«Қазақстан мен Ресей тарихын екі ел ғалымдары бірлесіп жазуы керек» деген пікірді қолдайсыз ба?

«Қазақстан мен Ресей тарихын екі ел ғалымдары бірлесіп жазуы керек» деген пікірді қолдайсыз ба?

Күні кеше ғана «Ортақ тарихи тамырластық – Еуразиялық одақ құру факторы» деген тақырыппен өткен Ресейдегі интеграциялық клубтың кезекті отырысында Ресей Ғылым академиясы, жалпы, Тарих институтының директоры Александр Чубарьян мырза Қазақстан мен Ресей бірігіп, ортақ тарих оқулығын жазу ісі туралы талқылау жүріп жатқанын мәлімдеген-ді. Сол-ақ екен, еліміздің қайсыбір ғалымдары Чубарьян мырзаның мәлімдемесіне ілесіп, «алдымен Ұлы Отан соғысын жазу, одан кейін тың игеруді жазып, ұжымдастыру мен ашаршылық кезеңдеріндегі ортақ тарихты бір жүйелеп алсақ, кейін біріге отырып әрі қарай тереңдете беруге болады» деді. Осылайша бірқатар ғалымдарымыз Қазақ елі мен Ресей елінің бірлесіп тарихты жазуын қолдап та отыр. Керісінше, қайсыбір ғалымдар «бұл үрдіс қазақты тағы да Ресейдің ықпалына көнуге апарады, мұнымен келісу – ұлттық намысты аяқасты ету» деп те пікірлер білдіруде. Сонымен, екі елдің бірігіп тарихты жазуы дұрыс па, әлде бұрыс па? Біз арнайы сауалды мамандардың талқысына салдық.


Мұрат ҒЫЛМАНОВ, ҚР ҰҒА академигі, профессор:
иә
– Мен бұл пікірді қолдаймын. Әрине, мұндай пікірде екенімді біреулер жақтырмас. Дегенмен бұл мәселенің көтерілуінің аста­рында үлкен мән жатыр. Біз Ресей мен Қазақстан тарихын екі ел бірі­гіп жазуға бейілміз. Себебі Қазақ елінің 300 жылдық тарихы Ресей мұрағаттарында сақтаулы. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ақтаң­дақтарымызды, тың игеру кезіндегі тарихи деректерді бы­лай қойғанда, одан әрісі ұлт-азат­тық көтерілісіне қатысты, ашаршылық жылдарындағы тари­хи мұралар­дың барлығы Ресей мұрағаттарын­да ақтарылмай, зерттелмей, шаң ба­сып жатыр.
Сондықтан еліміздің тарихына қатысты құнды деректерді қолымызға тигізгіміз кел­се, мұндай әрекетке барған жөн. Екі ел­дің тарихын «екі ел ғалымдары бірігіп жазатын болса, сауатты, құнды дүниелер шы­ғады» деп ойлаймын. Ресей елінің тарихына қатысты да біздің мұрағаттардан да біршама дүниелер табылады. Біз нелік­тен «Тарих толқынындағы халық» бағдар­ламасын қабылдадық. Біздің тарихымызда ала-құлалық болғандықтан, қазірде қазақ тарихын қайта жазу керек болып отыр. Арғы тарихты қозғап, тереңге бармай-ақ қояйын. Бір ғана Екінші дүниежүзілік со­ғыстың ашылмаған ақтаңдақтары көп. Бұған қатысты кейде жеңіл, елге қисынсыз да хабарлар тарап кетеді. Мұның барлығы жеңіл «сенсация» іздейтіндердің салдары­нан орын алып отыр. Мысалы, өткенде ғана Кеңес Одағының даңқты батыры Әлия Молдағұлованың мүрдесі Ресей жеріне қатысты Псков облысының бұрын­ғы Печевка ауылы маңында жүргізілген іздестіру жұмыстары кезінде ғана табы­лып, қайта жерленді. Бұл – бір ғана дерек. Ал мұндай деректер жетіп-артылады. Сол Әлияның мүрдесін іздеуге де Ресей ма­ман­дары, ғалымдары бірлесті. Осылайша, ойлап қарасақ, біздің тарихымызды қайта жазу барысында Ресей ғалымдарының еңбегі, бірлесуі өзінен-өзі қажеттілік бола­ды. Ендеше, неге олардың да еңбегін пай­даланбасқа?! Бұл арқылы «қайтадан Ре­сейдің ықпалына жығыламыз, мүддеміз аяқасты болады» деп дабыра салудың қа­жеті жоқ. Сондықтан өз басым мұны қол­даймын. Тарих сабақтастығы ретінде екі ел тарихын бірлесіп жазу керек деген ойдамын.


Амангелді АЙТАЛЫ, мемлекет және қоғам қайраткері:
жоқ
– Бұған мен түбегейлі қарсымын. Бұл үлкен қитұрқы саясаттың көрінісі деп есеп­тей­мін. Қазақтың тарихын тек қана қазақтың көзіменен, қазақтың сөзіменен жазу керек! Қазақтың басынан кешкен қайғы-қасіре­тін қазақтан өзге ешкім түсіне ал­майды. Сондықтан өз тари­хы­мызды өзіміз ғана жазғаны­мыз жөн. Қазақ-Ресей қарым-қаты­настарында қазақ халқы – әр уақытта да отар­ланған ұлт, Ресей отарлаушы ұлт болып келді. Ал отарланған ұлт пен отарлаушы ұлттың саясаты ешқашан бір арнаға тоғыспай­ды.
Мысалы, тәуелсіз Үндістанның бірінші премьер-министрі болып Джавахарлал Нерудің тұсында Үндістанның тарихы қай­та жазылды. Ол Англия халқының немесе басқа елдің емес, әрине, Үндістан халқы­ның көзімен жазылды. Сондықтан бұл қи­тұрқы саясатқа Қазақ елінің тарихшылары ұлттық намысы болса, ешуақытта келіспеуі керек. Ұлттық намыс арқылы тарихты бұр­малауға жол бермеу керек. Ресейдің әуел­ден қалыптасқан, жалпы, саясаты қазақты тұқырту, шамасы келсе, қазақты шоқын­ды­ру, қазақтың ұлт-азаттық көтерілісін басу, санамызға орыс тілін, орыс мәдение­тін таңу болды. Біз күні бүгінге дейін сол отарланған саясаттан арыла алмай, қазақ интеллеген­циясының санасында күні бү­гінге дейін атеистік, коммунистік көзқарас, билікке табыну, басқа да кешегінің іздері көрініп тұр. Бұдан нақ қазір үлкен қасірет кө­ріп отырмыз. Біз әлі де сол отарлану саясаты­ның салдарын санамыздан өшіре алмай жүрміз. Әсіресе тіл, мәдениет, та­рих мәсе­лесіне келгенде ақсап жатырмыз. Жалпы, ұлтқа қатысты дүниелерде терең­дік, тара­зылау, шынайылық болсын десек, әр­да­йым ұлттық мүддемізді биік ұстағаны­мыз абзал. Ұлттық сезім – ең бір терең сезім, өз тілін білмесе де, өзін тегіне қарай ұлтқа жатқызу – кең тараған үрдіс. Сон­дық­тан отарлау саясатының салдарынан арылту мақсатында қазақ ұлтының бо­ла­шағы үшін ешкімге жалтақтамай, қазақтың тари­хын өзіміз жазып шығуымыз керек. «Қа­зақ­стан мен Ресей тарихын екі ел ға­лымдары бірігіп жазсын» деген пікірге қос қолымды көтеріп қарсы шығамын. Керегі жоқ! Әр ел өз тарихын өзі зерделеуі тиіс. Келер ұрпақ үшін біз осыны жасауымыз қажет.
                                     Абай ОМАРОВ (коллаж)

Бейтарап пікір
Ерлан СЫДЫҚОВ, тарих ғылымының докторы, профессор:
– Менің бұл ретте айтар пікірім, әркім өз тарихын өзі жазуы керек. Қазақтың тарихын қазақ тарихшыларынан артық ешкім білмейді. Рас, 300 жылдық тарихымызға байланысты құжаттар Ресей мұрағаттарында жатыр. Кезінде КСРО бір мемлекет болып тұрған кезде ортақ тарих жазылды. Сондықтан сол ортақ тарихты жазған Ресей ғалымдарының арасында қазақтың тарихын жіті білетін тарихшылар болуы әбден мүмкін. Осыны ескерсек, көмек ретінде сол тарихшыларды жұмылдыруға да болады. Мысалы, осы арқылы Қазақстан КСРО құрамында, Қазақстан Ресей империясының құрамында деген жеке-жеке зерттеу кітаптары болуы керек шығар. Ал жалпы ортақ тарихты бірігіп жазу қажет емес. Ресей ғалымдарының идеяларын, зерттеулерін пайдаланғымыз келсе, оны да арнайы сілтемесін беріп пайдалануға болады. Дегенмен де бүкіл тарихты бірлесіп жазу туралы идеяны аса қолдамаймын. Ақиқаты, қазақтың тарихына қазақ ғалымдарының өзінің жаны ашуы тиіс. Өзімізден артық қазаққа жаны ашитын жан жоқ. Сондықтан қазақтың тарихшылары, этнографтары, басқа да ғалымдары өз тарихымызды өзіміз жазып шыққанымыз дұрыс.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста