Мектептерді жан басына байланысты қаржыландыру жүйесін енгізу ауыл мектептеріне ауыртпалық түсірмей ме?

Күні кеше білім жүйесіне тың бастама енгізіліп, яғни зияткерлік  мектептерді ҰБТ-дан босату туралы шешім шығып, дүйім жұртты елең еткізген еді, енді мектептерді бала санына қарай қаржыландыру жүйесінің тәжірибе жүзінде қолға алынып жатқандығы туралы «отыз тістен шыққан сөз, отыз руға» тарап кетті.  ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Мемлекеттік бағдарламаның басты міндеті – 2015 жылға қарай білім берудің барлық деңгейінде жан басын қаржыландыру тетігін енгізу. «Білім туралы» заңға бірқатар толықтырулар енгізілді. Заң - жан басына қарай қаржыландыру тетігі орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына да пайдалануға мүмкіндік береді» деген мәлімдемесі бүгінгі күні қоғамның пікірталасын тудырып отыр.


Алмагүл Абдуллақызы, В.Г.Белинский атындағы орта мектеп, мектепке дейінгі шағын орталық пен мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:
иә
– Кез келген қоғамның өрке­ниет­­тілігі оның халқының білім-бі­лік­тілігімен өлшенетіні белгілі. Шын­дығын айту керек, еліміз Тә­уел­сіздік алғалы бері білім саласына ай­рықша көңіл бөлінуде. Елбасы да жыл сайынғы халыққа Жолдауында бі­лім сапасын жақсартуды бірінші ке­зекке қойып келеді. Естеріңізде бол­са, Мемлекет басшысы Н.Ә.Н­а­з­ар­баев Үкіметтің кеңейтілген бір отырысында «Мектеп – әлеуметтік мәселелердің ішіндегі ең өзектісі. Әсіресе ауыл мектебін өркендетуге, ауыл мектебінің жағдайын жақ­сартуға көңіл бөлу қажет» деген еді.  Қолға алынып, жүзеге асып жатқан игі істер баршылық. Бұрындары өгей баланың күйін кешкен ауыл мек­тептері қазір біртіндеп көшке ілесе бастады.
Десек те, шалғай ауылдардағы білім ошақтарының ахуалы әлі де төмен. Ұстаз­дар санының жетіспейтіндігі өз алдына ма­ңызды проблема, сондай-ақ материал­дық жағ­дайлары мемлекет тарапынан қолдауға зә­ру. Қазір құзырлы министрліктің алдын­да­ғы басты міндет – білім беру сапасын бү­гінгі күн талабына сай жетілдіру. Сондық­тан да қандай да бір тәжірибені қолға ал­мас бұрын ал­дымен оның ауылдағы мек­теп­­терге қа­лай әсер ететіндігін ескерген жөн сияқты. Әри­не, қаржыны бала санына қа­­рай бөлу бас­тамасы жаман емес. Мұн­дай тәжірибені қа­шаннан қолға алған ел­дер­де ол өмір­шең­дігін дәлелдеген. Алайда бізге әлі ер­терек деп ойлаймын. Бірінші ке­зек­те ауыл мектептеріндегі про­бле­маны оң ше­­шіп ал­ған абзал дер едім. Бі­лім сапасы мен ма­те­риалдық жағ­да­йын елі­міздегі бар­лық орта білім беретін мекемелерімен те­ңесті­ріп алған жөн. Өздеріңіз білесіздер, ауыл­дық жерлердегі білім ошақ­тарының ара­сын­да  әлі де болса аса қажет тех­ни­­ка­лармен жабдықтала қойған жоқ. Ма­териалдық техникалық базаны жақ­сартпай, білім сапасын дамыту екі­­талай. Тағы бір түйінді мәселе, ауыл мектептерінің арасында  шағын жи­нақталғандары баршылық. Тіпті бір сыныпта он шақты оқушысы бар мектептер де жоқ емес.
Статистикаға жүгінсек, елі­мізде 7600-ге жуық мектеп жұмыс істесе, соның тең жар­тысына жуығы шағын жинақ­талған мектептер қатарына жа­тады екен. Міне, осыған қарап мен жаңа бастама ауыл мектептеріне тиімсіз болар деген ой түйдім.
Бірінші кезекте ауыл­дағы барлық мектептерді күрделі жөндеуден өткізіп, олар­ды ақпараттық техно­ло­гиялармен қамтамасыз етіп және мұғалімдердің санын жеткілікті мөлшерге көтеріп алса деген ұсынысым бар. Сонда сөз жоқ ауыл балаларының білім дең­гейі  мемлекеттік талап көрсеткішіне теңес­ті­рілген болар еді. Міне, сол кезде қазір бар­шаның назарын аудартып отырған тың бас­тама қоғамның қолдауына ие болатыны даусыз. Менің пікірімше, әзірге ертерек. Қысқасы, мектептерді жан басына қарай қаржыландыру жүйесі басқа-басқа, ауыл мектептеріне қиынға соғады.


Жанар Рахметова, ҚР Білім және ғылым министрлігінің қаржы және инвестициялық жобалар департаментінің бас сарапшысы:
жоқ
– Қазақстан Республикасы Бі­лім және ғылым министрлігі мек­теп­терді жан басына қарай қар­жы­ландыру жүйесін енгізуді бас­тап кетті. Биыл тәжірибе ретінде бір­не­ше ғана облыстар сынақтан өтпек.
Ал жаңа бастаманы жаппай ен­гізу 2015 жылға жоспарланып отыр.
Аталған жүйе бойынша әдіс-тәсілдер жиынтығы бекітіліп қой­ған­­дығын айта кеткім келеді. Бы­лайша айтқанда, орта білім ұйым­­­­да­рын жан басын қар­жы­ландыру норма­тив­терін жасап, оны зерттеуге ха­лық­аралық сарап­шы­лар тартылды, яғни БҰҰ-ның ба­ла­лар қоры атса­лыс­ты. Құзырлы ми­нистрлік бас­шысы Б.Жұмағұлов айт­пақшы, «орта бі­лім беру сала­сын­да жан басына қарай қар­жылан­ды­руды енгізу – рево­лю­циялық қадам».
Бұл жүйенің ең ұтымды тұсы –  ол ор­та білім беру саласында бәсекелестікті дамытуға жол ашпақ. Сонымен қатар мектептерді жан басына қарай қаржы­ландыру арқылы, керісінше  ауыл мен қала мектептеріндегі білім дең­ге­йін теңестірудің мүмкіндігі ту­мақ.
Біртұтас нормативтік жолмен және нақты санаттармен  білім алып жатқан оқушыларға  көр­се­­тіліп отырған стандарттау қыз­­меті мемлекет есебінен суб­си­дия­ланып отыр десек,  жан ба­сына қарай қаражат бөлу жү­йесі әкімшілік тәр­тіп­пен есеп­телген шы­ғын­да­рын қай­таруды көз­дейді.
Бір айта кетерлігі, 2015 жылға дейін жан ба­сына қа­рай қаржыландыру ме­ха­низмін енгізіп, оны жол­ға қою ар­қы­лы құзырлы ми­нистр­лік мына тө­­мен­­дегі нәтижелерге қол жеткізуді жос­пар­лап отыр:
–  әр бір балаға бөлінетін қаржының ара­­сындағы алшақтықты жойып, оны те­ңес­­тіру;
–  мектеп басшылығы бюджеттен бө­­лінген қаржыны тиімді жұмсауға ынта­лан­­дыру;
–  байыпты бәсекелестік орнату арқылы оқушылар мен барлық мектеп қыз­мет­кер­леріне заман талабына сай жағдай жасап, білім сапасын жақсарту.

5 849 мектеп ауылдық жерлерде орна­лас­қан. Оның 70 пайызы, яғни 4 074 мек­теп шағын жинақталғандар қатарында. Алай­да жаңа жүйенің аталған мектептерге еш зияны тимейді. Өйткені шағын жи­нақ­талған білім ошақтары сы­ныптар саны негізінде қаржылан­ды­рылмақ. Жан басына қарай қаржыландыру жүйе­сіне ауыл мек­тептерінің тек 30 пайызы ғана кіреді. Оның өзін­де де ауыл мектебі екендігі еске­рі­ле­ді. Ауыл мектептерінің жайын ойлап, алаң­дап жүргендерді түсінемін. Шағын жинақ­тал­ған мектептерге қаржы жетпей қала ма дей­тін шығар. Жаңа бастама болғандықтан үрке қарайтындары заңды.
Еліміздегі мектеп басшыларының қар­жы мәселесіндегі сауатын әлі де көтеруіміз қа­жет. Әрбір мектеп директоры менеджер бола білуі тиіс. Қазіргі күннің талабы – сол. Ауыл­дағы болсын, мейлі қаладағы болсын, мектеп директоры нарықтың осы тетігін игеруге міндетті.

Түйін
Жаңа бастама тиімсіз деп кесіп айтуға асықпас едік. Өз алдына артықшылықтары бар да шығар. Алайда бірінші тарап айтқандай, әлі ертерек сияқты. Шынымен де, мұндай жүйенің біз күткендей нәтиже беретініне сенімімізден күдігіміз басым. Жаңа жүйені бастап кетуге бөгет жетерлік. Бұл ауылдағы мектептер үшін нағыз сынақтың өзі болғалы тұр. Ешкімге жасырын емес, қалалық жерлердегі мектептер «ата-аналардың өз еріктерімен жинап беретін қоры» арқылы да аз қаржыландырылып отырған жоқ. Ауылдық жерлердегі мектептер мұндай жылудан да қағылған. Оның себебі түсінікті: ауылда жұмыс жоқ, яғни ақша жоқ. Шетелге қарап бой түзейміз дегеніміз де дұрыс емес. Оларда қала мен даланың арасындағы айырмашылық анау айтқандай емес. Әсіресе білім беру жүйесі ешуақытта бір-бірінен алшақ кетпеген. Міне, біз де сондай деңгейге жетіп алуымыз керек пе еді?!

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста