Мемлекеттік қызметкерлерді мемлекеттік тілді білуге міндеттейтін уақыт жеткен жоқ па?

Республикалық «Алаш айнасы» газеті мен СТВ телеарнасының бірлескен жобасы аясында жарық көрген «Алаш айнасы» – «Ой-көкпар» бағдарламасының кезекті шығарылымы «Мемлекеттік қызметкерлерді мемлекеттік тілді білуге міндеттейтін уақыт жеткен жоқ па?» деген тақырыпқа арналып отыр. Тәуелсіз ел атанғанымызға 20 жылдан астам уақыт өтсе де, қазақ тілінің мәселесі – әлі де болса өзекті күйінде. Қоғамда қызу тартысқа түскен тіл мәселесін шешу мақсатында әртүрлі пікірлер де айтылуда. Осы орайда мемлекеттік қызметкерлерді мемлекеттік тілді білуге міндеттеу жайы да – мамандар тарапынан жиі айтылып жүрген ұсыныстардың бірі. Қазақ тілінің мәселесіне бейжай қарай алмайтын мамандарымыз дәл осы тақырып аясында өз ойларын ортаға салатын болады.


Құрманғали АШАНҰЛЫ, жеке кәсіпкер:
иә
– Егемен ел атанғанымызға 20 жыл болды. Біз қатарлы тә­уел­сіздік ал­ған елдердің барлығы өздерінің ана ті­лі мә­селесін ал­дыңғы орынға қо­йып, ана тіл­дерін да­мытуға күш салу­да. Ол елдердің ше­­неуніктерінің барлығы өз тіл­де­рінде сөйлейді. Біздің елімізде ға­на ше­неу­ніктеріміздің ана тіліне де­ген се­зімі оянар емес. Сондықтан олар­ды қа­зақ тілін білуге міндеттейтін уа­қыт жетті деп санаймын. Шыны ке­рек, 20 жыл мем­лекеттік тілді үй­рену үшін аз уақыт емес. Бірақ олар әлі күн­­ге «асса­лау­ма­ға­лейкумын» ғана қа­­зақ­ша айтып, одан әрі орыс тілінде сай­рауын қоя алмай ке­ле­ді. Тіпті ше­тел­дерден келген қо­нақ­тардан да ұят болды. 
Ана тіліміз қазақ тілі бола тұра, орыс тілінде шүлдірлесеміз де, сосын «қазақ тілінде неге сөйлегілерің келмейді» деген сөз естиміз. Сондықтан қазақ тілін міндеттеуді мемлекеттік қыз­меткерлерден бастау керек. Мемлекеттік қызметте істеп, мемлекеттің нанын жеп отыр екен, ендеше қазақ тілінде сөйлесін. Олар қазақ тілінде сөйлеп, іс қағаздарын жаппай қазақ тілінде жүргізер болса, қазақ халқы жаппай ана тілінде сөйлей бастар еді. Ал осы бетімізбен кете берер болсақ, біз тіл мәселесін 100 жылда да шешпейміз. Тіпті қазақ тілі жойылып кетуі де мүмкін.


Бақыт ҚАЛЫМБЕТ, Алматы қаласы Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасының тілдерді дамыту және үйлестіру бөлімінің бастығы:
жоқ
– Қоғамда мұндай мәселенің бар екені рас. Әйтсе де дәл қа­зіргі таң­­дағы қа­лып­тасқан ах­у­алға орай мем­лекеттік қыз­мет­керлерді мем­ле­­к­ет­тік тілді білуге мін­деттеу ар­ты­ғы­­рақ деп ой­лаймын. Бі­рақ бұ­ған қа­рап, мем­ле­кеттік қыз­мет­кер­лер­дің бар­лығы бір­дей мем­лекеттік тілді ысы­рып қойып, орыс тілінде сөйлеп жүр екен деген ой тумауы керек. Мем­ле­кеттік қыз­мет­­к­ер­лер­дің ішінде де қа­зақ ті­лінде сөйлеп, ісқағаздарды да ана ті­лі­мізде тол­ты­рып жүр­ген­дер бар. Сондай-ақ мемлекеттік тілді мең­гермеген қыз­мет­керле­рі­міз­дің бар екені де рас. 
Бүгінде тілді дамытуға арналған бағдарламалар аясында мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттік тіл­ді үй­ре­нуіне арналған түрлі іс-ша­ра­лар жа­са­луда. Және осындай жұ­мыс­тар­дың нә­ти­жесінде мемлекеттік қыз­мет­керлер ара­сында мемлекеттік тіл­де сөй­лейтін қызметкерлер саны ар­тып келеді деп айта аламын.
Мемлекетіміз де тіл мәселе­сінің ше­шілуіне жыл сайын қар­жы аударып, көңіл бөлуде. Сон­дық­тан мен тіл мәселесінің мін­дет­теусіз-ақ шеші­ле­тініне сенемін.

«Алаш айнасы» газеті мен СТВ телеарнасының бірлескен жобасы

«Алаш айнасы» – «Ой-көкпар» бағдарламасының жазбаша нұсқасы.
Жүргізуші:
Жарқын ТҮСІПБЕКҰЛЫ.
Бағдарлама ұзақтығы:
27 минут.
Эфирдегі уақыты:
жұма күні сағат 22:30.
Хабар қонақтары:
Құрманғали АШАНҰЛЫ, жеке кәсіпкер.
Бақыт ҚАЛЫМБЕТОВ,
Алматы қаласы Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасының тілдерді дамыту және үйлестіру бөлімінің бастығы.

тартыс бөлімі                                                                                                                                      
Жүргізуші:
– Қонақтарымыздың пікірі айқындалды. Енді бағдар­ламамыздың «тартыс» бөліміне өтіп, ойымызды тарқатып айтсақ. Құрманғали мырза, қазақ тілін дамы­туға арналған кешенді бағдарламалар мемлекеттік қыз­меткерлердің қазақ тіліне бет бұруына ықпал ете ала ма?
Құрманғали Ашанұлы:
– Біз шенеуніктердің қандай жолмен болсын мемлекеттік тілді меңгеруін міндеттеуіміз қажет. Еліміздегі 16 миллион халықтың 67 пайызы – қазақтар. Қалғаны – әртүрлі ұлттар мен ұлыстар. Оның ішінде өзбек те, қыр­ғыз да, кәріс те, неміс те, орыс та бар. Алдымен өзіміз бастап қазақ тілінде сөйлемесек, еліміздегі 100-ден астам ұлттың ешқайсысы қазақ тілін үйренгісі келмейді. Біз алдымен өзіміздің шенеуніктерімізге талап қоя алмай отырғанда өзге ұлт өкілдерінен мүлдем талап ете алмаймыз. Егер біз бүгін талап қойып мемлекеттік қызмет­керлердің ана тілін білуге міндеттемесек, олардың балалары да орыстілді болып шығады. Шенеу­ніктерге міндеттеудің орнына аудармашы жалдап беріп, онан сайын құтыртып отырмыз. Мен мұны қолдамаймын. Біз міндеттеу арқылы болса да, қазақ тіліне қажеттілік тудыруымыз қажет. Жалпы, біз өз қазақтарымызға арнайы бағдарлама қабылдап, тілді үйретіп жатқанымызға ұялуымыз керек.
Жүргізуші:
– Болат мырза, алғаш тәуелсіздік алған жылдары екі миллиондай өзге ұлт өкілдері өздерінің тарихи отандарын іздеп елдеріне кетті. Енді қалғандары, Қазақстанның елдігін, мемлекеттігін мойындап қалғандар. Ендеше, ол­ар­ға жаппай мемлекеттік тілді үйретудің жолдары бар ма?
Бақыт Қалымбет:
– Бұл – қаншама жылдар бойы қалыптасқан жағдай. Кеңес Одағы кезінде орыс тілі басым болды да, сол кездегі азаматтардың барлығы тәрбиені де, білімді де орыс тілінде алды. Жұмысқа тұру кезінде де орыс тілділерге басымдық берілді. Осылайша халық орыс тілін білуге мәжбүр болды. Ал солай оқып, тәрбиеленген толқынды бүгінгі күні келіп, бірден қазақ тілін білуге міндеттеу артықтау. Біз оларды қанша зорлап, тәрбиелесек те, олардың мүмкіндігі оған жетпейді. Мен мұны қазақ тілін дамытуға деген қарсылықтан емес, бүгінгі күнгі қалыптасқан ахуалды жақсы білгендіктен айтып отырмын. Тілді дамыту назардан мүлдем тыс қалған жоқ. Мемлекет тарапынан көңіл бөлініп кешенді бағдарлама­лар қабылдануда. Мәселен, бүгінгі күні тілді дамыту мақсатында қабылданған үшінші бағдарлама нақты тапсырмалар бойынша жасалған. Мәселен, бір кездері 1995 жылы бүкіл қазақстандық түгелімен қазақ тілінде сөйлеуге көшеді деген де кестелер болған. Тілдің даму саясатын зерттеп жүріп, мұндай орындалмай қалған талай тапсырмаларды байқадым. Сондықтан алаулатып, жалаулатып тапсырмалар бере бермей нақты іс- әрекет­термен жұмыс жасайтын кез жетті. Мәселен, тілді дамы­туға арналған алғашқы бағдарлама қазақ тілінің мемлекеттік тіл екенін халық санасына сіңірумен ғана айналысты. Өйткені сол кезеңдерде қазақ тілінде іс жүргізу мүм­кін емес, қазақ тілі мемлекеттік тіл бола алмайды деген пікірлер көп айтылатын. Біз алғашқы он жылдықта осы пікірді жоққа шығардық. Ендігі он жылдықта ана тілімізді мойындатып, тілді үйренгісі келетіндер қатары көбейген кезде оларға үйрететін мамандар тапшылығын сезініп отырмыз. Қазақ тілін үйретудің методикасын қалыптас­тыру жұмыстары да енді жүріп жатыр. Осы мәселелерді шешсек, тілді игерген мамандар саны артар еді.
Құрманғали Ашанұлы:
– Жоқ, мұныңызбен келіспеймін. Болатхан Тайжан ағамыздың баласы бар. «Асфальтта өскен» жігіт орыс тілінде білім алып, ұзақ жылдар шетелде жүріп келгенімен, бүгінгі күні қазақ тілін өте жақсы біледі. Яғни тілді меңгеру әркімнің өзіне, ана тіліне деген құрметіне, намысына байланысты. Бүгінде бастықтың орынбасары бастығы не істесе, соны істейді, бастығы көлік ауыстырса, орынбасары да астындағы атын ауыстыруға тырысады. Сондықтан тілді үйренуді басшыдан бастау керек. Басшысы тілді біліп тұрса, қосшысы да тілді үйренуге тырысады. Мәселен, үш айдың ішінде қазақ тілін үйрен немесе жұмыстан кетесің десек, олардың бәрі қазақша сайрап кетер еді.
Бақыт Қалымбет:
– Жоқ, мұныңызбен келіспеймін. Заңдық тұрғыдан да мұнымыз дұрыс емес. Кеше Елбасының өзі зорлап таңып, ешкімнің құқын бұзуға қақымыз жоқ деді емес пе?! Ата Заңымыз бойынша бұл дұрыс емес.
Құрманғали Ашанұлы:
– Ендеше, осылай жүре береміз өмір бойына. Ал осынымыз дұрыс бола ма сонда?! Бойында намысы жоқ, ана тілін, елін, жерін сүймейтін адамға бір емес, тілді үйренуге арналған жүз бағдарлама жасап берсең де тілді игермейді. Сондықтан біз оларды мемлекеттік тілді үйренуге міндеттеуіміз керек. Болмаса Тәуелсіздік алғалы да 20 жыл өтті, тілді үйренуге арналған үш бірдей бағдарлама қабылданып, қыруар қаржы бөлінді. Сонда да шенеуніктеріміз орысша сайрап, көшедегі ана тіліміздегі қате-қате жарнамадан көз сүрінеді. Маңызды жиындар орыс тілінде өтеді. Бұл – үлкен сорақылық. Тіпті өз тілімізді өзіміздің игеруімізге осынша қаржы бөлуіміздің өзі өте ұят тірлік болып отыр.
Бақыт Қалымбет:
– Мен Алматы қалалық әкімдігінің өкілімін. Қалалық әкімдікке қатысты жеті ауданының барлық қызметкерлерін қосқанда 1200-1300- дің айналасында. Сонда сол 1200 мемлекеттік қызметкер қазақша сөйлесе, Алматы қаласындағы екі миллиондай адам түгелімен қазақша сөйлеп кетеді дегенге мен келісе алмаймын. Бұл мүмкін емес. Бүкіл республика халқы да сондай. 14 облысқа қарасты мемлекеттік қызметкерлер қазақша сөйлесе, 14 облыстың халқы күнделікті өмірде қазақ тілінде сөйлеп кете қоймайды.
Жүргізуші:
– Болат мырза, біз тілді толықтай үйренуге 2020 жылды межелеп отырмыз ғой. Оған да сегіз жыл қалыпты. Қалған сегіз жылда біз халықтың 95 пайызы қазақ тілінде сөйлейтініне сенім білдіре аламыз ба?
Бақыт Қалымбет:
– Біз тілді үйретушілер мен тілді үйренушілерге деген көзқарасымызды өзгертер болсақ, тілді дамытуға арналған қаржыларды өз мақсатына сай жұмсар болсақ неге үйренбеске?!
сайыс бөлімі                                                                                                                                          
Жүргізуші:
– Бағдарламамыздың үшінші бөлімі «Сайыс» деп аталады. Осы тақырып бойынша студия қонақтары өзара сұрақ-жауап алмасады. Ендеше, Құрманғали мырза, қарсыласыңызға көкейіңізге ұялаған сұрағыңызды қойсаңыз...
Құрманғали Ашанұлы:
– Біздің шенеуніктеріміз шетелге іссапарға барса да, орыс тілінде сөйлейді. Ана тілінде сөйлемей тұрғаны үшін басқа елдің алдына ұялмайды да. Сонда біздің шенеуніктеріміздің бойындағы намысы қашан оянады?
Бақыт Қалымбет:
– Мемлекеттік қызметкерлердің ішінде үлкендерін былай қойып, жастарының арасында да орыстілділер баршылық. Бұл кезінде солардың әке-шешелерінің орыс тілінде білім алғанының әсері болса керек. Олар екі тілде бірдей сөйлеп жүрген маған қызығып, тілді үйренуге деген ынталары барын да жиі айтады. Олардың арасында ана тілін білмегені үшін қиналатындары, намыстанатындары да бар. Әйтсе де тілді үйренуге деген қабілетті Алла бәріне бірдей бермейді.
Мен мемлекеттің тіліне, оның дамуына еш қарсылығым жоқ. Әйтсе де оппозициядағы немесе Құрманғали мырза секілді пікір айтып жүрген азаматтардың барлығы мемлекеттік қызметте жүргендердің бәрін бірдей неге жау көреді? Тіл мәселесі секілді ақсап жатқан мәселелердің барлығының кінәсін неге бізден іздейді?
Құрманғали Ашанұлы:
– Өйткені халық пен биліктің арасы алшақтап кетті. Халық қазақтың мүддесіне сай қазақ тілінің мерейі үстем болғанын қалайды. Ал басқарушы орындар сол тілекке сай жұмыс істемейді. Халық соған ренжиді.
ойтүйін                                                                                                                                                      
Жүргізуші:
– Соңғы бөлім «ойтүйін» деп аталады. Екі тарапқа да қойы­лар сұрақ ортақ. Бүгінгі бағдарламамыздың тақыры­бы­нан не түйдіңіз? Қарсыласыңыздың пікіріне өтіп кеткен жоқ­сыз ба?
Бақыт Қалымбет:
– Әлі де болса өз пікірімдемін. Бірақ тілді дамытуға арналған соңғы бағдарламаның талабына сай тілді үйрену мен үйрету қағидасының неғұрлым тезірек өз талабына сай іске асуы қажеттілігін сезініп отырмын.
Құрманғали Ашанұлы:
– Мен бұл мәселені мемлекеттік қызметкерлерді жек көргеннен емес, керісінше, жаным ашып жақсы көргендіктен қозғап отырмын. Сондықтан мемлекеттік қызметкерлер ғана емес, әрбір қазақ отбасы балаларын қазақ балабақшасы мен мектебіне беріп, қазақ тілінің мәртебесінің артуына жұмыс істесе екен!
Жүргізуші:
– Бүгінгі бағдарламамыз да өз мәресіне жетті. Қоғам­дық мәселелерді көтеріп, оларды халық арасында ашық талқылау, сол арқылы қоғамдық пікір қалыптастыру – біз­дің міндет, ал шешім қабылдау – рес­ми органдардың еншісінде.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста