Қазақ қаламгерлеріне әдеби агент керек пе?

Қазақ қаламгерлеріне әдеби агент керек пе?

Қазақ халқының ақын-жазушылары ұлттық мүдде жанашырлары десек, артық айтқандық емес. Алайда нарық заманы келгелі бері олардың шығармалары қалың бұқараға, яғни өз оқырмандарының қолына толық жетпей жатқандығы рас. Не істеу керек? Бүгінде көптеген ақын-жазушылардың кітаптары мемлекеттің демеушілігімен басылып шығады. Бұған қоса, бірлі-жарым кәсіпкер азаматтарға да анда-санда арқа сүйеп қоятынымыз бар.  Жалпы, ұлттық мүдде сұранысына ие ақын-жазушыларымыздың кітаптары неге мемлекеттің болмаса жекелеген ақшалы азаматтардың қалтасына тәуелді болуы керек? Олардың қара орман оқырманы қайда? Қазақ халқы кітап сатып алып оқымай ма? Әрине, оқиды. Бірақ оқырман мен шығармашылық иесінің, яғни шығарма мен оқырман қауымның арасын жалғастыратын нарық заманына сай механизм болмай тұр. Бұл тығырықтан шығудың жолын кейбіреулер әдеби агент жұмысын жолға қоюдан іздейді. Бұған зиялы қауым не дейді?

sayat-kamshyger-ia

Саят Қамшыгер, ақын, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының аға референті:

Жоқ
– Дамыған елдерде жазушыны насихаттаумен әдеби агент жұмыс істейді» деп мерзімді баспасөздерден оқып та, естіп те жүрміз. Ондай дәстүр біздің елімізге түбінде бір келуі мүмкін, бірақ дәл қазір бізге ешқандай агенттік те, басқа қауымдастық та керек емес. Өзіне әдеби агент керек пе, жоқ па, оған кімді таңдайды, жұмысты қалай ұйымдастырады, ол – әр қаламгердің жеке шаруасы. Дәл қазір бізде мұндай жұмыстың басында отырған Жазушылар одағы бар, Мәдениет және ақпарат министрлігі бар. Ақын-жазушылар кітаптарының мемлекеттік жоспармен шығуына, басқа тілдерге аударылуына, мерейтойлар мен өмірден өткен қаламгерлерді еске алу кештері, сондай-ақ жаңа кітаптардың тұсаукесерлерін өткізуге мұрындық болып жүрген орта – қазақ ақын-жазушыларының қара шаңырағы – Жазушылар одағы.

Одақ қазір мемлекеттік бюджеттен ешқандай қаржы алмастан, осынау нарықтық кезеңде басшылардың іскерлігінің, қызметкерлердің жанкешті еңбегінің арқасында талай іргелі істердің ұйымдастырушысы әрі атқарушысы болып келеді.

 Ал продюсерсымақ әдеби агенттер жекелеген қаламгерлерге жағдай жасағанмен, жалпы әдебиеттің жүгін көтерісуге келгенде әлсіздік танытады. Өйткені ол қаламгерді тек пайда көзі деп біледі. 2007 жылы Павлодар облысында жас ақын-жазушылардың кеңесі – «Баянауыл форумы» өтті. Сол кеңеске қатысқан көптеген қаламгерлердің кітаптары 2000 тиражбен өткен 2008 жылы басылып шықты. Оған тіпті жақсы қаламақы да тағайындалған. Енді алдағы мамыр айында осы шыққан кітаптардың авторларын жинап, тұсаукесер рәсімін жасауды, қыркүйек айында Жазушылар одағының 75 жылдығын атап өтуді жоспарлап отырмыз. Осы мерейтойдың құрметіне республикамыздың түкпір-түкпірінен ақын-жазушыларымызды жинап, үлкен форум өткізу жоспарымызда бар. Бұл форумның артықшылығы: танылмай жүрген ақын-жазушылардың мемлекеттік жоспармен кітаптарын шығаруына, Жазушылар одағының мүшелігіне қабылдануына, арнайы жүлделер алуына жол ашылады. Рас, бұдан бұрын Жазушылар одағының Алматы бөлімшесі және әдеби агенттің қауымдастығы ашылса деген ойлар болды. Бірақ мен ойлаймын, Жазушылар одағына бюджеттен қаржы бөлініп, мемлекет тарапынан әдебиетімізге қолдау көрсетілсе, бізге әдеби агенттің ешқандай қажеті болмас еді. Сондықтан ешқандай қауымдастық ашпай-ақ, өзіміздің 75 жылдық тәжірибесі бар Жазушылар одағының жұмысын жақсы жолға қою керек. Ол үшін жаңадан қызметкерлер алып, жастарды түрлі ұйымдастыру шараларына тартып, оларды ақын-жазушылармен арадағы байланысты жақындастыра түспек ойымыз бар. Болашақта да түрлі-түрлі іс-шаралар жоспарымызда бар. Мұндай ауқымды шаралар ешқандай әдеби агенттің де, оның қауымдастығының да қолынан келеді деп өз басым ойламаймын.

maral-yskakbai-jok

Марал ЫСҚАҚБАЙ, жазушы, Авторлар қоғамының басқарма төрағасы:

ИӘ
– Негізі, менің ұғымымда кітап деген қазіргі нарықтық заманның объектісіне айналса, мықты тауар болар еді. Мен «Жазушы» баспасында директор болып жүрген кезімде кітаптан жылына 5,5 миллион сом таза пайда келетін. Осыған қарағанда кітаптың пайдалы екені өз-өзінен түсінікті. Бұл мәселені қазір барлығы біледі, бірақ кең көлемде авторлардың жағдайына орайластырып, солардың да пайда көретіндей дәрежесінде ешкім жұмыс жасамай отыр. Шетелде мен білетін испандық Мигель Делибес деген жазушы бар. Сол жазушы: «Мен мынандай кітап жазайын деп едім», – дегенінің өзінде-ақ оған келіп шартын алып, «осы кітапты тек бізге берсең болды, еш нәрсеге алаңдамай жазуың үшін мінеки» деп, қомақты қаржысымен де қамтамасыз етіп, кейін сол кітапты басып шығарып, одан түскен пайданың белгілі бір мөлшерін авторға береді де отырады. 

Неге? Өйткені испандықтардың рыногы үлкен, бүкіл Латын Америкасы испан тілінде сөйлейді. Испанияда кітап шығарады да, жарнамасын жақсылап жасап, алдымен Испанияның өзінде, одан кейін бүкіл Оңтүстік Америкада сатылымға қояды. Барлығы испан тілінде сөйлейтін болғандықтан, оларға сату оңай.

Әлгі делдал, яғни әдеби агент менің кітабымды шығартып беріп, жағдайымды жасаймын десе, мен неге қашамын? Продюсер қарайды, жақсы кітаптарды таңдайды, менімен сөйлеседі, басқамен сөйлеседі, ең жақсы деген жазушылармен сөйлесіп, бақылай жүреді де баспамен келісіп, жарнамасын жасайды. Бұл  – әлемдік тәжірибеде бар нәрсе. Оны жүзеге асыруға болады, бірақ оған біріншіден жағдай керек. Екіншіден, ол біздің авторларымызға да байланысты, мен оны айтып та жүрмін. Авторлар кітабын баспаға тек шыққанына риза болып қана тегін бере бермеулері керек.

Бұл мәселе жақсы қозғалып отыр. Егер маған іскер жігіттер келіп: «Біз сіздің әдеби агентіңіз болайық», – десе, мен келісер едім. Бұл негізі бар нәрсе ғой, бар нәрсені неге пайдаланбасқа? Мысалы, менің бір ғана кітабымды бағасын айтып, мазмұнын жарнамалап, оқырмандармен кездесу жасап, «осындай кітап шығайын деп жатыр, болмаса сатылымға шықты, тапсырыс берсеңіздер мынандай мекен-жайдан ала-аласыздар», – деп еліміздің түкпір-түкпірін аралап, оқырман іздеп, жұмыс істесе, одан түсер пайда – қыруар. Мұны дәстүрге енгізуге болады. Ол үшін әдебиеттен хабары бар кәсіпкерлер өзінің жеке қаржысының белгілі бір мөлшерін қиып, осындай жақсы іске бастама жасауы керек.

Қалталы азаматтар бастама көтеріп, руханиятқа қолдау көрсетсе, кітаптың бизнесі өз-өзінен жүріп кетер еді.

Бейтарап пікір

Қорыта келгенде аңғарғанымыз, әдеби агент қауымдастығын елімізге енгізуге болады екен. Кез келген салада әлемдік стандартқа көшеміз деп кеудемізді ұрып жатамыз. Қазақ ақын-жазушыларының тынысын ашатын осы бір үрдісті оқырман мүмкіндігіне орайластырып, әдебиетімізге серпіліс енгізген дұрыс сияқты. Ол үшін нарыққа сай жоба, сауатты маркетинг қажет.
 Әдеби агенттің шоу-бизнес продюсерінен өзіндік ерекшелігі бар. Себебі ол қазақ поэзиясы мен прозасынан және басқа да жанрларынан хабары мол болуы керек. Сонымен қатар шығармашылық иесінің тұлғалық ерекшеліктерін, барлық қадыр-қасиетін ескере отырып насихаттай алатын, өз ұлтын сүйетін патриот және кәсіпкер болуы шарт.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста