ең бірінші қазақ тіліндегі оқулықтарды жарыққа шығарып алу керек. Және ол түсінікті, ұғынықты тілмен жазылған болуы керек. Айта кетер жайт, қазірдің өзінде біздің елімізге келіп оқитын шетелдік студенттердің саны аз. Ал оларға қазақ тілін меңгеруді міндеттейтін болсақ, шетелдік жастар санын бұдан да қатты азайтып алуымыз ықтимал. Себебі оларға бөтен ел, бөтен жерде үйренісу қиындығына қосымша тілді меңгеру қиындығы да артады. Қазіргі таңда ең бірінші кезекте еліміздегі шетелдік студенттерді көбейту мәселесі алдыңғы орында тұр. Біздің бір ғана елімізден 30 мың студенттің шетелде білім алып, ал жан-жағымыздағы қоршаған қанша елден 10 мың шамасындағы студенттің ғана білім алуы еліміздегі шетелден келіп оқитын студенттер санының аздығын көрсетеді. Олардың елімізге келіп оқуы да еліміздің танымалдылығын арттырады. Сондықтан оларды елімізге тарту қажет. Экономикалық тұрғыдан келер пайданы да есептеуіміз қажет.
Қазіргі таңда елімізге келіп қазақ тілінде білім алғысы келетіндер саны сирек. 1-2 балаға бола арнайы қазақ бөлімін аша алмаймыз. Сондықтан осында келетін балалардың көбісінің білетін тілі –  орыс тілі болғандықтан сабақ та орыс тілінде жалғастырыла беріледі. Қазіргі таңдағы біздің мүмкіншілігіміз бен қоғам талабы шетелдік студенттердің орыс және ағылшын тілдерінде оқытылуын талап етіп отыр.

Түйін
Рас, егер біз алдағы уақытта тек қана қазақ тілінде білім береміз дер болсақ, шетелдік студенттердің саны бүгінгі күннен де азайып кетуі мүмкін. Оның үстіне қазақ тілінде оқытатын мамандарымыз бен оқулықтарымыздың да жағдайы белгілі. Алайда мемлекеттіктің белгісі болып табылатын тіл туралы да ұмытпағанымыз абзал. Бүгінгі қалтаға түсер пайданы ойлап мемлекеттік тілді шетқақпайлағанымыз елдігімізге сын болар...Қарап отырсақ әр ел өздеріне келген шетелдік студенттерді өз тілінде оқытады екен. Көршіміз Ресей елі шетелден баратын студенттерге білімді – орыс тілінде, Германия – неміс тілінде, аспан асты елі қытай тілінде береді екен. Тіпті «құс екеш құстың да өз тілінде сайрайтынын» ескерсек екен...

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста