Қалаларымыздың тарихи атауын қайтаруға қазақтардың өзінің қарсы шығуы ұлттық рухымыздың әлсіздігінен бе?

Қалаларымыздың тарихи атауын қайтаруға қазақтардың өзінің қарсы шығуы ұлттық рухымыздың әлсіздігінен бе?

Қазіргі уақытта Петропавл атауын Қызылжар деп өзгертуге қатысты түрлі дау-дамайлар туындап отыр. Бұл қалаға тарихи атауын қайтару мәселесі кезінде Кеңес өкіметі тұсында да қозғалған екен. Бірақ бір себептермен ол ұсыныс сол айтылған күйінде қалып қойған. Ал енді бүгінгідей егемен ел болып отырған шағымызда тарихымызды тірілтуге енжарлық танытып отырғанымыз қалай? Павлодар болса Кереку атауын күтіп әлі тұр.... Әлі де қаншама атаулар ескерусіз жатыр... Басқасын айтпағанда, тарихи атаулардың қайта жаңғыруына кейбір қандастарымыздың өздері қарсы шығуда. Мұның себебі неде? Бәлкім, бұл ұлттық рухымыздың әлсіздігінен шығар? Сіз не дейсіз?

Арықбай АҒЫБАЕВ, заң ғылымының докторы, профессор:
Иә
– Қалай айтсақ та, Тәуелсіздікке қол жет­кізген қазақтың ұлттық рухы әлі де бол­са төмен. Бұл, әсіресе, кейбір қоғам­дық-саяси мәселелерді шешуге келгенде айтарлықтай сыр беріп қалып жатады. Меніңше, бұл – ешқандай талқылаусыз-ақ жүзеге асатын шаруа. Бір өкініштісі, қа­зақ­қа қатысты мәселелерде қазақтардың өздерінің қарсы шығуы қалыпты жағдайға айналып келеді. Басқа-басқа, тарихи ма­ңы­зы бар жер-су аттары мен шағын елді ме­кендер мен қалаларымыздың атау­ла­рын толығымен қазақшалап, қалпына кел­тіре алмай отырғанымыз алдымен өзі­мізге сын. Өз жерімізде өзіміз иелік ете оты­рып, неге өзгеге жалтақтаймыз? Қа­зақ­стан өз алдына жеке мемлекет бол­ғандықтан, оның негізгі иесі қазақ халқы емес пе? 
 Біз үшін аз ғана өзге этностардың пі­кірі аса маңызды болмауы керек. Себебі осы жердің тарихи иесі – бізбіз. Сондықтан кез келген мәселе жергілікті басым ұлттың, яғ­ни қазақтың пайдасына шешілуі тиіс. Бая­ғыда еліміздің солтүстігіндегі бес бірдей облысты орыстар бөліп алғысы келгенде, қазақтар қалай қарсылық та­ны­тып еді. Соның арқасында жеріміз сақталып қал­ды. Қайта сол кезде біздің ішкі рухымыз мықты болған ба деп қаламын. Бүгінгі қазақта тоқмейілсу бар сияқты. Әйтпесе неге ата-бабаларымыздан қал­ған тарихи атауларды қайтаруға кел­ген­де дәрменсіздік та­нытып отырмыз? Ол үшін не кедергі бо­лып отыр? Заң ба тосқауыл болып отырған? Бірақ мен бұлай ойламаймын. Өйткені елі­мізде жер-су, елді мекен аттарын өзгертуге мүм­кіндік беретін арнайы заң бар. Жер­гілікті мә­сли­хаттар мен ономастикалық ко­мис­сиялар да осы мәселемен айналысады. Сол себепті мұндай жағдайларды қалың бұ­қа­раның талқысына салып, елді дүр­лік­тір­мей-ақ шешуге болады. Әрине, көп­ші­ліктің ортасына салынған сауалға сан түрлі пі­кірлер айтылары хақ. Міне, осыдан келіп пікір қайшылығы туындайды. Сол себепті, әсіресе, ұлттық мәселені елдің сөзін арқалаған халық қалаулылары ұсынып, тиісті орындар қолдап, заң аясында ше­шімін табуы керек. Мысалы, кезінде айқай-шу­сыз-ақ Гурьевты Атырау деп, Се­ми­па­латинскіні Семей деп өзгерттік қой. Оған бі­реу қарсы болды ма? Қалай болған күн­де де дүбара атаулардан тез арада ары­луы­мыз керек. Олай болмаған күнде сырт­тан келген қонақтарымызға әлгіндей орыс­ша атауы бар қалаларымыз бен кө­ше­лерімізді «мынау біздің тарих» деп қа­лай көрсетеміз? Қалай десек те, халықтың па­триоттық сезімі мен ұлттық рухын көтеру үшін жоғарыдағылар батыл шешімдер қа­был­дауы керек.

Дихан ҚАМЗАБЕКҰЛЫ, филология ғылымының докторы, профессор:
Жоқ
– Жақында Қызылжар атауын қайтару мә­се­лесі туындағанда петропавлдық орыс­т­ілді ақпарат құралдары орыс мұ­жы­ғы мен татар молдасының пікірін алға шы­ғарып, тарихи шындыққа көз жеткізгісі келіпті. Олардың не айтатыны белгілі ғой. Бұл дегеніміз – белгілі нәрсені жоққа шы­ға­рып, қоғамдағы дүрдараздықтың тууы­на алып келетін факторлар. Сондықтан да осын­дай көптеген үлкен мәселеде біз­ге өте сарабдал саясат ұстану қажет.
Қазақ Тәуелсіздік алғалы бері қашан да ұлттық мәселелерді шешуге күш салып келеді. Бірақ кейбір жағдайда қалың көп­ші­ліктің пікір алшақтығының пайда бо­луын заңдылық деп қабылдауымыз керек. Себебі қоғамдағы әрбір адам – өзінше бір пікір иесі. 
 Осы орайда ұлттық рухымыз тө­мендеп кетті деп байбалам салуға болмайды. Сайып келгенде, біздің Тә­уел­сіз­дікке қол жеткізуіміздің басты се­бебі ұлттық рухымыздың мықты бо­луында.
Не десек те, еліміздегі тарихи атау­лар мәселесінің  барлығын бір-ақ күнде шеше са­лу мүмкін емес. Қарап отырсаңыз, елі­міз бойынша сан мыңдаған атаулар бар. Олардың бәрі зерттеп, анықтауды қажет ете­ді. Ол бір күндік жұмыс емес. Бір жа­ғы­нан, уақыт күттірмей отыр, екін­ші жа­ғы­нан, қаржы мен маман тап­шы­лығы тағы бар. Жай әншейін сөз ештеңе шеш­­пей­ді. Сол себепті әр атауға қатысты құ­жат­ты дәлел-дәйектер болуы міндет. Бі­рақ Қызылжар сияқты кейбір атаулар дә­лелдеуді қажет те етпейді. Меніңше, та­рихи атауларды қайтаруды мемлекет рет-ретімен, кезең-кезеңімен жүзеге асы­­рып келеді. Кез келген түйінді мә­се­ле­ні шешу үшін, ең алдымен, заңдық нор­ма­ларға сүйену керек. Олай болмаса ауыл­­дар мен көшелерге немесе басқа да орындарға әркім өз ата-бабасының атын беріп, өз білгенімен кетер еді. Мұн­дай тенденция бізде жоқ емес. Сон­­дық­тан да атқарушы биліктегілер болсын, жергілікті мәслихаттар мен ономастикалық комис­сия болсын – бұлардың барлығы да заң­ға бағынышты жұмыс істеуге тиіс. Ал бүгінгідей Петропавл – Қызылжар тар­тысының орын алуы, – ол қазақтың ру­хының төмендігінен немесе енжар­лығынан емес, ол – нақты ұсыныстарды қа­рап, шешім шығаратын тиісті орындар мен сонда отырған теріс пиғылды адам­дардың жауапсыздығынан. Білуімше, дәл осы мәселені шешуге тікелей ықпал ете ала­тын Солтүстік Қазақстан облыстық мәс­лихаты өз террито­рия­ла­рын­дағы атау­­лардың өзгеруіне мораторий жа­риялап қойған. Демек, жергілікті халық сайлаған депутаттардың өздері қазаққа тарихи атаулардың қайтарылуына құ­лықсыз. Сондықтан да жер-су, елді ме­кен, ауыл-қалалардың аттарын өзгертуде үл­кен рөл атқаратын Республикалық ономас­тикалық комиссияның құзырын кү­шейту керек. Ал еліміздегі жер-су ат­та­ры қайтарылмай жатқанына қарапайым ха­лық кінәлі емес.

Бейтарап пікір
Таспай СИМАМБАЕВ,
сенатор:
– Жақында ғана бірқатар саясаткердің еліміздегі кейбір қалалардың атауын өзгерту туралы мәселе көтергені белгілі. Өзімнің сайлау округім болғандықтан, Солтүстік Қазақстан облысының орталығы Петропавл қаласын «Қызылжар» деп атау да ұсынылған. Бірақ белгілі бір жағдайларға байланысты қала атауын ауыстыруды көтеру әлі де ертерек деген ойымды ортаға салғанмын. Алайда бұл менің Қызылжар атауына қарсы болып отырғандығымды көрсетпесе керек. Осы ұсынысты көтеріп жүргендерге мен қарсы шыққан жоқпын. Тек елдік мәселеде асығыстық жасамау керектігін ескерткен едім. Ал Қызылжар атауы төңірегіндегі дау сол асығыстықтан шығып отыр. Себебі бұған біз әлі дайын емеспіз. Бірақ түбінде Петропавлды Қызылжар деп өзгерту керек. Мен бұл ұсынысты қолдаймын.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста