Мектеп бағдарламасындағы валеология пәнін ұлттық менталитетімізге сай етіп қайта жазу керек дегенге келісесіз бе?

Мектеп бағдарламасындағы валеология пәнін ұлттық менталитетімізге сай етіп қайта жазу керек дегенге келісесіз бе?

Мәжіліс депутаты Алдан Смайыл «орта мектептерде оқытылып жатқан валеология пәнін мектеп бағдарламасынан мүлдем алып тастау керек» деп, Білім және ғылым министрлігіне ұсыныс жасады. Депутаттың мұндай ұсыныс жасауына аталмыш пәнге арналған оқулықтағы ер мен әйел арасындағы қатынастың ашық сипатталуы себеп болып отырған көрінеді. Алайда еліміздегі кейбір мамандар «валеология пәнін мектеп бағдарламасынан мүлдем алып тастамай, ұлттық менталитетімізге сай етіп қайта жазу керек» деген ұстанымда. Мамандар пікірін ой-көкпардың таразысына салып көрген едік.

Қазбек ТӨЛЕБАЕВ, медицина ғылымының докторы, профессор:
Иә
– Валеология пәнін мектеп бағ­дар­ламасынан мүлдем алып тастаудың қажеті жоқ. Тек ұрпақ санасына кері әсер ететін жер­лерін қысқартып, ұлттық менталитетімізге сай етіп қайта жазып шықсақ болғаны. Себебі аталмыш пәнді ұрпақ санасына тек қана кері әсер етеді деу артықтау, пәннің пайдалы да жақтары бар.
 Бізден бұрын енгізген елдердің барлығы дерлік пәннің артықшылықтарын ескеріп, ертерек енгізуге тырысқан. Мәселен, Америка, Жапония секілді елдерде денсаулықты сақ­тауға үндейтін валеология пәні оқытылуға тиісті негізгі пәндердің қатарына жатады. Бұл аталмыш пәннің оқытылуының маңыздылығын көрсетеді.
Сондықтан валеология пәніне ар­нал­ған оқулықтың керек емес жерлерін алып тастап, ұлттық менталитетімізге сай етіп, ден­саулықты қалай күту, кейбір ауру­лар­дан қалай сақтану қажеттігі жайлы та­рауларының санын ұлғайтып, қайта жа­зылып шыққаны дұрыс. Біздің қо­ғамда темекінің денсаулыққа зиянды екенін біле тұра темекі шегетін жас­тар­дың қатары көп. Неге? Себебі бізде ден­сау­лықты қалай күту жөніндегі, зиянды әдеттердің зардабы жайлы насихат аз. Сондай-ақ неге біздің 14 жастағы қыз­да­рымыз екіқабат болып қалып жатыр? Себебі олар сақтану жолдарын біл­мей­ді. Демек, бізде проблема бар. Ендеше, не­ге оны жылы жауып қоя салуымыз ке­рек? Қайта ерте бастан алдын алу жұ­мыс­тарын жүргізу қажет. Ал алдын алу жұмыстарын валеология пәні арқылы жүр­гізуге болады.
 Негізі, «валеология» деген сөздің ма­ғынасының өзі «адамның денсау­лы­ғын күтуге үйрету» деген мағынаны біл­ді­реді. Сондықтан аталмыш пәнді осы бағытта, ұлттық менталитетімізге сай етіп қайта жазып шыққан жөн.

Алдан СМАЙЫЛ, Мәжіліс депутаты:
Жоқ

– Мектеп қабырғасында валеология пәні­нің оқытылуына мүлдем қарсымын. Бәл­кім, ЖОО-ларда оқытылуы керек шығар, бірақ мектеп бағдарламасына енгізудің қа­жеті жоқ. Біздің елімізде бұл пән 5-сыныптан бастап оқытылады екен, ал аталмыш пән оқулықтарының мазмұны бұл жастағы бала­ларға арналып жазылма­ған. Бүгінде осы пәнді бізден де бұрын мектеп бағдарламасына ен­гізіп, оқытып жатқан шетелдердің өзі атал­мыш пәнді алып тастау жайлы мәселе көтеру­де. Кейбір елдерде ата-ана мен ұстаздар­дың қарсылығына орай пәнді мек­теп бағдар­ламасынан мүлдем алып тастаса, кей­біреулері оқулықтарын қайта жазып шықты. Өз басым мектеп бағдарламасынан мүлдем алы­нып тасталғанын қалаймын. Өйткені жас­өспі­рімдер тәрбиесінің бұзылуына аталмыш пән өз әсерін тигізіп отыр.
 Мәселен, Қазақстан Республикасы Ста­тистика жөніндегі агенттігінің деректері бо­­йынша елімізде жыл сайын 15-19 жас­тағы 10 мыңға жуық қыз баланың аяғы ауыр болады екен. 2008 жылы осы жаста­ғы әр мың қыз баланың 31-і перзент көр­ген. Тү­сік жасатқан 6000 әйелдің 84-і 15 жас­қа де­йінгілер, олардың жартысы мұн­дай қадамға екінші рет барған. Ме­ди­ци­налық тексеруден өткен әр 100 мың жет­кіншектің 1466-сының гинекологиялық ау­руға шал­дық­қаны анықталған. Салауатты өмір сал­тын қалыптастыру мәселелері жө­нін­дегі ұлт­тық орталықтың мәліметіне сү­йенсек, Қа­зақстанда 14 жастағылардың жы­ныстық қа­тынасқа бару фактілері тір­келіпті. Біз ва­лео­логия пәніндегі жыныстық қа­тынас ту­ралы тарауларды оқыған жа­с­өс­пірімнің пси­хологиясының қаншалықты өз­­ге­ретінін психолог мамандарға тексерт­пес­­­­тен мектеп бағдарламасына енгізіп жі­­бе­р­­­генбіз. Ал батыс елдерінде мұндай пән­­­дердің бала психологиясы мен ден­сау­­лы­ғына қаншалықты әсер ететінін ар­найы тек­серуден өткізеді. Аталған мә­се­лені зерт­теп жүрген ғалымдардың пі­к­ірі бойынша жет­кіншектердің жы­ныс­тық қатынасқа ер­те баруына басқа да себептермен бірге, мек­теп бағдарламасына 2002 жылы жа­зылған валеология пәнінің енгізілуі ықпал ет­кен. Осы пән бізден көп бұрын енгізілген Еу­ропа елдеріндегі көрсеткіштер жағаңды ұс­татады. Ұлыбританияда 2006 жылы кә­ме­летке толмаған 39 мың қыз бала жүкті болған. Бұлардың 7000-ының жасы 16-дан төмен. Басқа мемлекеттердегі жағ­дай­лар да осы деңгейлес. Осы орайда мектеп жа­сындағы балаларға жыныстық қатынас ту­ралы арнаулы пән арқылы, қандай да бол­са білім-түсінік берудің қажеті бар ма? Валеология пәнінің оқулықтарын қысқаша талдар болсақ, жалпы білім беретін мек­теп­тердің 7-9 сыныптарына арналған оқу­лықтың 19-тарауында жыныстық даму про­цестері ашық баяндалады. Авторлар пси­хосексуалдық бейімделу туралы айта оты­рып: «Дәл осы кезеңде сексуалды ба­ғыт­тар­да ауытқулар байқалуы мүмкін... Мә­селен, ер балалар (балалар үйі) ара­сында ғана өскен ер бала тек ер ба­ла­лар­мен араласу тәжірибесін алады. Солармен ал­ғашқы балалық жыныстық бай­ла­ныстарда өседі» деп шошытады. Мұндай қы­лықты айыптамайды, болып жататын дағ­дылы әрекет түрінде жайбарақат әң­гі­ме­лейді. «Сексуалды өмір маңызды био­ло­гиялық регулятор болып табылады» деп балаларды желіктіреді. Айта берсек, аталмыш пәнде мұндай сорақылықтар көп. Осының бәрі баланы түзеудің орнына кү­зейтінін, оғаш әрекеттерге итерме­лей­ті­нін аңғару қиын емес. Сондықтан да бо­лар, Ресейдің көптеген қалаларында ұс­таз­дар мен ата-аналар Білім министрлігі­нің оқу­шыларға жыныстық тәрбие беру жө­­ніндегі нұсқауларын орындаудан үзіл­ді-ке­сілді бас тартқан. Бізге де тез арада осы­ндай қадамға бару керек.

Бейтарап пікір
Ұлжалғас ЕСНАЗАРОВА, педагогика ғылымының докторы, профессор:
– Мен валеология пәнін ғана емес, барлық пәнді ұлттық менталитетімізге сай етіп қайта жазып шығуды қолдаймын. Өйткені пәндерді ұлттық менталитетке негіздеп оқытар болсақ, ұлттық құндылықтарымыздың қадірі артар еді, ұлтжанды азаматтардың саны көбейер еді. Сондықтан біртіндеп барлық пәндерді ұлттың ұғымы мен діліне сай етіп қайта жазуды қолға алған жөн.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста