Қазаққа неке агенттіктері қажет пе?

Қазаққа неке агенттіктері қажет пе?

Әлемде ең алғашқы неке агентігі осыдан үш ғасырдан астам уақыт бұрын құрылған. Кейбір мәліметтерге сүйенсек, алғашқы неке конторасы «Кездесулер мен мекен-жайлар бюросы» деген атаумен сонау 1650 жылы Лондонда ашылған екен. Сол уақыттан бері жұбайын хабарлама немесе танысу қызметі арқылы табу кеңінен тарады.Қазіргі кезде біздің елімізде де, әсіресе ірі қалаларда неке агенттіктерінің саны артып келеді. Екі жартыны бір бүтін етеміз деп өзін-өзі жарнамалап жүрген неке агенттіктері бізге қажет пе? Міне, дәл осы сауал «Алаш айнасының» бүгінгі санында сарапшылар талқысына салынбақ.  


Иә
Махббат ҚАЙДАРОВА,
«Махакай» неке агенттігінің директоры:
– Қазіргі заманда сөз жоқ, неке агенттіктері қажет. Кейбір адамдар жалғыздыққа мойынсынып, отбасын құрудан қашады, қорқады. Біздің агенттік осындай жалғызбасты адамдардың бойындағы қорқынышты жеңуге, бақытты отбасын құруға, көмектеседі. «Үйлену оңай, үй болу қиын» деп жатады ғой, бірақ мен айтар едім, орта жастағы адамдарға үйлену де оңай емес. Өйткені уақытында отбасын құрып, теңін таба алмаған адам жасы келген сайын қоғамнан оқшаулана береді. Шетелдік ғалымдардың зерттеуіне сүйенсек, жалғызбасты адамдар отбасылы адамдарға қарағанда аз өмір сүреді. Өйткені олардың уақыт өте келе өмір сүруге деген құлқы болмайды. Жалғыз өмір сүрудің азабын тек басына түскен адам ғана түсіне алады. Қазіргі таңда жалпы әлем бойынша жалғыз өмір кешетін адамдардың саны артқан. Өйткені қазіргі заманда адамдардың өмір сүру салты қатты өзгерді. Таңнан кешке дейін жұмыс, уақыт тапшы, таныстармен, дос-жаранмен араласуға мүмкіндік жоқ. Оның үстіне адамдардың жасы отыздан асқаннан кейін араласатын ортасы да тарыла бастайды. Бұл жалғызбастылықтың басты себебі. Сондай-ақ біреулер өзінің теңін дұрыс таппағандықтан  дәм-тұзы жараспай ажырасады, енді берулердің жарлары ерте дүние салады. Бірақ қандай жағдай болса да адамдардың өмірінің соңына дейін жалғыз болып қалуы дұрыс емес. Сондықтан қазіргі кезде жалғыз қалған жандарға өз  жартыларын табу үшін көмектесу керек. Біздің мақсатымыз бір жұптың болса да отау құруына септігімізді тигізіп, қоғамға тағы бір отбасының қосылуына мұрындық болу. «Махакай» неке агенттігі жалғызбасты адамдарды тек таныстырып қана  қоймай, оларға неке, отбасы, отбасының беріктігі басқа да көптеген тақырыптарда семинарлар, тренингтер өткізеді. Бізге келген адам кәсіби психологтың кеңесін ала алады. Өзінің жұлдыз жорамалына сәйкес жар табуға агенттіктегі астролог мамандар көмек береді. Өзімнің негізгі мамандығым музыкант, бірақ психолог, астролог мамандықтарын да игергенмін. Өзімнің неке агенттігімді ашқаныма  18 жыл болды. Қаншама адамның өз жартыларын табуға септігіміз тиді. Мәселен, былтырғы жылы біздің агенттік арқылы танысып, табысқан 12 жұп отау құрды. Әлеуметтік желіде жылдап отырса да жар таба алмай, неке агенттіктері арқылы теңін тапқандар туралы мысалды көптеп келтіруге болады. Меніңше, әрбір адам бақытты болуға лайықты.


Жоқ
Жарылғап ҚАЛЫБАЙ,
«Аңыз адам», «Жұлдыздар отбасы» журналдарының бас редакторы:
– Қазіргі таңда біздің елімізде ұлттық ерекшелігімізге, менталитетімізге сәйкес келетін неке агенттіктері жоқ, себебі бізде ұлттық санамызға сай жұмыс істейтін мамандар жетіспейді. Иә, әлемнің көптеген елдерінде неке агенттіктері бар. Мәселен, Қытай, Жапонияда мұндай неке агенттіктері өздерінің салттарына, менталитеттеріне бейімделген.  Ал біздегі агенттіктердің барлығы дерлік ислам дініне, қазақ халқының діліне, салт-дәстүрімізге қайшы еуропалық үлгіде жұмыс істейді. Менің білуімше, неке агенттіктеріне берік отбсын құру үшін өмірлік жарын іздеп баратындар өте аз. Онда баратындардың көбі жай ғана қызық іздеп жүргендер.  Бұған дәлелім де жоқ емес.
Өздеріңізге белгілі, еліміздің әйгілі демографы Мақаш Тәтімов бізде отырып қалған қыздардың саны көп екенін, бойдақ жігіттеріміздің де аз емес екенін айтып келеді. Осы мәселе мені де біраз толғындырды. Сондықтан осыдан 12 жылдай бұрын еліміздің түкпір-түкпірінде жүрген жалғызбасты қыз-келіншектерді, жігіттерді таныстырып, олардың отбасын құруларына септігіміз тисін деген оймен «Неке қияр» деген газет аштым. Осы басылым арқылы бірен-саран отау құрған жұптар да болды. Бірақ менің байқағаным, әсіресе еркектер жар табудан гөрі төсектес әйел іздейді. Әйелімен ренжісіп қалған немесе әйелі көңілінен шықпай жүрген жігіттер уақытша ермек іздейді. «Не көп ажырасқан әйел көп қой, соларға барып көрейік» деген ой олардікі. «Ерлі-зайыптының ортасына есі кеткен түседі» демекші «Неке қияр» біреудің бағын ашамын деп, басқа біреудің шаңырағын ортасына түсіріп жүрер деген оймен бұл басылымды жаптық.
Неке агенттіктері мүлде керек емес деп кесіп айтуға болмас, дегенмен мұндай агенттіктер игілікті мақсатқа жұмыс істеп жатыр деп айту қиын. Жалғызбастыларды таныстырып, табыстырып, сауабын алудан көрі агенттіктер өз қалталарының қамын көбірек ойлып, мұны бизнеске айналдырып алған. Агенттіктер арқылы жұптасқан жандардың өзі азаматтық некеде уақытша тұрады, бақытты отбасын құрғандар некен-саяқ.

Түйін  
«Түзу шығу үшін түтін, болу керек екі жарты бір бүтін» деген сөз бар қазақта. Рас, өмірдің мән-мағынасы отбасын құрып, дүниеге ұрпақ әкелу емес пе? Алайда мұндай бақыт барлық пендеге бірдей бұйыра бермейтіні де шындық. Егер бәріміз айналамыздағы таныстарымыздың, достарымыздың, туған-туыстарымыздың арасында жалғызбастылар бар ма деп ойланатын болсақ, әрқайсымыз өз жақындарымыздың ішінде бірі ажырасқан, енді бірі жарынан айырылған, тағы бір өз теңін таба алмай жүрген адамдарды байқаймыз.  Ал статистистикалық деректерге сүйенсек, елімізде жасы 30-дан асқан жалғызбасты адамдардың саны 800 мыңнан асып жығылады екен. Осындай жалғыздықтың тауқыметін тартып жүрген адамдарға қалай көмектесуге болады? Жетім-жесірін жылатпаған халықтың ұрпағы едік қой. Аталы сөзге тоқтап, ананың ақылын тыңдаудың орнына ендігі уақытта неке агенттіктеріне үміт артпақпыз ба?

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста