Мешітке сол мешітті тұрғызған кәсіпкердің атасының атын берген дұрыс па?

Соңғы кездері елімізде мешіттер көбейіп келеді. Бір кездері атеистік көзқараспен салынып тұрған мешіттердің өзін қиратуға жол бергенімізді ескерсек, қазіргі таңдағы мешіттердің көбеюі – қуанарлық үрдіс. Алайда осы мешіттердің көбеюімен қатар, оларды салған еліміздегі белгілі лауазымды шенеуніктер мен кәсіпкерлердің жақын-туыстарының есімдерін беру де үрдіске айналды. Діни ғимараттарға кісі атын беру мәселесіне қатысты арнаулы заң жоқ. Сондай-ақ ономастикалық комиссияның жер-су және елді мекендер атаулары туралы тұжырымдамасында да бұл жағдайлар мүлде қарастырылмаған. Қоғамда «мешіт атауы ел мен жер тарихына байланысты, жергілікті жердің атауымен болғаны дұрыс» деген де пікір бар. Осы орайда бүгінгі ой талқысына түсер тақырып та осы турасында болмақ.

Оңғар Өмірбек, Мұсылмандар діни басқармасының баспасөз хатшысы:

Иә
– Егер мешіт салушы ауылдан мешіт ашып, оған өзі қалаған адамының атын бергісі келсе, ауылдық ақсақалдар кеңесіне қалаған адамын ұсына алады. Ақсақалдар кеңесі өздері ойласа келе, ол адамды құп көрсе, ауыл және аудан әкімдеріне ұсыныс береді. Олардан да келісімін тапса, облыс әкімі назарына, одан әрі Мұсылмандар діни басқармасының мүфтиіне ұсынылып, осы жерде төралқа мәжілісінде қаралады. Негізгі тәртіп бойынша, жаңадан салынған мешітке тірі адамның аты ұсынылмауы тиіс. Сондай-ақ ол адам дінге, халыққа қызмет еткен белгілі адам болуы керек. Ел ішіне ислам дінін таратуға еңбегі сіңген адам болса, тіпті жақсы. Алайда ешқашан да Алланың үйін ру атымен немесе ұлт атауымен атауға рұқсат етілмейді. Мұны да ескеру керек. Мұсылман діні ұлтқа, жынысқа, руға, байлығына, кедейлігіне қарап бөлінбейді.
Егер осы талаптарға сай келіп жатса, мешітке атын беруге лайықты деп табамыз. Рас, қазір ел ішінде мешіт тұрғызған кәсіпкерлер көбінесе өзінің әкесінің атын бергісі келеді. Біз мүмкіндігінше талапқа сай болуын қадағалаймыз. Ұсынып отырған адамының өмірінде қандай жақсы істерге басшы болып, елге нендей еңбек сіңіргенін жан-жақты зерттейміз.
Қазір жер-жерде мешіттер көптеп салынып жатыр. Мұндай жағдайда бәрін бірдей жергілікті атаумен атау да мүмкін емес. Оған мекен атаулары да жете бермейді. Егер мүмкіндік болып жатса, халыққа неғұрлым жақындау үшін мешіттерді ел ішіндегі белгілі адамдардың атымен атау қажет. Мысалы, Павлодардағы бір мешіт Мәшһүр Жүсіп есімімен аталады. Бұл елге белгілі, діндар, ғалым кісі болған. Ендеше, неге мешіт атауы Мәшһүр Жүсіп есімімен аталмасқа?! Құрылысты салған демеушінің жақын туысының құрметіне атау – Қазақстанда тек мұсылман ғана емес, өзге де діни конфессиялар арасында да бар құбылыс. Мешіт салушылар да ата-бабасының есімін беріп, бәсекелесуден бұрын Алладан сауап алуды дұрыс көретіндер секілді. Пайғамбарымыздың хадисінде де «Алла үшін жер бетінде торғайдың ұясындай болса да ұяшық салған адамға о дүниеде жәннаттан арнайы үй салынады» деген сөз бар. Біздің кәсіпкерлердің де басты ұстанымы осы деп ойлаймын.

Смағұл Елубаев, Алматы қалалық ономастика комиссиясының мүшесі, жазушы:

Жоқ
– Мешіттердің көбеюі – жақсы құбылыс. Әсіресе қазіргідей уақытта ел ішін жайлаған бөтен дін иелері қандастарымызды өзге діннің жетегіне мұрнынан тізіп алып кетіп жатқанда мешіттердің көбейгені дұрыс. Халықтың да имандылыққа көбірек көңіл бөлуі –жақсылықтың нышаны. Алайда мешіттердің салынуы ел ішінде бәсекелестік тудырмаса екен. Кәсіпкерлер мешіт құрылысына қаржы салып, оны өз ата-бабаларының атымен атап жатқан жағдайлар бар. Әрине, қазіргі заманда өз қалтасынан шығарып қаржы салғаннан кейін оны қалай атаса да, өз еркі болып барады. «Қазаншының еркі бар қайдан құлақ шығарса» дегендей, өзі барлық мәселеге мұрындық болған соң қалай атауы да өз еркіндегі дүние болуда.
Ономастикалық комиссияның да бұл салаға араласуға тікелей қақысы жоқ. Бұл – мемлекет тарапынан қадағаланатын мәселе. Ислам дінінде де «оң қолың берген нәрсені сол қолың білмесін» деп жатады ғой. Ендеше, мешітті салуға қаржы құйған кәсіпкердің туысқанының атын мешітке бермей-ақ, мешіттің қабырғасына ескерткіш тақта орнатып, ата-бабасының атын жаздырып, «осы кісінің құрметіне қойылды» деп тайға таңба басқандай қылып көрсетіп қойса да болар еді ғой. Өзі салып отырған мешіттің қабырғасына мұндай тақта орнатса, ешкім де қарсы шықпайды деп ойлаймын. Қоғамда «мешіт атына туысқанының есімін берді» деген пікір қайшылығын да тудырмас еді.
Араб елдерінде мешіттердің барлығы дерлік жергілікті атаулармен аталады. Алматыда да мешіттер Орталық мешіт, Тастақ мешіті, Ақсай мешіті деген секілді атаулармен белгілі. Бұл өз кезегінде жарасымды да. Адам есімінен гөрі, мекен атауларымен аталуы ерсілік тудырмайды. Негізі, мешіттерге ат қойғанда оны салған кісінің емес, сол жерде тұратын кісілердің пікірлерін негізге алу керек. Өйткені мешіт атауы да ел мен жер тарихына байланысты болғаны орынды секілді. Жалпы, кәсіпкерлердің шетелге барып, оңды-солды ақша шашқанынан гөрі, елімізде мешіт ашып, сауапты іс істегені дұрыс. Тек бұл ниет бәсекелестіктен емес, шынайы ниеттен туса игі.

Түйін
Рас, мешіттердің көбейгені көңіл қуантады. Бірақ адамды иманға шақыратын жердегі Алланың үйі кәсіпкерлердің сауап үшін емес, пендеуи бәсекелестікпен тұрғызар салтанат сарайындай болып кетпесе деп тілейміз...

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста