Мемлекеттің қатысуымен жаңа кәсіпорындар ашуға мораторий жариялау керек деген ұсыныспен келісесіз бе?

«Ақ жол» демократиялық партиясы Қазақстанда мемлекеттің қатысуымен жаңа кәсіпорындар ашуға мараторий жариялауды ұсынды. Еске сала кетейік, ҚР Президенті Н.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында жаңа саяси бағыт туралы, «кең ауқымды жекешелендірудің екінші толқынын жүргізу керектігін» айтқан болатын. Осы ретте Мәжіліс депутаты Екатерина Никитинская «Қазақстан - 2050» Стратегиясын жүзеге асырғанда жекешелендіру экономикадағы мемлекет үлесін азайтуға тікелей байланысты болу керектігін ескертті. «Біз бұған экономикалық өсу қарқынды сақтау үшін баруымыз керек, себебі жеке меншік бизнес әр кез мемлекеттік бизнестен тиімді. Сондықтан біз стратегиялық емес сипаттағы кәсіпорындарды жеке қолға беруіміз керек. Бұл отандық кәсіпкерлікті нығайтудағы маңызды қадам», - деді ол. Шынында да мемлекеттің қатысуымен жаңа кәсіпорындар ашуға мораторий жариялау керек деген ұсыныс қаншалықты негізді? Біз бұл сұрақты «Алаш айнасы» мамандар талқысына салып көрген еді.


ИӘ
Азат ҚОНЫСБЕК,
кәсіпкер:
–Әрине келісемін. Мәселен мемлекеттің қатысуымен кәсіпорындар ашылып жатады. Бірақ дәл сондай кәсіпорынды екінші кезекте жеке кәсіпкер де ашады. Енді мемлекеттің қолдауы болғаннан кейін, әрине бірінші кәсіпорынның жұмысы тез алға басып кетеді де, ал жеке кәсіпкердің кәсібі онша жүрмей қалады. Бұл сөзсіз бәсекелестіктің дамуына кедергі келтіреді. Сондықтан мемлекеттің қолдауымен кәсіпорын ашуға шектеу қойып, кәсіпкерлердің бәрі тең дамуы тиіс. Жеке кәсіпкер өзі кәсіпорын ашып, істі өзі дөңгелетуі тиіс. Сонда шынайы бәсекелестік қалыптасады. Әйтпесе, мемлекеттің қолдауымен ашылған кәсіпорын тез дамып кетеді де, ал жеке кәсіпкер ашқан өндіріс банкротқа ұшырауы мүмкін.Қайта біз мемлекеттің қатысуымен жаңа кәсіпорындар ашқанша, кәсіпкерлерге барынша жағдай жасау механизмдерін іске қосуымыз тиіс. Салықтық жеңілдіктер жасап, несие берудің пайыздық мөлшерін төмендетуіміз керек.
Жалпы мұнай, көмір өндіру, темір, металл балқыту секілді ірі кәсіпорындар болмаса, жеке кәсіпкерлер жүргізе алатын кәсіпті мемлекет тарапынан қаржыландыру, құрылтайшылық жасаудың керегі жоқ деп есептеймін. Мәселен нан-тоқаш өнімдерін шығаратын шағын кәсіпорынды алайық. Бұл ретте «Ақсай-нан» секілді ірі кәсіпорын бар. Әрине, үлкен кәсіпорынның өз артықшылықтары болады, олар тауардың өзіндік құнын төмендете алады. Өйткені оларда шығаратын өнімнің көлемі үлкен. Бірақ жеке кәсіпкер ашқан шағын кәсіпорындар икемді болады. Олар тауары өтпей тұрса, дереу оның басқа түрін шығара алады. Ал ірі кәсіпорындар мұндайға икемсіздеу келеді.
Мен сізге кәсіпкер ретінде бір құпия айтайын, жасыратыны жоқ, мемлекеттің қатысуымен ашылатын ірі кәсіпорындарда бюрократизм көп болады.  Оның директоры болады, хатшысы болады, жеке жүргізушісі болады. Ең қиыны, мұның барлығына мемлекеттің қаражаты кетеді. Оның үстіне, қатты айтсам кешірім сұраймын, мемлекеттік қызметкерлердің басым көбі мұндай қызметке кәсіпорынды көтеру үшін емес, өзінің мүддесі үшін барады. Үйтіп-бүйтіп осы жерден бірдеме іліп қалайын, қармап қалайын, ертең қызметімнен кетіп қалатын болсам, далада қалмас үшін мүмкіндігінше бірдеңе жинап алайын деген пиғылмен келеді. Ол кәсіпорынның өркендеуіне көп назар аудармайды. Сосын өз-өзін ақтап алу үшін шағын кәсіпкерлерге тиісуді бастайды. Мемлекеттік қызметкер болғаннан кейін түрлі таныстары арқылы қайта-қайта тексеру жібертіп, кеденнен өткізбеуге әрекет жасап, есеп-шоттарын жаптыруға тырысады. Ал құзырлы органдар жеке кәсіпкерге кедергі жасаудың мың түрлі себебін табады. Өкінішке орай, мұндайлар жоқ емес, бар.
Мен бұл сұраққа былай жауап берейін, егер бәрі әділ болса, жоғарыда айтқан әрекеттерге бармайтын болса, онда мемлекеттің қатысуымен жаңа кәсіпорындар ашуға мараторий жариялаудың керегі жоқ. Мұндай жағдайда шағын кәсіпорындар олармен бәсекеге түсе алады. Бірақ оның әділ болатынына күмәні болса, онда міндетті түрде жаңа кәсіпорын ашуға мемлекеттің қатысуына тыйым салуымыз керек. Сондықтан мараторий жариялаған дұрыс деп есептеймін.


ЖОҚ
Атамұрат ШӘМЕНОВ,
экономика ғылымының докторы, профессор:
–Мен бұл ұсыныспен келіспеймін. Себебі кез келген кәсіптің бойына қан жүгірту үшін міндетті түрде мемлекеттің қолдауы керек. Онсыз болмайды. Әйтпесе бізде кәсіпкерліктің дамуын тежейтін түрлі кедергілер өте көп. Сондықтан алғашында  мемлекеттің қолдауы болса, ол кәсіпорын аяқтан тұрып кетеді. Ал кәсіп жанданды деген сөз, ол мемлекетке де пайда, кәсіпкерге де пайда, қарапайым халық та тұрақты жұмыспен қамтылып, отбасын асырайды. Осы арқылы елде тыныштық орнап, бейбіт елде береке болады. Оның үстіне бізде ірі мұнай өндіру компаниялары, электр энергиясын өндіру, жылу электр станциясы секілді үлкен кәсіпорындар бар. Оларды мемлекет өзі ашып, қадағалауы тиіс. Мұндайды олигархтар болмаса, қарапайым кәсіпкер аша алмайды. Сонымен бірге біз кезінде мемлекеттің маңызы бар салаларды жекеменшікке беріп, қазір соның зардабын тартып отырмыз. Оның бір дәлелі ретінде коммуналдық шаруашылық мәселелерін айтуға болады. Қазір олар халықтан қанша қаражат жинап алғанымен, коммуналдық шаруашылық жабдықтарын жаңалауға келгенде самарқаулық танытып отыр. Сондықтан бұл бағытта міндетті түрде мемлекеттік кәсіпорындар құрылуы тиіс. Онсыз болмайды. Өкінішке орай, бізде қай жағынан алып қарасаң да бәрі бір жақты болып кетеді. Мемлекет барлық кәсіпорындарды түгел өзіне алып алады да, жекешелендіру жасамайды не болмаса, бәрін жекеге беріп қояды. Бұлай болмауы тиіс. Мемлекеттік те, әрине нарықтық жағдай болғаннан кейін жекеменшік те кәсіпорындар болуы керек. Егер жеке кәсіпкер «мемлекеттік кәсіпорын құрылып, мен шығынға баттым»,- десе, онда оны бірінші өзінен көруі қажет. Бұл халықтың ыңғайына икемделе алмауынан, ашық бәсекеге төтеп бере алмаудан болады.
Айта кетейін, қазір кәсіпкерлердің барлығын тексермеу қажет деген секілді мараторий жарияланып жатыр. Бұл ретте мен 100 пайыз мүлдем тексеруге болмайды дегенге келіспеймін. Ара-тұра қадағалап отыруымыз керек. Өйткені Европаның бизнесмендері секілді мәдениетті түрде жұмыс істеуді біздің кәсіпкерлер әлі үйренген жоқ. Біздің кәсіпкерлер мүмкіндігін тапса, алдап, жеңіл жолмен жұмыс істеуді қалап тұрады. Енді тағы да тексеруге мараторий жарияланса, онда олар білгендерін істейтін болады.

Бейтарап пікір
Ерасыл ӘБІЛҚАСЫМОВ,
қоғам қайраткері:
–Егер стратегиялық емес сипаттағы кәсіпорындар болса, оны жекеменшікке бергеніміз жөн. Стратегиялық маңызы жоқ кәсіпорындар өзара бәсекелестікке түскені дұрыс. Өйткені барлық сала бойынша мемлекеттік кәсіпорын ашуға бюджеттің қаржысы жетпейді. Сондықтан шамасы келсе бұған жеке кәсіпкерлер араласуы керек. Бұл ретте оларға түрлі жеңілдіктер жасауымыз қажет. Керек десеңіз, салықтан босатып, үш жылға дейін демалыс беруіміз керек. Осындай механизмдерді іске қосқанда ғана кәсіпкерлік дамиды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста