Өз баласынан бас тартқан ата-аналарды қатаң жазалау қажет пе?

Өз баласынан бас тартқан ата-аналарды қатаң жазалау қажет пе?

Қоғамда тастанды балалар саны артып келеді. Соңғы жылдары өз баласынан бас тартқандар қатарынан қаракөздерімізді де жиі ұшырататын болдық.
Атам қазақ жетімін жылатып, жесірін ешқашан сыртқа тастаған емес. Ендеше, неге біз мұндай өкінішке жол беріп отырмыз? Тарқатылмайтын түйін болмайды. Бүгінгі
ой-көкпарымызда біз бұл мәселені шешудің бір жолын ұсындық. Бұған қоғам өкілдері не дер екен? Өз баласынан бас тартқан ата-аналарды қатаң жазалау қажет пе?

belgibai-shahmetov-1

Белгібай ШАХМЕТОВ, медицина ғылымының докторы:

Иә
– Міндетті түрде қатайту керек. Біріншіден, әке-шешенің өз баласының алдында парызы үлкен. Сен балаңның аяққа тік тұрып, қатарға қосылып кеткенінше көмектесуің керек. Ата-бабаларымыздың балаға үлкен мән бергенін өздеріңіз білесіздер. Бабаларымыз ұлға – ертеңгі жердің қорғаушысы, қызға отанның анасы ретінде қараған. «Бала – бауыр етің» деген сөз бекер айтылмаған. Іштен шыққан нәрестені өсіріп, адам қылу – сенің борышың. Иә, қазір өз баласынан бас тартқандарды жиі еститін болдық. Тіпті газеттеріңіздің өткен сандарының бірінен сегіз жасар қаршадай Әлима деген қыздан бүкіл әулеттің бас тартқанын оқып жағамызды ұстадық. Бұл ненің нышаны? Тағы қайталап айтайын, біз ата-ана міндетін білмейміз. Кейде қыздарымыз көшеден жүкті болып, босанғаннан кейін сәбилерін перзентханаларға тастап кетіп жатады. Демек, анада балаға деген жылу жоқ. Жас ана босанғаннан кейін өзінің ана екенін сезінуі қажет. Балада бір әке, бір шеше ғана болады. Сәби солардың жылуын көріп ержетуі қажет.

Ата-ана махаббатын сезінбеген, жанұяда тәрбие алмаған бала өсе келе қылмыскер болуы мүмкін. Өйткені жетімдер үйінде өскен жеткіншек жақсылықты онша көрмейді. Ал жақсылықты, қамқорлықты көрмеген адамның әділ жолмен өмір сүруі қиын болады. Егер жазаны қатайтатын болсақ, мұндай оқиғалар жиілемес еді. Кейбіреулер мұның бәріне әлеуметтік жағдайды сылтау қылады. Бұл дұрыс емес. Небір зұлмат, қиын кезеңдерде де ата-бабаларымыз басқа түскен ауыртпалықтарға мойымай, табандылықпен ұрпақ тәрбиелеген. Неге? Себебі олардың бойында ұлтжандылық қасиет болған. Сол жүректегі отаншылдық отының маздап жануының арқасында бүгін біз аман-есен тәуелсіз елдердің қатарына қосылдық. Статистикалық мәліметке сүйенсек, біз әлем елдерінің қатарында өз-өзіне қол жұмсау, яғни суицид ауруы бойынша – тоғызыншы орынды, ТМД елдері бойынша Ресейден кейін екінші орынды аламыз. Мәлімет көрсеткендей, мұндай ауруға тап болатындардың көбі ата-анасының тәрбиесінен шыққан, қиыншылыққа төзе алмайтын жастар екен. Олардың дені – жетім өскен қыршын жастар. Бұл мәселені шешудің жолдарын айтып кетейін. Біріншіден, азаматтардың имандылық қасиетін күшейтуге күш салуымыз керек. Әрине, біз адамдарға мешітке не болмаса шіркеуге бар деп айтпаймыз. Жүрегінде иманы бар адам баланың да, өзінің де өмірдегі орнын біледі. Ол ешқашан өз сәбиінен бас тартпайды. Екіншіден, жаза түрін қатайтуымыз керек. Бұл жерде мен балаларынан өз еркімен қол үзгендерді жаппай түрмеге отырғызу керек деп отырған жоқпын. Бұл жазамен жағдайды түзей алуымыз да екіталай. Біз ондай ата-аналарды жұрттың көзінше жария етіп әшкерелеуіміз керек. Халықтан ұялғаннан кейін-ақ азаматтар мұндай әрекетке бармайды. Жалпы, қандай жағдай болсын біз ұлдарымызды жетімдер үйінде жылатпауымыз қажет. Өзге елдерде бала асырап алғандарға үкімет материалдық жағынан көмек көрсетеді екен. Менің айтар үшінші ұсынысым, біздің де Үкіметіміз далада қалған балаларды бауырына тартқан жандарға жағдай жасауы тиіс. Сонда азаматтарымыз «жетім» деген сөзді түсініп, баласын көшеге тастамайтын еді.

gabiden-jailin-jok

Ғабиден ЖАЙЛИН, Д.А.Қонаев атындағы университеттің профессоры:

Жоқ
– Кім өз баласын жаман болсын дейді. Бірақ тағдырдың жазуымен, әртүрлі себептерге байланысты құрсағынан шыққан баласынан бас тартатындар қоғамда кездеседі. Өркениетті елдерде бұл қалыпты жағдай ретінде қабылданады. Ал бізде қалай? Қазақстанда өз баласына зияны тиген ата-аналар міндетті түрде жауапкершілікке тартылады. Ең ақыры оларды ата-ана құқығынан шектейді. Менің ойымша, бұл – әділ жаза. Себебі егер ата-ана баласын қаламай тұрса, олар бәрібір перзентіне дұрыс тәрбие бере алмайды. Оның болашағына, өсіп, ержетуіне зиянын тигізуі мүмкін. Ондай отбасында өскеннен гөрі, балаға жетімдер үйінде тәрбиеленген әлдеқайда тиімді болады. Себебі қазір бізде жетімдер үйлеріне, балалар мекемесіне қажетті жағдайдың барлығы жасалып жатыр. Жетімдер үйлерінен шыққан талантты, талапты балаларды көріп жүрміз. Заңды қатайту арқылы өз баласынан бас тартатындардың санын азайта алмаймыз. Егер заңды күшейте берсек, заң өз шеңберінен шығып кетуі мүмкін.

Себебі заң өз шеңберінде ғана заң болып есептеледі. Мұндай жағдайда ата-аналар баласынан құтылудың басқа жолдарын ойлап табады. Одан да әке-шешенің баладан жасырын құтылуына жол бермей, оларға ашық болуымыз керек. Мұны мен неге айтып отырмын? Себебі қазір бізде жетімдерді асырап алушылардың саны артып келеді. Елімізде жетімдерді асырап алу шарасы өткізіледі. Міне, егер жетімектердің санын азайтамыз десек, бала асырап алу ісін мықтап жолға қоюымыз қажет. Мысалы, АҚШ, Батыс елдерінің халқы қымсынбай өзгенің балаларын бауырына басып жатады. Бұл ең алдымен адамдардың пейілінің дұрыс болуына байланысты. Екіншіден, қазір азаматтарымыздың дінге деген көзқарасы жақсы. Дінде жетім-жесірлерге көмек көрсеткен адамның әрқашан жолы ашық болатыны туралы жазылған. Яғни діннің ықпалы күшейген сайын, елдің имандылығы артады. Үшіншіден, бізде біркелкі тәртіп болуы тиіс. Ата-бабаларымыз бұл мәселеге қалай қараған, оған қандай жаза қолданған – соны алып, үлгі ретінде қолдануымыз керек. Қазақта анадан айырылған баланы – құл жетім, әке-шешесінен бірдей көз жазған баланы тұл жетім дейді. Ондай сәбиді туған-туысқандары асырап алатын. Сондықтан да Алаш даласында жетімдер үйі, естіп жан түршігетін қарттар үйі, түрме дегендер болмаған. Өз баласынан бас тартатындар кімдер? Олар – ішімдікке салынған отбасылар, психологиялық ауруға шалдыққан немесе теріс ағымдарға ілескен ата-аналар, ерте, жолдан жүкті болған қыздар. Бұл мәселені шешу үшін мемлекеттің көмегі керек. Менің айтатын төртінші ұсынысым, халықтың әлеметтік жағдайын көтеруге үлкен көңіл бөлінсе екен деймін. Сонда ғана біз көңілді алаңдатқан сауалға іс жүзінде нақты жауап бере аламыз.

Сарапшы
Темірхан МЕДЕТБЕК,
ақын:
– Біз тиісті заңмен қатар, оның жүзеге асырылуын бақылайтын арнайы орган құруымыз керек. Әрине, баладан бас тартып жатқандарды естігенде денең түршігеді, кейде болашағыңнан түңіліп кетесің. Дегенмен бұл – өткінші қиыншылық. Оны да заңмен, басқа шарамен болсын еңсереміз деп ойлаймын.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста