Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі өзінің қатарына жас сарбаздарды қабылдайды

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі өзінің қатарына жас сарбаздарды қабылдайды

 Биыл, 2017 жыл Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі үшін мерейлі жыл. Себебі, МКҚ ізашарлары – Қазақстан Республикасы Президентінің күзет қызметі мен Республикалық ұланның құрылғанына 25 жыл. Ширек ғасыр бойы Елбасының және өзге де күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісін мінсіз атқарып келген құрылым қатары жас сарбаздармен толықты.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметіне Мемлекет Басшысының, күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мемлекеттік эталондарды күзету және мемлекеттік-протоколдық іс-шараларға қатысу жөніндегі маңызды және жауапты миссия жүктелген.

Қызметтің әскери қызметшілері ҚР Президентінің қатысуымен өтетін барлық мемлекеттік іс-шараларға қатысады, онда ҚР Президентінің ұлықтауын өткізу кезінде залға мемлекеттік атрибуттар мен Президенттік биліктің рәміздерін енгізеді, «Ақорда» Резиденциясында және әуежайдан шетел қонақтарын күтіп алудың салтанатты рәсімінде, Әскери парадтарға қатысу сынды жауапкершлік жүгі ауыр, әрі маңызды міндеттер әскери қызметшілердің мемлекеттік іс-шараларға қатысуының жарқын мысалы.

Шеберлікті шыңдау және жүктелген міндеттерді орындау мақсатында әскери қызметшілер күн сайын тыңғылықты дайындықпен саптық жаттығулар өткізеді. Қызметтің әскери бөлімдерінде спортты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау үшін барлық жағдайлар жасалған, бөлімдердің спорттық базасы спортпен шұғылдануы үшін жеке құрамды толық қамтуға мүмкіндік береді. Атлетикалық гимнастика, қоян-қолтық ұрыс залы, стадион жұмыс істейді. Бөлімшелерде спорттық бұрыштар құрылған, волейбол, футбол, шаңғы спорты және тағы басқа спорттық секциялар бар.

Мемлекеттік күзет қызметінде әлеуметтік қамтамасыз ету басқа әскери құрылымдарға қарағанда жоғары. Мерзімді қызметтің әскери қызметшілерінің азық-түлік паегінің құны 1259 теңгені құрайды. Күн сайын әскери қызметшілерге теңгерімді үш реттік тамақ беріледі. Негізгі азық-түлікпен қоса мәзірге бал, табиғи шырын, жемістер (алма, банан, апельсин) енгізілген. Жыл сайын әскери қызметшілердің киім-кешегіне 150433 теңге жұмсалады. Құрмет қарауылына қызмет атқаруға түскендерге киім мен аяқ киім арнайы жеке тігіледі.

Бүгін біздің республикамыздың барлық өңірлерінен әскери қызмет атқару және Отан алдындағы конституциялық борышын өтеу үшін жаңадан қабылданған 295 сарбаз салтанатты түрде Әскери ант қабылдайды. Бұл акт ерекше әскери жоралғы болып табылады, ол әскери қызметшілерде патриотизм, Отанға және Президентке адал болу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қатарында қызмет өткергені үшін бойына мақтаныш сезімін ұялатады.

Отанға қызмет етемін деп ант қабылдап, кешегі жас жігіт Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің әскери қызметшісі мәртебесіне ие болады.

Көзгі әскерге шақыру науқаны уақытында Қызметтің офицерлері әскери қызметке 2500-ден артық үміткерді зерттеп-зерделеді, бір орынға 8-9 адамнан келді.

Әскерге шақыру нәтижесі бойынша Қызмет қатарына шақырылған жас сарбаздардың сапалық сипаттамасы жоғарғы деңгейде екенін көруге болады. Көптеген әскери қызметшілердің жоғары және орта-арнайы білімі, сондай-ақ спорттық разрядтары бар.

Қызмет үміткерлеріне қатаң талаптар қойылды. Ең бастысы мықты денсаулық, білімімен қатар, бет-әлпетінің сымбаттылығы болуы шарт. Мәселен, бойы 180 сантиметрден 190 сантиметрге дейін, бойы мен салмағының қалыптылығы, орта (толық) білімінің, оқу және жұмыс орындарынан жақсы мінездеменің бар болуы. Үміткердің моральдық-іскерлік қасиеттеріне және дене шынықтыру дайындығына ерекше назар аударылды.

Әскери қызмет үшін іріктелініп алынған үміткерлер ҚР ҰҚК органдарынан арнайы тексеруден өтеді.

Сарбаздар бір ай бойы жас жауынгер курсынан өтті және бүгін өте қысқа мерзімде алған машық-дағдысын көрсетеді. Қарумен және қарусыз саптық амалдарды көрсетіп, салтанатты маршпен жүріп өтеді.

Ант қабылдағаннан кейін жас сарбаздар ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің әскери бөлімдері бойынша (Астана және Алматы қалаларында) таратылады және әскери мерзім аралығында жүктелген аса жауапты міндеттерді атқаруға кіріседі. Атап айтқанда, ШЫҰ Саммиті, шетел мемлекеттерінің басшыларын күтіп алу.

Әскери антты салтанатты қабылдауға Алматы қаласы Әкімдігінің өкілдері, қоғам қайраткерлері, ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің ардагерлері, сарбаздардың ата-аналары мен туыстары шақырылды.

Жиылған қауымға ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің әскери қызметшілері өздерінің шеберліктерін, кәсіпқойлығын және іс-қимылдарының үйлесімдігін көрсетеді.

Президенттік үрмелі аспаптар оркестрі мен құрмет қарауыл ротасы плац-концерттің (дефиле) жаңа бағдарламасын көрермен назарына ұсынылады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста