Мәслихат депутаттары өз құзыретін толық пайдалана алып отыр ма?

Мәслихат депутаттары өз құзыретін  толық пайдалана алып отыр ма?

Мәслихат мүшелерінің депутаттық амбициялары байқалмайды деген пікір жиі айтылып жүр. Яғни олардың жергілікті аймақтардағы маңызды мәселелерге қатысты бастама көтеріп, белсенділік көрсетіп, табандылық танытқаны жиі байқала бермейді. Жергілікті тұрғындар болса қала мен облыстардағы қандай да бір өзгерістерді, кемшіліктер мен жетістіктерді әкімнің қолымен ғана жасалған нәрсе деп түсінеді. Алайда заңға сүйенсек, мәслихат депутаттарына да тиісті деңгейінде құзырет берілген. Алайда сол мүмкіндіктер толық пайдаланылып жатыр ма деген сауалға келгенде сарапшылардың пікірі әртүрлі көрініс тапты.


Ерлан АРЫН, экономика ғылымының докторы, профессор, Павлодар облыстық мәслихатының депутаты:
Иә

– Мәслихат депутаттарының жұ­мысы көп көріне бермейді. Мәселен, жергілікті аймақтардағы шешімдердің барлығы облыстық, қалалық, аудан­дық депутаттардың қолдауымен жасалады. Бюджеттен бөлінетін ақ­ша­ның таралуы, ғылым-білім, мә­дениет, денсаулық сақтау және басқа да барлық салаға үйлестіру осы мә­с­лихат арқылы болады. Қазір біз оты­рып алып, жай ғана қол көтеру арқы­лы шешім қабылдаудан бас тарттық. Депутаттардың арасынан құрылған арнайы комиссиялар әрбір тақырып­қа ерекше көңіл бөліп, қатаң тек­середі. Пікір қайшылықтары бол­майды емес, болады. Кейбір мәсе­ле­лерде депутаттар бір-біріне немесе әкімге де қарсы шығады. Дегенмен қазір бюджеттің көлемі таршылық көрсетіп жатқан жоқ.
Бюджеттен таршылық болмаған соң, арамызда қарама-қайшылықтар да аз болады. Қай облысты алсақ та, әсіресе ауызсу мен тұрғын үй мәселелеріне келген­де көп дау орын алады. Осы мәселелерде мәслихат мүшелері өздерінің депутаттық амбицияларын көрсетіп, мәселені халықтың пайдасына шешуге тырысады. Мәслихат депутаттары дайын жобаға дауыс берумен ғана айналыспайды, өздері бастама ұсынып, өздері соны соңына жет­кізуге тырысады. Бұл да олардың құзыре­тінің өз деңгейінде болып жатқанының көрінісі шығар. Әрине, біз ұлттық деңгейдегі жобалар мен бағдарламаларға қатысты көп шешім қабылдамаймыз, оның өзімізге қатысты шағын тапсырмаларын қабылдап аламыз. Ал жергілікті аймақтың өзіне ғана қатысты жобалар мен бағдарла­малар, негізінен, депутаттардың белсенді­лігі арқылы жасалуда.
Депутаттардың жұмысын сынға алатын­дардың бір пікірімен ғана келісуге болады. Қазір мәслихат депутаттарының жұмысы тұрақты емес. Депутаттардың барлығы бұл қызметті қосымша алып жүреді. Мәслихат корпусында тек хатшы ғана мемлекеттік қызметкер ретінде жұмыс істейді. Бұл жағ­дай, расымен де, депутаттардың жұмы­сының тұрақты болуына кедергі жасай­ды.
Соған қарамастан, депутаттар жергілікті биліктің ырқына кетіп қалды деген пікірмен келісуге болмайды. Әріптестік бар және бұл жаман нәрсе емес. Әкімшілік пен депутаттардың ойы бір жақтан шығып жатса, бұл жұмыстың өнімді болуын қамтамасыз етеді. Алайда депутаттардың өздерінің көзқарастарын, ұсыныстарын сенімді түрде ортаға салуына кедергі жоқ. Мысалы, депутаттардың арасында жер­гілікті аймақ үшін аса беделді, сыйлы аза­маттар, қайраткерлер болады. Олардың көз­қарастары әркез әкіммен бір жерден шыға бермейді. Ондай жағдайда әкім ке­рі­сінше, сол артында халық тұрған депу­тат­тарға мойынсұнуы керек.


Әділ КӘУКЕНОВ, саясаттанушы:
Жоқ

– Мәслихат депутаттары өздеріне берілген құзыретті тиісті деңгейде пай­далана алып жатқан жоқ. Бұған бірнеше фактор қатар әсер етіп отыр деп есеп­теймін. Біріншіден, жер­гілікті атқа­рушы биліктің, әкімнің доминант­ты­лығы байқалуда. Екіншіден, біздегі мәсли­хаттың құ­ры­лым ретіндегі мәде­ниеті қалып­тасып үлгерген жоқ. Халық­тың саяси сауатсыздығы байқа­лады. Бірақ одан бөлек, депутаттардың да өз құзыретін толық түсінбеуі тағы бар. Мұны жалпы елдік деңгейдегі саяси мәдениетіміздің жетілмеуімен бай­ланыстыруға болады. Олардың өз құзыреттерін толық пайдалануы үшін заңды және саяси тұрғыдан сауаттылық керек. Ал орта жолдан саясатқа қосыл­ған мәслихат депутаттарында мұндай сауаттылық бар деп айта алмаймыз.
Үшінші фактор ретінде халықты атауға болады. Тұрғындар бұл құры­лымның құзыреті қай деңгейде екенін, оның қолы­нан не келетінін, не істеуге міндетті екенін түсіне бермейді. Сон­дықтан олар мәслихат де­путаттарына бармайды, шағым жаса­май­ды. Сол сияқты мәслихат депутаттары да оларды іздемейді. Нәтижесінде мәсли­хат пен жергілікті тұрғындардың ара­сында байланыс жоқ. Депутаттар халықтың басында қандай қиындықтар бар екенін білмейді, білсе де, оны қалай көтеріп шығу керектігінен, қалай жолға қоюға болаты­ны­нан хабарсыз. Сайлау алдында канди­дат­тар халықтың алдына шығып, үгіт-наси­хат жұмыста­рын жүргізеді. Алайда сай­лау біткен соң халық солардың арасы­нан кім жеңгенін де білмейді. Мұндай ке­лең­сіздіктен арылу үшін қоғам өте көп ең­бектенуі керек. Екінші жағынан, ол – елі­міздің жалпы дамуымен қатар жүре­тін құ­былыс. Алдымен негізгі өкілді орган, яғни Мәжілістің ықпалы күшеюі керек. Тек со­дан кейін барып қана мәс­лихаттардың ықпалы арта бастайды. Жалпы, әлемде демократияландыру төменнен басталады деген ұғым бар. Яғни қисын бойынша алдымен мәсли­хат күшейіп, одан кейін Мәжілістің ықпалы артуы керек. Алайда біздің жағдайда бұл мүмкін емес сияқты. Біздің санамыз да, мәдениетіміз де бас­қаша. Сондықтан мен алдымен Мәжі­лістің кү­шеюін күтемін. Себебі Алматы мен Ас­тана­дан өзге аймақтарда, негізгі механизм­нің өзі басқаша жұмыс істеп тұр.

Бейтарап пікір
Абылайхан САМАТДИН,
Алматы қалалық мәслихатының экс-депутаты, Қазақстан риэлторлар қауымдастығының құрылтайшысы:
– Жалпы, мәслихаттың ықпалын арттыруға толық мүмкіндіктер бар. Бірақ оған түрлі кедергілер бар. Біріншіден, депутаттардың басым бөлігі – мемлекеттік қызметкерлер. Айталық, мұғалімдер, дәрігерлер сияқты Үкіметтен жалақы алып отырған адамдар. Әрине, олар өздеріне жұмыс беріп отырған Үкіметке қарсы келе алмайды, халықтың сөзін сөйлеп шыға алмайды. Әйтпесе мәслихат депутаттарына хабарласып, көмек сұрап жатқан, мәселе көтеріп жатқан халық көп. Депутаттар түрлі бастамалар көтеруден, белсенді болудан жалтарады. Меніңше, мәслихаттың әлсіз құрылым болып отырғанының негізгі себебі – осында. Депутат болған адам тәуелсіз болуы керек. Тек сонда ғана бұл құрылым өзінің тиісті функциясын атқара алады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста