ОСК Қазақстан Халық партиясының Мәжіліске ұсынған кандидаттарының партиялық тізімін тіркеді
ҚР Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Халық партиясының Мәжіліс депутаттығына кандидаттарының партиялық тізімін тіркеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шавкат Өтемісов, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:
– Қазақстан Халық партиясы 52 адамнан тұратын партиялық тізімді ұсынды. Олардың 17-сі, яғни 32,7% -ы әйелдер мен жастар, сондай-ақ ерекше қажеттілігі бар адамдар. Орталық сайлау комиссиясы өкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, Мәжіліс депутаты болып сайлану үшін партиялық тізімге енгізілген адамдардың Конституция мен "Сайлау туралы" Конституциялық заңның талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізді. Партиялық тізімге енгізілген барлық адамдар аталған заң талаптарына сәйкес келеді.
Сондай-ақ, ол партиялық тізімдерді ұсынған саяси партиялар партиялық тізімге енгізілген әрбір адам үшін ҚР заңнамасында белгіленген ең төменгі жалақының 15 еселенген мөлшерінде ОСК шотына саяси партиялардың қаражатынан сайлау жарнасын енгізетінін атап өтті.