Мемлекеттік рәміздерімізді өз деңгейінде ұлықтай алып отырмыз ба?

Мемлекеттік рәміздерімізді өз деңгейінде ұлықтай алып отырмыз ба?

Халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін айрықша құндылықтар – ұлттық рәміздеріміз. Елтаңбамыз, Туымыз, Әнұранымыз ел тарихының тереңінен тамыр тартып, ұлттық рухымызды асқақтатып, шаңырағымыздың беріктігін паш етіп,  республикамыздың қанатты тұлпардай ұшқырлығын айғақтап келеді. Алайда сол символдарымыздың мәнін жете түсініп, тиісті деңгейде ұлықтай алып жүрміз бе? Сарапшылардың бұл туралы пікірі екі түрлі.


Динара Қойшығұлова, ҚазҰУ PhD докторанты, лингвист:
иә
 – Әр нәрсенің кері жағын ғана көруге болмайды. Осыдан бірер жылдар бұрынғы уақытпен салыстырғанда, қазір Мемлекеттік рәміздерге деген құрмет артып келеді. Бұл, бір жағынан, баспасөз құралдарында осы мәселенің жиі көтерілуіне де байланысты шығар. Байқасаңыз, қазір барлық мекеме­лерде, жергілікті басқару орындарында туға ерекше көңіл бөлініп, ол тұрақты түрде жаңартылып тұрады. Мұны да айту керек. Бізде туды кез келген адам кез келген жерге іле алмайды. Осыған қатысты сын-пікірді көп естимін. Әрине, тудың көп ілін­гені жақсы. Алайда кейбір шет мемлекет­терде туға деген құрмет керісінше құбылыс бе­ріп жатады. Мәселен, туды емін-еркін пай­да­лануға рұқсат бергендіктен, халық ара­сында одан шалбар, ішкиім тігіп алатын жағ­дайлар кездесіп жатады.
Сондықтан барлық мәселені ескеру қажет.
Еліміздің көк байрағы, қазір әлемнің басқа да тәуелсіз мем­лекеттерімен қатар, БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб пәте­рі қа­сын­да желбіреп тұр. Ал Ән­ұра­нымыз олим­пиада­лық ойындарда, басқа да түрлі спорттық шараларда Қазақстан спорт­шыла­рының құр­метіне талай шырқалып жүр. Өткен жылы спортшыларға Әнұранды жат­татуды міндеттеу мәселесі қолға алын­ды. Ол да уақыт күттірместен өз шеші­мін тапты. Лондон Олимпиадасына барған спорт­­шыларымыздың бәрі Әнұранды жат­қа білді. Әнұранды жаттауды міндеттеу адам­­дардың рәмізге деген құрметін, көз­қарасын өзгертеді дейтіндер баршы­лық. Қазақстанның Әнұраны шырқалған­да, көк туы көтерілгенде спортшыларымыздың көзі­нен жас ағып тұратынын жиі көреміз. Одан бөлек, соны телеарна арқылы тама­шалап отырған қазақстандықтар да Әнұран­ды естігенде қосыла егілетінін жиі байқаймыз. Яғни егер біз рәміздерімізді мүлде құрметтемейміз дейтін болсақ, халқымыздың патриоттығына күмән келтіргенмен бірдей болар еді. Қазір Елтаңбамыз ұлттық теңгенің ба­сып шығарылған банкнотында бей­не­ленген. Мемлекеттік рәміз­де­ріміз ал­ғашқы қазақ­стандық ға­рыш­кер­лермен бірге ғарышта да болып қайтты.
Қысқасын айтқанда, қазақстандықтар­дың бойында рәміздерге деген құрмет бар. Әрине, мектептер мен балабақша­ларда оны қалай құрметтеу керектігі жөнінде үгіт-насихат жұмыстары қажет. Сол арқылы біз оны жастардың бойына біржола сіңіреміз, киелі ұғымға айналды­ра­мыз.


Нәбижан Мұхаметханұлы, тарих ғылымының докторы, профессор:
жоқ
– Мемлекеттік рәміздер біздің тәуелсіз ел екеніміздің ерекше белгілері ғой. Оған лайық­ты деңгейде құрмет көрсету өзімізге деген құрметімізді көрсетеді. Құдайға шүкір, Мемлекеттік рәміздеріміз, қай жағынан алсақ та, көрікті, көркем, жүрекке жақын. Алайда, өкініш­ке қарай, сол көркем де көрікті рәміздерімізді тиісті деңгейде ұлықтай алып жатырмыз деп айта алмаймын. Әсіресе өзге елдермен салыстыратын болсақ, бұл мәселе­дегі өзіміздің салақтығымызға, салғыртты­ғы­мызға көз жеткіземіз. Рәмізді ұлықтауымыз тиісті деңгейіне жете қойған жоқ. Өзім қытай­танушы болғандықтан, көрші елде рәміздерге қалай құрмет көрсетілетінін білемін. Әр мектепте аптаның алғашқы күнінде таңертең ту көтеріледі, апта соңында түсіріледі. Дема­лыс күндері оны жуып, таза күйінде қайта к­ө­тереді.
Сол арқылы оқушының бойына мем­лекеттік сана, ұлттық сана қар­ша­дайынан сіңіріліп отырады. Сол сияқты Түркияға назар аударсақ та, рәмізге деген ерекше құрметті байқаймыз. Түркиядағы ең биік нүктелерде мемле­кеттік туы желбіреп тұрады. Тіпті жеке адамдардың да туды құрметтеуінің мә­дениеті адамды қызық­тырады. Туды көргенде тебіренеді, көзіне жас алады. Қарапайым азаматтар­дың Мемлекеттік рәміздердің маңызын қай деңгейде түсінеті­нін осыдан аңғаруға болады. Өкінішке қарай, бізде мемлекеттік рәміздерді құрметтеу ондай деңгейге көтеріле қойған жоқ. Әсіресе Туға қатысты дауды көп естиміз. Оның аяқасты болуы, қоқысқа кетіп қалуы, ғимараттар­дың үстінде кірленіп, жыртық-жыртық, жұлым-жұлым күйде тұруы – жиі кездесетін жайт. Кейбір мекемелердегі Ту қысы-жазы тұра беріп, түсі оңып, кейде сарғайып тұрғанын көргенде жаның ашиды.
Қарапайым адамдарды, жастарды айтпағанда, мемлекеттік мекемелердің өзі осы мәселеге салғырт қарап жатады. Әнұранға қатысты дау да аз емес. Соңғы бірер жылда бірнеше оқиға орын алды. Халықаралық деңгейдегі жиындарда масқарамыз шыққаны бар. Біресе ескі әнұранмен, біресе жалған әнұранмен шатастырып жатады. Оған да кейбір мемлекеттік мекемелердің жауап­сыз­дығы кінәлі. Елдегі азаматтардың бойын­дағы патриоттықты арттыру үшін осы рәмізге деген құрметке көңіл бөліну ке­рек. Рәмізге деген құрметтің қандай болуы керектігін балаларға балабақша­дан бастап насихат­тау керек.
Жалпы, Мемлекеттік рәміздер туралы заңды жетілдіру керек деп есептеймін. Онда рәміздердің аяқасты болмауы талап етілгені жақсы. Жауапкершілікті күшейтсе игі. Сонымен қоса мектептер­дегі, мемле­кеттік ғимараттардағы тулар туралы айқын түрде айтылуы керек, қазіргідей жалпы­лама қамтып өте салуға болмайды.
                                      Абай ОМАРОВ (коллаж)

Түйін
Сын айтылған соң, мін түзеліп жатқан жайлар көп. Расында, қазір мемлекеттік мекемелердегі Тулар жиі жаңартылып, тазартылып тұратын болды. Әрине, бірді-екілі келеңсіз оқиғалар кездесіп жататыны жасырын емес. Ол әлі де айтыла жатар. Спортшылдарымызға Әнұран жаттату ісі де жақсы нәтиже берді. Алайда Нәбижан Мұхаметханұлы айтпақшы, Мемлекеттік рәміздер туралы заңда оны құрметтеудің жауапкершіліктері туралы мәселені жіті қарастыру қажет екені анық. Бұл рәміздердің аяқасты болу фактілерін заң аясында шешуге мүмкіндік берер еді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста