Мектеп инспекторларын ІІМ-нен алып, Білім және ғылым министрлігінің қарамағына беру мектептердегі тәртіп мәселесін одан әрі ақсатпай ма?

Жақында Елбасының құқық қорғау жүйесін реформалау туралы тапсырмасына орай, кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтарының қызметіне байланысты функциялары мен өкілеттіктері Ішкі істер министрлігінен алынып, Білім және ғылым министрлігінің қарамағына берілетіні белгілі болды. Бұл өзгеріс қазірдің өзінде көптеген мамандардың пікір қайшылығын тудырып отыр. Бірі «бұл өзгеріс мектептегі балалар арасындағы әлімжеттік, тәртіпсіздік мәселесін одан әрі ушықтырып жібереді» десе, енді бірі «бұрынғы өзгеріс халықаралық талапқа сай емес еді, жаңа өзгеріс дұрыс болды» деседі. Аталмыш өзгеріс жөнінде мамандарды сөйлетіп көрген едік.

Алтыншаш ЖАҒАНОВА, қоғам қайраткері:
Иә

– Мектеп инспекторларын Білім ми­нис­трлігінің қарамағына беруді мүлдем қол­да­маймын. Онсыз да бүгінгі күні кәме­летке тол­маған жасөспірімдердің тәртіп мәсе­лесі ушы­ғып тұр. Соңғы мәліметтерге сүйен­сек, бүгінгі таң­­да елімізде 17000-нан астам жасөспірім қылмыстық есепте тұрған кө­рі­неді. Ал былтыр­ғы жылы 4500-дей жас­өспірім қылмыстық жа­уап­кершілікке тар­тылған. Бұл еліміздегі кәмелет­ке толма­ған­дардың тәртібінің нашарлап бара жатқа­нын көрсетеді. Жеткіншектердің тәрті­біне құқық қорғау орындарының өзі ие бола ал­май отырғанда, педагогтердің жөнге келтіре қоюы екіталай. Осы орайда өз басым тәр­тібі нашарлаған жасөспірімдермен жұ­мыс жүр­гізуде педагог мамандардан гөрі құ­қық саласы қызметкерлерінің жұмысы әлде­қайда жеміс­ті болар еді деп ойлаймын.
 Жасөспірімдердің тәртіп мәселесі дәл осылай ушығып тұрған кезеңде бұл өз­­геріс олардың тәртібін одан әрі на­шар­­­латып жіберуі әбден мүмкін.
Адам темірдей тәртіп арқылы ғана тез­ге түседі. Айта кетер жайт – жасөс­пірім­дердің тәртібімен айналысатын мек­­теп инспекторларының қызметі Бі­л­ім және ғылым министрлігінің қара­ма­­ғына өткеннен кейін темірдей тәртіп бо­­ла қоюы екіталай. Онсыз да бүгінгі кү­ні ұстазын ұстаздай сыйлап, құр­мет­тей­­тін оқушылар жоқтың қасы. Мектеп инс­­пекторы ІІМ-нің қарамағында бол­ған кезде оқушылар оған құқық қорғау қыз­­метінің қызметкері ретінде қарап, фор­­масының өзінен оның қатал тәр­тіп­тің адамы екенін ұғып тұратын. Қан­ша айтқанмен, қызметкердің қызмет функ­­циясы өзінің саласына қарай бо­луы­ның маңызы зор.
Білім және ғылым министрлігінің мойнына оқушылардың біліміне қоса, тәртібіне де жауап беруді ілуіміздің қажеті жоқ. Олар мектеп оқулықта­ры­ның, берілген білімнің сапалы бо­лып, білімді ұрпақ қалыптастыруға күш салса да жетер еді. Өйткені бүгінгі күні мектеп оқушыларының ҰБТ-дан жоғары көрсеткіш жинап, сапалы білім көр­сет­кішін көрсетуінің өзі үлкен мәселе бо­лып отыр. Бізге мұндай өзгерістен гөрі мектеп инспекторларының санын одан әрі арттырып, тәртіп мәселесін қатай­ту­мен айналысқанымыз дұрыс еді.

Алдан СМАЙЫЛ, Мәжіліс депутаты:
Жоқ

– Мектеп инспекторлары ІІМ-нің қа­рамағында болғаннан гөрі Білім және Ғылым министрлігінің қарамағында бол­ғаны жөн. Кәмелетке толмағандардың білі­міне қоса, тәртібінің де бір министрліктің құрамында болуы жауапкершілікті күшейтіп, жақсы нә­тиже береді деп ойлаймын.
Негізі, тәрбие мен білім қатар берілуі керек. Әл-Фарабидің «Тәртіп пен тәрбие егіз берілгені жөн. Тәрбиесіз білім апат әкеледі. Өйткені ол білімді бола тұра, зиянды нәрсе ойлап табуы мүмкін. Сондықтан білім мен тәрбиені қатар қою керек» деген сөзі бар. Мектеп инспекторлары бұрын Білім және ғылым министрлігіне бағынбай, өздерін жеке сезінетін. Оның үстіне, бүгінде мектептерде мектеп инспекторларының жетіспейтіні жиі сөз болады.
 Кейбір жерлерде мектеп инс­пек­торларының жетіспеушілігінен бірнеше мек­тепті бір мектеп инспекторының қара­мағына берген де жағдайлар кез­де­сіп жатыр. Егер балалардың тәртібі тек қана Білім және ғылым министрлігі­нің қара­мағына берілетін болса, онда олар жа­уапкершілікті күшейтіп, мектеп инс­пекторларының санын көбейтуді де қол­ға алып, тәрбие жұмыстарын күшей­тер еді. Ал мұндай өзгерістер нәтижелі бола­ры сөзсіз. Бүгінде жасөспірімдердің тәртібіне ата-аналар – мектепті, мектеп­тегі ұстаздар «алдын алу жұмыстарын жүр­­­гіз­­бейді» деп, құқық қорғау орын­дарын кінәлап шыға келеді. Ал бұдан бы­лай кәмелетке толмағандардың білімі мен тәртібінің жауапкершілігін бір ғана мекемеден күтетін боламыз. Оның үстіне бұдан былай Білім және ғылым министр­лігі, Білім басқармалары қарамағындағы мек­теп инспекторларының жұмысына кө­ңілі толмаған жағдайда талап қоя ала­ды, тіпті ауыстыруға мүмкіндіктері бо­ла­ды. Ал бұл мектеп инспекторының жұ­мыс сапасын арттырары сөзсіз. Дәл қа­зіргі таңда мектеп инспекторы мектеп­тер­де бақылаушы, қарауылдың ғана қыз­метін атқарып отыр. Өзгеріс енсе, олардың да жұмыс сапасы артып, тәрбие мәселесімен көбірек айналысуы әбден мүм­кін. Тағы бір айта кетер жайт – мек­теп инс­­пекторы Білім және ғылым ми­нис­трі­лігінің қарамағына өткен жағ­дайда олар мектеп өміріне дендеп ара­ласар еді. Қа­зіргі таңдағы жасөс­пі­рімдердің тәрті­бі­нің нашарлап кетуінің се­бебі – өз басым мек­т­ептерде ер адам­дар­дан гөрі әйел адам­дардың санының ар­туынан деп түсі­немін. Біздің оқушы ке­зімізде мек­теп­терде ер мұғалімдер көп­тігінен бе, оқушылар өте тәртіпті еді, ұстаз­дарын қат­ты сыйлайтын. Ал қазір бұл жағдай өз­гер­ген. Сондықтан бұл өз­геріс жақсы нә­тиже береді деп ойлай­мын.

Бейтарап пікір
Аягүл МИРАЗОВА, Қазақстанның Еңбек Ері, №59-мектептің директоры, Алматы қалалық мектеп директорлары кеңесінің төрайымы:
– Жасөспірімдердің тәрбиесі мектеп инспекторынан бұрын үйден бе­ріле­тін отбасындағы тәрбиеге байланысты. Алматы облысы Тұздыбастау ауы­лындағы мектеп оқушыларының өз-өзіне қол жұмсау оқиғасына бай­ланысты мектеп пен құқық қорғау орындарын айыптауда. Егер оқу­шы жоғары сынып оқушыларынан қысым көріп жүргенін алдымен үй­дегі ата-анасына айтпаса, мектептегі мұғалімге, мектеп инспекторына мүл­дем айтпайтыны онсыз да түсінікті. Үйде ата-анасы баласына дұ­рыс тәрбие беріп, балаларымен ашық сөйлесіп отырса, ондай қайғылы оқи­ға орын алмас еді. Бала ата-ананың сеніміне ие болуы қажет. Мек­тептегі мұғалім сабағына қоса, баланың тәртібімен айналысуына уақыты жоқ. Мектеп инспекторы да мектептегі мыңдаған баланың тәртібімен то­лық айналысуға шамасы жетпейді. Сондықтан ең алдымен отбасынан бері­летін тәртіпті күшейту керек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста