Қазақстан әскери контингенті «Әскери бауырластық-2017» жаттығуына қатысып жатыр
Тәжікстан Республикасындағы «Харбмайдон» әскери полигонында «Әскери бауырластық - 2017» шұғыл-стратегиялық жаттығуы шешуші кезеңінің салтанаттты ашылуы болып өтті.
Салтанатқа Бас штаб бастығы-Тәжікстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары генерал-майор Эмомали Сабирзода, КСОР ОДКБ Біріккен штабының бастығы генерал-полковник Анатолий Сидоров пен оқу-жаттығудың жетекшісі, Ресей Федерациясы Орталық әскери аймағы күштерінің қолбасшысы генерал-полковник Владимир Зарудницкийлер қатысты. Қазақстан Республикасының әскери контингентін ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Адылбек Алдабергенов бастап келді.
Салтанатты ашқан генерал-полковник Владимир Зарудницкий ОДКБ шеңберінде өткізіліп отырған оқу-жаттығудың жоғары деңгейін және Орталық Азиядағы заманауи қауіптің алдын алуға ұжымдық қауіпсіздік жүйесін жетілдіруге байланысты бұл шараның маңызын атап көрсетті.
«Әскери бауырластық-2017» шұғыл-стратегиялық жаттығуының шешуші кезеңіне Армения, Белоруссия, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан Республикаларының әскери контингенттері қатысып отыр. Оқу-жаттығу шарасының басты мақсаты басқару органдарының үйлесімін жетілдіру, сонымен қатар ОДКБ мүше елдері қарулы күштерінің таулы аймақтағы қақтығыстарды тоқтату ісін бірлесіп жүргізуге бейімдеу болып табылады.
Қазақстан Қарулы Күштерінен КСОР біріккен штабының шұғыл тобы, арнайы операция күштері бөлімі, майдан және әскери-транспорттық авиациядан 15 ұшақ қатысып отыр.
-Әрбір бірлескен жаттығу халықаралық әскери әріптестікті дамытудың тиімді құралы болып табылады. Сондықтан бұл шара да шұғыл қимыл Ұжымдық күштерін дайындауды жетілдірудің кезекті қадамы екеніне күмәнім жоқ,- деді жаттығудың ашылу салтанатында генерал-майор Адылбек Алдабергенов.
«Әскери бауырластық - 2017» шұғыл-стратегиялық жаттығының шешуші кезеңі 17-қарашаға дейін жалғасады.
С. Ақынжанов