Мектеп бухгалтериясын орталықтандыру арқылы қаржылық былықтарды жоя аламыз ба?

Мектеп бухгалтериясын орталықтандыру арқылы қаржылық былықтарды жоя аламыз ба?

Мектеп бухгалтерияларын орталықтандыру керек деген әңгіменің шығып жүргеніне біраз уақыт болды. Мұндай пікірді көбіне-көп қаржы полициясы мен прокуратура қызметкерлері көтеріп жүр. Алайда мұнымен кейбір зиялы қауым өкілдері келіспейді. Олардың уәжіне сенсек, оқу-ағарту саласындағы былықтарды жою үшін бәрін білім департаменттерінен бастау керек дегенге саяды. Сонымен, мектеп бухгалтерияларын орталықтандыру керек пе? Бұл ретте де пікір екіге айырылды.

b-bekjanov

Берік БЕКЖАНОВ, Мәжіліс депутаты:

Иә
– Міндетті түрде жоя аламыз. Біз үшін мектеп біліммен сусындататын алтын ұя болса, оны басқаратын директор – ең алдымен, білікті де беделді ұстаз, педагог. Сондықтан да директордың басты жұмысы – негізінен,  балаға сапалы да саналы білім беру. Алайда қазіргі таңда мектеп директоры – әрі ұстаз, әрі есепші, әрі қоймашы қызметін атқарып жүр. Оған себеп, қазір оларға жалпы басшылықпен қатар, қаржылық-шаруашылық қызметін жүргізу міндеті де жүктелген. Ал өмір бойы педагогика саласымен айналысып келген адам күн сайын ережелері өзгеріп отыратын қаржылық есеп-қисаптың, бухгалтерияның қыр-сырына қалай қанық болады? Сондықтан кейде қаржылық былықтар орын алып жатады.

Жақында ғана мен осы мәселе төңірегінде Білім және ғылым министрлігіне депутаттық сауал жолдадым. Негізі, мұндай жүйе бұрын да болған. Ол кезде де қаржылық мәселелер бір орталықтан шешілетін. Мысалы, аудандық білім бөлімінде арнайы бухгалтерия бөлімшесі жұмыс істейтін. Осы бухгалтерия арқылы барлық мектептің қаржылық шаруасы, яғни мұғалімдердің жалақысы, еңбек демалысына шығар кездегі ақшасы, сонымен қатар мектепке қажетті құрал-жабдықтардың барлығы сол жерден шешілетін.

Статистикалық дерек бойынша, 2008 жылы білім беру саласы қызметкерлеріне қатысты 305 қылмыстық іс қозғалса, оның 123-і – мектеп директорына, 102-сі мектеп есепшілеріне қатысты болып отыр. Қылмыстық істердің қозғалуы, негізінен, мектеп директорларының қаржылық сауатының төмендігіне де байланысты болып отыр. Сондықтан мектептердің қаржылық-шаруашылық жүргізу құқын алып, оны жергілікті органдарға беріп, білім беру ұйымдарының бухгалтерияларын орталықтандыруымыз қажет. Осының нәтижесінде мектеп директорлары қосымша ауыртпалықтан босап, тікелей өз міндетімен айналысатын болады. Осылайша білім саласындағы құқықтық заң бұзушылықтардың, сыбайлас жемқорлықтың жолы кесіліп, қаражаттың уақтылы игерілуіне жол ашылады.

Бұл – айлыққа да қатысты мәселе. Мұғалімдер жалақыны автоматты түрде карточкамен банкоматтардан алуы керек. Сонда мұғалімдер арасында ақша жинау, ана комиссияға пәлен беру деген сияқты жемқорлық әрекеттер тыйылады. Әрине, қазір ауылдарда әлі де болса банкоматтар жоқ. Бірақ біз осыған тез арада көшуіміз керек. Себебі өркениетті елдердің барлығында солай. Біз мұны тектен-текке көтеріп отырған жоқпыз, әбден ойланып-толғанып барып жолданған сауал бұл. Бұл жерде ең бірінші, қаржылық жұмыспен педагог емес, қаржыгер айналысуы тиіс. Екіншіден, осы арқылы мектеп таза білім беру жүйесіне көшеді. Үшіншіден, мектептегі жемқорлықтан арылатын боламыз. Осы бастаманы сала министрлігі тәжірибе ретінде енгізіп, болашақта барлық мектептер осы жүйемен жұмыс істейтін болса, нұр үстіне нұр болар еді.

sovethan-gabbasov1

Совет-Хан ҒАББАСОВ, педагогика ғылымының докторы:

Жоқ
– Жемқорлықтың басым көбі халыққа керек деген – денсаулық пен оқу-ағарту жүйесінде орын алып отырғаны өкінішті-ақ жағдай. Бұл жерде қаржылық былықтар мектеп бухгалтерияларынан шығып отыр деп айта алмаймын. Кеселдің барлығы министрлік пен облыстық білім департаменттері басшыларының білім деңгейінің төмендігінен орын алып отыр. Мектеп бухгалтерияларын орталықтандырғанымен, одан ештеңе өзгермейді.

Сыбайлас жемқорлық бұл – ауру, бұл – эпидемия, бұл – адам мінезіндегі өте келеңсіз құбылыстар. Қазір Елбасының өзі бастап коррупцияға мүлдем төзуге болмайтынын тілге тиек етіп отыр. Үкімет те жемқорлықты жоюды қолға алуда. Дегенмен бұл мәселенің өзі әділетті түрде, пәрменді түрде жүргізілмеуінің салдарынан жемқорлықпен күрескен сайын қылмыс жасаушылар да көбейіп барады. 

Мектеп бухгалтерлерін орталықтандыру деген ұсыныс та осы коррупциядан құтылудың бір амалы ретінде айтылды.
Дей тұрсақ та, біз мынаны естен шығармауымыз керек. Мектептің айналасындағы бір шөкім бухгалтерия анау айтқандай қылмыс жасап отырған жоқ, коррупцияның жүргізіліп отырған ұясы министрліктің деңгейі мен облыстық білім департаменттерінің маңында болып отыр. Сондықтан жемқорлықты директорлар жасап отыр деп емес, дұрысы, сол директор сеніп отырған фигуралар жасаттырып отыр дегеніміз жөн шығар. Сол үшін мектеп бухгалтерлерін біріктіру арқылы ешқандай мәселе шеше алмаймыз. Оны шешу үшін қоғамда әділеттілік орнату керек. Әділдік болған жерде тәртіп те, тәрбие де үстемдік құрып, коррупцияның жолы жабылар еді. 

Мен жақында ғана Жапонияға барып келдім. Ол жақты жұмақ деуге болады. Себебі ондағы мемлекеттік қызметкер, лауазым иелерінің барлығы тек халық үшін ғана жұмыс істеп отырғанын көзбен көрдім. Осы ретте Мәскеуде оқып, білім алған жапон жігітінің мына сөзі қатты әсер етті. Қысқаша түсіндірсем, жапон императоры екінші дүниежүзілік соғыстан кейін халық алдында тізерлеп отырып кешірім сұрап, ендігі бағытымызды өзгертеміз деген екен. Сондағы өзгерткен дүниесі – міне, басқару жүйесінің әділеттілігін орнатқан. Бұл жерде барлық мәселе басқару мен ұйымдастыруда болып отыр.

Бейтарап пікір

Арықбай АҒЫБАЕВ, заң ғылымының докторы:
– Әр мектепте бір бухгалтерия бөлімі болғанша аудандық білім беру мекемелері ішінен арнайы бухгалтерия орталығын ашу керек. Сол арқылы мектептерге бөлінетін қаржы: жалақы төлеу, қосымша шығындарды жұмсау барлығы бір жерден шығады. Демек, бір жерде болса, онда тексеру де ыңғайлы болып, бюджеттің ақшасын талан-таражға салу тыйылады. Ал қазір әр мектепте әкімшілік шаруашылық бөлімі бар, қаржылық бөлімі бар. Оның барлығын аудандық білім бөлімі тексеріп үлгере алмайды. Сосын келген комиссияны бірігіп ақша жинап, сырттан қайтару мәселесі туындайды. Сонымен қатар әр мектепке тексеріс жүргізген сайын мұғалімдерге жүк түседі. Ал мұғалімдерге жүк түсті деген сөз ол — оқушылардың біліміне кері әсер етеді деген сөз. Сондықтан мектептің қаржылық шаруашылығын бөлек орталық еткеніміз дұрыс шығар. Сонда мектеп ұжымы артық жұмыстан құтылып, тек білім сапасымен ғана айналысар еді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста