Отбасы мерекесі қажет пе?

Кеше — халықаралық отбасы күні. Жақында сенатор Светлана Жалмағамбетова: «Отбасылық құндылықтарды қоғамның бірлігі мен келісімінің негізі ретінде насихаттау мақсатында Қазақстанда халықаралық Отбасы күніне ұштастырып, 15 мамырда Отбасы күнін мерекелеуді қажет деп санаймыз», — деп мәлімдеме жасады. Орыстарда осыған ұқсас «Родительский день» болса, өзбек ағайындарымызда «Хатира күні» деген атаулы күндер бар. Орыстар бұл күндері ата-баба, туған-туыстарын еске алып, қабірлеріне барып гүл қойып, құрмет көрсетсе, өзбектер жақындарына ас беріп, құран бағыштап бейіт басына барады. Ал бізге отбасы күні қажет пе?

Аманхан ӘЛІМ, ақын:
Иә

— Бізге отбасы мерекесі қажет. Әр кезде де жақсы нәрсені жатсынбауымыз керек. Отбасы мерекесін басқа халықтардай елі­міздің игілігі үшін, отбасы құндылығын арт­тыру мақсатына неге қолданбасқа?! Ме­ре­ке – халықтың мәдениетін көрсетіп қа­на қой­май, рухын көтеретін нәрсе. Жас­тары­мыз­дың жанына Батыстың «Вален­тина­сынан» гөрі, «Отбасы күні» мерекесін сі­ңір­сек, ұт­пасақ, ұтылмаймыз. Бұл отбасының әрбір мү­шесін отбасындағы орнын сезіне білуіне мұрындық болар еді. Адамның жауап­кер­шілігі оның есіне сол нәрсені ес­кертіп, көз алдына келтіріп, қаперіне түсіріп отыр­ғанда ғана артады.
Қазақ ежелден астан соң ата-баба аруа­ғын еске түсіріп, құран бағыштап отырған. Бірақ кейінгі жас отбасылардың арасында бұл үрдіс ұмытылып барады. Күнделікті күй­бең тіршілікпен ата-бабаларының бейіт басына да көп бара бермейді.
 «Өлі риза болмай, тірі байымайды» де­ген­дей, ендеше неге осы күні соларды бір сәт еске алып, бейіт басына барып құр­мет көрсетіп, аруағына құран ба­ғыш­тамасқа?! Бұл үрдіс арқылы балалар са­на­сына үлкенге құрмет көрсетуді де сі­ңі­руге болады. Хадисте де «егер сен адам­ды жақсылыққа, имандылыққа, адам­гер­ші­лік­ке үндейтін жақсы әдет-ғұрып көр­сең, же­рін­бе, одан да үйрен» делінген.
Бұл мереке Батыста басталғанына бо­­ла «батысшыл болып кетеміз» деп бас  тар­­ту – ұят нәрсе. Керісінше, батыстың жа­­ма­нын тастап, жақсысын үйрену ке­рек. От­ба­сы ме­­ре­­ке­сін тойлау ар­қы­лы отба­сы құн­­ды­­лы­ғын ма­­териал­дық тұр­ғы­дан арт­­тыра ал­­ма­сақ та, ру­­хани тұрғыдан арт­ты­ра ала­мыз. Со­ның өзі үлкен олжа. От­ба­сы кү­ні ме­­ре­ке­сін­де арнайы демалыс бер­­месе де, көпба­л­алы отбасыларды ма­­ра­пат­тап жатса, бәл­кім, аналардың көпбалалы бо­­луға ние­ті ашы­лар ма еді?! Қа­зір от­ба­­сын құра ал­май жүрген жас­та­рымыз да жетерлік. Ма­ған қазір жас­тар­­дың бір-бі­рін та­уып қо­сылу мүмкіндігі аза­­йып кеткен се­кілді кө­рінеді. Мүмкін бол­­са, жастардың жара­сы­м тауып ке­туі­­не арналған арна­йы кештер де ұйым­дас­­ты­рылса, қан­дай жақ­сы! Мұндай от­ба­сы ме­ре­кесі секілді нәр­се­лер­ді өз хал­қы­мыздың ерекшелігіне сай бейімдеп пай­да­лансақ, нұр үстіне нұр бо­лар еді! Соң­ғы кездері отбасындағы әке­нің рөлі тө­мен­деп кетті. «Ана үй­де оты­рып бала ба­ғып, әке сыртта нан табу ке­рек» деген қағидаға да өзгерістер ен­ді. Не­­гізі, әйел адам өзінің бейімделгіш қа­сие­ті­мен заманға сай бейімделіп кетсе, әке­нің дағдарып қалғаны да рас. Бұл әке­лік рөлдің төмендеуіне әкеп соқты. Осы орай­да бұл мереке әкенің отбасындағы ор­нының маңыздылығын  анықтауға да мұ­р­ын­дық болар еді.

Қымбат Әбілдәқызы, «Айгөлек» журналының бас редакторы:
Жоқ

– Орынсыз мерекенің қажеті жоқ. Онсыз да соңғы кездері мерекелеп, 3-4 күнге шейін дем­алып жүрміз. Менің ұғымымда «отбасы кү­ні» деген ұғым жоғалып бара жатқан немесе құн­сызданып бара жатқан ұлттық құндылық­та­ры­мызды дәріптейтін, назардан тыс қалған нәр­селерімізді қайта тірілте­тін­дей күн болса, екі қолымды көтеріп тұрып қолдаймын. Әйт­пе­се «жұрт солай етіпті» деп біздің қайталауға ұрын­ғанымыз дұрыс емес. Мұнда маған ха­лық­­ара­лық деген сөз­дің өзі ұнамай тұр. Ха­лық­аралық мереке бол­ған соң басқа жұрт не іс­тесе соны істеп, ба­тысшыл мерекеге айнал­ды­­рып аламыз ба деп қорқам. Онсыз да аты бар, заты жоқ, «Ва­лентина күні» секілді жас­тардың сана­сын улай­тын, пайдасынан зияны көп мере­кеден құ­тыла алмай жүрміз. Айына бірнеше рет сенбі, жек­сенбі күндері демала­мыз, одан келіп «ағыл­шында андай күн бар» екен, «өзбектерде мы­нан­дай күн бар екен» деп, көрінгенге еліктеп ме­реке белгілеу – ақы­мақтық.
 Осы мерекені тойлаумен отбасы құн­­ды­­лығын арттыра алмаймыз. Одан да бұрыннан бар мерекелердің қаді­рі­не жетіп алайық. Тіпті біздің ұлттық ме­ре­ке­ле­рі­міздің тойлану дәстүрі жоқ. Мысалы, Жа­ңа жыл­да шырша безендіріп, Аязатадан сый­лық алуға балаларды дайындап әбігерге тү­се­міз. Ал ұлыстың ұлы күні – Наурыз мей­рамында ондай сипат жоқ. Жаңадан ме­ре­ке ойлап тапқанша, бұрыннан бар ме­ре­ке­лерімізге ұлттық реңк беріп алайық.
Отбасы мерекесі әшейін дастарқанда оты­рып, ішіп-жеп, адамдар бір-бі­рі­не сыйлық ұсынуды сылтау ететін көп ме­ре­кенің бірі болса, одан не пайда бар? Біз сөз­бен тәр­бие­лен­ген ұрпақ болсақ, ке­йін­гі ұр­пақ­ты кө­ше тәрбиелеп жатыр. Сон­дық­тан ұрпақ тәрбиесін күшейту қажет. Ал осындай мерекелер сол тәрбиеге үлес қосса, қанекей! Отбасы күні белгілене қалса, оның басқа мерекелерден айырма­шы­­лығы болуы қажет. Сол күні от­ба­сымен бірге мұражайға, театрға барып, ру­ха­ни құндылығын арттыра алатын болса не­месе еліміздің аудан, қалаларында ұлт­тық құндылығымызды арттыратын от­ба­сы­лық жарыстар ұйымдастырылса ғана бұл күннің сапасы артады. Жан дүниеңе қоз­ғау салатындай, қоғамдық маңызы бар мереке болса, мен қуанатын едім. Қа­зір­гі ұрпақ ана тіл, дін, діл, салт-дәстүр де­ген ұғымдарды түсіне бермейді. Бұл күні осы ұғым­дар­дың қадір-қасиетін арттыра ал­сақ екен.

Түйін
Адамдардың 31 желтоқсан күнін Жаңа жылдан гөрі барлық от­ба­сы мүше­­ле­рінің ба­­сын қосып, отбасылық мерекеге ай­нал­ды­ру­ға тырысуын­ың өзі отбасылық ме­­ре­ке­нің қа­жеттілігін сезінгеннен туын­даған әре­­кет бол­са керек. Ендеше, неге жыл­дың 365 кү­ні­нің бір күнін от­ба­сыңа, туған-туы­­сы­ңа арнамасқа?! Бұл мереке, бәл­кім, от­б­а­сы­лар ара­­сын­­да­ғы ауыз­біршіліктің ны­ға­йып, от­ба­сы құндылығының ар­туына да мұ­­­рын­­­дық бо­лар еді...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста