Қазақ балаларын шетелдіктердің асырап алуына Ресейдегідей мораторий жариялау керек пе?

Шетелдіктердің елімізден бала асырап алуы қазақ қоғамында көптен бері талас-тартыс туғызып келе жатыр. Бірі «қазақ ежелден жетімін қаңғыртпаған, балаларымызды жатқа бермейік» десе, енді бірі «бала жат та болса ата-ананың жылуын сезінгені дұрыс» дейді. Тіпті бір кездері «еліміздегі әрбір шенеунік бір-бір баладан асырып алсын» деген бастама да көтеріліп, аяқсыз қалды. Дәл қазір бір анығы – балаларымызды шетелдіктер үздіксіз асырап алуда. Және олардың кейбіреуінің «шетелдік» тағдырынан хабарсыз екеніміз де жасырын емес. Жақында Ресей елі асырап алған екі баласын америкалықтар ұрып-соққаны үшін шетелдіктердің бала асырап алуына мораторий жариялады. Бізге де шетелдіктердің бала асырап алуына мораторий жариялайтын кез жеткен жоқ па?


Алтыншаш ЖАҒАНОВА, «Руханият» партиясының төрайымы:
Иә
– Балаларымызды шетелдіктердің асырап алуына міндетті түрде мораторий жариялау керек. Тіпті бұл әлдеқашан істелетін нәрсе болуы керек еді және мораторий ғана емес, мүлдем тыйым салынуы қажет еді. Бірақ біз жайбасарлық танытып отырмыз. Ресей елі америкалық асырап алушының екі баланы ұрып-соққаны үшін жедел түрде шара қабылдады. Ал біз кейбір асырап алынған балалардың тағдырының не болып жатқанынан да хабарсызбыз. Оның үстіне еш селт етпейміз.
Мен тағы да қайталап айтамын, жатқа бала беру қазақ халқының қанында болмаған.  
«Бұдан да жаман күнімізде тойға барғанбыз» дегендей, бұдан да әлеуметтік жағдайымыз нашар кезде жетімімізді тентіретпеген ел едік. Ал енді Тәуелсіз, жерасты қазба байлықтарға толы елдің балаларын шүлен таратқандай таратып отыруы – елдің елдігіне жараспас нәрсе. Сондықтан бізге де жетім балаларды жатқа беруге тыйым салатын кез жетті.
Тағы бір айта кетер жайт, өз еліміздің азаматтары жетім балалар үйінен бала асырап алу кезінде көптеген қиындықтарға тап болатынын жарыса айтады. Бұл мүлдем дұрыс емес. Біз, керісінше, жетім балалар үйінен бала асырап алғысы келетін азаматтарға көптеген жеңілдік қарастыруымыз қажет. Бала асырап алғысы келетін азаматтарды түрлі жолдармен ынталандыруымыз керек. Ал құжат мәселесін барынша оңайлатқан жөн. Осылайша өз балаларымыздың өзімізде қалуына мүмкіндік туғызсақ, жетім балалар үйінде шетел қызығатындай бала да қалмас еді.


Сұлушаш ҚУАТЖАНОВА, Алматы қалалық балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры:
Жоқ
–  Біздің балаларымызды шетелдіктердің асырап алуына мораторий жариялауға ойлануымыз керек. Өйткені бүгінгі күні шетелдегі асырап алынған және жетім балалар үйіндегі балалардың құқын қорғайтын көптеген іс-шаралар атқарылып жатыр. Соның бір мысалы, биыл біз Гага конвенциясын ратификацияладық. Бұл конвенция шетелдіктер асырап алатын балаларға тікелей қатысты. Аталмыш конвенция бойынша біз асырап алынған балалардың тағдырына араласып отыруға мүмкіндік алдық. Тіпті оқыс жағдай бола қалған жағдайда біз балаларымызды қайтарып алуға, олардың өмірін үнемі бақылауда ұстауға хақымыз бар. Яғни шетелдіктер асырап алған бала назардан тыс қалмайды.
Гага конвенциясы бойынша дәстүрлі емес жыныстық қатынаста болатын жалғызбасты адамдарға асырауға бала берілмейді. Сондай-ақ асырап алатын адамның баспанасы, жұмысы міндетті түрде болуы керек. Мұндай шарттардың барлығы – асырап алынатын баланың қауіпсіздігі үшін жасалынып жатқан шаралар.
Айта кетер жайт – бұрынғыдай емес, соңғы кездері шетелдіктердің елімізден асырап алатын балалар саны азаюда. Көбінесе денсаулық жағдайы төмен, емдеуді қажет ететін, мүмкіндігі шектеулі балалар ғана шетелдіктердің қарауына берілуде. Осы орайда айта кетер жайт, уақыт өте келе біз де шетелдіктердің асырауына бала бермейтін жағдайға жетеміз. Яғни оларға керекті барлық жағдайды өз елімізде тудыра алатын боламыз деп ойлаймын. Өйткені бүгінде мүгедек балаларға көп жағдайда операция жасауға жағдайымыз келе бермейді, сондай-ақ кейбір ем түрлері біздің елімізде жасалмайды. Мұндай жағдайда мүгедек бала өмір бойына мүгедек болып қалмауы керек қой. Сондықтан дәл қазіргі таңда оларды шетелдіктердің асырауына беруге болады. Өйткені біздің елімізде де мүгедек балаларды асырауға ала бермейді. Ал уақыт өте еліміздің әлеуметтік жағдайы бүгінгіден гөрі көтерілген жағдайда балаларды мүмкіндігімізше өзіміз емдетіп, шетелге бала бермеуге болар еді. Өз басым мұны уақытша шара деп ойлаймын.
Бүгінгі таңда балалар үйіндегі жетім балалардың саны күннен-күнге азайып келеді. Жетім балалар үйіндегі балалардың 15 пайызы тұл жетім болса, 85 пайызы – әкесі немесе шешесі бар әлеуметтік жетімдер. Яғни олардың ата-аналары – балаларының тәрбиесімен дұрыс айналыспағаннан кейін ата-аналық құқынан айырылғандар, ішімдікке салынғандар, есірткі пайдаланушылар немесе сотталып кетіп, балалары жетім балалар үйіне өткізілгендер. Мұндай балалардың көбі асырауға берілмейді. Сондықтан айтарым, асырауға беретін көп баламыз жоқ, алдағы уақытта өз еліміздің бүлдіршіндері шетел аспай, өз елімізде қалып, Отанына қызмет етеді деп ойлаймын.

Бейтарап пікір
Светлана ЖАЛМАҒАМБЕТОВА, Сенат депутаты:
– Мораторийден де басқа бұл мәселені шешетін жолдар бар. Мәселен, дәл қазіргі таңда Мәжілісте талқыланып жатқан «Неке және отбасы туралы» Заңда жетім балалар үйіндегі балалар мәселесі егжей-тегжейлі пысықталған. Соның ішінде шетелге бала асырауға бергенде қойылатын талаптарды күшейту де қарастырылуда. Парламент Мәжілісінде талқыланып жатқан заң жақында Сенаттың да талқылауына келіп қалады. Соның ішінде шетелге тек ауру балаларды беру туралы ұсыныс бар. Әзірге осы ұсыныс дұрыс деп ойлаймын. Сондай-ақ шетелге бала беруге мораторий жариялағаннан гөрі әзірге «Неке және отбасы туралы» Заңдағы өзгерістердің тезірек күшіне енгені дұрыс болар еді. Осы заңның төңірегінде-ақ барлық мәселені шешуге болар еді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста