Мұғалімдерді жұмысқа қабылдауды білім бөлімдеріне беру арқылы мектептегі жемқорлықты жоя аламыз ба?

Мұғалімдерді жұмысқа қабылдауды білім бөлімдеріне беру арқылы мектептегі жемқорлықты жоя аламыз ба?

Соңғы жылдары елімізде қызмет бабын асыра пайдалану мен жемқорлық фактілеріне байланысты мектеп директорларының қызметтен кетуі жиіледі. Мектептегі кадр мәселесін бизнес көзіне айналдырып, мұғалімдерден пара алу арқылы бір ұстаздың жүктемесін бірнеше ұстазға бөліп берген директорлардың тойымсыз әрекеті салдарынан мектептерде де болмашы сағат санымен жүрген ұстаздар көбейген. Бұл мектеп оқытушыларының наразылығын тудырып, мектеп директорларының үстінен арыз жазатын мұғалімдердің де көбеюіне әкеліп соғуда. Балаға білім беруді ысырып қойып, өзара араздасып жүрген мұғалімдер мен мектеп директорлары әрекетіне қалай тосқауыл қоюға болады? Бұл тұрғыда кейбір мамандар мұғалімдерді жұмысқа қабылдау құзыретін мектеп директорларынан алып, білім бөлімдеріне беру туралы ұсыныс айтуда. Мамандар ұсынысын таразыға тартып көрген едік.

Ғалия ҚАЙДАУЫЛҚЫЗЫ, ҚР білім беру ісінің үздігі
Иә

– Бұл ұсынысты толығымен қол­­даймын. Мұғалімдерді мек­­­теп директорларынан гөрі бі­­лім бөлімдері жұмысқа қа­был­даса, көптеген заң­сыз­дық­тың алдын алуға болар еді. Он­да да мұғалімдерді тек білім бө­лімі басшысының іріктеуімен емес, білім бөлімі тарапынан құ­рылған, құрамында бірнеше ада­мы бар арнайы комис­сия­ның көмегімен жұмысқа қа­был­­дауымыз керек. Ол комис­сия­ның құрамындағы адамдар тә­уелсіз, ар-ожданы таза, пе­да­гогика саласында көңілге түй­­гені мен көргені мол қыз­мет­керлер болуы тиіс. Кадр таң­дауды білім бөлімі бас­шы­сы­ның қолына бере салу мә­се­лені шешпейді. 
Білім бөлімі басшыларының мектеп директорларынан түк те айырмашылығы жоқ. Сондықтан мектептегі кадрларды ірік­тей­тін арнайы комиссия құрылуы тиіс. Ол комиссия мұғалімнің қаншалықты ұс­таз деген атқа лайық екенін анықтап ба­рып жұмысқа қабылдауы керек. Мектеп­тегі сағат санын да осы комиссияның мұ­ға­лімнің біліктілігін анықтаудағы ше­ші­міне сай үлестіру керек. Сонда мұ­ғ­алім­дер арасында сағатқа таласу се­кіл­ді алауыздықтар да тыйылар еді. Шыны керек, мектеп директорларының мұғалімдерді жұмысқа өздерінің қабылдауы көптеген заңсыз­дықтарға жол ашты. Кім көрінген, педа­го­гикаға үш қайнаса сорпасы қосылмайтын адам­дар ұстаз атанып шыға келді. Тек ди­рек­торға беретін парасы болса болғаны, кім болса соның мұғалім болып шыға келуі мұ­ғалім атты мамандықтың қадірін қашы­рып, білім сапасының да төмендеуіне әсер етті.
Біз бүгінге дейін қалыптасқан жүйені тез арада өзгертпесек болмайды. Ешқандай бақылаудың жоқтығынан мектеп директорлары ойына келгенін істеп, бір жүкте­ме­мен бірнеше мұғалімді жұмысқа қабыл­дап, оқу жылының соңында қырына алған мұ­ғалімін қысқартып, сағат санын да сау­даға салып, басшылық қызметін бизнеске айналдырып алды. Сондықтан тез арада бұл мәселелерге тосқауыл қойып, мұғалім­дер­ді жұмысқа қабылдауды білім бөлімде­ріне табыстау қажет. Сонда ғана мектептегі жемқорлыққа тосқауыл қойылады.

Жарасбай СҮЛЕЙМЕНОВ, Мәжіліс депутаты
Жоқ

– Жоқ, бұл ұтымды ұсыныс емес. Мұғалімдерді жұмысқа қа­был­дауды мектеп директор­ла­ры­ның құзыретінен алып, бі­лім бө­лім­деріне табыстау еш­қан­дай мә­­­селені шеше алмайды. Бұл жер­де басты мәселе жем­қор­лықты жою болып отыр. Ал ау­дан­дық білім бөлімдері ар­қы­лы мек­теп мұғалімдерін таңдау, жұ­мысқа қабылдау білім сала­сы­на қа­тысты жемқорлықты жоя­ды деп кесіп айта алмаймын. Өйт­ке­ні білім бөлімдері арқылы мұ­ға­лім­­дерді жұмысқа қабы­лдау ке­зінде де іске адам фак­то­ры ара­ла­сады. Ал олардың жем­­қор­лық­қа жол бермесіне кім кепіл? Оның үстіне мұға­лім­мен тікелей, күн­делікті қарым-қа­тынаста жұ­мыс істейтін мектеп директоры.
Сондықтан мектеп директоры ұжым басшысы ретінде кадр таңдаған кезде мұғалімнің білімі мен біліктілігін қатар сарапқа салып отырып, өзімен бірге жұмыс істесе алатын маманды жұмысқа қабылдауы тиіс. Ал біз мектепке мұғалім қабылдауды білім бөлімдеріне беру арқылы директорды бұл мүмкіндіктен айырамыз. Айналып келгенде директор мен мұғалім арасындағы келіспеушіліктің туындауына, арыз жазуына бұл да себеп болуы мүмкін. Атап айта кетерлігі, бұл ұсыныс жалпыға ортақ, тиімді ұсыныс емес. Өйткені мектеп директорларының бәрі бірдей жемқорлыққа жол беріп, мұғалімдерді жұмысқа алар кезде «бармақ басты, көз қыстыға» барып отыр деу дұрыс емес. Сондықтан мектептегі жемқорлыққа тыйым салу, мұғалім мен директор арасындағы бизнес көзіне айналып отырған кадр мәселесін шешудің басқа жолдарын қарастыру керек. Осы орайда мектеп директорларына қойыла­тын жауапкершілікті барынша арттыра отырып, мұғалімдерді жұмысқа қабылдау­ды мектеп директорларының өз иелігінде қалдырған дұрыс. Ал оның қандай кадрларды таңдап, қандай іс-әрекеттерге жол беріп отырғаны аудандық білім бөлімдері тарапынан бақылауға алынуы тиіс.
Мектептегі жемқорлықты жойып, мұға­лімдердің тәртібін күшейтіп, оқушы­ларға сапалы білім беруді арттырамыз десек, директорларға қойылар талапты күшейту керек. Бірлі-жарым істі болған директорлардың іс-әрекетін жариялы түрде жазалау қажет, жұмыстан босатып қана қоймай, жұмыссыз қалатындай күн туғызсақ, басқа директорлар да аяғын аңдап басар еді. Біз көбінесе әрекеті әшкереленген директорлардың ісін жылы жауып, ескерту берумен шектелеміз. Бұл дұрыс емес. Сондықтан мектеп директорларына қойылар талапты күшейте отырып, олардың кадр таңдау жұмысына да ба­қылау орнатқан дұрыс. Мектепке кездей­соқ адамдардың басшы болуынан сақта­нуымыз керек. Егер директорларды басшы­лыққа қатаң іріктеумен алғаны­мызда мұндай заңсыздық орын алмас еді.

Бейтарап пікір
Гүлнәр СЕЙІТМАҒАНБЕТОВА,
Мәжіліс депутаты:
– Аудандық білім бөлімінің әр мұғалімді жекелеп қабылдап, жұмыс­қа алып отыруы жұмыстың үйлесімділігі жағынан дұрыс емес. Сондықтан мектеп директорларының жемқорлығын тыю жолында бұл аса ұтымды ұсыныс дей алмаймын. «Бес саусақ бірдей емес», сондықтан мектеп директорларының бәрі бірдей жемқорлыққа жол беріп жатыр деу де қиын. Ал мұндай жағдайда олардың бәрін ортақ бір тәртіпке салып қою да артықтау секілді. Осы орайда мектеп мұғалімдерінің жемқорлыққа жол беруіне тосқауыл қоятындай, мұғалімдердің де наразылығын тудырмайтындай мүлдем басқа жол қарастыру керек. Оның ішінде кеңестік кезеңдегі басқарудың озық үлгісі мен бүгінгі демократиялық қоғамның артықшылықтарын пайдалана отырып өзімізге ыңғайлы жүйе қалыптастырсақ дұрыс болар еді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста